Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
99999999999.docx
Скачиваний:
116
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
365.56 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................................2

Аннотация....................................................................................................................3

1.Трансформатордың қызметі ...................................................................................4

2.Трансформатордың құрылысы..........................................................................5-10

3.Трансформатор орамаларының ЭҚК-і..............................................11-13 4.Трансформатордың түрлері және олардың қолданылуы..............14-17 Қорытынды..........................................................................................................18 Дерек көздері........................................................................................................19

Кіріспе

Трансформатор электр энергиясын кернеуі бойынша түрлендіруге және кернеуді реттеуге арналған электромагниттік құрылғы. Трансформатордың қажеттігі электр энергиясының оны таратқан кездегі шығынын азайту және сымдық материялды үнемдеу мақсатынан келіп туған.

Трансформаторларды құру үшін алдымен трансформатор жасалатын материялдарды зерттеп ұғыну керек болатын,мысалы:металл емес және металл,металдың магниттік қасиетін және оның жасалу теориясын білу керек еді. Алдымен осы бағытта жұмыс жүргізген Мәскеу университетінің профессоры А.С.Столетовтың жұмысы,ол гистерезис түйіні мен ферромагниттің құрылымын ойлап тапты. Гопкинсондар әулеті электромагнит тізбегін ойлап тапты.

Ал 1831 жылы ағылшын физигі Майкл Фарадей электромагниттік индукцияны,трансформатордың электрлік жұмысын зерттеп тапты. Болашақ трансформатордың схемалық көрінісі ең алғаш 1831 жылы Фарадей мен Генридің жұмыстарында пайда болды. Бірақ кейіннен ол екі физиктің де жұмыстарында кернеу мен тоқ туралы еш бір теориялық шешімдер болмаған бірақ айнымалы тоқтың трансформация құбылысы жасалған. 1848 жылы француз механигі Г.Румкорв индукциялық катушканы ойлап тапты және сол ктушка алғашқы трансформатордың бастамасы болды.

Трансформаторлар 1831 жылдан бастап біздің күнделікті өмірімізде үлкен орын алды. Трансформатормен біз жергілікті жерлердегі тоқ шамасын реттеп отыруға қолданамыз,онсыз қазіргі кедегі еш бір электллік техника іске жарамсыз болар еді. Соның көмегімен біз өзімізге керек етіп тұрған кернеу мен тоқты аламыз.

Қазіргі кезде біздің қолданып жүрген трансформаторлдарды бұрынғы СССР кезінде қабырғасы қаланған «Московский электрозавод» өндірісінің өнімін пайдаланамыз. Трансформаторлардың түрлері өте көп: күшейткіш тансформатор,төмендеткіш трансформатор,авто трансформатор,пик трансформатор,тоқ трансформаторы,кернеу трансформаторы,импульстік трансформатор,бөлгіш трансформатор және т.б. болып бөлінеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Энергостройтехком» 2008 жылдан бастан Қазақстан Республикасының нарығында жұмыс істейді. Осы шағын мерзімде компания өзін жоғары квалификацияланған, жауапты да атқарушы медігер ретінде танылды.Қазақстан республикасының нарығында сұранысқа ие, кернеулері 110-35-10-0,4кВ әуе және кабельік сызықтар, 110\35\10\0,4 кВ трансформаторлық станциялар шығаруда.

Аннотация

Трансформаторлар электр энергиясын аса қашыққа жеткізуге және сол энергияны тұтынушылардың арасына бөлшектеп таратуда ең көп практикалық қолдау тапты.

Электр энергиясы көзінің желісіне жалғанған орам бірінші реттік деп аталады да, энергияны тұтынушыға жеткізетін орам екінші реттік деп аталады. Әдетте бірінші реттік орам мен екінші реттік орамдағы кернеу бірдей болмайды. Егер бірінші реттік кернеу екінші реттік кернеуден аз болса, онда трансформатор жоғарлатқыш деп, ал егер алғашқы кернеу екінші кернеуден көп болса, трансформатор төмендеткіш деп аталады. Қалаған трансформаторды жоғарлатқыш етіп те, төмендеткіш етіп те пайдалануға болады. Кернеуді ұлғайту үшін жоғарлатқыш тансформаторлар, кернеуді азайту үшін төмендеткіш тансформаторлар қолданылады.

Трансформаторларлар оларға берілетін кернеулердің санына қарай бір фазалы және үш фазалы,кернеуді түрлендіруіне қарай жоғарлатқыш және төмендеткіш болып бөлінеді.

Трансформаторлар әртүрлі міндет атқарғанымен олардың негізгі құрылысы және әрекеттік парқылары бірдей.Сондықтан трансформаторлардың әрекеттік парқын және әртүрлі жұмыс әлпілерін бір фазалы трансформатор арқылы қарастыруға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]