Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология.doc
Скачиваний:
91
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
368.64 Кб
Скачать

2 Сұрақ Мемлекеттік экологиялық мониторинг

Мемлекеттiк экологиялық мониторинг (қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi) - табиғи және антропогендiк факторлардың әсерiнен қоршаєан ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйінің ізгеруiн бағалау, болжау және бақылау мақсатында олардың жай-күйiн қадағалаудың кешендi жүйесi. Атмосфералық ауа, жер, жер істi мен жер асты сулары, жер қойнауы, жануарлар және өсiмдiктер дүниесi, сондай-ақ климат пен Жердiң озон қабаты, экологиялыќ жүйелер, қоршаєан ортаның халықтың денсаулығына ісер ететiн факторлары мемлекеттiк экологиялық мониторинг объектiлерi болып табылады. Қоршаған орта мен табиєи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн қоршєан ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган арнайы мемлекеттiк уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып ұйымдастырады. 

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң мазмұнын мониторингтiң мынадай кiшi жүйелерi:       1) қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi;       2) табиғи ресурстар мониторингi;       3) мониторингтiң арнайы түрлерi құрайды.  Жұмыс iстеу процесiнде Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторин

гi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң кiшi жүйелерiне мониторингтiң басқа да түрлерi енуi мүмкiн. 

Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының бiрыңғай жүйесi (бұдан әрi - Кадастрлардың бiрыңғай жүйесi) Қазақстан Республикасының табиғи және экономикалық әлеуетiнiң бiрыңғай жалпы мемлекеттiк кешендi есебiн жүргiзу мен бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының барлық түрлерiн бiрiктiретiн салааралық ақпараттық жүйе ретiнде құрылады және жүргiзiледi.

3 Сұрақ Табиғи ресурстар кадастрлары: түсінігі және жалпы сиспаттама

Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының ізге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тіртiппен табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткiштерi туралы ақпараттың жүйелендiрiлген жиынтыєы болып табылады. Қоршаған ортаның құрамдас бөлiктерi: жер, су, орман, топырақ, жер қойнауы, өзара байланыста болатын жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерi болып табылады.

Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн қоршаған ортаны қорєау саласындаєы уәкiлеттi орган табиғи ресурстардың жай-күйi мен оларды пайдалану есебi деректерiнiң негiзiнде табиғи ресурстардың тиiстi түрлерiнiң мониторингiн жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзедi.   Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары жүйесiнде географиялық байланысы мен ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiле отырып, әрбiр есепке алынған кадастрлық объектiге оның жай-күйi туралы цифрлы түрдегi құжаттамалық мәлiметтер қамтылады.   Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн жүргiзудiң негiзгi принциптерi:      1)кадастрлық ақпаратты өңдеу мен ұсыну технологиясының бiртұтастығы;      2)автоматтандырылған ақпараттыќ технологияларды қолдану;      3) ақпаратты толықтыру мен жаңартудың объективтiлiгi болып табылады.

Әдебиет:

Негізгі:

1 Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Общ.ч.: Учебник.- Алматы: ТОО ИК-«НАS», - 2003, 328 с.

2 Кушумбаев А.А. Эклогическое право Республики Казахстан. Учебное пособие. Астана, 2001, 236 с.

3 Экологическое право РК. Учебное пособие. Под ред. Бекишева С.Д., Караганда. 2001, 9-10 с.

4 Экологическое право. Под ред. Боголюбов С.А., М.,1998, 9 с.

Нормативтік құқықтық актілер:

1 ҚР Экологиялық кодексі, 09.01.2007., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

2 ҚР Орман кодексі, 08.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

3 ҚР Жер кодексі, 20.06.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 24.07.2009.

4 ҚР Су кодексі, 9.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

5 ҚР Азаматтық кодексі, (Жалпы бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

6 ҚР Азаматтық кодексі, (Ерекше бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

7 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңы, 04.12.2002., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

8 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» ҚР Заңы, 09.07.2004., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 04.12.2008.

Бақылау сұрақтары:

1 Экологиялық мониторингтің түсінігі, мақсаты, құрылымы және функциялары

2 Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік мониторингі

3 Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары: түсінігі және мазмұны