Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Abay_auyl_sharuashylygy_menedzhmenti.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
404.48 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

3

1 Ауылшаруашылығы кәсіпорнының менеджмент қызметін ұйымдастыру

1.1 Ауыл шаруашылығы, оның түрлері және салалары

5

1.2 Ресурстарды қолдану тиімділігі – іскерлік белсенділіктің басты сапалы критерийі

7

1.3 Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын ұйымдастыруы

10

2 Мақта өндіретін «Сарыағаш» акционерлік қоғамының менеджмент қызметін және экономикалық тиімділігін талдау

2.1 «Сарыағаш» АҚ ұйымдық шаруашылық жағдайы

16

2.2 «Сарыағаш» АҚ өндірістік-экономикалық қызметтері мен қаржылық жағдайын талдау

18

3 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық, менеджмент қызметінің тиімділігін арттыру шаралары

26

Қорытынды

30

Қолданылған әдебиеттер тізімі

33

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы – материалдық өндірістің ең маңызды түрі. Негізгі салалары – егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына ауыл шаруашылық дақылдарының, малдың түрі, топтары, т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Ол халықтың азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоң май, т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді.

Өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығының халықты азық-түлікпен, мал шаруашылығын жем-шөппен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін маңызды саласы. Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы.

Ауыл шаруашылық тауарын өндіруші осы салардың қайсысымен немесе олардың қандай жиынтығымен шұғылағандағы жақсы екенін ойлап шешуге тиіс. Бұл ретте ол кәсіпорын орналасқан аймақтың табиғи ерекшеліктерін, өзінің шаруашылығында ресурстардың бар болуын және оны қосымша иелену мүмкіндігін, өнім өткізу нарығын, өңдеу мүмкіндігін, өнімге сұранысты және басқадай экономикалық факторларды ескеру қажет.

Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және ол экономикалык, дағдарысты жою, тамақ және   жеңіл   өнеркәсіпті  дамыту,   саяси   және   әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Көптеген жылдар бойы өнімді еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлык, салада терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы, сөзсіз, осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді. Ал оның қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жасайтын болсақ, ең алдымен нарықтық қатынастарға көіпу тактикасындағы орын алған қателіктерді атап өту керек. Бұл ауыл және барлық халық шаруашылығында реформа жүргізудің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда қолдан жасалынған қиыншылықтар тудырды. Әуелі көптеген жылдар бойы орталықтан басқару жағдайында қалыптасқан шаруашылықпен айналысу мен еңбек ету психологиясын жекеменшік өрістеген жағдайға бейімдеу революциялық емес, эволюциялық процесс екені ескерілмеді. Әсіресе мал шаруашылығын дамытуда жергілікті халықтың еңбек ету "философиясы" назарға алынбады. Эволюциялық өзгерістер нарыққа өтуге дайын емес ортаға "секіріспен" ауыстырылды.

Нарықтық экономика кәсіпорыннан өндіріс тиімділігін жоғарлатуды, ғылыми –техникалық прогресстің жетістіктерін ендіру негізіндегі өнім мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылықтың тиімді нысандарын және өндірістің тиімді басқаруын, қырсыздықты жеңуді, кәсіпкерлік бастаманы жандандыруды талап етеді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтің халыққа арнаған «Қазақстан -2030» жолдауында біздің еліміздің дамуының нәтижелік мақсаты бұл экономикалық өсу болып табылады, және бұл өсудің басымдықтары «ертеңгі күні де, келесі 30 жыл бойы ең маңызды болатыны» көрсетіледі.

Мұндай жағдайда қаржылық талдау базалық пәннің бірі болып саналады, бұл пәннің негіздері бойынша білім экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит, басқарушылық саласымен айналысатын барлық мамандықтар үшін маңызды. Қаржылық талдау ғылым ретінде қаржылық менеджмент жүйесіне кіреді және өзіне келесі негізгі түсініктерді кіргізеді: кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжау мен талдау, қаржылық және коммерциялық есеп айырысу, шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерінің талдауы, инвестициялық жобаның талдауы, қаражат көздері мен қаржылық активтерін басқару үдерісінде тәуекелді талдау, баланстың өтімділігін, төлемқабілеттілігін, қаржылық тұрақтылықты талдау, банкроттылықты талдау, рентабельділікті талдау, іскерлік белсенділіктің талдауы, сонымен қатар қызметтің қаржылық нәтижелерін талдау және т.б.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігінің талдауы мен бағалауы - қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

Жұмысымның өзектілігі кәсіпорнынның қаржылық жағдайын, оның іскерлік белсенділігі мен кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту шарттарымен байланысты.

Қаржылық аспектідегі кәсіпорынның іскерлік белсенділігі, ең алдымен кәсіпорын қаражаттарының айналым жылдамдығында анықталады. Осыған байланысты бұл жұмыстың мақсаты кәсіпорын өзінің қаражаттарын тиімді пайдаланудың деңгейін анықтай алатын айналымдылықтың әртүрлі қаржылық коэффициенттерінің динамикасы мен деңгейлерін зерттеуге негізделетін шаруашылық субъекті қызметінің экономикалық тиімділігі мен іскерлік белсенділігін талдау болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттардың нақты ақшаға айналу жылдамдығына байланысты.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып астықты өндірумен, өңдеумен, дайындаумен және өткізумен, сонымен бірге коммерциялық, саудалық және делдалдық қызметпен айналысатын «Сарыағаш» ЖШС табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]