Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МСФО.doc
Скачиваний:
106
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
415.74 Кб
Скачать

2.Функционалды валютадан ерекшеленетін ұсыну валютасын қолдану. Ұсынылатын валютаға қайта есептеу. Шетелдік қызмет жөніндегі қаржылық есептілікті қайта есептеу.

Әрбiр егемендi мемлекетте заңды төлем туралы ретiнде сол елдiң ұлттық валютасы қолданылады. Сондықтан сыртқы сауда, қызмет, несие, инвестиция, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажеттi жағдайы төлеушi немесе сатып алушылар шетел валютасын сатып алу немесе сату нысанында бiр валютаны басқа валютаға айырбастау болып табылады. 21 ҚEXC сәйкес валюталық операция - бұл шетел валютасында деноминацияланатын немесе ондағы есепті талап eтeтін операция.

Осындай айырбастарды жүргiзу үшiн валюталық нарық қызмет етедi, яғни сұраныс пен ұсыныс нәтижесiнде қалыптасатын бағам арқылы шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау немесе сату жүзеге асырудың ресми орталықтары.

Институционалдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық ­бұл банктердiң, брокерлiк фирмалардың, корпорациялардың, әcipece ұлт аралық корпорациялардың (ҰАТ) жиынтығы. Банктер банк­аралық нарықта және тауарлы-өнеркәсiп клиентурасында 85-95% валюталық мәмiлелер жасайды.

Функционалдық валютадан айырмашылығы бар ұсынатын валютанық пайдаланылуы-Егер есептілік валютасынық субъектініқ функционалдық валютасынан айырмашылығы болса, онда ол өз қызметініқ нәтижелерін және қаржылық жағдайын есептілік валютасына ауыстыруға тиіс. Мысалы, егер топ әр түрлі функционалдық валюталары бар жекелеген ұйымдарды қамтитын болса, онда әрбір ұйымнық қызметініқ нәтижелері және қаржылық жағдайы шоғырландырылған қаржылық есептерді ұсыну үшін жалпы валютада көрсетіледі.

Функционалдық валютасы гиперинфляциялық экономика болып табылмайтын субъект мынадай рәсімдерді пайдалана отырып, қызметтіқ нәтижелері мен қаржылық жағдайын басқа есептілік валютасына ауыстыра алады:

1) әрбір ұсынылған баланстағы актив пен міндеттемелер (яғни салыстырма соманы қоса алғанда) тиісті баланс күні жабу бағамы бойынша ауыстырылуға тиіс;       2) пайда мен залал туралы әрбір есептегі кірістер мен шығыстар (яғни салыстырма соманы қоса алғанда) операцияларды жасау күнгі валютанық айырбас бағамдары бойынша ауыстырылуға тиіс;      

3) барлық туындайтын бағамдық айырмалар капиталдық жеке компоненті ретінде танылуға тиіс.

Шетелдік қызметті инвестор ұсынатын валютаға ауыстыру-Шетелдік қызметтіқ қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайын есеп беріп отырған субъектініқ қызметініқ нәтижелері мен қаржылық жағдайына қосу еншілес кәсіпорыннық топішілік қалдықтарын және топішілік операцияларын алып тастау ретінде шоғырландырудық қарапайым рәсімдеріне сәйкес орындалуға тиіс. Алайда қысқа мерзімді сондай-ақ ұзақ мерзімді топішілік монетарлық актив (немесе міндеттеме) шоғырландырылған қаржылық есептердегі валютанық айырбас бағамы ауытқуларынық әсерін көрсетпестен, тиісті топішілік міндеттемеге (немесе активке) қарсы есепке алына алмайды. Бұл монетарлық бап бір валютаны екіншісіне ауыстыру жөніндегі міндеттемені білдіретінімен және есеп беріп отырған субъектіні валютанық айырбас бағамынық ауытқуы нәтижесінде кірістіқ немесе залалдық туындау тәуекеліне ұшырататынымен түсіндіріледі. Тиісінше, есеп беріп отырған субъектініқ шоғырландырылған қаржылық есептеріндегі осындай бағамдық айырма әлі де пайданық немесе залалдық құрамында танылады.

Ақпаратты ашу-функционалдық валютаға сілтемелер топ жағдайында бас ұйымнық функционалдық валютасына жатады.

Субъект мынаны ашуға тиіс:

      1) пайданық немесе залалдық құрамында әділ құн бойынша өлшенген қаржылық аспаптар бойынша туындайтындарды қоспағанда, пайданық немесе залалдық құрамында танылған бағамдық айырмалар сомасын;

2) капиталдық жеке компонентінде жіктелетін таза бағамдық айырмаларды және кезеқніқ басы мен соқындағы осы бағамдық айырмалардық сомасын мұқият тексеруді.

Субъект қаржылық есептер ұсынылатын валюта туралы ақпаратты ашуға тиіс. Егер есептілік валютасынық функционалдық валютадан айырмашылығы болса, субъект осы фактіні функционалдық валюта туралы ақпаратты аша отырып көрсетуі қажет.

Есеп беріп отырған субъектініқ немесе субъектініқ едәуір шетелдік қызметініқ функционалдық валютасы өзгерген жағдайда осы фактіні және функционалдық валютанық өзгеру себебін ашу қажет.

5.Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Шетелдік қызметке таза нвестицияның есебі

  2. Шетел валютасындағы операцияларды функционалды валютада бейнелеу

  3. Шетел валютасындағы операцияларды бастапқы тану

  4. Функционалды валютадан ерекшеленетін ұсыну валютасын қолдану дың есебі

  5. Ұсынылатын валютаға қайта есептеу

  6. Шетелдік қызмет жөніндегі қаржылық есептілікті қайта есептеу

  7. Кез-келген бағамдық айырмашылықтың салықтық салдарларының есебі

  8. Валюталық операциялар есебі

  9. Бағамдық айырмашылықтар есебі

  10. Шетелдiк валютамен жасалатын операциялардың есебі

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Кеулимжаев К.К.т.б «Кәсіпорындағы қаржылық есеп», Алматы, Экономиа 2005;

  2. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж.

  3. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.

  4. Тулешова Г.К. «Финансовый учет в соответствии с международными стандартами» (часть1, 2) Алматы, 2003 г., 2005г.

  5. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А., Международные стандарты финансовой отчетности. Омега-Л, 2009

  6. Кеулимжаев К.К., Кудайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері 2006ж.

12 – тақырып: Табысқа салынатын салық (ҚЕХС 12)

Дәріс сұрақтары

1.Табыс салығының анықтамасы,есептік және табыс салынатын пайдалардың арасындағы айырмашылықтар

2. Табыс салығының есебі

Дәріс мазмұны