Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология.doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
368.64 Кб
Скачать

Тақырып: № 3 Табиғи ресурстарға деген меншік құқығы

Мақсат – студенттерге табиғи ресурстарға деген меншік құқығы туралы түсінік беру, олардың меншік құқығына қатысты білімін қалыптастыру

  1. Жоспар: Табиғи ресурстар – қоғамдық игілік. Табиғи ресурстарға деген меншік құқығының түсінігі, мазмұны және нысаны

  2. Табиғи ресурстарға деген меншік құқығының пайда болу және тоқтатылу негіздері

1 Сұрақ Табиғи ресурстар – қоғамдық игілік. Табиғи ресурстарға деген меншік құқығының түсінігі, мазмұны және нысаны

Табиғи-ресурстық потенциал жер, су, минералдық, орман, рекреациялық ресурстар сонымен қатар жануарлар әлемінің объектілерінің кеңейтілген тобын қамтиды. Олардың жалпы көлемі бойынша әлемде Қазақстан 6-шы орын алады; сонымен бірге алынатын қорлар орташа 3 трлн. долларды құрайды. Қазақстандағы вольфрамның қорлары бойынша әлемді бірінші орын алады, хром бойынша екінші- марганец бойынша – үнішні, алтын шығару бойынша – алтыншы орындары алады. Каспий теңізіндегі мұнай орындарының ашылуынан кейін біздің елеміз мұнай қоры бойынша дүние жүзіндегі бесінші орынға шықты.

Табиғи ресурстарға деген меншікті бағалау кезінде және әсіресе табиғи байлықтарды пайдалану және басқару бойынша меншік иесінің құқықтарын іске асыру кезінде мына жағдайларды еске алған жөн: табиғи ресурстар мына мияқты заттардан, яғни мысалы, мекеме, адамның барлық қажеттіліктерін қымбат бағаға қанағаттандырады – экологиялық, экономикалық, сауықтыру, рекреациялық, эстетикалық, мәдени және басқа да, яғни түрлі тұтынушы бағаға ие.

Табиғи ресурстарға деген меншік құқығын заң аспектілерінде екі сапада қарастырса болады: құқықтық институт ретінде және меншік иесі құқықтарының жиынтығы ретінде.

Табиғи ресурстарға деген меншік құқығы құқықтық институт ретінде табиғи ресурстарға деген меншік қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын көрсетеді. Табиғи ресурстарға деген меншік құқығының қатынастары Қазақстан құқығының жүйесіндегі – конституциялық, қоршаған ортаның азаматтық құқығы, оған жер, су, орман құқығын қосқанда бірқатар салалардың пәнін құрады. Сондықтан осы құқытық институт туралы кешендік институт деп атай берсе болады. Меншік қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы объективті түсінікте меншік құқығын құрайды.

Табиғи ресурстарға деген меншік құқығының негіздері ҚР Конституциясымен анықталған. Конституцияның 6-бабына сәйкес жер және басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігінде болады. Жер, сонымен бірге жеке меншікте болуы мүмкін.

Табиғи ресурстарға деген меншік құқығының субъективті түсінігі жерлерді, суларды, орман ресурстарын, және басқа да меншік объектілерін иелену, пайдалану және басқару бойынша меншік иесі құқықтарының жиынтығын түсіндіреді.

Табиғи ресурстарды пайдалану және басқару бойынша меншік иесінің құқықтарын іске асыруда, олармен табиғи ресурстардың түрлі потенцияалда болатыны ескеріліп, заңнамада реттелуі керек.

Табиғи ресурстарды басқару бойынша құқықтарын іске асыруда қолданбалы түрде заңнамада олардың таусылуые (аяқталуын) ескере отырып ресурстарды басқаруға дифференциялық көзқарасты бекіту қажет. Аяқталып (таусылып) бара жатқан табиғи ресурстардың пайдалануға берілетін құқықтық талаптары келешек ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып негізінде ашық анықталуы керек.

Жер және басқа да табиғи объектілерге меншік құқығының шешуші негізін құратындар: иелену құқығы, пайдалану құқығы, басқару құқығы.

Табиғи объектілерді иелену құқығы қандай-да бір субъектінің билігіндегі табиғи объектінің болуы, сол объектіге иелену және ұстау, жалпы оны басқару.

Жер және басқа да табиғи объектілерге ие бола тұрып мемлекет сол немесе басқа бір объектіге кіру мүмкіндігіне тиым салады. Сонымен бірге мемлекет анықталған басқа да шаруашылық түрлерін жұргізуге тиым салуы мүмкін.

Жерді және басқа да табиғи объектілерді иелену құқығы осы сияқты табиғи объектілерді пайдалану мен басқарудың заңи базасын көрсетеді. Басқа сөзбен айтатын болсақ, қандай-да бір табиғи объектіні іске қосу тек оны иелену мәртебесінің негізінде ғана мүмкін.

Жер және табиғи объектілерді пайдалану құқығы – бұл тағы да бір меншік иесінің өзіндік құқықтары. Ол осы объектілерді шаруашылық және басқа да іске қосуды, олардан пайдалы ерекшеліктерін алуды, қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін және басқа да мақсаттарда пайдалануды кездейді.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары меншік құқытарын келесі әдістермен іске асырады: 1) мемлекеттік мекемелер, өндірістер және ұйымдар арқылы; ә) азаматтарға және мемлекеттік емес ұйымдарға пайдалануға табиғи объектілерді береді.

«Табиғи ресурстарға деген меншік құқығы» термині мыналарды білдіреді:

дәл осы қатынастың түрін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы;

өзінің мүлігін (меншік объектісі) иелену, пайдалану және басқару бойынша тұлға құқықтарының жиынтығы – субъективтік мағынадағы меншік құқығы;

меншік иесі мен басқа да тұлғалардың арасындағы пайда болатын құқықтық қатынастар.

Табиғи ресурстарға деген меншік құқығының нысанына тоқталып кететін болсақ, ол заңнамада толық кезделіп кеткен. Е.А. Суханов былай ойлайды, - шын мәнісінде заңи түрде біреу ғана меншік құқығы бар, оның түрлі субъектілері болуы мүмкін: жеке және заңды тұлғалар мемлекет. Мұндай көзқарасты іске асыру барысында меншік жеке және мемлекеттік болып бөлінеді.

  1. сұрақ Табиғи ресурстарға деген меншік құқығының пайда болу және тоқтатылу негіздері

Табиғи ресурстарға деген меншік құқығының пайда болу және тоқтатылу негіздері заңнамамен және маңызды деңгейде меншік құқығының нысанына байланысты анықталады.

Табиғи ресурстарға деген меншік құқығын қорғаудың тәсілдері заңнамамен анықталады. ҚР Конституциясының 6-бабы, жеке меншік құқығы заңмен қорғалатынын бекітеді. Ешкім өз мүлкінен айырылуға құқығы жоқ, тек қана соттың шешімі болмаса.

Азаматтық құқықтың әртүрлілігі табиғи ресурстарға деген меншік құқығы болып табылады. Меншік құқығы мен жерді пайдалану құқығы ҚР Азаматтық құқығында және басқа да заң шығарушы актілерде көзделген тәртіпте қорғалады. Мұндай құқықтарды жүзеге асыру мынадай жолдармен жүреді:

құқықты мойындау;

құқықтарды бұзуға дейінгі болған ережелерді қайта тұрғызу, және құқықтарды бұзатын немес оның бұзылуына қаіуп төндіріп отырған әрекеттердің алдын-алу;

мемлекеттік орган актілерін шын емес деп табу;

құқықтың өзін-өзі қорғауы;

іс жүзінде міндеттерді орындауға сайлау;

келтірген зиянды өтеу;

тұрақтылықтың болмауына ізденіс салу;

моральдік зиянның компенсациясы;

құқықтық қатынасты тоқтату немесе өзгерту;

мемлекеттік органның заңға қайшы келетін соттың актісін қолданбауы;

Меншік иесінің, жерлердің және басқа да табиғи ресустардың иелері мен пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерін құқықтық салада қорғау мен сақтауға кепілі беруінің маңызды құралы осы құқықтарды тоқтату негіздерінің тізбегі болып табылады.Сонымен,жер заңнамасынасәйкес бұларға жататындар:

өз еркімен жер учаскесінен немесе оның бір бөлігінен бас тартуы;

мекеменің, өндірістің, ұйымның ауыл (ферма) шаруашылығының өз қызметін тоқтатуы;

жерлерді мақсатты тағайындалу бойынша пайдаланбау;

заңмен бекітілген мерзім ішінде жер салығын жүйелі түрде төлемеу, сонымен қатар арендалық шартта көзделген мерзім ішінде арендалық төлемді төлемеу;

заңмен бекітілген мерзім ішінде ауыл шаруашылық өндірісінжүргізуге берілген жер учаскелерін пайдаланбау, және мына жағдайларды қоспағанда: табиғи апатпен шақырылған, мелиоративтік құрылыс кезеңі кезінде болған;

жерлерді мемлекеттік, қоғамдық және басқа да қажеттіліктер үшін алып қою (сатып алу).

Әдебиет:

Негізгі:

1 Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Общ.ч.: Учебник.- Алматы: ТОО ИК-«НАS», - 2003, 328 с.

2 Кушумбаев А.А. Эклогическое право Республики Казахстан. Учебное пособие. Астана, 2001, 236 с.

3 Экологическое право РК. Учебное пособие. Под ред. Бекишева С.Д., Караганда. 2001, 9-10 с.

4 Экологическое право. Под ред. Боголюбов С.А., М.,1998, 9 с.

Нормативтік құқықтық актілер:

1 ҚР Экологиялық кодексі, 09.01.2007., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

2 ҚР Орман кодексі, 08.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

3 ҚР Жер кодексі, 20.06.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 24.07.2009.

4 ҚР Су кодексі, 9.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

5 ҚР Азаматтық кодексі, (Жалпы бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

6 ҚР Азаматтық кодексі, (Ерекше бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

7 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңы, 04.12.2002., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

8 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» ҚР Заңы, 09.07.2004., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 04.12.2008.

Бақылау сұрақтары:

1 Табиғат объектілеріне мемелекеттік меншік құқығының түсінігі

2 Меншік құқығының және құқықтық қорғаудың өз ара байланыстылығы

Тақырып: № 4 Табиғатты пайдалану құқығы

Мақсат – Студенттерге табиғатты пайдалану құқығының ерекшелектері туралы мағлұмат беру.

Жоспар:

1 Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі

2 Табиғатты пайдалану құқығының түрлері оның ерекшілектері