Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Abay_auyl_sharuashylygy_menedzhmenti.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
404.48 Кб
Скачать

1.2 Ресурстарды қолдану тиімділігі – іскерлік белсенділіктің басты сапалы критерийі

Бизнес - жоспарды дайындаған кезде басқарушылар өндіріс тиімділігінің көрсеткіштеріне көп көңіл бөлуі керек.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндіріс нәтижелерін (әсерін) шығындармен немесе қолданылған ресурстармен салыстыру арқылы өлшенеді.

Алынған нәтижені (өнімнің табысы) аванстанған немесе тұтынылған ресурстармен (шығындармен) салыстырғанда бірқатар кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіштерін анықтауға болады, олардың ішіндегі ең маңыздылары еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материал қайтарымы болып табылады. Бұл көрсеткіштерді талдаудың әдістемесі диссертантпен жарияланған талдамалық әдебиеттерде және оқу құралдарында нақты көрсетілген. Табыстылық көрсеткіштерінің үш тобы бар:

а) жалпы активтер (жалпы, жиынтық капитал) және олардың жеке элементтері;

б) өнімдер;

в) ақша қаражаттардың таза құйылу негізінде есептелінетін табыстылық көрсеткіштері/.

Шартты түрде оларды екі түрге бөлуге болады: 1) жалпылама

2) техникалық-экономикалық.

Бірінші топтағы көрсеткіштерге табыстылық деңгейін, еңбек өнімділігін (еңбек сыйымдылығы), қор қайтарымын (қор сыйымдылығы), материал қайтарымын, капитал салымындарының (капитал сыйымдылығы) қайтарылымдығын жатқызамыз. Екінші топқа ресурстарды қолдану тиімділігінің көрсеткіштерін жатқызамыз. Бұл көрсеткіштер нақты талдау және өндіріс процессінің жеке жақтарын жоспарлау үшін, кәсіпорындағы оның өсімінің факторларын есептеу үшін қолданылады. Бұл: жеке өндірім: еңбек құралдарын қолдану, агрегаттардың қуаттылық коэффициенттері және т.б.; шикізат, материалдар, отын және энергетика шығындарының үлесі, капитал салымдарының үлесі, келтірілген шығындар, өтелімділік мерзімі.

Өндірістің экономикалық өсімін экстенсивті әдіспен де, интенсивті әдіспен де анықтауға болады. Өнімнің өрлеу қарқынының ресурстар мен шығындардың өрлеу қарқынынан жоғарылауы интенсивті экономикалық өсімін көрсетеді.

Үздіксіз өсуді қамтамасыз ету мүмкіндігі мен өндірістің экономикалық тиімділігінің жоғары қарқыны тек қана дамудың интенсивті жолына өтуді қамтамасыз етеді. Осыдан жан-жақты өндірісті қарқындандыру бұл оның тиімділігін арттырудың ең маңызды факторы болып табылады.

Өндіріс тиімділігінің маңызды көрсеткіші өндіріс нәтижесі мен жұмыскерлердің орташа тізімдік санының қатынасымен, немесе бір өнім бірлігіне еңбек сыйымдылығы – жұмыс уақытының шығындалуымен өлшенетін тірі еңбек өнімділігі болып табылады. Жапонияда еңбек өнімділігін кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер қатарына жатқызады.

Біздің кәсіпорындарда еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткішінің бірі болып бір жұмыскерге шаққандағы орташа жылдық өнімділік табылады. Оның көлемі жұмыскерлер құрамында жұмысшылардың үлес салмағы мен бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өнімділігіне тәуелді. Мұндай тәуелділік келесі формула арқылы анықталады:

W= ==*, мұнда

Т - өнімді өткізуден түскен табыс (түсім);

R - жұмыскерлердің орташа тізімдік саны;

r –- жұмыскерлердің орташа тізімдік саны;

-бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өнімділігі;

- жұмыскерлер құрамында жұмысшылардың үлес салмағы;

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі негізгі өндірістік қорларды қолданудың жалпы көрсеткішін көрсететін қор қайтарымы болып табылады. Ол талданатын кезең бойынша өнімді өткізуден түскен табыстың негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнына қатынасы арқылы келесі формула бойынша анықталады:

f= , мұнда

f – қор қайтарымы;

F – негізгі өндірістік қорларының орташа жылдық құны;

Т - өнімді өткізуден түскен табыс.

Қор қайтарымына кері көрсеткіш - қор сыйымдылығы – осылай анықталады , немесе .

Еңбек сыйымдылығы көрсеткішінің қасиеті - бұл оның алымының жабдықтардың топтары мен жеке цехтар бойынша құрама бөліктерге ыдырай алатындығында. Осының бәрі қорды қолданудың жалпы көрсеткіштеріне әрбір өндірістік учаскісінде техниканы қолдануға әсерін бекітуге мүмкіндік береді. Шаруашылық жүргізуші субъект қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі тауарлық өнім құнының шығындалатын материалдық ресурстар құнына қатынасы арқылы анықталатын материал қайтарымы болып табылады. Қаржылық есеп берудің мәліметтері бойынша бұл көрсеткішті анықтау үшін алымында өнімді өткізуден түскен табыс, ал бөлімінде материалдың орташа құны алынады. Тауардың көлеміне де, шығындалған материалдардың соммасына да әсер ететін факторлар материал сыйымдылығының көрсеткішіне әсерін тигізеді.

Материал сыйымдылығының талдауы материалдардың маңызды түрлерінің (машина құрылысында -металлдардың) бөлінуі арқылы, сонымен қатар материалдардың құрамындағы – таза салмақ пен қалдықтардың материалдарға кететін жалпы шығындарға деген әсерін анықтау арқылы нақтыланады.

Материалдардың орташа үлес салмағы жеке есептелінеді, себебі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды өткізу және үнемдеу режимі сатылған бұйымдар мен кооперацияланған кәсіпорынның жартылай дайын өнімге кеткен шығындарға қарағанда материалдар шығындарына көбірек әсерін тигізеді.

Шаруашылық субъектінің активтерін қолдану тиімділігі - анықталған субъектіге қаражаттарды салудың мақсатқа сайлылығы туралы сұрақты шешудегі маңызды тұжырымдама болып табылады. Активтер тиімділігінің жалпылама көрсеткіштердің ішіндегі ең дұрысы, мойындалған және кең қолданылатын табыстылық коэффициенті болып табылады. Бұл коэффициент таза табыстың жалпы активтерге қатынасы арқылы анықталады.

Жалпы активтер (аванстанған, жиынтық капитал) табыстылығының деңгейі келесі формула бойынша есептелінеді:

Таза табыс

Т=----------------------------------------------

Жалпы активтер (жалпы, жиынтық

капитал = валюта балансы)

Меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті бұл меншік иелері үшін өнімді өткізуден түскен табыстылықтың меншікті капитал айналымдылығының көрсеткішіне қатынасының нәтижесі болып табылады. Ол келесі формула арқылы анықталады:

Т =, мұнда:

Т- меншікті капиталдың табыстылығы;

Т-таза табыс;

М-меншікті капитал.

Ол экономикалық қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табылады. «Жеке кәсіпорындар қызметін талдаудың әртүрлі жақтары қосылатын негізгі көрсеткіш деп айтуға болады,» – деп жазды Жак Ришар

Бұл формула Батыста кең қолданыс тапқан Дюпонның модифицирленген формуласымен қиылысады. Ол жеке компанияның қаржылық есеп беруін талдауында қолданатын акцияға есептелген табыс көрсеткішінің қарапайым талдамалы ыдырауы болып табылады:

Т ==, мұнда:

Т - меншікті капиталдың табыстылығы;

Т -таза табыс;

Т - өнімді (жұмысты орындау, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыс;

А – активтер құны;

М-меншікті(акционерплік капитал) / 23 /.

Дюпон формуласының әрбір көбейткіші дербес көрсеткіш болып табылады. Бұл формуланы қолданған талдаушы тізбекке қосылған факторлардың қайсысы акционерлік капиталдың табыстылығына ең көп әсерін тигізгенін анықтай алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]