Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
368.64 Кб
Скачать

Тақырып:№ 8 Экологиялық құқық бұзушылық және ол үшін жауаптылық

Мақсат – Экологиялық құқық бұзушылық және ол үшін жауаптылық.тың ерекшелектерін студеттерге түсіндіру.

Жоспар:

1 Қоршаған ортаны қорғау жөнінен заңды жауапкершіліктің түсінігі мен мәні

2 Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктің түрлері

3 Экологиялық зиянның түсінігі мен түрлері. Оның орнын толтырудың тәсілдері мен принциптері

1 Сұрақ Қоршаған ортаны қорғау жөнінен заңды жауапкершіліктің түсінігі мен мәні.

Экологиялық құқық бұзғандағы үшін заңды жауапкершілікке тарту түсінігінен мемлекеттің арнайы міндеттелген органдары мен экологиялық қылмыс жасаған тұлғаның (жеке, лауазымды немесе заңды) арасындағы байланысты түсінеміз. Экологиялық талаптардың жайсыз зардаптарының негізінде құқық бұзушы осындай заңды жауапкершілікке барады.

Заңды жауапкершілкті қолдануды іске асыру үшін экологиялық талаптарды орындауға мемлекет тарапынын жасалады. Экологиялық талаптарды орындауға көндірудің түрі заңды жауапкершілік қана емес, сонымен қатар, мемлекеттік сараптама, экологиялық бақылау және экономикалық шаралар (мысалы, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақылар жүргізу) да қолданылады.

Экологиялық құқықтық ең шағын бөлімшесі болып келетін жалпы құқықтық теорияға сәйкес құқықтық норма бір-бірімен байланысып жатқан үш бөлшектен тұрады: ғылыми болжам (гипотеза), диспозиция және санкция.

Санкция дегеніміз – мемлекеттік және басқа шаралар қолдануды белгілейтін құқықтық нормалардың элементі (бөлшегі). Осының негізінде, санкция экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапқа тартудың заңды шаралары болып табылады. Санкция болмаған жерде құқықтық норма болмайды. Санкцияның болмауы экологиялық талаптардың әрекетсіздігіне әкеп соғады.

Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік бірнеше негізгі функцияларды орындайды:

  • қоршаған ортаның құқықтық нормасын сақтауға ынталандыру;

  • табиғи ортадағы шығынның және адамның денсаулығына зиян келтірудің орнын толтыру, төлеу;

  • жаңа құқық бұзушылықты болдырмас үшін ескерту жасау;

  • экологиялық құқық бұзушылық үшін құқық бұзушыны жазалау.

Осы саладағы құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершілік жүктеледі.

2 Сұрақ Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктің түрлері

Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз – табиғатты қорғау заңдылықтарын бұзатын және адам денсаулығы табиғи ортаға зиян келтіретін құқыққа қарама-қайшы іс-әрекет.

Экологиялық құқық бұзушының қоғамға келтіретін зиянның дәрежесіне байланысты теріс қылық және қылмыс болып бөлінеді. Біріншісі қылмысқа қарағанда қоғамға көп зиян келтіре қоймайды және ол тәртіптік, материалдық, әкімшілік, қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершілік пайда болады.

Тәртіптік жауапкершілікке қызмет пен өзінің тікелей міндеттерімен алмаған адам тартылады. Мысалы, құқық бұзушылық кәсіпорынның бас инженерінің лауазымдық нұсқаудың талаптарын орындамағаны үшін жауапқа тартудан тұрады.

Экологиялық тәртіптік теріс қылықтың субъективті жағына абайсыздық жатады. Құқық бұзушыға ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс жұмыстан шығару сияқты тәртіптік жаза қолданылады.

Тәртіптік жазаның қолдану тәртібі еңбек туралы заң белгіленген. Шара қолданған кезде жасаған қылықтарының дәрежесі, қызметтік мінездемесі және қызметкердің тәртібі ескеріледі.

Материалдық жауапкершілікті талдаған кезде, азаматтық заңдылықтарда қаралатын мүліктік жауапкершіліктен айыра білу керек. Экологиялық ғылымда, яғни табиғи ортаны қорғау саласында мүліктік жауапкершілк кей-кезде материалдық ретінде қарастырылады.

Материалдық жауапкершілік – құқық бұзушының кесірінен кәсіпорынға, ұйымға келтірген зияны үшін, белгілі – бір тәртіпке және белгілі – бір көлемде қызметкердің өтемақы төлеуі.

Материалдық жауапкершілік келтірген залалы үшін заңды жауапкершіліктің еркін түрі болып табылады. Сондықтан, қызметкер, материалдық жауапкершілікке тартыла отырып, тәртіптік және жауапкершіліктің басқа да түрлеріне тартылады.

Әкімшілік жауапкершілік мемлекеттің компонетті органдарының экологиялық қылмыс үшін әкімшілік шараларды қолдағанынан көрінеді. Бұл Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамалары арқылы реттеледі.