Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh_gos_otvety.docx
Скачиваний:
585
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.62 Mб
Скачать

22Билет

1. Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы.16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты. Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.ХVI-ХVII ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуiр ұлғая түстi. Өз тұсында "жердi бiрiктiру" процесiн жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бiрi – Жәнiбек ханның ұлы Қасым. Туған жылы 1445 ж. Қасым ханның тұсында /1511-1523 жж. билiк құрған/ қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жан-жақты нығая түстi. Ол феодал ақсүйектердiң қарсылығына тойтарыс берiп, әскери күштердi нығайтты, өз билiгiндегi жерлердi кеңейттi. Қасым хан билiк құрған кезде қазақ халқы өзiнiң осы күнгi мекен тұрағының негiзгi аймақтарын бiрiктiрдi. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстiк-батыста Сырдың оң бойындағы бiрсыпыра қалалар қосылды, солтүстiкте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстiк-шығыста оған Жетiсудың көп бөлiгi /Шу, Талас, Қаратал, Iле өлкелерi/ қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Едiл бойы, Сiбiрмен сауда және елшiлiк байланыс жасалып, Орыс мемлекетiмен қатынас қалыптасты. Қазақ хандығымен елшiлiк байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердiң бiрi – ұлы князь III Василий /1505-1533 жж./ билiк жүргiзген кездегi Мәскеу мемлекетi едi. Осы тұста қазақтар өз алдына дербес халық ретiнде батыс Еуропаға мәлiм болды......

2. Азамат соғысы. 1918 — 1920 жылдары Кеңестік Ресейде орын алған азмат соғысы Қазақстанды да қамтиды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. Азамат соғысы жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды. Оларға АҚШ, Англия, Франция, Жапония сияқты мемлекеттер үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастаған күштер тұрды. Олар большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар “қызылдар” деп аталса, оларға қарсы тұрғандар “ақтар” деп аталды. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды. Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшылығымен келісімге келуге ұмтылды.1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңт. өлкесінде сақталды. Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе Орал және Жетісу майдандары құрылды, олардағы соғыс әрекеттері А.с-ның ірі майдандарындағы, ең алдымен Колчак әскерлеріне қарсы құрылған Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. Сондықтан Қазақстандағы азамат соғысының тағдыры негізінен Қызыл Армияның Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. Қазақстан жеріндегі соғыс қимылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Армия қатарында да, “ақтар” басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да азамат соғсына қатысуға мәжбүр болды. 1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды

3. Қонаев Ахметұлы (1912-1993) – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері,. 1942-1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Д.Қонаев 1955-1960 және 1962-1964 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960-1962 және 1964-1986 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. Д.Қонаев өмірінің 45 жылға жуығын ел басқару ісіне арнап, ширек ғасырға жуық Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды. Республиканы басқарған жылдары Қазақстанда жаңа өнеркәсіпті аудандар қалыптасып, елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды. Павлодар-Екібастұз отын-қуат кешені, Қарағандыдағы ГРЭС-2, Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су электр стансысы, Павлодар трактор зауыты, т.б. кәсіпорындар осы кезеңде іске қосылды. Маңғыстаудың мұнай кен орындары игерілді, темір жол құрылысы, көлік түрлері дамыды. Республика титан, магний синтетикалық каучук өндіре бастады. Электротехника, машина жасау, химия салалары тез дамыды. Жезқазған, Маңғыстау және Торғай облыстары шаңырақ көтерді. Д.Қонаев Алматы облысының Кербұлақ алқабын игеруге, Қапшағай су қоймасын, Үлкен Алматы арнасын салуға ерекше көңіл бөлді. Көрнекті қоғам қайраткері әдебиет пен өнердегі, мәдениет пен ғылымдағы ахуалды әрдайым бақылап отырды. Ол республикаға басшылық жасаған тұста Қазақстанның 5 томдық академиялық тарихы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Д.Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Алпысыншы жылдардың басында Н.Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді. Ол Қазақстанда неміс автономиясын құру, Маңғыстауды Түрікменстанға беру жөніндегі Орталықтың ұсыныс-жоспарларына қарсы шықты. Д.Қонаев Алматыны қазіргі заманғы көрікті қалаға айналдыруға көп күш жұмсады. 1986 жылы КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы болып М.Горбачев сайланғаннан кейін елде басталған қайта құру саясаты КСРО-ның басқа аймақтары сияқты Қазақстанда да қиындықтар мен кедергілер туғызды. Сол жылы желтоқсанның 16-ында өткен Қазақстан Компартиясы ОК-нің пленумы КОКП ОК-нің өкілі Г.Разумовскийдің ұсынысымен Д.Қонаевтың орнына Қазақстан Компариясы ОК-нің 1-ші хатшылығына Г.Колбинді сайлады. Д.Қонаевтың орнына өзге ұлт өкілінің тағайындалуын қазақ халқы ұлттық кемсітушілік ретінде қабылдады. Мұның соңы КСРО-дағы ұлт саясатына қатысты халық көңілінде қордаланған наразылықтардың сыртқа шығуына әкеліп, Желтоқсан көтерілісіне ұласты. Сөйтіп 1987 жылы маусымның 26-ындағы пленумда оны «Қазақстан Компартиясы ОК-нің 1-ші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП ОК-нің мүшелігінен, көп кешікпей Қазақстан Компартиясы ОК-нің мүшелігінен шығарды. Ол бірнеше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. КОКП-ның 19-шы съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент пен партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]