
- •3.Қазақстандағы Ұжымдастыру. 30ж.Ашаршылық
- •3 Билет
- •4 Билет
- •8 Билет
- •2. С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақстарының қозғалысы: себептері, кезеңдері, сабағы.
- •10Билет
- •2. Бөкей хандығының құрылуы. Жәңгір хан және оның қызметі.
- •11 Билет
- •12Билет
- •13 Билет
- •14Билет
- •15Билет
- •16Билет
- •17Билет
- •18Билет
- •19Билет
- •20Билет
- •21Билет
- •22Билет
- •23Билет
- •24Билет
- •25Билет
- •26Билет
- •2. XIX ғ. Екінші жартысындағы қазақтардың азаттық қозғалыстары (1869-1870 жж.)
- •27Билет
- •28Билет
- •29Билет
- •30Билет
17Билет
1. 14-15 ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады. 1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды
2. Ыбырай Алтынсарин (1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.1860 жылы Орынбор бекінісінде қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868—1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады.Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді. 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды.
3. «Қазақстанның социалистік партиясы» (ҚСП) 1991 жылғы 7 қыркүйекте құрылды (бұрынғы Қазақстанның Коммунистік партиясы). Құрамында 47 мың мүшесі болды. Төрағасы – А. Әлімжанов, кейін П. Своик. Мақсаты:
Еңбекшілерді әлеуметтік жағынан қорғау. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын орнату. Меншік түрлерінің теңдігін қорғау ҚСП еліміздегі бұқаралық партия болып есептелді.«Қазақстанның коммунистік париясы» (ҚКП) 1991 жылдың күзінде құрылды. Бұрынғы Компартия мүшелерінің көпшілігі партия атының социалистік болып өзгертілуіне наразылық білдіріп, ҚКП атынан XIX съезд өткізіп, коммунистер атын сақтады. Мүшесі – 55 мың адам. Төрағасы – Б. Төлепбаев, кейін С. Әбділдин. Мақсаты:Ғылыми социализм ұстанымдарына негізделген әлеуметтік әділетті қоғам орнату. Коммунистік идеяларға адалдық. «Қазақстанның Республикалық партиясы» (ҚРП) Қазақстанның азаматтық қозғалысы «Азат» негізінде құрылды. Төрайымы – С. Ақатаев. Мақсаты:Қазақ ұлтын өркендету. Ұлттық-этникалық топтарды жан-жақты дамыту. Ұлттық-патриоттық күштерді біріктіру.
«Қазақстанның Халық конгресі партиясы» (ҚХК) 1991 жылғы 5 қазанда құрылды. Мүшесі – 30 мың адам. Төрағалары – О. Сүлейменов және М. Шаханов. Мақсаты:Ел өмірінде саяси аяны кеңейту. Ұлттық саяси күштер құру. ҚХК партиясының атқарған жұмыстары:Жергілікті мәслихаттарға және Жоғарғы Кеңеске депутаттар сайлауда белсенділік таныту. Жоғарғы Кеңестегі саяси партиялардың заң жобасын бекіту мәселесін шешу. Жергілікті жерлердегі өзін-өзі басқару реформасы тұжырымдамасының (концепциясының) заң жобасын талқылау. «Қазақстанның демократиялық прогресс партиясы» (ҚДПП) 1991 жылғы қарашада құрылды. Төрағасы – А. Докучаева. Мақсаты:Экономикалық бостандыққа жету. Құқықтық мемлекет құру және адам құқығын қорғау басымдылығына жету.
«Қазақстанның халық бірлігі» одағы 1993 жылғы ақпанда құрылды. Төрағасы – Қ. Сұлтанов. Саяси қозғалыстар арасында бұл одақ беделді болды.Республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.«Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы» (ҚХКП) 1994 жылғы желтоқсан айында құрылды. Төрағасы – У. Сәрсенов. Әлеуметтік базасы – ауыл еңбеккерлері, кооперативтік қозғалыс жұмыскерлері.«Қазақстанның өрлеу партиясы» (ҚӨП) 1995 жылғы қаңтарда құрылды. Төрайымы – А. Жағанова, мүшесі – 5 мың адам. Мақсаты:Әлеуметтік жағынан қорғалмаған халық топтарының мүддесін қорғау.
Білім және денсаулық саласын қорғау. «Қазақстанның аграрлық партиясы» (ҚАП) 1995 жылдың басында құрылды. Мүшесі 42 мыңнан астам адам. Мақсаты: Ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси мүдделерін қорғау.
«Қазақстанның демократиялық партиясы» (ҚДП) 1995 жылы жазда құрылды. Төрағаларының бірі – Т. Жөкеев. Мүшесі – 19 мың адам. Мақсаты:Әлеуметтік-нарықтық экономика құруға атсалысу. Азаматтық қоғам орнату.
Демократиялық құқықтық мемлекет құру. «Ақ жол» қоғамдық қозғалысы 1998 жылы қарашада құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты:Президент Н. Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау. «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыру. Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау. «Отан» партиясы 1999 жылы қаңтарда құрылды. Төрағасы – С. Терещенко. Бұл партия Н. Ә. Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды.
«Қазақстанның отаншылдар» партиясы 1999 жылы 14 қаңтарда құрылды. Мүшелері қатарында: «Азат» қозғалысының жетекшісі – Хасен Қожа-Ахмет, жазушы – Н. Асышев, «Мемлекеттік тіл» қоғамының төрайымы А. Османова болды. Мақсаты:Ұлттық ынтымақтастыққа рухани тәрбиелеу жолымен жету.
Патриоттық сезімді қалыптастыру және өсіру. Қазақстан қоғамы проблемаларына анализ жасау және дағдарыстан шығу жолдарын көрсету.