Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология.doc
Скачиваний:
93
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
368.64 Кб
Скачать

2 Сұрақ Экологиялық құқықтың пәні және объектісі. Экологиялық құқықтық қатынастар. Экологиялқ құқық қатынастарының объектісі және

Құқықтық реттеудің пәні ретінде қатаң анықталған қоғамдық қатынастардың ауқымы, яғни сапалы түрде басқада қоғамдық қатынастардан ажыратылатын, және басқа құқық саласының пәнін құрайтын түсінікті айтса болады. Өйткені, біз қарастырып жатқан саладағы құқықтық реттеу объектісі ретінде табиғат (қоршаған орта) және оның жеке элементтері – жер, жер қойнауы, сулар, т.б. және солармен байланысқан адамның мүдделері жүреді, сонымен құқықтық реттеудің пәні қоршаған орта мен табиғатқа байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады. Мұндай қатынастарды екі топқа бөледі: салалық және кешендік.

Салалық экологиялық қатынастар жерлерді, ормандарды, атмосфералық ауаны, су қоймаларын, жануарлар әлемін, жер қойнауын және т.б. қорғау мен пайдалануды реттеуді көздейді.

Кешендік экологиялық қатынастар табиғатты пайдалану құқығына және табиғи ресурстарды – яғни, аумақтар мен қорықтарды, емдеу-сауықтыру, санитарлық, рекреациондық және басқа да зоналарды тұтасымен қорғауға қатысты болады.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу зиян әсерлердің үш түріне қатысты: химиялық, физикалық, биологиялық. Химиялық әсерлерден қоршаған ортаны құқықтық қорғаудың мысалы ретінде су қорларына мекемелердің лас суларды ағызуын, ластаушы заттарды тастауын, жердің азон қабатының жағдайына әсер ететін агрохимиялық заттарды қоладануын реттеу жүреді.

Экологиялық құқықтық қатынас – бұл экологиялық құқықтың нормаларымен реттелетін және адам мен табиғаттың қарым-қатынасы саласында пайда болатын қоғамдық қатынастардың түрі.

Экологиялық құқықтық қатынас заңи фактілердің негізінде пайда болады. Сондықтан экология саласында фактілер болған оқиға мен әрекеттерге байланысты сараланады.

Оқиға (мысалы, табиғи апат, топан су, орман өрті, вулканның атқылауы және т.б.) адамның еркінен тыс туғызады. Бірақ әрқашанда оқиға табиғи құбылыс ретінде жүрмейді, кейде ол адамның ойланбаған қызметінің нәтижесі болып табылады.

Әрекет – адамның қылығын көрсетеді (бұл экологиялық қатынастардың пайда болуының ең көп таралған негізі болып табылады). Ол позитивтік және негативтік болып бөлінеді.

Адамның позитивтік әрекеті экологиялық құқықтық қатынасқа қатысушы ретінде экологиялық көрсетілердің талаптарын сақтауды білдіреді.

Негативтік экологиялық құқықтық қатынас адамның денсаулығы мен табиғи ортаға зиян келтіруді көрсетеді. Мұндай заңи фактілер экологиялық құқық бұзушылықты анықтайды.

Экологиялық құқықтық қатынастардың субъеткілері, яғни олардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекеттік органдар болып табылады. Экологиялық құқықтық қатынастағы олардың қатысу деңгейі мен мінезі бірдей емес. Сонымен, егер заңды тұлғалар мен азаматтар табиғи ресурстарды тұтынушылар ретінде жүрсе, онда ол керісінше оларды қорғау мен жан-жақты пайдаланудағы маңызды ролін көрсетеді, онда мемлекеттік органдар қоршаған табиғи ортаны қорғау мен жан-жақты пайдалануды реттеуді жүзеге асырады.

Экологиялық құқықтық қатынастардың объектілері деп қоршаған ортаны ластаудан, бұзылудан, деградациядан, жойылудан, шаруашылық және басқа да қызметтің негативтік әсерлерінен қорғаудың объектілерін атаймыз. Олар келесі үш категорияға бөлінеді:

  1. Интегрированные – тұтас бізді қоршаған табиғат

  2. Дифференцированные – жеке табиғи объектілер (жер, жер қойнауы, су, орман, өсімдектіре, атмосфералық ауа, жануарлар әлемі, генетикалық қор, табиғи ландшафтар)

  3. Ерекше күзетілетіндер – мемлекеттік табиғи қорлар, табиғи заказниктер, ұлттық табиғи парктер, табиғи ескерткіштер, жиі кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлері.