Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Abay_auyl_sharuashylygy_menedzhmenti.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
404.48 Кб
Скачать

Қорытынды

Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазір уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Мұның өзі әкімдер жұмысы формальді сипатта жүретінін көрсетеді. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы.

Кәсіпкерлердің тиімділігін арттыратын, бәсекелікке лайықты өнім өндіретін мәселелердің бірі - өндірістік кооперативтерді тездетіп ұйымдастыру керек.

Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлердің істерін (бизнесін) дамыту үшін мынандай ұсыныстар тұжырымдалды:

1. Нарықтық қатынас жағдайында, кәсіпкерлік – күрделі және көп мағыналы мәселе. Ауыл шаруашылығындағы бұл жұмыс, агроөнеркәсіп кешенінің экономикасын дамыту үшін, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) арасындағы нақты қарым қатынастар жиынтығы және ол тікелей мемлекеттің, кәсіпорындардың ықпалында болады.

2. Ауыл шаруашылық саласындағы кәсіпкерлікті реттеу (жетілдіру) барысында дүние жүзіндегі экономикасы дамыған мемлекеттердің бағдарламалары мен үлгілері зерттеліп, олардың негізінде республикадағы, оның ішінде аймақтардағы ұтымды кәсіпкерлікті жетілдірудің мынандай бағыттарын ұсынуға болады:

- кәсіпкерлікті жетілдіруге бағытталған еңбек заңдарының тұрақтылығын негіздеу, ол үшін кәсіпкерлерден алынатын салық мөлшерін төмендету,ал кейбір кәсіпкерлерге салынатын салық мөлшері 0,1 пайыздан көтермеу және салық төлеуден толық босатуды қарау;

- республикадағы кәсіпкерлік қатынастарды дамыту, халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) қолдауымен, халықаралық стандартқа сәйкестігін қамтамасыз ету;

- мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі керектігін жандандыру, халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларын дамытуға айрықша назар аудару;

-кәсіпкерлік жұмысты дамыту үшін әлеуметтік әріптестік институттарын, олардың жүйесін тұжырымдау, әдістемелік, теориялық және тәжірибелік негіздерін құру;

-жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауда белсенді шаралар қолдау негізінде, оларды тиімді бағалау қажет.

Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлердің жұмысын реттеуді жетілдіру, ондағы жұмысшы – қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларын қорғау үшін кәсіби жағынан оларды дайындау және қайта дайындау бағдарламаларын қабылдаудың қажеттілігі тууда. Сонымен бірге, кәсіпкерлікпен айналысатын тауар өндірушілердің тиімді жұмыс істеуіне мемлекет тарапынан қолдау жасау, кәсіпкерлікке мамандандыру, оған инвестиция тарту.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде аграрлық сектордағы кәсіпкерлік қызмет сипаттамасы баяндалған. Бұл бөлімде ауыл шаруашылығы, оның түрлері және салалары, ауыл шаруашылығын кәсіпорындарды дамытудағы мемлекеттік бағдарламалар, аграрлық жоспарлау, ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын ұйымдастыруы жазылған.

Ал екінші бөлімде мақта өндіретін «Сарыағаш» акционерлік қоғамының кәсіпкерлікті жүзеге асыру жағдайы қарастырған. Оның ішінде «Сарыағаш» АҚ ұйымдық шаруашылық жағдайы, «Сарыағаш» АҚ экономикалық қызметтері мен қаржылық жағдайы талданды.

Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы аграрлық секторындағы кәсіпкерлік қызметтің негізгі проблемалары мен дамыту болашағы және Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру мәселесі, ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың негіздері, ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары қарастырылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]