Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
368.64 Кб
Скачать

3 Сұрақ Су пайдалану құқығы және оның түрлері

Қазақстан Республикасының барлық заңды тұлғалар мен азаматтар суды пайдалануға құқылы.

Суды пайдаланудың келесі түрлері бар:

  • жалпы және арнайы;

  • жеке және бірлесіп;

  • бастапқы және қосалқы.

Жалпы су пайдалану су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекітіп бермей және судың жай-күйіне әсер ететін құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолданбай халықтың ауызсуға және өзге де мұқтажын қанағаттандыру үшін жүзеге асырылады.

Жалпы су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсаттар алудың қажеті жоқ.

Арнайы су пайдалануға халықтың ауызсуға және тұрмыстық мұқтажын, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, су көлігінің, және басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жер асты сулары мен жер беті суларын пайдалану жатады.

Суды жеке пайдалануды талап ететін қызметі жүзеге асыру үшін заңды ұйымдар мен азаматтарға су тоғандар немесе олардың бөліктері жеке пайдалануға беріледі.

Жеке пайдалануға берілген су тоғандары немесе олардың бөліктерін қоспағанда, су тоғандар түрлі заңды тұлғалар мен азаматтардың бірлесіп пайдалануында болуы мүмкін.

Арнайы рұқсат негізінде су тоғандарынан су алуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен азаматтардың суды пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады.

ҚР Су кодексі жер бетіндегі су объектілерін пайдалану мен қорғау ауқымындағы лицензиялау бойынша нақты түрде жеткілікті реттейді. Су объектілерін пайдланудың қондырғылары мен техникалық құрылыстарын қолдану арқылы, яғни суды тұлғалар мен заңды тұлғалар суды арнайы пайдалануды жүзеге асырады.

Әдебиет:

Негізгі:

1 Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Общ.ч.: Учебник.- Алматы: ТОО ИК-«НАS», - 2003, 328 с.

2 Кушумбаев А.А. Эклогическое право Республики Казахстан. Учебное пособие. Астана, 2001, 236 с.

3 Экологическое право РК. Учебное пособие. Под ред. Бекишева С.Д., Караганда. 2001, 9-10 с.

4 Экологическое право. Под ред. Боголюбов С.А., М.,1998, 9 с.

Нормативтік құқықтық актілер:

1 ҚР Экологиялық кодексі, 09.01.2007., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

2 ҚР Орман кодексі, 08.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

3 ҚР Жер кодексі, 20.06.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 24.07.2009.

4 ҚР Су кодексі, 9.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

5 ҚР Азаматтық кодексі, (Жалпы бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

6 ҚР Азаматтық кодексі, (Ерекше бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

7 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңы, 04.12.2002., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

8 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» ҚР Заңы, 09.07.2004., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 04.12.2008.

Бақылау сұрақтары:

1 Су пайдалану құқығының түсінігі және оның түрлері, ерекшеліктері

2 Қр су кодексі және басқа заңнамалар

Тақырып: №15 Қазақстан Республикасының халықаралық экология құқығы

Мақсат- Қазақстан Республикасының халықаралық экология құқығының ерекшелектерін студенттерге түсіндіру

Жоспар:

  1. Қазақстан Республикасының халықаралық экология құқығы; түсінігі, қайнар көздері

  2. Қоршаған ортаны қорғауда халықаралық ынтымастық

  3. Халықаралық шарттар табиғатты пайдалану мен қорғау салслсындағы құқықтық нысан