Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh_gos_otvety.docx
Скачиваний:
585
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.62 Mб
Скачать

24Билет

1.Ұлы Жүз — қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі Тірлігі ұқсас әрі туыстас Жетісу тайпалары кіретін Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуы ұзақ жылдарға созылды. Олардың ежелгі мекені Жетісу көне мәдениет орт. болатын. 14 — 15 ғ-ларда бұл тайпалар Моғолстан мемлекетінің құрамында біртұтас этн. бірлестікке біріге бастады. 15 ғ-дың 2-жартысында Жетісуда Қазақ хандығының құрылуы Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуын тездетті. Осы кезден бастап бұл бірлестікке қазақ жеріндегі қилы-қилы тарихи кезеңдерден өткен жалайыр, қаңлы,албан,суан дулат,шапырашты,сіргелі,шанышқылы,ысты,ошақты,сарыүйсін. қатаған тайпалары ене бастады. Бұл тайпалардың басым бөлігі б.з.б. 1 ғ-да Жетісуда, Шығыс Түркістан, қазіргі Қырғызстан жерінде құрылған үйсін мемлекетінің құрамында ерте темір дәуірінде тіршілік еткен болатын. Үйсін мемлекетінде үйсіндермен туыстас (юечжи, т.б.) бірқатар тайпалар тіршілік етті. Н.Я. Бичурин, Г.Е.Грумм-Гржимайло сынды ғалымдардың еңбектерінде үйсіндер құрамында дулұ тайпасы өмір кешкені айтылады. Бұл мемлекет Қытаймен тығыз дипломат. қатынастар орнатып, алыс-жақын елдерге кеңінен танылды. Белгілі зерттеуші Н.Мыңжанұлы “б.з.б. 3-ғасырдан заманымыздың 10-ғасырына дейінгі 1200 жылдық Үйсін тарихында, Үйсін күнбилері әулетінің тек он ұрпағы жөнінде ғана нақты дерек сақталғанын” айтады. Халқымыздың автохтондық концепциясын қолдайтын ғалымдар көне үйсіндердің қазақ этносында маңызды рөл атқарғандығын жазады. Мұны Қытай ғалымдарының басым бөлігі мақұлдайды. Орта жуз — орталық және солтүстік шығыс Қазақстанды мекендеген қазақ тайпаларының одағы болған. Орта жүз аумағы сарғылт түспен белгіленген Шежіре бойынша Орта жүз құрамы алты рудан тұрады: арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ. Орта жүз қазақтарының тарихы мен рулық-тайпалық құрамының толық сипаттамасы толымды түрде Ш.Уәлиханов, М.Тынышбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Ж. Көпейұлы, І.Халиди, А.И. Тевкелев, А.И. Левшин, П.И. Рычков, т.б. ғалымдар еңбектерінде баяндалады. Бұл тайпалар өз ішінде руларға бөлінеді. Арғын руы өз ішінде екі үлкен атадан тұрады: бес мейрам (қуандық, сүйіндік, бегендік, шегендік, қаракесек) және жеті момын (атығай, қарауыл, қанжығалы, тобықты, бәсентиін, шақшақ, сарыжетім), қыпшақ: қара қыпшақ, құлан қыпшақ, сары қыпшақ, қытай қыпшақ; найман: терістамғалы, сарыжомарт (ергенекті), төлегетай, сүгірші; қоңырат: жаманбай, аманбай, жетімдер, божбан, саңғыл, байдар, жандар, құлыншақ; керей: ашамайлы және абақ; уақ: жантелі және жангелді деген үлкен аталарға бөлінеді. Кейбір шежірелер алты тайпаға қосымша жетінші етіп тарақтыны қосады. Аңыз бойынша тарақты Орта жүз ноқта ағасы. Ноқта ағасы ретіндегі құрметке Ұлы жүзде жалайыр, кіші жүзде табын руы ие. Ноқта сөзі бұл рулардың жетекші рөлге ие болғанын көрсетеді. Әрі аталған үшеуінің де таңбалары тарақ таңба, яғни төре таңбасымен үндес келеді. 1917 жылға дейін Орта жүз рулары қыста Сырдария, Қызылқұм, Қаратау, Мойынқұм өңірлерінде, Балқаш көлінің солтүстігінде, жазда Тобыл, Есіл, Нұра, Торғай, Ертіс, Сарысу өзендері салаларының алқабында, Орталық Қазақстанның кең байтақ далаларында көшіп-қонып жүрген. Кіші жүз – Қазақстанның батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Қазақ халқы қалыптасқаннан көп бұрын Батыс Қазақстан өңірінде маңғыт немесе ноғайлы тайпалар одағы өмір сүрген болатын. Ноғай Ордасынан бөлінген алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Соған байланысты олар ел арасында “Кіші жүз – алшын” атанған. Оның құрамына 12 ата байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш), жетіру (табын, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан), 6 ата әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті) тайпалары енеді. Кіші жүз құрамына енген тайпалар мен рулар 15-ғасырдың екінші жартысы мен 20-ғасырдың басында, негізінен, Қазақстанның батыс өңірін мекендеп, қазақ халқының этногенезіне ұйытқы болды. Әр кезеңдегі дүрбелеңді оқиғалар, қоғамдық сілкіністер (жаугершілік жорықтар, “Ақтабан шұбырынды”, Отан қорғау, ұлт-азаттық соғыстар, әсіресе, 20-ғасырдағы большевизм асыра сілтеулерінен туындаған қуғын-сүргін, ашаршылықтар мен толқулар, т.б.) салдарынан жекелеген рулар мен аталар Орта жүз бен Ұлы жүздің тарихи аймақтарына, яғни Қазақстанның түкпір-түкпіріне, сондай-ақ, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей және алыс шет елге (Иран, Ауғанстан, т.б.) көшіп барып қоныстанды. Осындай көші-қон, араласулар нәтижесінде тайпалық одақтардың алғашқы құрылған кездегі мәні жойылып, біртұтас қазақ халқының қалыптасуын объективті ақиқатқа айналдырды.

2.

3.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]