Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
368.64 Кб
Скачать

3 Сұрақ Орманды пайдалану құқығы және оның түрлері

Орманды пайдаланушылар Орман қорының оларға берген учаскелерін арнайы рұқсат құжаттарының негізінде пайдалануға құқығы бар: лицензия, орман ағаштарын кесу билеті (ордері), орман билеті. Пайдалануға берілетін орман қоры учаскелерінің шектік мөлшерін Атқарушы органдардың сәйкес келісімдері бойынша орман шаруашылығын басқарудың мемлекеттік органдары бекітеді.

Лицензия оны иеленушінің орман қоры учаскесін ұзақ мерзімді пайдалану құқығын куәландыратын құжат болып табылады.

ҚР орман пайдаланушысы заңды тұлға бола алады, сонымен қатар шетел азаматтары, және де ҚР Заңнамаларына сәйкес орман қорын пайдалану құқығына ие жеке тұлғалар бола алады.

Ормандарды пайдаланудың түрлеріне байланысты орман пайдаланушылар келесі құқықтарға ие:

рұқсат етілген құжаттарда көрсетілген көлемде орман пайдалануларын жүзеге асыруға;

жол салуға, орман өнімдерін жинау үшін алаң жабдықтауға, өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы құрылыстар салуға, сүрек және басқа орман өнімін ұқсату үшін жабдықтар мен құрылғылар орнатуға, олардың орналасу орнын орман иеленушілермен келісе отырып, көлік тұрақтарын жасауға;

орман топтарының немесе қорғаныш категорияларының өзгеруі,сондай-ақ орман қоры жерінің мемлекеттік және қоғамдық мұқтаждар үшін алынуы салаларынан шеккен зиянның орнын толтыруға құқығы бар;

орман пайдаланушылардың құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау сот тәртібімен жүргізіледі.

Әдебиет:

Негізгі:

1 Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Общ.ч.: Учебник.- Алматы: ТОО ИК-«НАS», - 2003, 328 с.

2 Кушумбаев А.А. Эклогическое право Республики Казахстан. Учебное пособие. Астана, 2001, 236 с.

3 Экологическое право РК. Учебное пособие. Под ред. Бекишева С.Д., Караганда. 2001, 9-10 с.

4 Экологическое право. Под ред. Боголюбов С.А., М.,1998, 9 с.

Нормативтік құқықтық актілер:

1 ҚР Экологиялық кодексі, 09.01.2007., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

2 ҚР Орман кодексі, 08.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

3 ҚР Жер кодексі, 20.06.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 24.07.2009.

4 ҚР Су кодексі, 9.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

5 ҚР Азаматтық кодексі, (Жалпы бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

6 ҚР Азаматтық кодексі, (Ерекше бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

7 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңы, 04.12.2002., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

8 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» ҚР Заңы, 09.07.2004., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 04.12.2008.

Бақылау сұрақтары:

1 Орманн қолдану объектісі ретінде және оны қорғау түсінігі

2 Орманды қолдану құқығы

3 Орманды мемлекеттік басқару ерекшелектері

Тақырып: №14 Су пайдалану және су объектілерін қорғаудың эколого – құқықтық режимі

Мақсат- Студенттерге су пайдалану және су объектілерін қорғаудың эколого – құқықтық режимі туралы түсінік беру.

Жоспар:

  1. Табиғаттың объектісі ретінде судың түсінігі және маңызы. Қазақстан Республикасының Су кодексі (жалпы мінездеме) және басқа да су заңнамалары

  2. Судың құқықтық режимінің ерекшеліктері

3 Су пайдалану құқығы және оның түрлері