Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Abay_auyl_sharuashylygy_menedzhmenti.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
404.48 Кб
Скачать

1.3 Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын ұйымдастыруы

Қайта өндіру процесінің тікелей қатынасушылары болып табылатын шаруашылық субъектілерге тән қаржы қатынастарының жалпы қосындысы өндіріс орындарының қаржы сферасын бөлуге мүмкіндік береді. Қоғамдық өнімнің шаруашылықты жүргізудің бірінші сатысындағы қайта бөлінуі субъектілер арасында жүргізіледі. Бұл субъектілер өзінің қоғамдық өндіріс процесіндегі орнына қарай ақша қаржыларының белгілі мақсатқа арналаған арнайы қорларын құрады.

Материалды өндірістің саласына кіретін ауыл шаруашылық өндірісінде әр түрлі қаржы қатынастары пайда болады. Бұл қатынастардың арасында ақша қатынастарының келесі топтарын бөлуге болады:

  • шаруашылықтың ішкі қажеттілігіне қарай арнайы қаржы қорларының құрылуы мен қолданылуына байланысты бірінші реттегі табыстардың құрылуына байланысты бірінші реттегі табыстардың құрылуына қатысты қатынастар. Арнайы қорларға – жарғы қоры, өндірісті дамыту қоры, тұтыну қоры және тағы басқалар жатады;

  • өндіріс орындары арасындағы қатынастар, егерде олар тұтынуға бағытталған қайта бөлумен байланысты болмаса. Бұл қаржы қатынастарының негізіндегі қаржы ресурстарының қозғалысы қор емес түрде, яғни, айып-пұл, пай үлесін төлеу, кооперациядан түскен таз табысты бөлуге қатысу, басқа өндіріс орындарының акциялары мен облигацияларына қаржы инвестициялау және дивидендтер мен пайыздарды алу түрінде жүреді;

  • сақтандыру қорларының құрылуы және пайдаланумен байланысты сақтандыру ұйымдарымен қалыптасатын қатынастар;

  • банк ссудаларын алумен, қайтарумен, пайыздарды төлеумен және банктың бос ақша қаржыларын белгілі төлем негізінен уақытша қолдануға берумен байланысты қатынастар;

  • бюджеттік және бюджеттік емес қорларының құрылумен байланыстар мемлекет және өндіріс орындары арасындағы қатынастар. Бұл қаржы қатынастарының қоры бюджетке төленетін салықтар, бюджеттік қаржыландыру, бюджеттік емес қорларға төленетін төлемдер мен алымдар түрінде болады.

Ауыл шаруашылық өндірісінің салалық және экономикалық ерекшеліктері қаржы қатынастарының құрылуына, арнай мақсаттағы ақша қорларының құрылымына, олардың пайда болу мен қолданылуына әсерін тигізеді. Өндіріс орындарын жеке меншіктендіру кәсіпкерлікті ұйымдастыру әртүрлі формаларын тудырды. Олар – шаруа қожалықтары, өндірістік кооператив, шаруашылық серіктестіктері. Құрылу-құқықтық айырмашылықтар қаржының құрылуы мен оның шығу көздеріне, жарғы қорының құрылу тәртібіне, таза табыстың бөлінуіне, бюджетпен қатынастарына өзінің әсерін тигізеді.

Ауыл шаруашылық өнімін өндірудің бірден-бір шарты қаржы ресурстарының болуы болып табылады. Қаржы ресурстары өндіріс орнының ақша қаржылары болып табылады да, оларды қолдану белгілі мақсаттағы арнай ақша қорларының құрылуы арқылы жүреді. Қаржы ресурстары өндірістік және өндірістік емес салаларды қаржыландыруға, тұтыну мен резерв құруға жұмсалады.

Өндірісті дамыту үшін сатып алынған өндіріс құралдарға (еңбек заттары мен құралдары, жұмыс күші мен өндірістің басқа элементтер) жұмсалған қаржы ресурстары капиталдың ақшалай түрі болып табылады. Қаржы ресурстарын қолдану белгілі мақсаттағы арнайы ақша қорларының құрылуы арқылы жүретіндіктен капитал құрылымына, негізгі қорларға, материалды емес активтерге, айналмалы қорларға және айналым қорларына жұмсалған ақша қаржылары кіреді.

Өндіріс орнының қарамағындағы капиталдың құрылымы (бухгалтерлік есепте «актив» деп аталады) және оның құрылым көзі (бухгалтерлік есепте (пассив» деп аталады) әртүрлі болуы мүмкін, бірақ жалпы алғанда келесі түрде сипатталады.

Инвестициялар – бұл капиталды ұзақ мерзімді қаржыландыру түрінде жұмсалатын шығын жиынтығы. Инвестициялық қызметтің мақсаты кәсіпкерлік табыс немесе соның белгілі бір пайызын алып отыру.

Инвестиция қаржылық және шынайы болып екіге бөлінеді:

Қаржылық инвестиция – акцияларға, облигацияларға және басқа бағалы қағаздарға қаржы салу. Қаржыландыру шынайы капиталдың өсуіне жартылай бағытталған. Қаржылық инвестиция құрылымында жеке меншік инвестициялар басым болады.

Шынайы инвестиция – қысқаша айтқанда материалды өндірістік қорлың өсуін және негізгі капиталды қаржыландыру. Негізгі капиталды қаржыландыратын шынайы инвестициялар салалық және технологиялық құрылыспен сипатталады.

Инвестициялық технологиялық құрылымы шығынның негізгі капиталдың белсенді элементіне жене пассивтi элементiн ара қатынасымен анықталады. Мемлекет инвестициялық процеске мемлекеттік секторға тікелей және жанама түрде, несие, субсидиялар түрінде капитал салу арқылы экономикалық бақылау саясатын жүзеге асырады.

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін индустрияландыру мақсатында мемлекеттің іс-қимылы бүгінде Қазақстанның алдында өткір күйінде тұрған екі негізгі міндетті шешуге бағдарланып отыр. Оның біріншісі - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл міндетті жүзеге асыру шеңберінде агроөнеркәсіптік сектордың дамуына қолдау көрсететін тиімді жұмыс істейтін жүйе құрылды. Бұл бір жағынан осы сектордың ағымдағы жұмысын, оның ішінде көктемгі егісті және жиын-терінді қаржыландыруды, екінші жағынан ауыл шаруашылығын және қайта өңдейтін өндірісті дамытуға инвестиция шоғырландыруды қамтамасыз етеді. Сондықтан, егін шаруашылығында саланы әртараптандыруға, ылғалды ресурстарды сақтайтын технологияларды қолдана отырып саланы кеңінен химияландыруға екпін салынуда. Бұл ретте субсидиялаудың идеологиясы өзгертілді, бұл идеология ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерді жаңа технологияға көшуге ынталандыруға бағытталған. Майлы және жеміс-көкөніс дақылдары өндірісінің көлемін ұлғайтуға ерекше назар аударылуда. Мұндағы мақсат - осы өнім түрлері бойынша импорт көлемін азайту.

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы 1999 жылы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 қарашадағы «Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы» № 1777 қаулысына сәйкес құрылған.

Бағдарламалар:

Ауыл шаруашылығы жабдықтары

Мақсатқа арналуы: Қазақстан Республикасы, сондай-ақ жақын және алыс шет елдері өндірістерінің ауыл шаруашылық техникаларын сатып алу.

Несиелендіру/лизинг мерзімі: Лизинг затының құны бір бірлігіне 1 500 мың теңгеден астам болғанда – 7 (жеті) жылға дейін; Лизинг затының құны бір бірлігіне 1 500 мың теңгеге дейін болғанда – 5 (бес) жылға дейін.

Сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі: жылдық 4%.

Лизингте аванстық төлем: 15%— кепілзатпен қамтамасыз етумен 25%-кепілзатпен қамтамасыз етусіз

Қарызгердің меншікті қаражаттары есебінен ортақ қаржыландыру: Қосымша кепілзат берумен техниканың құнынан 15%; Қосымша кепілзат берусіз техника құнынан 28%.

Қамтамасыз ету лизингте:

  • екінші деңгейлі банк кепілдігі, кепілдікке ақша салу, кепілақы – жылдық төлем сомасына.

Несиелендіруде:

  • екінші деңгейлі банк кепілдігі, кепілдікке ақша салу – жылдық төлем сомасына

  • жылжымалы және жылжымайтын мүлікті кепілдікке салу - сатып алынатын техника құнынан 90% мөлшерінде

Арнаулы жабдықтар мен технологиялық жабдықтар

Мақсатқа арналуы: технологиялық жабдықтар мен арнаулы техника, соның ішінде көкөністерді өсіруге, мал және құс шаруашылықтарын механикаландыруға, жемшөп азықтарын дайындауға, ауыл шаруашылығы өнімдерін, балық пен орман шаруашылығы өнімдерін жаңбырлатқыш және суландыру машиналарын, жылыжайларды қабылдауға, тиеуге, сақтауға және бастапқы өңдеуге қажетті жабдықтар мен машиналар.

Несиелендіру/лизинг мерзімі:

Лизинг затының құны бірлігі үшін 1 500 мың теңгеден жоғары болғанда - 7 жылға дейін;

Лизинг затының құны бірлігі үшін1 500 мың теңгеге дейін болғанда -5жылға дейін.

Сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі: жылдық 4%.

Лизингте аванстық төлем: кепілдікпен қамтамасыз етумен – Лизинг затының құнынан 15%; кепілдікпен қамтамасыз етусіз - Лизинг затының құнынан 25%. «ҚазАгроҚаржы» АҚ Несие комитетінің шешімі бойынша негізгі қарызды өтеу бойынша 2 жылға дейін жеңілдікті кезең белгіленуі мүмкін.

Қарызгердің меншікті қаражаттары есебінен ортақ қаржыландыру: Қосымша кепілдікпен техниканың/жабдықтың құнынан 15%; Қосымша кепілдіксіз техниканың/жабдықтың құнынан 28%. Қамтамасыз ету лизингте-

  • екінші деңгейлі банк кепілдігі, кепілдікке ақша салу немесе кепілақы – жылдық төлем сомасына.

несиелендіруде-

  • екінші деңгейлі банк кепілдігі, кепілдікке ақша салу –жылдық төлем сомасына

  • өтімді жылжымалы және жылжымайтын мүлікті кепілдікке салу – сатып алынатын техника құнынан 90% мөлшерінде.

Инвестициялық коммерциялық бағдарламалар

Лизинг Мақсатқа арналуы: ауыл шаруашылық техникасы, технологиялық жабдықтар мен арнаулы техника, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін, балық өнімдері мен орман шаруашылығы өнімдерін қабылдауға, тасуға, сақтауға және алғашқы өңдеуден өткізуге, көкөністерді өсіруге, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы фермаларын механикаландыруға, жемшөп дайындауға арналған жабдықтар мен машиналар, жаңбырлатқыш және суару машиналары, ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін қайта өңдеу бойынша жақын және алыс шетелдері өндірістерінің жабдықтары және «ҚазАгроҚаржы» АҚ жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін өзге де жобалар. Лизинг мерзімі: 5 жылдан 7 жылға дейін Сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі: тіркелген жылдық 12,5% мөлшерінде АҚШ долларына индекстеумен

Аванстық төлем: 16% кем емес

Қамтамасыз ету – қажет емес

Несие

Мақсатқа арналуы: ауыл шаруашылық техникасын, технологиялық жабдықтарды және арнаулы техникаларды, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін, балық өнімдері мен орман шаруашылығы өнімдерін қабылдауға, тасуға, сақтауға және алғашқы өңдеуден өткізуге, көкөністер өсіруге, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын механикаландыруға, жемшөп дайындауға арналған жабдықтар мен машиналарды, жаңбырлатқыш және суару машиналарын, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығының өнімдерін қайта өңдеу бойынша жақын және алыс шетелдері өндірістерінің жабдықтарын және «ҚазАгроҚаржы» АҚ жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін өзге де жобаларды сатып алуды қаржыландыру. Несиелендіру мерзімі: 7 жылға дейін

Сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі: тіркелген жылдық 12,5% мөлшерінде АҚШ долларына индекстеумен.

Қарызгердің меншікті қаражаттары есебінен ортақ қаржыландыру: - қосымша кепілдікпен сатып алынатын техниканың/жабдықтың құнынан 15%; - қосымша кепілдіксіз сатып алынатын техниканың/жабдықтың құнынан 28%. Қамтамасыз ету (қарызгердің қалауы бойынша):

- екінші деңгейлі банк кепілдігі немесе қарыз сомасынан 100% төмен түспейтін мөлшерде кепілдікке ақша салу плюс тоқсандық сыйақы;

- Қарыз сомасынан 120% кем түспейтін мөлшерде плюс тоқсандық сыйақы шамасында Қарыз берушімен келісілген кез келген жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікті, соның ішінде сатып алынатын техниканы/жабдықты кепілдікке салу

Инвестициялық жобалар: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің 2011-2010 жылдарға арналған экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен әрекеттер жоспарын іске асыру шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы келесі бағыттар бойынша инвестициялық жобаларды іске асыра бастады:

- тауарлы сүт фермаларын құру және дамыту;

- құс фабрикасы желісін құру және дамыту;

- жылыжай шаруашылықтарын құру және дамыту;

- көкөніс қоймалары желісін құру және дамыту;

- тамшылатып суару технологияларын қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдарын өндіруді дамыту;

- ауыл шаруашылық техникаларын құрастыру бойынша өндірістер құру.

- Инвестициялық жобаларды қаржыландыруды алдын ала келесі негізгі талаптарда жүзеге асыру жобалануда: Алдын ала қаржыландыру шарттары.

- Конкурсты сарап «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесімен бекітілген Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қарызгерлерді іріктеу конкурсын өткізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

- Инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамымен әлеуетті қарызгерлердің өтінімдерін қарау регламенті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша ауыл шаруашылық машина жасауда Қазақстанның машина жасау кәсіпорындарының 122 жұмылдырылған. Оның 70 - жөндеу-қалпына келтіру бағытындағы, 52 - машина жасау бағытындағы кәсіпорындар. Он кәсіпорын - тракторлар, комбайндар, дестелегіштер, сепкіштер, топырақ өңдегіш құралдар (қопсытқыштар, сыдыра жыртқыштар, соқалар, тырмалар), мал азығын дайындауға арналған құралдар, өсімдіктерді қорғауға арналған машиналар (бүріккіштер, тұқым дәрілегіштер), сондай-ақ, басқа да ауыл шаруашылығына қажетті техникалар, құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер сияқты түпкілікті өнім өндірушілері болып табылады.

Биылғы жылдың басынан бастап отандық тауар өндірушілерге қолдау жасауға байланысты іс-шаралар шеңберінде, сонымен қатар ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуда қазақстандық өндіріс техникаларының санын арттыру мақсатында "ҚазАгроҚаржы" ауыл шаруашылық мақсаттарына арналған техникалар өндіруге бағдарланған қазақстандық кәсіпорындардың бірқатарымен келіссөз жүргізді. Астана қаласында 23 ақпанда өткен Қазақстандық тауарлар мен қызметтер өндірушілерінің жалпы ұлттық форумы барысында жалпы сомасы шамамен 1 млрд. теңгеге жасалған шарттар мен келісімдер - сол жүргізілген келіссөздердің нәтижесі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]