Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Abay_auyl_sharuashylygy_menedzhmenti.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
404.48 Кб
Скачать

2 Мақта өндіретін «Сарыағаш» акционерлік қоғамының өнеркәсіптік өңдеудің экономикалық тиімділігін талдау

2.1 «Сарыағаш» ақ ұйымдық шаруашылық жағдайы

«Сарыағаш» АҚ Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы» Заңында белгіленгендей, Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес құрылған. Акционерлік қоғамның кәсіпкерлік субъектісі болып табылады, яғни кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы, жұмыскерлерінің саны 272 адамнан аспайтын, бір жылғы активтері 60 мың айлық есеп көрсеткішінің аспайтын, бір жылдағы құны тиісті қаржылық жылға арнап республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының мөлшері және оны қалыптастыру тәртібі, сондай-ақ оны ұлғайту мен азайту тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады. Акционерлік қоғамның қызмет мерзімі оның жұмысының қолданыстағы заңдарда және осы Жарғыда қарастырылған тәртіпте тоқтатылғанына дейін белгіленеді. Серіктестік заңды тұлға болып табылады, өзіндік балансы, мөрі, мөртабандары бар, өз атынан шарттар жасайды, құқықтар алады және міндеттемелер жүктейді, сотта талапкер немесе жауапкер болып сөз сөйлейді. Серіктестік банктерде есеп айырысу, валюталық және басқа да есептері ашылады.

Акционерлік қоғамның қызмет мақсаты Қазақстан Республикасының және серіктестікке қатысушылардың мүдделері үшін шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтерді біріктіре отырып жүзеге асыру және таза пайда табу болып табылады.

Акционерлік қоғамның өз мақсаттарына сәйкес өз қызмет түрлерін мынадай бағыттарда жүзеге асырады:

1 сауда-саттық қызметтері;

2 мақта өңдеумен;

3 шит өндірумен;

4 май өнімін өндірумен;

5 делдалдық қызмет көрсету;

6 күнжара өндірумен;

7 кебек өндірумен;

8 Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыртқы экономикалық қызметтер;

9 ғылыми-зерттеу қызметі;

10 мал азықтарын;

11 коммерциялық сауда жайларды ашу, комиссиондық сауда қалыптастыру;

12 жылжымайтын мүлік операциялары;

13 маркетингтік қызметтері;

14 кадрлар дайындау облысында қызмет көрсету, оқу орындарын және курстар ашу;

15 Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да қызметтер.

Тізімі заң актілерімен белгіленген, басқа да қызмет түрлерімен АҚ-ға берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Кірістен салықтар және басқа төлемдер төленеді. Көрсетілген есептерден кейінгі таза пайда Акционерлік қоғамында толық иелігінде қалады. Акционерлік қоғамның қызмет уақытында пайда болатын шығындар резерв капиталы есебінен жабылады.

Акционерлік қоғам жоғарғы органы қатысушы болып табылады. Қатысушының айрықша құзырына мыналар жатады:

- Акционерлік қоғам жарғысын өзгерту, жарғы капиталының мөлшерін, фирмалық атауы мен тұрған жерін өзгерту, немесе серіктестіктің жарғысын жаңа редакцияда бекіту;

- Акционерлік қоғам құрылтай құжаттары нотариаттық куәландыруға жатады;

- Акционерлік қоғам атқарушы органын құру және оны құзырын уақытынан бұрын тоқтату, сол сияқты серіктестікті немесе оның мүлкін сенімді басқаруға беру туралы шешім қабылдау;

- Акционерлік қоғам қадағалау кеңесі мен тексеру комиссиясын сайлау және құзыретін уақытынан бұрын тоқтату сол сиқты есептер мен серіктестің тексеру комиссиясының қорытындысын бекіту;

- жылдық қаржы есебін бекіту және таза пайдасын бөлу;

- Акционерлік қоғам ішкі қызметтерін реттейтін құжаттарды қабылдау және оның процедураларын, ішкі ережені бекіту;

- серіктестікті тарату мен қайта құруы туралы шешу;

- тарату комиссиясын тағайындау және тарату балансын бекіту;

Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамы туралы Заңның 88 бабына сәйкес Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы Акционерлік қоғамының атқарушы органы болып қатысушы тағайындаған директор болып табылады. Директор Акционерлік қоғамның қатысушысының айрықша құзіретіне жатпайтын сұрақтардан басқа серіктестік қызметіне байланысты әртүрлі сұрақтарды шешуге құқықты.

Директор қатысушыға есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Директор өзіне берілген Акционерлік қоғамның қызметтері үшін міндеттемелерге ие болады.

«Сарыағаш» Акционерлік қоғам Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады. «Сарыағаш» АҚ ОҚО-ның әділет басқаруында №1332-4554 10.01.2006 ж. тіркелген. №75335789 Облыстық статистикалық басқармасында тіркелген.

Мақта өңдеу - жұмыстың басты қызметі болып табылады. Мақта өңдеу жұмысты жүргізу үшін Мемлекеттік №000147 10 наурыз 2006 жылы бастап жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

«Сарыағаш» АҚ заңды тұлға, сондықтан оның өзінің жеке балансы есеп-айырысу шоты, мөрі, бұрыш штампы болады.«Бухалтерлік есеп бойынша» заңды күші ҚР Президентінің жарлығы бойынша алғашқы құжаттар бойынша бухалтерлік жазу жүргізеді.

Барлық қатысушы акционерлік қоғамдардың мүлкіндегі (ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жерді пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік) үлестері олардың жарғылық капиталдағы салымдарына бара-бар болады және құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, бүтіндегі бөліктер немесе пайыз түрінде белгіленеді. АҚ-ның қатысушысы салымның өзіне тиесілі бөлігін жарғылық капиталға бір жылдың ішінде енгізу жөніндегі өзінің міндеттемесін орындамаған жағдайда ол АҚ-ның шығынын өтеуге, сондай–ақ акционерлік қоғамға төленбеген бөлік сомасын тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті. Тұрақсыздық төлемінің мөлшері ақша міндеттемесі немесе оның тиісті бөлігі атқарылатын күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру жөніндегі ресми ставкасына қарай есептеледі.

Акционерлік қоғамның мүлкі қатысушылардың жарғылық капиталдағы бастапқы жарналарының, қосымша жарналарының, шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың белгіленген тәртіппен сатып алған немесе алған қарыз қаражатының және басқа да мүлкінің есебінен құралады. Қатысушылардың шешімі бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталының мөлшері өзгерілуі мүмкін. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту барлық қатысушылар енгізетін қосымша бара – бар салымдар жолымен, серіктестіктің өз капиталының есебінен, нақты құны олардың баланыстық құнынан асатын таза активтерді қайта бағалаудың есебінен, барлық қалған қатысушыларды келісімі болған жағдайда бір немесе бірнеше қатысушының қосымша салымдар енгізуі, акционерлік қоғамның құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау жолымен жүзеге асырылады.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы серіктестіктің барлық қатысушылардың салымдарының мөлшерін бара-бар мөлшерде кеміту не жекелеген қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу жолымен азайтылады.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын ол мемлекеттік тіркеуге алынған сәттегі заңдарда белгіленген ең төменгі мөлшерден төмен азайтуға жол берілмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]