Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Abay_auyl_sharuashylygy_menedzhmenti.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
404.48 Кб
Скачать

3 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық, өнеркәсіптік қызметінің тиімділігін арттыру шаралары

Қазақстан Республикасының алдағы уақытта Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі, ауыл шаруашылығының әлемдік экономикасына белсенді интеграциясы оның жағымды имиджінің қалыптасуына тікелей байланысты болады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасын үйлестіру орталығымен ауыл шаруашылығын көтеру үшін көптеген іс-шаралар жүзеге асыруда, оның ішінде:

- стандарттарды үйлестіру ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді Комиссия Кодекс Алиментариус стандарттарымен үйлестіруді, ауыл шаруашылығы мен тағам өнімдерін өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарында НАССР (тәуекелдікті және сын бақылау нүктелерін талдау) жүйесін қолдану жөніндегі басшылықты әзірлеуді;

- өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау және қадағалау ауыл шаруашылығы өнімдерін сараптау жөніндегі Ұлттық референттік зертхана салуды, облыстық және аудандық мемлекеттік ветеринарлық және карантиндік зертханаларды жаңғыртуды, жылжымалы зертханаларды сатып алуды, мамандарды ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша озық зертханалық әдістерге оқытуды, 20 жеке меншік зертханаларға бірлесіп қаржыландыру жағдайында грант беруді;

- ауыл шаруашылығы маркетингін дамыту маркетингтік инфрақұрылымды дамытуға және ауыл шаруашылығының имиджін жақсартуға грант беруді, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші және қайта өңдеуші ассоциацияларды, кәсіпорындарды ақпараттық-маркетингтік жүйесін дамыту және қолданбалы маркетинг және маркетингтік ақпаратты қолдануға оқытуды;

- қолданбалы ауыл шаруашылығы зерттеулерін дамыту аграрлық саладағы жас ғалымдарды және жоғарғы оқу орындардың оқытушыларын шет елдерде оқытуды, қолданбалы ауыл шаруашылық зерттеулерді дамытуға грант беруді;

- білімдерді тарату жүйесін дамыту ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге білімдерді тарату жүйесін облыстық және аудандық деңгейде қалыптастыруды, білімді тарату бойынша республикалық, облыстық және аудандық үйлестірушілерді және нұсқаушыларды шет елдерде оқытуды қамтиды.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кластерлерін дамыту, қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді лизингтік жүйесі арқылы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымды дамыту, аграрлық ғылымды дамыту сияқты іс-шаралар ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына әсерін тигізеді.

Алайда шет елдерде Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы жағымды имидж әлі жеткілікті қалыптаспаған. Себебі оған көптеген кедергілер бар: технологиялық артта қалушылық, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және жеткізу проблемасы, әлемдік стандарттарға сәйкес келмеуі. Мысалы, кейбір шетелдік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер мен дистрибьюторлардың пікірінше, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен бағасы қанағаттандырлықты, бірақ өнімдерді жеткізу, яғни келісім-шарттар бойынша міндеттерді орындау бойынша проблемалар бар.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі туралы білуі туралы тоқталсақ, әлемнің 15 елдері сарапшыларының 91%-ы бидай өнімдері мен оның қайта өңдеу өнімдерін, екіншіден қазақ халқының ұлттық тағамдарын еске алады.

Осындай жағдайларға байланысты әлемде Қазақстан ауыл шаруашылығының жағымды имиджін қалыптастыру үшін көп жұмыс пен уақыт керек.

Қазақстанның ішінде де ауыл шаруашылығының жағымды имиджі жеткілікті қалыптаспаған, оның ішінде инвесторлар мен болашақ студенттер арасында. Қазіргі уақытта көптеген инвесторлар ауыр өнеркәсіп, құрылыс, қызмет көрсету салаларына инвестиция салады, сол сияқты көптеген абитуриенттер жалақы жоғары салаларда жұмыс істеу үшін сол салаларының мамандықтары бойынша оқуына түседі.

Осыған орай Қазақстан ауыл шаруашылығының имиджін жақсарту мақсатында «Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасын үйлестіру орталығымен компанияны тартумен «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімінің имиджін жақсарту» тұжырымдамасы әзірленді. Аталмыш тұжырымдаманың негізгі мақсаты Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімінің имиджін ел ішінде және шет елдерде жақсарту, ал негізгі міндеттері ауыл шаруашылығы мен оның өнімдерінің ұқсас өнімдерден артықшылықтарын анықтау, ауыл шаруашылығы мен оның өнімдерінің имидж кедергілерін жеңу, ауыл шаруашылығы мен оның өнімдерінің анықталған артықшылықтарының коммуникациясы болып табылады.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру 2010-2010 жылдарында көзделіп отыр және ол корпоративтік жарнамалау әдісімен жүзеге асырылады. Осыған орай жарнамалаудың мақсатты аудиториялары: ел ішінде студенттер мен инвесторлар, шет елдерде өндірушілер мен дистрибьюторлар болып анықталды. Бірақ мұндағы мақсат аталмыш аудиторияларды салаға тарту емес, жалпы ауыл шаруашылығы туралы жағымды имиджді қалыптастыру болып табылады.

Имидж компаниясы «Өркендеу жолындағы Қазақстан» атымен (брендинг) жүзеге асырылады, хабарламалардың негізгі тақырыптары стандарттарды үйлестіру, ауыл шаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау, ауыл шаруашылығы маркетингін дамыту, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге білімдерді тарату жүйесін дамыту, көлік инфрақұрылымын дамыту, аграрлық ғылымды дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу зауыттарын салу, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, т.б. болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан ауыл шаруашылығының көптеген артықшылықтары бар, мысалы оның ерекше климаттық жағдайлары, мал шаруашылығы саласындағы көне дәстүрлері, табиғи зоналардың әр түрлілігі, жоғары өнімді жайылымдары, т.б. Сондықтан да осылардың барлығы ауыл шаруашылығының имиджін жақсарту кампаниясын жүзеге асыру кезінде ескеріледі.

Қазақстан ауыл шаруашылығы мен оның өнімдерінің имиджін жақсарту кампаниясын жүзеге асыру құралдары төмендегідей болады:

1) бұқара ақпарат құралдары, оның ішінде пресс-релиздерді Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Литва, Дания, Турция, Біріккен Араб Эмираттары, Египет, Қытай, Ресей, Украина, Азербайжан, Өзбекстан елдерінің ауыл шаруашылығы газеттері мен журналдарында басу;

2) арнайы жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысу, оның ішінде буклеттер мен каталогтарды тарату және «Өркендеу жолындағы Қазақстан» фильмді көрсету. Халықаралық аграрлық көрмелер мен жәрмеңкелер Ұлыбритания, Германия, Италия, Польша, Ресей елдерінде жыл сайын өтеді;

3) веб-сайт құру, оның ішінде әрдайым Қазақстан ауыл шаруашылығы бойынша ақпаратты жаңарту, баннер алмастыру жүйесін қолдану.

Аталмыш құралдар Қазақстан ауыл шаруашылығы мен оның өнімдерінің имиджін жақсарту кампаниясының бюджет жағынан да, сапасы жағынан да тиімді деп есептелініп, таңдалынады.

Қазақстан ауыл шаруашылығының жылдан жылға қарай жоғары қарқынды дамуы, «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімінің имиджін жақсарту» тұжырымдамасының алдағы уақытта жүзеге асырылуы жалпы еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісінің, экспортының өсуіне және сапасының жақсарылуына зор үлес қосады және жағымды имидж қалыптасуына әкеледі.

Өндіріс тиімділігі - экономикалық категория. Ол - өндіргіш күштер мен өндірістік қарым - қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс қамтамасыз етіледі.

Тиімділіктің басты мәселесі - нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну құнын өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне  мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқықтық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі.

Тиімділік - ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұтымды жүргізудің алғы шарты. Ресурстарды таңдау кезінде баламалы нұсқаларды анықтау үшін пайдаланылатын сапалы бағалау көрсеткіші болумен бірге, ол өндіріс резервтерін анықтау, өндіріс құрылымының қалыптасуын жалпы да тікелей бағалау кезінде қолданылады. Тауар - ақша қатынасы жағдайында өндіріс тиімділігі ұтымды экономикалық тиімділікті сипаттайды. Мұндай жағдай жалпы өндірістік шығындардан қол жеткен нәтиже шамасы абсолюттік мөлшерде артық болып тұрғанда ғана орын алады. Осындай ұтымды тиімділік кез келген ұйымдық - құқықтық шаруашылықтың оңтайлы жұмыс істеуінің, кеңейтілген өндірісті жүргізудің ең бір қажетті шарты болып есептеледі. Сондай - ақ ол материалдық өндірістің барлық буынында ғылыми - техникалық прогрестің дамуы үшін зор экономикалық қозғаушы күшке айналып, тұтыну құнының сапасын жақсартады. Бәсекенің салыстырмалы еркін іс - әрекет жасаған кезінде өндірісті тиімді жүргізудің басты міндеттерін бір уақытта шешуге жол ашатын нарықтық тетік « механизм », біріншіден, тауар өндірудің дәл сол мезгілде қоғамдық сұранымға сәйкестігін бағаласа «сандық және сапалық жағынан», екіншіден, қойылған міндеттерді тиімді жолмен шешу үшін өндіріске жаңа тәсілдерді енгізуді ынталандырумен бірге, бағаның өзгеруі мен ауытқуы, пайда, тағы басқадай құнды категориялар арқылы халық шаруашылығында өндірістік ресурстар мен тауарларды ағымды нарықтың сұранымына сәйкес бөлуге, экономиканың оңтайлы дамуына оң ықпал ете отырып,  экономиканың тиімділігін арттырады.

Баға нарықтық экономика жағдайында әртүрлі тауарлар нарығының дамуына, солар арқылы жалпы қоғам көлемінде өндірістік ресурстар мен тауарларды бөлу арқылы қоғамдық өндірісті реттеуші рөлін атқарады. Мұндай жағдайда әрбір өндірістік   ресурстың   өзіне   тән   бағасы   болады   және   ол тауарлық баға сияқты белгіленген ресурстың сұранымы мен ұсынымының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Осы бағаның құрылымы белгілі болғандықтан, мейлінше аз шығын жұмсай отырып, көп өнім өндіру үшін, соған лайықты өндірістік үдерісті таңдау мүмкіндігі туады.

Жұмыс күшіне жоғары ақы төленген жағдайда өндіріс үдерісін техникалық   жарақтандыру  шаруашылықты  оңтайлы  жүргізуге ынталандырып, төмен  болған  жағдайда  өндіріс  үдерісінің еңбек сыйымдылығын уақытша тоқтатып қоюға ықпал ететіндіктен, өндірістік ресурстар бағасы тауар өндірушілерді арзан ресурстарды өндірістік үдеріске кеңінен қолдануға, ал қымбат ресурстарды үнемдеуге итермелейді. Бұл жағдайда тауардың бағасы қоғамда өндірістік ресурстарды бөлуге қалай әсер еткенін еске алады. Яғни бағаның қалыптасуының нарықтық тетігі келешекте өндіріс тиімділігін арттырудың негізі болып табылмақ. Нарықтық бағаның қалыптасуы тетік көмегі арқылы өте тиімді шаруашылық шешімдерін жүзеге асыруға кең жол ашпақ .

Кейбір кәсіпорындар шегінде мұндай ыңғайлы таңдауға иек арту ірі шаруашылық кешендерінде өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттырудың шешуші факторы болмақ. Екінші сөзбен айтар болсақ, ,барлық табиғи ресурстарды толығымен пайдаланып, оған толық көлемде қол жеткізген жағдайда ғана экономика қалыптаспақ.. Осындай жағдайда экономика мәселелерінің маңызы анықталынады. Өйткені ресурстардың жеткіліксіз мөлшерде болуы өндірістің толық көлемде тауар өндіру мүмкіндігін шектейді. Мұндағы ең басты мәселе - ең алдымен қандай тауарлар өндіру қажет, ал қандай түрлерінің қажет еместігін шешіп алған жөн. Осыған байланысты өндірістің экономикалық өсуі, барлық табиғи ресурстардың толық игерілуі, экономикалық тиімділік, бағаның тұрақты деңгейі, өндірушінің экономикалық еркіндігі, тауарды әділеттілікпен бөлісу сияқты негізгі экономикалық мақсаттар қалыптасады.

Агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін анықтау үшін, оның мақсатын, қоғамның         материалдық    жағдайының оңтайлануының және әлеуметтік  факторларды қамтамасыз етуді ескеру керек. Нарықтық экономика  жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің  мәселелері - бұл ең қажетті  ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің  мәселесі. Бұл орайда өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру мәселесін нарықтық экономика жағдайында маңызды әлеуметтік-экономикалық факторларды ескермей, қарастыру мүмкін емес. Бұған өндіріс құралдарына меншік түрлерінің өзгеруі де жатады.

Аграрлық саясаттың қазығы болып есептелінген ірі кәсіпорындарға иек арту негізінде дұрыс болатын. Мұндай өндіріс әсіресе өнеркәсіп технологияларды қолданып жұмыс істейтін мамандандырылған кәсіпорын еңбек өнімділігін арттыру мен табиғи, материалдық - техникалық еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың үлкен мүмкіндіктеріне ие болады. Бірақта ірі өндірісті абсолюттеу, шағын және орта өндірісті, оның ішінде шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды елемеу республиканың  ауыл шаруашылығына нұқсан келтірері хақ .

Қазіргі кезде экономикалық қатынастар мен өндіріс жағдайының өзгеруіне байланысты нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі  ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін анықтау қажетті деңгейде дей алмаймыз. Бұл жағдай ең алдымен бағалаудың теориялық және әдістемелік аспектілерін нақтылауды қажет етеді.

Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай дегенді. « ... жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметті тиімділігінің төмен болуы объективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды». Сондықтан  ауыл шаруашылығындағы экономикалық ахуалды жан-жақты талдау қажет. Қазір реформалау үдерісіндегі  ауыл шаруашылығы жағдайы мәнде деңгейде өзгерді. 

Аграрлық салада жүргiзiлген реформа нәтижесiне екi тұрғыда баға беруге болады: бiрiншiден, агроөнеркәсiп кешені өндiрiсінде көп укладты экономика қалыптасты, шаруашылық субъектiлерiне толық дербестiк берiлiп, олардың өз қызметтерiн өздерінің жүзеге асыруына және өндiрген өнiмдерiнің бөлуiне мүмкiндiк жасалынды, яғни нарықтық қатынастың, кәсiпкерлiктiң дамуының бiр орталықтан басқару жүйесiн толықтай дерлiк әлсiреттi; екiншiден, асығыс жүргiзiлген институционалдық өзгерiстер, агросектордағы экономикалық қатынастардың салааралық диспаритетін (теңсiздiгін) күшейтті. Агроөнеркәсiп кешенінде интеграция мен кооперативтік жүйенің дамуы үшiн жағдай жасаудың орнына, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеушi және қызмет көрсетушi кәсiпорындарды жекешелендiру, ауылдық тауар өндiрушiлердiң басым бөлiгiн ұсақ, жеке өндiрiске бағыттады. Барынша тиiмдi ұйымдық құрылымдардың қалыптаспауы, қажеттi инфрақұрылымды қалыптастырмастан нарықты ығыстыруға, өңдеушi және сауда ұйымдарының нарықтағы монополиялық жағдайының күшеюiне алып келдi. Реформа барысында тиімді шешiмiн таппаған бұл мәселелер агроөнеркәсiп кешенiнде шаруашылық байланыстарды жаңаша қалыптастыру қажеттiлiгiн тудырып отыр. Осы тұрғыдан алып қарағанда ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, оның өнiмдерiн өткiзудi және өңдеудi жоғары деңгейде ұйымдастыру-шаруашылық байланыстардың нарықтық экономикаға тән жаңа әдiстерiн барынша жетiлдiрудi және ол байланыстарды реттеудiң экономикалық механизмiн жасауды талап етедi. Онсыз ауыл шаруашылығы мен оған қызмет көрсетушi салалардың қажетті мәселелерiн оңды шешу мүмкiн емес. Сондықтан мемлекеттiк реттеу мен өзiн-өзi реттеудi үйлестiруге, тауар өндiрушiлердi ынталандыру мен протекционизмге негiзделген экономикалық механизм қажет. Оның негiзiн баға және қаржы-несие қатынастарының өзара байланысы құрайды, ал оның құрылымының басты элементтерi – баға, несие, салық, жоспарлау болып табылады.

Мақсатқа жету үшiн төмендегiдей мiндеттердi шешу алға тартылды:

- кәсiпкерлiктi дамытудың жолдарын, шаруашылықтарда оны реттеудің экономикалық механизмінің мәнімен құрылымын теориялық және әдістемелік негіздерін ұсыну;

-нарықтық қатынас жағдайында шаруашылық байланыстарды ұйымдастыру ерекшіліктерін, ауыл шаруашылығыменен өнеркәсіп салаларының мүдделерін үйлестіру механизімінің жетілдірудін тұжырымдау;

- агроөнеркәсіп кешенінің өндірісінің қазіргі жағдайын талдау және ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалардың қатынастарының негізгі бағыттарын анықтау;

- аграрлық саладағы шаруашылықты реттеудің құқықтық әдістері мен шарт жасаудың ерекшіліктерін, даму шараларын әзірлеу;

- ауыл шаруашылық салаларында лизинг механизмін, баға, салық салу, қаржы-несие мәселелерді жетілдірудің кәсіпкерлікті дамытуға тигізетін әсері жөнінде ұсыныстар жасау.

Қазіргі өндірістерді индустриалды-интеграциялау кезеңіндегі кәсіпкерлік жұмыстар көп жақты құбылыс, оның мазмұнын түсінуде әртүрлі көзқарастырдың қалыптасқаны орынды. Бірқатар зерттеушілер өз көзқарастарын былайша дәлелдейді. Еңбек нарығы сұраныс пен ұсынысты білдіретін болса да, сатып алушылар мен сатушылардың арасында кеңістік байланыс болуын түсіндіреді. Бұл, айтылғандар, экономикалық георграфиялық түсінік. Ал, екіншілері - кәсіпкерлікті тиісті механизімдермен, мөлшерлермен (нормалармен), институттармен кәсіпкерлердің жұмыс күшін жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін экономикалық қатынастар жүйесі деп те түсіндіреді. Айтылған көзқарастарға келісе отырып, біз, кәсіпкерлікті, бәсекеге лайықты өнім өндіру жағдайында, кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмысшылармен, мемлекет және қоғамдық ұйымдар арасындағы мүдденің теңесуіне жету мүмкіндігін жасайтын қатынас жүйесі деп түсінеміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]