Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh_gos_otvety.docx
Скачиваний:
585
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.62 Mб
Скачать

28Билет

1.

2. Алаш қозғалысы — 20 ғ-дың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемл-нің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын. Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемл. Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады «Үш жүз» партиясы - Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. Партия мүшелері кейде өздерін «қазақтың социалистік партиясы» деп те атады. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Тоғысов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілхайыр Досов, Ысқақ Кабеков, Мұқан Айтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Тоғысов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы «Үш жүз» газеті, оған Тоғысов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Үш жүз алғашқыда Алаш партиясымен жақындасқысы келгенімен, кейін өкімет үшін күрес шырқай шегіне жетіп, таптық жіктелу үрдісі күшейген жағдайда «Үш жүз» іргесін Алаштан аулақ салып, большевиктер мен солшыл эсерлерге жақындай түсті. Қазан төңкерісі жеңіске жеткен соң Алаш партиясына қарсы ашық күреске шықты, оның оппоненті болды

3. 1993 жылғы 9 қазанда "Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның қажеттілігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты:

1. Идеология – адамдардың қоғамдастығын саяси және экономикалық міндеттерді топтастыру тәсілі.

2. Идеология - әлеуметті мінез-құлықты қалыптастыру механизмі.

3. Идеология–мемлекеттің және оның тұғырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі.

4. Өмір алға озып отырған кезде әр түрлі идеологиялық ағымдар болады.

Еңбектің маңызы: Қазақстанның қазіргі кездегі қоғамдық-саяси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары көрсетілді.

1996 жылы " Ғасырлар тоғысында” еңбегі жарияланды: Бұл еңбегін Н.Ә. Назарбаев Кеңестік жүйе мен демократиялық кезең аралығын суреттейді.

Маңызы: Екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктеме берілген.

2003 жылы " Сындарлы он жыл” еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.

- Қазақстандағы есірткі қолданатындар – 40.505.

- Оның ішінде әйелдер – 4.420.

- Оның ішінде кәмелетке толмағаны – 1927.

Осы қауіпке қарсы жүргізілген шаралар:

- Есірткіге бақылау орнатудың халықаралық жүйесіне кіру.

- Нашақорлық және есірткі бизнесімен күресудің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру.

- Есірткіге қарсы күрестің кең көлемді ұлттық жүйесін құру.

Әлемдік деңгейдегі " Ғасыр дертіне” қарсы күрестің Қазақстанда жүзеге асырылуға тиісті шаралары:

- Нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесінің жолын кесу.

- Аумақтары арқылы есірткі тасымалданатын елдердің бірлесе қимылдауын күшейту мақсатында аймақтық, саяси құрылымдардың әрекеттестігін кеңейту.

- Каспий мәселесі қарастырылды.

Маңызы: Әлемдік проблемалар көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды.

Қазақстан жолы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздігіміздің он бес жылдығына орай «Казахстанский путь» деп аталатын кітабында өзіміз жүріп өткен осы он бес жылдың ішінде бастан кешірген сан алуан оқиғалардың басты – бастыларына егжей – тегжейлі тоқталып, дербес мемлекет құрудың қиын жолдарын жас ұрпаққа тарихи сабағы ретінде ақтарыла айтып берген жүрек сыры. Кітаптың басты ерекшелігі - баяндау стилінің мейлінше қарапайымдылығы , онда айтылған оқиғалардың көңілге қонымдылығы, қарапайым оқушы түсіне бермейтін сан – салалық саяси – экономикалық тақырыптағы таңдаулардың мейлінше ұғынықтығы, түсінікті тілмен жазылғандығы. Бұл кітап жас ұрпаққа арналған.Неге жас ұрпаққа?. Кітаптың барлық сыры да , құны да, кілті де сонда жатыр. Мемлекет құрушы адам жастарға ағынан жарылып әңгіме айтып отыр. Қорыта айтқанда кітап бәріміз үшін әсіресе жастар үшін аса құнды. Бұл кітапты оқи отырып, кім – кімнің де болсын көкірегінде Ел үшін, Жер үшін, Ер үшін мақтаныш сезімі кернейді.

Еуразия жүрегінде

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» кітабы - ойластырылуы бойынша да, жазылу стилі бойынша да пайдаланылған терминологиясы бойынша да мемлекет басшысының бұрынғы еңбектерінен қатты ерекшеленеді. Ол бір қарағанда Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың қалыптасуы және даму тарихына арналған зерттеу болып көрінеді. Сөз болып отырған кітап саяси публицистиканың экпрессионизмінен Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық, саяси – танымдық үрдістерді жан – жақты тарихи зерттеуге, әлде қайда көбірек және жіті ой сарабынан өткізуге қарай жүрудегі елеулі еңбек.

Кітап «Астана аңсары», «Қала шежіресі», және «Елорда эстетикасы» деген үш тараудан тұрады. Еш нәрсе де жайдан – жай пайда болмайтыны секілді, «Астана аңсары» философиясының қалыптасуы да белгілі кезеңдерден өтеді. Кітаптың екінші тарауы да өз атауына толық сай келеді: Мемлекет басшысы іс жүзінде Астананың шежіресін жазып, қатаң ретімен қалпына келтірілген. Үшінші тарау бұрынғы тараулармен ажырағысыз байланыста және біртұтастықты құрайды.

Қазақстан Президенті Астананың салынуында үлкен рөл атқарған өзінің ізбасарлары туралы зор құрметпен әрі мақтанышпен, алғыс сезімімен сөз қозғайды. Олар - Әділбек Жақсыбекоа, Аманжол Бөлекбаев, Владимир Ни және басқалары. Елбасы Астананың бас жоспарын талдап жасаған көрнекті архитекторы Кисе Курокаваның рөлін айрықша атап өтеді. Ешкім де жалғаз өзі тарихты өзгерте алмайтыны белгілі. Сондықтан да мемлекет басшысы өзі әрекетке жеккен, өзі жұмылдыра алған, тіпті қарсыласып баққан адамдарды да алғыспен атайды. Кітап Президенттің өзі бастаған іске қолдау білдірген халқына деген шынайы алғыс сезіміне толы.

Кітап – автордың жаңа да сындарлы стилі екеніні атап айту керек. Бұл стильге тән қасиеттерді: ой айқындығын, баяндау айшықтылығын, авторлық сөздің жігерлігін, өз Отанына деген мақтаныш пен халыққа деген шексіз ризалығын көрмеу мүмкін емес.

Кітап жеңіл және үлкен қызығушылықпен оқылады.

Бейбітшілік эпицентрі

Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 10 жылдығына арналған Н.Ә.Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» атты кітабында 1991 жылғы тамыздың 29 –ындағы «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Президент жарлығынан бастап бүгінге дейінгі қалыптасқан геосаяси жағдай мен бұл жөніндегі қол жеткен табыстар, қиындықтар мен қиналыстар түгел бүкпесіз жазылған.

Қазақстан мемлекетінің басшысы өз кітабы арқылы ғасырлар бойы адамзат баласын қырып – жоюдың айла – тәсілдерін іздестірген ел басшыларына, король, патша, императорларға жойқын қарудан бас тартудың ғаламат үлгісін көрсетіп берді. Сол арқылы жер қайысқан қарудың болашағына балта шауып, ядролық қаруланудан туындайтын ақырзаман бұлтын кейін серпіді. Мұндай соны серпін танытуымыздың себебі, академик Е.П. Велихановтың таңырқауында айтылғандай: «Даналық пен батылдық Президенттің бойында да, ло басқарған халықтың бойында да болды. Мұндай қадамды бірлігі мықты халық қана жасайды».

Өз жеріндегі полигон проблемаларымен бетпе – бет қалған Қазақстан осылайша ядролық сынақты жою мәселесін дербес шешті.

Кітап атауы көрсетіп тұрғандай, шын мәніндегі «Бейбітшілік эпицентріне» айналды.

Жұмыр жерге тыныштық тілеген ұлы мұраттан туған кітаптың планета тағдыры үшін аса құнды ойлардың жемісі екені хақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]