- •Тақырып: № 1 Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, әдістері
- •1 Сұрақ Қоғам мен табиғаттың арасындағы қарым-қатынасты эколого-құқықтық реттеудің түсінігі және маңызы
- •2 Сұрақ Экологиялық құқықтың пәні және объектісі. Экологиялық құқықтық қатынастар. Экологиялқ құқық қатынастарының объектісі және
- •3 Сұрақ Экологиялық құқықтың әдісі, жүйесі және қағидал
- •Қандай қоғамдық қатынастар экология құқығы пәні болып табылады
- •1 Сұрақ Адам экологиялық құқығының түсінігі және түрлері
- •2 Сұрақ Адам экологиялық құқықтарының құқықтық реттеуінің жағдайы
- •3 Сұрақ Азаматтардың экологиялық құқықтарының қорғалуы және кепілдігі
- •Тақырып: № 3 Табиғи ресурстарға деген меншік құқығы
- •1 Сұрақ Табиғи ресурстар – қоғамдық игілік. Табиғи ресурстарға деген меншік құқығының түсінігі, мазмұны және нысаны
- •1 Сұрақ Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі
- •2 Сұрақ Табиғатты пайдалану құқығының түрлері оның ерекшілектері
- •1 Сұрақ Табиғатты қолдану қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттің реттеудің мен басқаруының түсінігі, функциялары, түрлері мен тәсілдері
- •2 Сұрақ Қоршаған ортаны қорғауды мемлекет арқылы реттеу мен басқару органдарының жүйесі, снаттары мен құзыреттері
- •3 Сұрақ Экологиялық бақылаудың объектілері, түсінігі, мақсаты және оның түрлері
- •Тақырып: № 6 Қоршаған ортада әсерді бағалау
- •2 Сұрақ Қоршаған ортада әсерді бағалау құжаттамасы
- •3 Сұрақ Экологиялық сараптама
- •Тақырып: № 7 Экологиялық мониториг пен кадастрлар
- •1 Сұрақ Экология мониторингтің түсінігі, құрылымы, мазмұны
- •2 Сұрақ Мемлекеттік экологиялық мониторинг
- •3 Сұрақ Табиғи ресурстар кадастрлары: түсінігі және жалпы сиспаттама
- •Тақырып:№ 8 Экологиялық құқық бұзушылық және ол үшін жауаптылық
- •1 Сұрақ Қоршаған ортаны қорғау жөнінен заңды жауапкершіліктің түсінігі мен мәні.
- •2 Сұрақ Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктің түрлері
- •3 Сұрақ Экологиялық зиянның түсінігі мен түрлері. Оның орнын толтырудың тәсілдері мен принциптері
- •1 Сұрақ Жануарлар әлемі, құқықтық қорғау және қолданудың объектісі ретінде қр «Жануарлар әлемін қорғау туралы» заңы
- •2 Сұрақ Жануарлар әлемінен қолдану құқығы және қолданудың түрі мен мерзімі
- •3 Сұрақ Жануарлар әлемін қолдану және қорғау заңын бұзғаны үшін жауапкершілігі
- •Тақырып: № 10 Пайдалы қазбаларды пайдаланушылардан алынатын салық.Шығыс шикі мұнайға ренттік салық
- •1 Сұрақ Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері
- •2 Сұрақ Сауықтыру мақсатындағы жер
- •Тақырып: № 11 Атмосфералық ауаның эколого – құқықтық режимі
- •1 Сұрақ Атмосфералық ауаның құқықтық қорғалуының қажеттілігі
- •2 Сұрақ Атмосфералық ауаны құқықтық режимінің ерекшелектері
- •Тақырып: № 12 Жер, жер қойнауының эколого– құқықтық режимі
- •1 Сұрақ Жер, жер қойнауы және орман құқықтық қорғаудың объектісі ретінде. «Жердің», «жер қойнауының», «орманның» заңи түсінігі
- •2 Сұрақ Жерге, жер қойнауына, орманға деген пайдалану құқығыжәне олардың түрлері. «Жерді қорғау», «жер қойнауын қорғау», «орманды қорғау» түсінігінің мазмұны
- •3 Сұрақ Қоршаған ортада жер қойнауын қорғау саласында негізгі мақсаттар және міндеттер
- •1 Сұрақ Орман пайдалану мен қорғаудың объектісі ретінде. Қазақстан Республикасының Орман кодексі
- •2 Сұрақ Орманның және орманнан тыс жерлердегі өсімдік әлемінің құқықтық режимінің ерекшеліктері
- •3 Сұрақ Орманды пайдалану құқығы және оның түрлері
- •1 Сұрақ Табиғаттың объектісі ретінде судың түсінігі және маңызы. Қазақстан Республикасының Су кодексі (жалпы мінездеме) және басқа да су заңнамалары
- •2 Сұрақ Судың құқықтық режимінің ерекшеліктері
- •3 Сұрақ Су пайдалану құқығы және оның түрлері
- •2 Қр су кодексі және басқа заңнамалар
- •1 Сұрақ Қазақстан Республикасының халықаралық экология құқығы; түсінігі, қайнар көздері
- •2 Сұрақ Қоршаған ортаны қорғауда халықаралық ынтымастық
- •3 Сұрақ Халықаралық шарттар табиғатты пайдалану мен қорғау салслсындағы құқықтық нысан
Тақырып: № 6 Қоршаған ортада әсерді бағалау
Мақсат – Қоршаған ортада әсерді бағалаудың ерекшелектері туралы студеттерге түсінік беру.
Жоспар:
1 Қоршаған ортада әсерді бағалаудың түсінігі
2 Қоршаған ортада әсерді бағалау құжаттамасы
3 Экологиялық сараптама
сұрақ Қоршаған ортада әсерді бағалаудың түсінігі
Қоршаған ортаға әсердi бағалау - шаруашылық және ізге де қызметтiң қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескерiле отырып, қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, жұтаңдауын, бүлінуін және сарқылуын) болдырмау, қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар әзірленетін рәсім. Қоршаған ортаға әсердi бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тiкелей немесе жанама әсер етуi мүмкiн болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлерi үшiн мiндеттi болып табылады. Қоршаған ортаға әсер ететiн шаруашылық және өге де жобаларды, қоршаєан ортаға әсерiн бағаламай әзiрлеуге және iске асыруға тыйым салынады. Әсердi бағалау нәтижелерiн жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылады. Жобаланып жатқан және жұмыс iстеп тұрған объектiлердiң перспективалық қызметi ҚР Экологиялық кодекстiң талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсерiн бағалауға жатады. Жобалардың тапсырыс берушiсi (бастамашысы) мен әзiрлеушiсi қоршаған ортаға әсер етуге жүргiзiлген бағалау нәтижелерiн ескеруге және қоршаған орта мен адам денсаулығына неғұрлым аз зиян келтiретiн нұсқаның қабылдануын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2 Сұрақ Қоршаған ортада әсерді бағалау құжаттамасы
Қоршаған ортаға әсердi бағалау жөнiндегi құжаттама: шаруашылық және өге де қызметке тапсырыс берушiнiң деректемелерiн;жоспарланып отырған қызметтi iске асыру қажеттiгi негiзделген өтiнiштi (арызды, ниетi туралы декларацияны), инвестициялар негiздемесiн, техникалық-экономикалық негiздеменi (жобаны), жұмыс жобасының бекiтiлген бөлiгiн, түсiндiрме жазбаны; қоршаған орта компоненттерiнiң қызметтi iске асырғанға дейiнгi не қазiргi кездегi жай-күйiнiң сипаттамасын; жобаның жазбасын, оған қоса: бүкiл жобаның мақсаты мен сандық сипаттамаларының және орналастыру ауданына құрылыс және пайдалану сатысы кезеңiнде қойылатын талаптардың сипаттамасын; жоспарланып отырған қызметтiң қоршаған орта элементтерiне ықтимал әсерлерiнiң түрлерi қоршаған ортаға эмиссиялардың, тұтынылатын шикiзаттың және алынатын ресурстардың көлемi мен оның қосындыларының құрамымен бiрге көрсетiле отырып, пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың типтерi мен санын қоса алғанда, өндiрiстiк процестердiң негiзгi сипаттамаларын; қолданылатын технологияның ең озық қолжетiмдi технологияларға және техникалық үлестiк нормативтерге сәйкестiгi тұрғысынан талдауды; баламалы нұсқалар туралы ақпаратты және жобалық нұсқаны таңдаудың негiзгi себептерiне нұсқауды;
Жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс берушiсi (бастамашысы) қоршаған ортаға әсерге жүргiзiлген бағалау нәтижелерi бойынша жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылатын қызметтiң экологиялық зардаптары туралы мәлiмдеме әзiрлеп, табыс етедi, ол осы қызметтi iске асыруға болатыны туралы шешiм әзiрлеуге негiз болады. Қоршаєан ортаға әсердi бағалаудың әрбiр кезеңiндегi құжаттама мазмұнының толымдылығы қоршаєан ортаға әсердi бағалауды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықпен айқындалады.
