Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
368.64 Кб
Скачать

2 Сұрақ Атмосфералық ауаны құқықтық режимінің ерекшелектері

Климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындаєы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар парниктік газдардың атмосфераєа шығарылуын және озонды бұзатын заттардың тұтынылуын азайту жөніндегі іс-шараларды, парниктік газдар шығарындыларының мониторингі деректерін, парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттардың тұтынылуын бақылау нәтижелерін ескере отырып, климатты және Жердің озон қабатын қорғау жөніндегі тиісті мемлекеттік, салалық және жергілікті атқарушы органдармен келісілген әзірлік нысаналы бағдарламалар мен іс-шаралар әзірлейді.       Климатты және Жердің озон қабатын қорєау бағдарламаларының жобалары климаттың өзгеруінің (жаһандық өзгеруді қоса алғанда) және Жердің озон қабатының тозуының салдарларын болдырмау және бәсеңсіту жґніндегі іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескеру мақсатында олардың талқылауына ұсынылуы мүмкін.

      Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттардың тұтынылуын мемлекеттік реттеу мақсатында парниктік газдардың шекті жол берілетін шығарындыларының және озонды бұзатын заттарды тұтынудың лимиттері (квоталары) белгіленеді.       Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындылары көздерінің жекелеген түрлері үшін парниктік газдардың шекті жол берілетін шығарындыларын белгілейді.       Озон бұзатын заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қоршаған ортаны қорєау саласындаєы уәкілетті орган беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.

3 сұрақ Атмосфералық ауаны қорғау заңдарды бұзған үшін жауаптылық

Бақылау – экологиялық қатынастарды әкімшілік реттеу әдістеріндегі қажетті звено. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау аранйы қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау арнайы өкілеттенген мемлекеттік органдарымен және жергілікті атқару органдарымен олардың құзіретінің шегінде жүзеге асырылады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы құзіреттелген мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың, олардың өз өкілеттігі шегінде қабылданған шешімдерін барлық заңды тұлғалар, азаматтар мен лауазымды тұлғалар орындауы міндетті және қоршаған ортаны қорғау заңнамасындағы талаптарды сақтау.

Қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру бойынша және табиғи ресурстарды қайта өңдеу мен пайдалану бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің жеке түрлерін жүзеге асыру мен табиғи ресурстарды пайдалануға лицензияларда бекітілген жағдайларды тексеру шаралар мен жоспарларды орындауды тексеру.

Жерді қорғау мен пайдалануды және жер заңнамасын сақтауды мемлекеттік бақылау.

Мемлекеттік бақылаудың міндеттері көосетілген жер заңнамасын орындаыду қамтамасыз етуден, мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғаларман, лауазымды тұлғалармен жерлерді қорғау мен жан-жақты пайдалану бойынша шараларды орындаудан тұрады.

Жерді қорғау мен пайдалануды және жер заңнамасын сақтауды мемлекеттік бақылауды жергілікті атқару органдары, қоршаған ортаны қорғау және басқа да жер ресурстарын қорғауды басқаруға құзіреттелген органдар жүзеге асырады.

Өздерінің құзіреті шегіндегі жерлерді қорғау мен пайдаланудағы мәселелер бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың бұйрығы барлық жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пайдаланушылар үшін міндетті болып табылады.

Жерді қорғау және пайдалануда мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың тәртібін ҚР Үкіметімен бекітіледі.

Жерді қорғау және пайдалануда мемлекеттік бақылауды мемлекеттік билік органдары, ҚР жер қатынастарды бойынша агенствасы және орнындағы жергілікті органдары жүзеге асырады.

Жер қойнауларын қорғауды мемлекеттік бақылау.

Жер қойнауларын қорғауды мемлекеттік бақылаудың міндеттері атқарушы органдармен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнаууы туралы және жер қойнауын пайдаланудың бекітілген тәртібін сақтау бойынша бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылаудың өкілеттігі Заңнамамен бекітілген нормалармен анықталады.

Әдебиет:

Негізгі:

1 Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Общ.ч.: Учебник.- Алматы: ТОО ИК-«НАS», - 2003, 328 с.

2 Кушумбаев А.А. Эклогическое право Республики Казахстан. Учебное пособие. Астана, 2001, 236 с.

3 Экологическое право РК. Учебное пособие. Под ред. Бекишева С.Д., Караганда. 2001, 9-10 с.

4 Экологическое право. Под ред. Боголюбов С.А., М.,1998, 9 с.

Нормативтік құқықтық актілер:

1 ҚР Экологиялық кодексі, 09.01.2007., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

2 ҚР Орман кодексі, 08.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

3 ҚР Жер кодексі, 20.06.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 24.07.2009.

4 ҚР Су кодексі, 9.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

5 ҚР Азаматтық кодексі, (Жалпы бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

6 ҚР Азаматтық кодексі, (Ерекше бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

7 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңы, 04.12.2002., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

8 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» ҚР Заңы, 09.07.2004., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 04.12.2008.

Бақылау сұрақтары:

1.ҚР – нің жер қорындағы жер санаттарының құқықтық режимінің ерекшелектері.

2.Жер қойнауын пайдалану құқықғының түрлері.

3.Қоршаған ортада жер қойнауын қорғау саласында негізгі мақсаттар және міндеттер.