Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология.doc
Скачиваний:
89
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
368.64 Кб
Скачать

1 Сұрақ Табиғаттың объектісі ретінде судың түсінігі және маңызы. Қазақстан Республикасының Су кодексі (жалпы мінездеме) және басқа да су заңнамалары

2003 жылы 17 шілдеде қабылдаған ҚР Су кодексімен ҚР аумағының шегінде жатқан барлық су объектілерінің жиынтығы ҚР су қорын құрайтыны туралы бекітілген.

Су объектілеріне жататындар;

өзендер, көлдер, батпақтар, су қоймалары, және басқа да жер бетіндегі су ресурстары, сонымен қатар каналдар мен магистральдық су жолдарының сулары;

жер асты сулары;

мұздықтар;

ҚР мемлекеттік шекарасындағы Арал және Каспий теңіздерінің сулары.

Су қорының құрамына су объектілерін қосу және оларды алып тастау ҚР Үкіметімен бекітілген тәртіпте іске асырылады.

Су қорының құрамына кіретін Су объектілері мемлекеттік су кадастрында тіркеуден өтуі қажет. Бұл қор мемлекеттің күзетілуі мен қорғалуына болады.

Су қорының құрамына жабық, еш қайда ағып кетпейтін шын немесе қолдан құрастырылған, және заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде жер учаскелеріндегі су қоймалары кірмейді.

  1. ҚР су тек қана мемлекеттің меншігі болып табылады.

  2. Су меншігі құқығын тікелей немесе жасырын түрде бұзатын әрекеттердің заңды күші жоқ және заңдарда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады.

  3. Мемлекеттің бүкіл аумағында су меншігі құқығын ҚР Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырады.

  4. Суды басқа мемлекеттердің, сондай-ақ шетелдік заңды ұйымдар мен азаматтардың пайдалануына беру шарттық негізде жүзеге асырылады.

  5. Суды пайдалануға беру және су меншігі құқығын іске асыру жөніндегі басқа да әрекеттер жасау ҚР су ресурстарын басқаратын мемлекеттік органның міндеті түрде қатысуымен жүзеге асырылады.

2 Сұрақ Судың құқықтық режимінің ерекшеліктері

. Судың заңи түсінігі жай ғылыми және күнделікті пайдаланып жүрген су түсінігінен айырмашылығы әлдеқайда кең (көп). ҚР Су кодексіне сәйкес бұл – ҚР шекарасынан тыс жерлерде, жер бетіндегі су объектілерінің, яғни жер бетіндегі су ағыстары мен су бөлімдері (өзендер, су қоймалары, батпақтар, кіші-гірім өзендер) мұздықтар және ішкі теңіздер, аумақтық теңіздер, ҚР жер асты су объектілері орналасады. Бұл судың заңи түсінігі.

Су объектілеріне деген аса маңызды меншік қатынастары, суды пайдалану және су ресурстарын қорғау ҚР Су кодексімен реттеледі.

Суды толық түрде пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етудің негізгі ұйымдастырушы – құқықтық құралы және бір уақытта осы саладағы мемлекеттік басқарудың міндеттері болып табылатындар:

  • су объектілерін толық түрде пайдалануды жоспарлау;

  • суды пайдлануға лимиттерді орнату (суды пайдлану және суларды бұрып жіберу);

  • су объектілеренің мемлекеттік мониторингін, мемлекеттік су кадастрын жүргізу және жер асты жер бетіндегі суларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

  • су объектілерінің жағдайына әсер ететін, құрылыс үй тұрғызуға және шаруашылық және басқа да объектілерді қайта құруға байланысты проектілік немесе проектінің алдындағы құжаттарға мемлекеттік экспертиза өткізу;

  • су объектілерін пайдалану мен қорғауға және ауқымындағы лицензиялауды жүзеге асыру;

  • су объектілерін пайдалану мен қорғауға және аумақтарды пайдалану және ол жердегі су зоналарын пайдаланудың режимін сақтаудың үстінен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  • су объектілерін қорғау және қайта тұрғызу туралы бассейіндік келісімдерді дайындау, жасау және іске асыру.

ҚР Су кодексіне сәйкес су объектілерін толық түрде пайдалануды жоспарлау су шаруашылық баланстарының құрастыру құралдары арқылы жүзеге асырылады.

Су шаруашылық баланстары нақты бір аумақта су ресурстары бар бірақ суға деген қажеттіліктерін бірге қойатын есептік материалдарды көрсетеді.

Су шаруашылық баланстары судың бар-жоғын, оның пайдалану мүмкіндігін бағалау үшін бассейндер, экономикалық аудандар және тұтас алғанда республика бойынша жасалады.

Мемлекеттік органдар суды ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру кезінде қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың негізгі ұсыныстарын ескертуге міндетті