Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Abay_auyl_sharuashylygy_menedzhmenti.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
404.48 Кб
Скачать

2.2 «Сарыағаш» ақ өндірістік-экономикалық қызметтері мен қаржылық жағдайын талдау

АҚ-ның өзінің нақты жағдайына, көлеміне және қызмет түріне қарап қаржылық есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады: қаржылық жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді; есептік саясатын қалыптастырады; қаржылық және өндірістік есептері бойынша қызмет ету аясын белгілейді; шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді, сондай-ақ қаржылық есепті ұйымдастыру үшін басқа да қажет шешімдерді жасайды.

Акционерлік қоғамның қаржылық есепті ұйымдастыруға, шаруашылық операцияларын орындаған кезде оның заңдылығын сақтауға мекеменің басшысы жауапты болып келеді.

Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде қаржылық есепті жүзеге асыруға кәсіпорын бас қаржыгері басшылық етеді. Егер де кәсіпорынның дербес қаржылық қызмет болмаса, онда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру арнайы мамандандырылған фирмалардың немесе келісім-шарттың негізінде жұмыс істейтін мамандардың көмегімен жүзеге асырылады.

Бас қаржыгері қызметтен босатқан кезде ол жаңадан тағайындалған бас қаржыгерге субъектінің басшысы бекіткен тәртіпке сай істерді өткізіп береді, өткізу барысында қаржылық есептің жағдайына және есеп мәліметтерінің дұрыстығына тиісті актілер жасалады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты, тұрақсыз және кризистік болу мүмкін. Кәсіпорынның қаржылық төлемдерді уақытында жүргізу, өзін-өзі уақытылы қаржыландырып отыру мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының тұрақты екенін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның коммерциялық және қаржылық қызметтерінің жоспарға сәйкес орындалуына байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдетте горизантальді және вертикальді талдаудан басталады.

Кесте 1- Есепті кезеңдегі баланс активтерінің өзгерісі, 2014 жыл

АКТИВТЕР

Есеп беру  кезеңіне

Өткен  кезең

өзгеріс(+,-)

I. Қысқа мерзімді активтер

сомасы мың.тг

баланстағы үлесі (%)

сомасы мың.тг

баланстағы үлесі (%)

сомасы мың.тг

өзгеру қарқыны (%)

Ақша және оның эквиваленттері

86

0,013

1474

0,2

-1388

-0,2

Қысқа мерзімді дебиторлық борыш

126371

18,882

128128

20,6

-1757

-1,7

Қорлар

246945

36,898

207649

33,4

39296

3,5

Ағымды салық активтері

375

0,056

4730

0,8

-4355

-0,7

Қысқа мерзімді активтер қорытындысы

373777

55,849

341981

54,9

31796

0,9

I. Ұзақ мерзімді активтер

 

 

 

 

 

 

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

41529

6,205

41529

6,7

0

-0,5

Ұзақ мерзімді дебиторлық борыш

17672

2,640

1039

0,2

16633

2,5

Инвестициялық жылжымайтын мүлік

85339

12,751

65127

10,5

20212

2,3

Негізгі құралдар

144251

21,554

162379

26,1

-18128

-4,5

Материалдық емес активтер

6555

0,979

10510

1,7

-3955

-0,7

Басқа ұзақ мерзімді активтер

145

0,022

 

0,0

145

0,0

Ұзақ мерзімді активтердің барлығы

295491

44,151

280584

45,1

14907

-0,9

Баланс

669268

100,000

622565

100,0

46703

0,0

Жинақталған бухгалтерлік балансты сараптау кезінде 2014 жылы 2013 жылға қарағанда жалпы активтер 46703 мың теңгеге немесе 0,9 %-ға артқан. Есепті кезең соңында, есепті кезеңнің басына қарағанда ұзақ мерзімді активтердің 14907 мың теңгеге артқан. Ал қысқа мерзімді активтер 31796 мың теңгеге немесе 0,9 %-ға кеміген.

Жарғылық, резервтік капитал міндеттемелердің 6,1% құрауы, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Жарғылық капитал сомасы. Меншікті капиталдың өзгеру факторларын «Меншікті капиталдың қозғалысының есебі» формасы бойынша анықтауға болады.

Кесте 2- Меншікті капитал динамикасы, 2014 жыл

 

Есеп беру  кезеңіне

Өткен  кезең

өзгеріс(+,-)

 

сомасы мың.тг

баланстағы үлесі (%)

сомасы мың.тг

баланстағы үлесі (%)

сомасы мың.тг

өзгеру қарқыны(%)

III. Қысқа мерзімді міндеттемелер

 

 

 

 

 

 

Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

-

-

-

-

-

-

Салықтық міндеттемелер

1465

0,219

2863

0,5

-1398

-0,2

Басқа төлемдер бойынша міндеттемелер

1303

0,195

 

0,0

1303

0,2

Қысқа мерзімді кредиторлық берешектер

349690

52,250

45377

7,3

304313

45,0

Басқа қысқа мерзімді міндеттемелер

229933

34,356

249907

40,1

-19974

-5,8

Қысқа мерзімді міндеттемелер

582391

87,019

298147

47,9

284244

39,1

IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

 

 

 

 

 

 

Ұзақ мерзімді несиелік борыштар

239329

35,760

462712

74,3

-223383

-38,6

Ұзақ мерзімді міндеттемелер нәтижесі

239329

35,760

462712

74,3

-223383

-38,6

V. Капитал

 

 

 

 

 

 

Жарғылық капитал

40683

6,079

40683

6,5

0

-0,5

Төленбеген капитал

96576

14,430

96576

15,5

0

-1,1

Резервтер

235

0,035

235

0,0

0

0,0

Шығарылмаған табыстар (жабылмаған шығындар)

-289946

-43,323

-275788

-44,3

-14158

1,0

капитал

86877

12,981

324418

52,1

-237541

-39,1

Баланс

669268

100,000

622565

100,0

46703

х

Кесте бойынша жарғылық, резервтік капитал міндеттемелердің 6,1% құрауы, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Жарғылық капитал сомасы. Меншікті капиталдың өзгеру факторларын «Меншікті капиталдың қозғалысының есебі» формасы бойынша анықтауға болады.

Төлем қабілеттілік – бұл кәсіпорынның өзіне алған міндеттемелерін уақытылы жауып отыру болып табылады. Сонымен қатар, төлем қабілеттілік – қарыз алушының барлық міндеттемелерін өтеу мүмкіндігін сипаттаса, несие қабілеттілік – көп жағдайда тек банк несиесін қайтару мүмкіндігін көрсетеді. Яғни несие қабілеттілік төлем қабілеттілік ұғымының құрамдас бөлігі. Кәсіпорынның ағымдық және күтілетін төлем қабілеттілігі ажыратылады. Ағымдық төлем қабілеттілік балансты құру уақытында анықталады, ал күтілетін төлем қабілеттілік нақты алдағы кезеңге келіп түсуі тиіс төлемдерді есепке ала отырып анықталады.

Төлем қабілеттілікті талдауға кіреді:

  • баланстың өтімділігін талдау;

  • өтімділік коэфиценттерін талдау.

Баланстың өтімділігі оның міндеттемелерін активтерімен жабу мүмкіншілгімен анықталады.

Активтердің өтімділігі – активтердің ақша қаражатына айналу уақытымен, мөлшері анықталады.

А1 – өтімді активтер (ақша қаражаты, қысқа мерзімді қаржылық салымдар);

А2 – жылдам өтімді активтер (қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар);

А3 - өтімділігі төмен активтер (запастар, ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар, басқа да айналымдағы активтер);

А4 – қиын өтімді активтер (ұзақ мерзімді активтердің барлық түрлері);

П1 – қысқа мерзімді міндеттемелер (кредиторлық қарыздар);

П2 – қысқа мерзімді пассивтер (қысқа мерзімді кредиттер мен қарыздар, қызметкерлермен есеп айырысу, басқа да қысқа мер.активтер)

П3 – ұзақ мерзімді міндеттемелер (ұзақ мерзімді пассивтер, болашақтағы табыс)

П4 – тұрақты пассивтер (капитал, резервтер).

Мына теңсіздіктер орындалғанда баланс өтімді болып табылады:

А 1  П 1; А 2  П 2; А 3  П 3; А 4  П 4.

Осы теңсіздіктерді орындалу орындалмауын анықтау үшін баланстағы көрсеткіштерді актив пен пассив өтімділі бойынша жіктелінген кесте құрылған.

Кестенің сол жағында активтер А, А2, А3, А4, оң жағында П1, П2, П3, П4 сомалары мың теңгемен көрсетілген.

Кесте 3- Кәсіпорын балансындағы активтердің өтімділігі

Активтер

Сомасы, мың теңге

Пассивтер

Сомасы, мың теңге

+,- өзгеріс,

мың теңге

Есепті кезең

Өткен кезең

Есепті кезең

Өткен кезең

Есепті кезең

Өткен кезең

А1

86

1474

П1

349690

45377

349604

43903

А2

246945

207649

П2

231236

249907

-15709

42258

А3

126371

128128

П3

239329

462712

112958

334584

А4

295491

280584

П4

86877

324418

-208614

43834

Σ

668893

617835

Σ

907132

1082414

 х

х 

Теңсіздіктерге оралатын болсақ (2014 жылдың балансы бойынша):

  1. А 1  П 1 теңсіздігі бойынша ликвидті активтер қысқа мерзімді міндеттемелерден үлкен немесе тең болуы керек. Бұл теңсіздік орындалып тұр. А1, яғни ликвидті активтер П1 қысқа мерзімді міндеттемелерден аз, яғни нақтырақ айтсақ 349604 мың теңгеге асып тұр. Бұл кәсіпорынның қысқа мерзімді кредиторлық берешектерінің көбейгенімен түсіндіріледі.

  2. А 2  П 2 теңсіздігі орындалып тұр, яғни жылдам өтімді активтер А2, қысқа мерзімді пассивтерден П2 үлкен. А2=246945>П2=231236, А2 улкен П2 15709 мың теңгеге артық болып тұр.

  3. А 3  П 3 Ұзақ мерзімді міндеттемелерден П3, өтімділігі төмен активтер А3 112958 мың теңгеге артық болғандықтан үшінші теңсіздік орындалып тұр.

  4. А 4  П 4. Төртінші теңсіздік бойынша қиын өтімді активтер тұрақты пассивтерден 208614 мың теңгеге кем .

Кәсіпорын банктерден несие алуға мұқтаж емес. Өндірісін жүргізу үшін өзінің ақша қаражаты толықтай жеткілікті.

Төлем қабілеттілік деңгейіне қысқа мерзімді перспективада салыстырмалы баға беру үшін төлем қабілеттіліктің қысқа мерзімді перспективада салыстырмалы баға беру үшін төлем қабілеттіліктің келесідей көрсеткіштері есептеледі:

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның тұрақтылығын сипаттаушы маңызды көрсеткіштердің бірі – запастардың қаржыландырудың қалыпты көздермен қамтамасыз етілуі. Тауарлы-материалдық қорларды қалыптастырудың қалыпты көздерінің артықшылығы не жетіспеушілігі – кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына баға берудің критерийлерінің бірі болып саналады, осыған орай қаржылық тұрақтылықтың 4 типін ажыратады:

  1. Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы: Меншікті капитал > Тауарлы - материалды қорлар;

  2. Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы, яғни: (Меншікті капитал+ұзақ мерзімді міндеттемелер)>ТМҚ;

  3. Қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы, яғни: Меншікті капитал+ұзақ мерзімді міндеттемелер)+қымқа мерзімді міндеттемелер < ТМҚ

Есептеу бойынша жыл басы мен жыл аяғында кәсіпорынның ТМҚ меншікті айналыс қаражаттарымен толық қамтамасыз етілген және меншікті айналыс қаражаттарының артықшылығы бар, яғни кәсіпорынның қаржылық жағдайы абсолютті тұрақты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның қаржылық тұрақтылығы негізінен капитал көздерінің құрылымының оңтайлылығынан және активтердің құрылымына тәуелді. Кәсіпорынның тұрақтылығына баға беру үшін бірнеше арнайы көрсеткіштер есептелінеді.

Кесте 4- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері, 2014 жыл.

Көрсеткіш

Деңгей

Шекті мәні

Жыл басы

Жыл соңы

1. Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті

1

1

>0,5

2. Қаржылық тәуелділік коэффициенті

0,02

0,01

<0,5

3. Төлем қабілеттілік коэффициенті

45,50

119,80

>1

4. Қаржылық тәуекел (леверидж) коэффициент

0,02

0,01

<1

5. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті

1

1

>0,9

Осы көрсеткіштер негізінде мынадай нәтижелерге қорытынды жазуға болады: кестедегі бірінші, үшінші, бесінші коэффициенттердің мәні неғұрлым жоғары және екінші төртінші коэффициенттердің мәні төмен болған сайын КҚЖ соғұрлым тұрақты. Біздің кәсіпорын осы талаптардың барлығына сәйкес келіп тұр, яғни кәсіпорын қаржылық жағдайы тұрақты, төлем қабілетті. Кәсіпорын сыртқы қарыз көздеріне тәуелді емес.

Талданып жатқан кәсіпорында жағымды тенденция қалыптасты:

- есептік жылда ресурстар қайтарымдылығы 2,91 теңгені, ал алдыңғы жылы 1,49 теңгені құрады, яғни 1,42 теңгеге немесе 2 есе өсті.

Кесте 5- Негізгі қаражаттардың қор қайтарымының факторлық талдауы

Көрсеткіштер

Алдыңғы жыл

Есепті

жыл

Ауытқу(+,-)

сомма

%

1

Өнімді өткізуден, жұмысты орындаудан және қызмет көрсетуден түскен түсім, теңге

5056,2

7581,4

2525,2

49,9

2

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам

24

21

-3

-12,5

3

Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, теңге

736,9

626,9

-110

-14,9

4

1 жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өнім шығару, мың теңге

(1б. : 2б.)

210,7

361,02

150,32

71,3

5

1 жұмысшыға шаққандағы еңбектің қормен жарақтандырылуы, мың теңге

(3б. : 2б.)

30,7

29,9

-0,8

-2,6

6

Қор қайтарымы, теңге

(1б. : 3б.)

6,86

12,07

5,21

75,9

Кестенің деректерінен көріп отырғанымыздай, қор қайтарымының 75,9%-ға ұлғаюы еңбектің қормен жарақтандырылуының 2,6%-ға төмендеуінің және еңбек өнімділігінің 71,3%-ға өсуінің нәтижесінде болып отыр. Көрініп тұрғандай, жұмысшылар еңбегінің қормен жарақтандырылуының төмендеуі кезінде олардың еңбек өнімділігінің деңгейі алдыңғы жылмен салыстырғанда өсуде.

Еңбектің өнімділігі мен қормен жарақтандырылуының қор қайтарымының өзгерісіне әсер ету дәрежесін факторлық талдау көмегімен анықтаймыз. Ал біз оны тізбектелген алмастыру әдісімен жүргіземіз. Ол үшін тізбектеп келесі есептеулерді жүргіземіз:

f0 = WRo : Ф0 = 210,7 : 30,7 = 6,86 теңге

fусл = WR1 : Ф0 = 361,02 : 30,7 = 11,76 теңге

f1 = WR1 : Ф1 = 361,02 : 29,9 = 12,07 теңге

Сонымен, қор қайтарымының 5,21 теңгеге өсуіне көрсетілген факторлар келесі шамаларда әсер етті:

1. Жұмысшылардың еңбек өнімділігінің өсуі қор қайтарымының 4,9 теңгеге ұлғаюына әкелді:

Δ fw = fусл – f0 = 11,76 - 6,86 = 4,9

2. Жұмысшылар еңбегінің қормен жарақтандырылуының төмендеуі қор қайтарымын 0,31 теңгеге көтерді:

Δ fф = f1 – fусл = 12,07 - 11,76 = 0,31

Жасалған есептеулер өндірістің техникалық жарақтандырылуының төмендеуіне қарамастан кәсіпорында еңбек ресурстарының тиімді қолданып жатқанын көрсетті.

Материалдық емес активтерді сатып алу өз алдына оларды өнім өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде қолданудан экономикалық нәтиже алуды мақсат етеді.

«Ноу-хау» лицензияларын және басқа материалдық емес активтерді қолданудан ақырғы нәтиже кәсіпорынның негізгі және коммерциялық қызметтерінің жалпы нәтижелерінде көрінеді:

  • оның сапасының және тауар бағасында сәйкес үстеменің жоғарылауы есебінен өнімді сату көлемінің өсуінде;

  • өнімнің бәсекеге қабілеттілігінде және өткізу нарығын кеңейтуде;

  • өндірістік (өмірлік) циклдің ұзақтығын қысқарту есебінен ағымдағы шығындарды үнемдеуде;

  • өндіріс пен өнімді өткізуге жұмсалған материалдық және еңбектік шығындардың шығындалу нормасының төмендеуі;

  • ақырғы нәтижеде – пайданы ұлғайтуда.

Осыны есепке ала отырып, материалдық емес активтерді қолданудың тиімділігін бағалау кезінде, сонымен қатар «кәсіпорын экономикасының алтын ережесін» есепке алу қажет: өнімді өткізуден түскен түсім немесе пайданың өсу қарқындары материалдық емес активтердің өсу қарқындарынан озық болуы тиіс.

Туындаған жағдайды талданып жатқан кәсіпорында қарастырайық:

%-бен алдыңғы жылға

өнімді өткізуден түскен түсім — 149,9

материадық емес активтер — 100.

Кәсіпорында жағымсыз тенденция байқалады.

Айналым қаражаттарын қолданудың тиімділігін талдау әдістемесін дәлірек қарастырайық. Шаруашылықты жүргізу тәжірибесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау кезінде айналым қаражаттарын (ағымдағы активтерді) қолдану тиімділігін талдауға үлкен көңіл бөлінеді, себебі олардың қолма-қол ақшаға айналу жылдамдығынан кәсіпорынның өтімділігі мен оның табысқа жету мүмкіндіктері тәуелді болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]