Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Abay_auyl_sharuashylygy_menedzhmenti.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
404.48 Кб
Скачать

1 Ауылшаруашылығы кәсіпорнының менеджмент қызметін ұйымдастыру

1.1 Ауыл шаруашылығы, оның түрлері және салалары

Ауыл шаруашылығы – материалдық өндірістің ең маңызды түрі. Негізгі салалары – егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына ауыл шаруашылық дақылдарының, малдың түрі, топтары, т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Ол халықтың азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоң май, т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Қазақ жерінде б.з.д. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп-қонатын болды. Олар, көбінесе, жылқы түйе, қой және ешкі өсірді. Малдардың жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел археологиялық қазбалардан табылған қыш құмырадағы арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағанда баяу дамыды. Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағында 149,1 млн.га. жер бар.

Өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығының халықты азық-түлікпен, мал шаруашылығын жем-шөппен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін маңызды саласы. Мал шаруашылығымен тығыз байланысты. Бұл шаруашылыққа егіншілік, шабындық, орман шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жеміс-жидек шаруашылығы, әсемдік бақ өсіру және жабайы жеміс-жидек, саңырауқұлақ, дәрілік, т.б.пайдалы өсімдіктерді жинау шаруашылықтары жатады. Екінші жағынан өсімдік шаруашылығы ғылым ретінде – ауыл шаруашылық өсімдік түсімін молайту, өнім сапасын жақсарту, қаржы мен еңбекті аз жұмсап, көп өнім алу мәселелерін зерттейтін ғылым.

Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен, ауыл шаруашылық өндірісін күш-көңіл және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылық өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары, дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді заттар алынады. Осы салаға сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.

Қазақстанның агробизнесінде кәсіпорынның мынадай ұйымдастырушылық-құқықтық түрлері анағұрлым кең тараған:

  • жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

  • толық серіктестік;

  • аралас серіктестік;

  • акционерлік қоғам;

  • өндірістік кооператив;

  • шаруа қожалықтары;

  • азаматтардың жеке шаруашылықтары.

Қазақстан үшін ауыл шаруашылық кәсіпорынының өндірістік құрылымын айқындайтын маңызды жағдайларға мыналар жатады:

  • жыл мезгілдері бойынша жауын-шашынның мөлшері;

  • су көздерінің болуы мен орналасуы;

  • топырақ құрамы және оның эрозияға шалдыққыштығы;

  • жарамды жерлердегі егістіктің үлесі;

  • табиғи жайылымдардың болуы мен өнімділігі;

  • еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;

  • инвестициялар тарту мүмкіндігі;

  • өнім өткізу нарығының болуы мен қашықтығы;

  • қалалар мен өнеркәсіп орталықтарының орналасуы;

  • көлік жағдайлары: жолдар, жүк тасу бағалары, арнайы көлік.

Республиканың әр түрлі аймақтарында бұл фактордың әр түрлі қилысымы болады.

Нарық жағдайында өндірістің тауарлы салалары, яғни кәсіпорынның кірісін қамтамасыз ете алатын саласы маңызды.

Тауарлы ауыл шаруашылық салалары негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Негізгі сала - өндірістің мамандандырылуын айқындайды және оның өнімінің үлес салмағы кәсіпорынның тауарлы өнімінде анағұрлым көп болуы керек. әрбір кәсіпорында бірнеше негізгі сала болуы керек. Мысалы, қала маңындағы аймақта сүт және көкөніс өндіру болса, солтүстік аудандарда астық өндіру мен құс өсіру және басқалар қатар жүреді. Анағұрлым ірі негізгі саланы – басты сала деп атайды.

Негізгі саладан басқа бірнеше қосымша салалар да тауарлы болуы мүмкін.

Қосымша салалар үстеме тауарлы өнім өндірісін қамтамсыз етеді. Және негізгі салалармен қиылысымда кәсіпорынның өндірістік құрылымын ұтымды құруға мүмкіндік береді. Мысалы, егер астық және құс етін өндіру – негізгі салар болып табылатын шаруашылықта табиғи жем азық жайылымдарда қосымша тауарлы салалар ретінде жылқы шаруашылығы немесе қой шаруашылығы өнімдерін өндірген жөн.

Ірі шаруашылықта негізгі және қосымша салалардан басқа қосалқы өндірістер де болуы мүмкін, олардың өнімдері негізінен ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады. (Мал азығын өндіру, құрылыс материалдарын шығару, агросервис және басқалары).

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары бірнеше салалардан тұруы, көпсалалы болуы, сондай-ақ бір ғана салада мамандандырылуы да мүмкін (құс фабрикалары, жылыжай комбинаттар және басқалары).

Сөйтіп, сала – ауыл шаруашылық өндірісінің бөлімі. Саланың айрықша белгілері:

  • өнім құрамы (ет, сүт, астық және т.б.);

  • еңбектің қолданылатын жарақтары мен құралдары (астық өндіруге комбайн қажет, сүт өндіру кезінде сауу агрегаттары керек);

  • өндірістің технологиясымен ұйымдастырылуы;

  • еңбеккердің кәсіби ерекшеліктері.

Ауыл шаруашылық тауарын өндіруші осы салардың қайсысымен немесе олардың қандай жиынтығымен шұғылағандағы жақсы екенін ойлап шешуге тиіс. Бұл ретте ол кәсіпорын орналасқан аймақтың табиғи ерекшеліктерін, өзінің шаруашылығында ресурстардың бар болуын және оны қосымша иелену мүмкіндігін, өнім өткізу нарығын, өңдеу мүмкіндігін, өнімге сұранысты және басқадай экономикалық факторларды ескеру қажет.

Саларды таңдағанда олардың қилысымын ескерген жөн: технологиялық және экономикалық байланыстар болуын; кәсіпорынның ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі; саланың ресурстарға қатынастары жөнінен бәсекелестігі жоқтығын ескеру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]