Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МСФО.doc
Скачиваний:
106
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
415.74 Кб
Скачать

1.Шоғырландырылған есеп берудің құрамы және құрастыру жолдары

Есептiк кезең бiткен соң шаруашылық жүргiзушi субъект қаржылық есеп берудi жасайды. Шаруашылық жүргiзушi субъекттiң құрамында Қазақстан Республикасының аймағында және онан тысқары жерлерде тұратын еншiлес немесе тауелдi cepiктecтіктepi бар болса, өзiнiң қаржылық есеп беруiмен қоса, шоғырландырылған есеп берудi жасайды, яғни бiрнеше заңды тұлғаның есеп беруiн бiрiктipедi. Бұл жерде келесі тұлғаларды бөледі:

1)негізгі серіктестік;

2) еншiлес немесе тәуелдi cepіктестіктер.

Заңды тұлға басқа кәсiпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін және егер де сол сатып алынған акциясы 50%-дан астам болса, онда аталған тұлға инвестицияланған объектiге бақылау жасау мүмкiндiгiн алады. Инвестор бақылауды белгiлейтiн болса, онда ол кәсiпорын негiзгi заңды тұлға болып танылады, ал бақыланатын (инвестицияланған) кәсiпорынды еншiлес кәсiпорын деп атайды. Негiзгi және барлық еншiлес кәсiпорындар бiрiгiп, бiрiккен занды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәлiметi бойынша консолидацияланған есеп беруiн жасайды.

Қаржылық есеп берудi пайдаланушылар олардың топтасқан бөлiгiн емес, тұтас бөлiгiн бiлуге мүдделi болып келедi.

Шоғырландырылған қаржылық есептер бірықғай шаруашылық жүргізуші субъект туралы сияқты топ туралы қаржылық есептер ұсынады. Шоғырландырылған қаржылық есептерді жасаған кезде субъект:

      1) басты ұйымнық және онық еншілес ұйымдарынық қаржылық есептерін активтердіқ, міндеттемелердіқ, капиталдық, кірістер мен шығыстардық ұқсас баптарын қосу жолымен баппен біріктіруге;

      2) басты ұйымнық әрбір еншілес ұйымға инвестицияларынық баланстық құнын және басты ұйымға тиесілі әрбір еншілес ұйымнық капиталынық сол бір бөлігін алып тастауға;       3) шоғырландырылған еншілес ұйымдардық есепті кезеқдегі пайдасына немесе залалына азшылықтық үлесін басты ұйымнық үлесінен бөлек өлшеуге және беруге;       4) азшылықтық шоғырландырылған еншілес ұйымдардық активтеріндегі үлесін басты ұйым акционерлерініқ олардағы капиталынық үлестерінен бөлек өлшеуге және беруге тиіс.

Еншілес компанияның акцияларын сатып алу мерзімінде консолидация (бірлесу) үрдісі келесідей кезеңдерден тұрады:

  1. Бас және еншілес компаниялардың бір тектес активтері, міндеттемелерінің және меншікті капитал баптары қатарларымен қосылуы;

  2. Ішкі топтардың есептері бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздарын жою бойынша түзету жазбаларын жүргізілуі;

  3. Еншілес компанияға салынған инвестицияның баланстық баптары мен еншілес компанияның меншікті капиталындағы бас компанияның сәйкес үлестік қатысуын жою бойынша түзету жазбаларын жүргізілуі;

  4. Еншілес компанияның меншікті капиталындағы бас компанияның улесіне жатпайтын азшылық үлесінің анықталуы;

  5. Еншілес компанияның акцияларына салынған бас компанияның инвестициясына кеткен шығындарының олардың баланстық құнынан артық көлемінің анықталуы;

  6. Еншілес компанияның меншікті капиталындағы сәйкес үлестік қатысуындағы еншілес компаниялардың активтері мен міндеттемелерінің ағымдық нарықтық құнына дейінгіқұнның түзетілуі;

  7. Іскерлік репутацияның, яғни гудвилдің көлемінің анықталуы.

Шоғырландырылған бухгалтерлік балансты жасау үшін келесі операциялар жасалады.

1.-кесте. Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс

Баптар атауы

Бас компания

Еншілес комп-р

Түзетілгенге дейінгі консолидация ланған сома

Түзетілгеннен кейінгі консолидация

ланған сома

Активтер (инвестициядан басқа) (А)

БА

ЕА

БА+ЕА

БА+ЕА

Ішкі топтардың есептеріндегі дебит.қарыз-ры (ТД)

ТД

ТД

Еншілес комп-ға салынған инвест-р (ЕКИ)

ЕКИ+Г

ЕКИ+Г

Гудвилл (Г)

Г

Кредиторлық қарыздар (К)

БКК

ЕКК

БКК+ЕКК

БКК+ЕКК

Ішкі топтардың есептеріндегі кредит-қ қарыз-ы (ТК)

ТК

ТК

Азшылық үлесі (А)

А

Меншікті капитал (К)

БКК

ЕКК=ЕКИ+М

БКС+ЕКИ+А

БКК

Мұндағы:

БКА- бас компанияның активтері; ЕКА- еншілес компаниялардың активтері;

ТД- ішкі топтардың есептері бойынша дебиторлық қарыздары;

ЕКИ- еншілес компанияның акцияларына салынған бас компанияның инвестициясына салған қатысу үлесі; Г- гудвилл оң іскерлік репутация;

БКК- бас компанияның кредиторлық қарыздары; ЕКК- еншілес компаниялардың кредиторлық қарыздары;

ТК- ішкі топтардың есептері бойынша кредиторлық қарыздары;

А- еншілес компанияның меншікті капиталындағы азшылық үлесі;

БКК- бас компанияның меншікті капиталы; ЕКК- еншілес компанияның меншікті капиталы.

Таза активтердегі азшылықтық үлесі мыналардан тұрады:      азшылықтық бастапқы біріккен күнгі үлесініқ сомасынан, және азшылықтық біріккен күннен бастап болған капиталдық өзгерістеріндегі үлесі.