- •Тақырып: № 1 Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, әдістері
- •1 Сұрақ Қоғам мен табиғаттың арасындағы қарым-қатынасты эколого-құқықтық реттеудің түсінігі және маңызы
- •2 Сұрақ Экологиялық құқықтың пәні және объектісі. Экологиялық құқықтық қатынастар. Экологиялқ құқық қатынастарының объектісі және
- •3 Сұрақ Экологиялық құқықтың әдісі, жүйесі және қағидал
- •Қандай қоғамдық қатынастар экология құқығы пәні болып табылады
- •1 Сұрақ Адам экологиялық құқығының түсінігі және түрлері
- •2 Сұрақ Адам экологиялық құқықтарының құқықтық реттеуінің жағдайы
- •3 Сұрақ Азаматтардың экологиялық құқықтарының қорғалуы және кепілдігі
- •Тақырып: № 3 Табиғи ресурстарға деген меншік құқығы
- •1 Сұрақ Табиғи ресурстар – қоғамдық игілік. Табиғи ресурстарға деген меншік құқығының түсінігі, мазмұны және нысаны
- •1 Сұрақ Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі
- •2 Сұрақ Табиғатты пайдалану құқығының түрлері оның ерекшілектері
- •1 Сұрақ Табиғатты қолдану қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттің реттеудің мен басқаруының түсінігі, функциялары, түрлері мен тәсілдері
- •2 Сұрақ Қоршаған ортаны қорғауды мемлекет арқылы реттеу мен басқару органдарының жүйесі, снаттары мен құзыреттері
- •3 Сұрақ Экологиялық бақылаудың объектілері, түсінігі, мақсаты және оның түрлері
- •Тақырып: № 6 Қоршаған ортада әсерді бағалау
- •2 Сұрақ Қоршаған ортада әсерді бағалау құжаттамасы
- •3 Сұрақ Экологиялық сараптама
- •Тақырып: № 7 Экологиялық мониториг пен кадастрлар
- •1 Сұрақ Экология мониторингтің түсінігі, құрылымы, мазмұны
- •2 Сұрақ Мемлекеттік экологиялық мониторинг
- •3 Сұрақ Табиғи ресурстар кадастрлары: түсінігі және жалпы сиспаттама
- •Тақырып:№ 8 Экологиялық құқық бұзушылық және ол үшін жауаптылық
- •1 Сұрақ Қоршаған ортаны қорғау жөнінен заңды жауапкершіліктің түсінігі мен мәні.
- •2 Сұрақ Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктің түрлері
- •3 Сұрақ Экологиялық зиянның түсінігі мен түрлері. Оның орнын толтырудың тәсілдері мен принциптері
- •1 Сұрақ Жануарлар әлемі, құқықтық қорғау және қолданудың объектісі ретінде қр «Жануарлар әлемін қорғау туралы» заңы
- •2 Сұрақ Жануарлар әлемінен қолдану құқығы және қолданудың түрі мен мерзімі
- •3 Сұрақ Жануарлар әлемін қолдану және қорғау заңын бұзғаны үшін жауапкершілігі
- •Тақырып: № 10 Пайдалы қазбаларды пайдаланушылардан алынатын салық.Шығыс шикі мұнайға ренттік салық
- •1 Сұрақ Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері
- •2 Сұрақ Сауықтыру мақсатындағы жер
- •Тақырып: № 11 Атмосфералық ауаның эколого – құқықтық режимі
- •1 Сұрақ Атмосфералық ауаның құқықтық қорғалуының қажеттілігі
- •2 Сұрақ Атмосфералық ауаны құқықтық режимінің ерекшелектері
- •Тақырып: № 12 Жер, жер қойнауының эколого– құқықтық режимі
- •1 Сұрақ Жер, жер қойнауы және орман құқықтық қорғаудың объектісі ретінде. «Жердің», «жер қойнауының», «орманның» заңи түсінігі
- •2 Сұрақ Жерге, жер қойнауына, орманға деген пайдалану құқығыжәне олардың түрлері. «Жерді қорғау», «жер қойнауын қорғау», «орманды қорғау» түсінігінің мазмұны
- •3 Сұрақ Қоршаған ортада жер қойнауын қорғау саласында негізгі мақсаттар және міндеттер
- •1 Сұрақ Орман пайдалану мен қорғаудың объектісі ретінде. Қазақстан Республикасының Орман кодексі
- •2 Сұрақ Орманның және орманнан тыс жерлердегі өсімдік әлемінің құқықтық режимінің ерекшеліктері
- •3 Сұрақ Орманды пайдалану құқығы және оның түрлері
- •1 Сұрақ Табиғаттың объектісі ретінде судың түсінігі және маңызы. Қазақстан Республикасының Су кодексі (жалпы мінездеме) және басқа да су заңнамалары
- •2 Сұрақ Судың құқықтық режимінің ерекшеліктері
- •3 Сұрақ Су пайдалану құқығы және оның түрлері
- •2 Қр су кодексі және басқа заңнамалар
- •1 Сұрақ Қазақстан Республикасының халықаралық экология құқығы; түсінігі, қайнар көздері
- •2 Сұрақ Қоршаған ортаны қорғауда халықаралық ынтымастық
- •3 Сұрақ Халықаралық шарттар табиғатты пайдалану мен қорғау салслсындағы құқықтық нысан
Қандай қоғамдық қатынастар экология құқығы пәні болып табылады
Экология құқығының пәні сабақтас құқық салалары – конституциялық, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық, жер, аграрлық, орман, су, тау құқықтарының пәндерінен немен ерекшеленеді
Экология құқығының жүйесі
Тақырып: 2 Адамның эколого – құқықтық мәртебесі
Мақсат – студеттердің адамның эколого – құқықтық мәртебесі туралы білімін қалыптастыру
Жоспар:
1 Адам экологиялық құқығының түсінігі және түрлері
2 Адам экологиялық құқықтарының құқықтық реттеуінің жағдайы
3 Азаматтардың экологиялық құқықтарының қорғалуы және кепілдігі
1 Сұрақ Адам экологиялық құқығының түсінігі және түрлері
Қазақстан Республикасының Конституциясында өмір сүру құқығы әр адамның негізгі құқығы болып саналады (15 бап). Бұл құқық Адам құқықтарының Хартиясымен, 1948ж. 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпы декларациясымен қаралған, және де бұл құқық БҰҰ қоршаған ортаны қорғау конференциясында қабылданған Стокгольм декларациясында бекітілген (1972ж.).
Жеке тұлғаның экологиялық құқықтары туралы Қазақстанның қоршаған орта құқығында негізгі сұрақ деп санауға болады. Осыған байланысты олар құрамын және заңдардың, басқа да нормативтік құқықтық актілердің қолдануын көрсетеді (ҚР Конституциясы 12-бап).
Осыған байланысты адам мүддесіне шешілмейтін экологиялық міндеттер қаралады, яғни әр адамның қоршаған ортаны қолдану құқығы, соның нәтижесінде қоршаған ортаны сақтауы және қалпына келтіру болып саналады. Адамның құқықтары мен бостандықтары туылғаннан пайда болады. Адамның экологиялық құқықтары болып – жеке тұлғаның заңда анықталған және бекітілген, табиғатпен байланыста адам қажеттіліктерін қанағаттандыру құқықтары.
Бұл құқықтар құқықтық реттеу дәрежесінде байланысты қоршаған ортада негізгі және өзге болып бөлінеді.
Негізгі құқықтар негізінен конституциондық және фундаментальдік болып аталады. Қазақстан Рспубликасында олар Конституциямен, адам құқықтары жайлы халықаралық – құқықтық құжаттармен бекітілген, оларға негізінен, Аадам құқықтарының жалпы декларациясы (1948ж.); Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы европалық конвенция (1950ж.), Әлеуметтік европалық хартия (1961ж.).
Негізгі конституциондық құқық болып жерге жекеменшік, әркімнің қоршаған ортаға құқығы, оның жағдайы жөнінде хабар және оның денсаулығына немесе меншігіне экологиялық құқық бұзышулықпег келтірілген шығынды толықтыру (31-бап). Қарастырылып отырған құқықта әркімнің қолайлы жағдайда жұмыс істеуіне, қауіпсіздікке және гигиенаға жауап беретін (24-бап), сонымен қатар әркімнің денсаулығын қорғауға және медициналық көмек алуға құқықтары (29-бап).
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-бөлігінде негізгі экологиялық құқықтар категориясына, яғни адамның табиғи құқықтарына жатады. Осыны айта келе, Конституцияда адам құқықтарын шектеу қарастырылмайды. Олар субъективтік және табиғи құқықтар болып есептеледі.
Қоршаған орта нормативтер сапасының жүйесіне кіретіндер:
қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге болатын шекті мөлшерде шоғырлану нормативтері;
шудың, тербелістің, магнит өрістері мен өзге де зиянды физикалық әсерлердің жол беруге болатын шекті деңгейінің нормативтері;
радиациялық әсердің жол беруге болатын шекті деңгейінің нормативтері;
ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында агрохимикаттарды қолдануға жол берілетін шекті нормалар;
санитарлық және көмек аудандарының нормативтері.
Қоршаған ортаның сапасын нормалау экологиялық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластануына жол берілмеуін, табиғи ресурстардың молықтырылуы мен ұтымды пайдалануын қамтамасыз ететін қоршаған ортаға ықпал етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормаларын белгілеу мақсатын көздейді.
Табиғат пайдалану лимиттері мен квоталары-табиғи ресурстарды шекті пайдаланудың (алып қоюдың), қоршаған ортаны ластайтын заттардың шығарылуы мен тасталуының, өндіріспен тұтыну қалдықтарын орналастырудың табиғат пайдаланушыларға белгілі бір мерзімге белгіленген көлемі болып табылады.
Лимиттер мен квоталарды қоршаған орта сапасының қолданылып жүрген нормативтеріне, шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Өзге экологиялық құқықтар категориясы құқығына негізінен Қазақстан Республикасының заңдарында және өзгеде нормативтік заң актілерінде қаралған табиғатты қолдану және қоршаған ортаны қорғау құқықтар жатады. Мысалы, азаматтардың өз денсаулықтарын қоршаған ортаның қолайсыз әсер етуінен қорғануы азаматтардың ормандарға бару құқығы (ҚР Орман кодексі) және т.б.
Азаматтардың экологиялық құқықтарының арасындағы приоритеттік мағынаның қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғануға құқығы бар.
Адамның денсаулығы өмір сүріп отырған ортамен тығыз байланыста. Адамның физиологиялық жағдайы әйтеуір табиғат жағдайымен байланысты, оның нәтижесі табиғат қолайлығының көрсеткіші.
Бұл құқықтар мемлекет қарауында және қорғауында.
Жоғарыда көрсетілген классификациялардан басқа экологиялық құқықтар реттеу түрлері бойынша бөлінуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Конституциясындағындай, адам құқықтары бойынша Халықаралық пактіде де азаматтық (жеке) құқықтар; саяси құқықтар; мәдени құқықтар; әлеуметтік және экономикалық құқықтар белгіленеді. Экологиялық құқықтар өз мазмұны бойынша және азаматтардың заңи белгілі экологиялық қызығушылықтары жоғарыда аталған құқықтарда жоғары немесе төмен дәрежеде көрінеді.
Азаматтық (жеке) құқықтар адамның денсаулығы мен меншігіне өзгелердің қол сұғушылығынан қорғалғандығын көрсетеді (мысалыға, қоршаған ортаның зиянды әсер етуінен).
Азаматтардың саяси құқықтары жеке тұлғаның мемлекеттік билікке қатысуына, билікке бақылау орнатуына мүмкіндіктер көрсетуде.
Мәдени құқықтар адамның экологиялық мәдениетінің жамуына, өсуіне көмек көрсетеді.
Әлеуметтік және экономикалық құқықтар адамға экологиялық мінездемелер бойынша өмірлік деңгейін арттыруға, эколгиялық қауіпсіз жағдайда еңбек ету құқығы, ластанған зиянды заттардан денсаулықты қорғауға, экологияқы білім алуға құқығы және т.б. бағытталған.
Экологиялық жағдайлардың адамға, қоғамға және мемлекетке маңыздылығын ескере отырып, адам экологиялық құқықтарының даму деңгейіне қарай өздігінен құқықтар бөліну қажет.
