Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МСФО.doc
Скачиваний:
106
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
415.74 Кб
Скачать

2.Пайдалар мен зияндар туралы шоғырландырылған есеп беру

Бас компания мен еншiлес компанияның кipicтepi мен шы­ғыстары туралы есеп берудi шоғырландырудың әдiстемесi ­ұқсас баптарды жолма-жол жинақтау (построчным суммиро­вание). Топ iшiнде есеп айырысумен топ iшiндегi операциялар бойынша қалдықтар, оның iшiнде тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыстар, шығыстар және дивидендтер шоғырландырылған қаржы есептемесiн берудi жасау барысында толық есептен шығарылуы тиiс. Тауарлы-материалдық қорлар мен негiзгi құрал-жабдық секiлдi активтердiң баланстық құнынa кipгeн топ iшiндегi операциялар бойынша өткiзiлмеген табыс толықтай есептен шығарылады. Топ iшiндегi операциялар бойынша өткiзiлмеген залал да шығынның орны толтырылуы мүмкін болмаған жағдайдан басқа уақытта активтердiң баланс­тық құндарын есептеу барысында шегерiледi.

Басты ұйымнық және онық еншілес ұйымдарынық шоғырландырылған қаржылық есептерді дайындау үшін пайдаланылатын қаржылық есептілігі мұндай іс жүзінде мүмкін болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, сол бір есепті күнге жасалуға тиіс.

Шоғырландырылған қаржылық есептер ұқсас операциялар мен ұқсас жағдайларда өзге де оқиғалар үшін бірдей есеп саясатын пайдаланып дайындалуға тиіс. Егер топ мүшесі ұқсас операциялар мен ұқсас жағдайлардағы оқиғалар үшін шоғырландырылған қаржылық есептерде қабылданған есеп саясатынан өзгеше есеп саясатын пайдаланса, онда онық қаржылық есептері шоғырландырылған қаржылық есептерді дайындау кезінде тиісті түрде түзетіледі. 

Бухгалтерлiк балансты шоғырландыру бойынша жұмыc кестесiндегi түзету жазбасы былайша болады:

  1. Топ iшiндегi есеп айырысу бойынша дебиторлық және кредиторлық

берешектердi есептен шығару қажет;

2.Еншiлес компанияның меншiктi капиталындағы бас компанияның тиісті қатыcy

үлесі мен еншілес компанияның акциясындағы бас компания инвестициясының баланстық құндарын есептеп шығаруда;

2) Топ iшiндегi операция бойынша кipicтep мен шығыс­тарды (сатылған тауарлардың өзiндiк құнын) есептеп шыға­ру керек.

Әлеуетті дауыс құқықтарының бақылаудың дәрежесін көтеру қабілетін бағалай отырып, ұйым басшылықтың талап-тілектерін және осындай құқықтарды жүзеге асыру мен айырбастау мәселелеріндегі қаржылық мүмкіндіктерді қоспағанда, әлеуетті дауыс құқықтарына ықпал ететін фактілер мен жағдайларды зерделейді.

Ішкітоптық қалдықтар мен операциялар, онық ішінде кірістер, шығыстар мен дивидендтер толығымен алынып тасталуға тиіс. Ішкітоптық операциялар салдарынан туындайтын, активтерде танылған қорлар мен негізгі құралдар сияқты пайда мен залал толығымен алынып тасталады. Топтық ішіндегі залалдар шоғырландырылған қаржылық есептілікте тануды талап ететін құнсыздануды көрсетуі мүмкін.

Шоғырландырылған еншілес ұйымдағы азшылыққа жататын залал еншілес ұйымнық капиталындағы азшылықтық үлесінен асып түсуі мүмкін. Мұндай асып түсу мен азшылыққа жататын кез келген келесі залалдар азшылық залалдық орнын толтыру үшін қосымша инвестициялар жасауға міндетті және қабілетті жағдайларды қоспағанда, көпшіліктіқ үлесіне бөлінеді. Егер басты ұйым бірлескен бақылайтын ұйымнық үлесі бар бірлескен қызметке қатысушы немесе ассоциацияланған ұйымдағы инвестор жеке қаржылық есептер дайындаса, онда бұл жеке қаржылық есептер мыналарды ашуға тиіс:       1) есептер жеке қаржылық құжаттар болып табылатын факт және егер Қазақстан Республикасынық зақнамасы мұны талап етпесе, - осы есептер дайындалатын себептер;       2) атауын, тіркелген елін немесе орналасқан жерін, меншіктегі теқбе-теқ қатысу үлесін қоса алғанда, еншілес, бірлесіп бақылайтын және ассоциацияланған ұйымдарға едәуір инвестициялардық тізімі және егер ол ерекшеленетін болса, қолда бар дауыс беруге құқығы бар акциялардық үлесі;

3) осы тармақтық 2) тармақшасында көрсетілген инвестициялардық есепке алу үшін пайдаланылған әдістердіқ сипаттамасы және осы жеке қаржылық есептер жататын шоғырландырылған қаржылық есептердіқ нұсқауы жатады.

Еншілес ұйымдары жоқ ұйымнық, ассоциацияланған ұйымнық қаржылық есептері немесе бірлесіп бақылайтын ұйымдағы бірлескен қызметке қатысушынық үлесі жеке қаржылық есептер болып табылмайды.

Қаржылық жағдай туралы есеп беруді шоғырландыру бойынша жұмыc кестесiндегi түзету жазбасы былайша болады:

  1. Топ iшiндегi есеп айырысу бойынша дебиторлық және кредиторлық

берешектердi есептен шығару қажет;

2.Еншiлес компанияның меншiктi капиталындағы бас компанияның тиісті қатыcy

үлесі мен еншілес компанияның акциясындағы бас компания инвестициясының баланстық құндарын есептеп шығаруда;

2) Топ iшiндегi операция бойынша кipicтep мен шығыс­тарды (сатылған тауарлардың өзiндiк құнын) есептеп шыға­ру керек.

2-кесте.Кірістер мен шығыстар (пайда мен залал) туралы есепберуді шоғырландыру

Түзетiлген-

Түзетуден

Бас

Еншiлес

ге дейiнгi

кейiнгi

Бап атауы

ком-

компа-

шоғырлан-

шоғырлан-

пания

ния

дырылған

дырылған

сома

Сома

Тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудан

түceтiн табыс

БТ

ЕТ

БТ+ЕТ

БТ+ЕТ

Бас компания мен еншілес компания ның

apacындaғы тауарларды сатудан

ЕУТ

түceтiн табыс

Табыстар

Қорытындысы

Өткiзiлген өнiмдер-

БӨ

ЕӨ

БӨ+БӨ

БӨ+ЕӨ

дің өзiндiк құны

Бас компания мен

еншiлес компания-

ның арасындағы

ЕУӨ

операциялар бойынша

өткiзiлген өнімдердің

өзiндiк құны

Жалпы табыс.

БУТ

ЕУТ

Кезең шығыстары

БКШ

ЕКШ

БКШ + ЕКШ

БКШ + ЕКШ

Салық салынғанға

Түзетудi

дейiнгi таза табыс

ескерумен

Табыс салығы бойынша

Түзетудi

шығыстар

ескерумен

ЖТСШ

Салық салынғаннан

Түзетудi

кейiнгi таза табыс

ескерумен

ЖТСШ

2.-кестеде бухгалтерлiк баланстың ұқcac бапта­рын жолма-жол жинақтау бойынша процедуралар келтiрiлген. Ондағы:

БТ - бас компанияның табысы;

ЕТ - еншiлес компанияның табысы;

ЕУТ - топ iшiндегi операция бойынша еншiлес компа­нияның табысы;

БУТ - топ iшiндегi операция бойынша бас компанияныңтабысы;

БУӨ- топ iшiндегi операция бойынша бас компанияның сатылған өнiмдерiнiң өзiндiк құны;

ЕУӨ- топ iшiндегi операция бойынша еншiлес ком­панияның сатылған өнiмдерiнiң өзiндiк құны;

БУҚ - топ iшiндегi операция бойынша сатып алынған бас компанияның тауарлы-материалдық қорлары;

УӨТ- топ iшiндегi операция бойынша өткiзiлмеген табыс;

ВРПН - топ iшiндегi операция бойынша өткiзiлмеген табыстың салық тиiмдiлiгi;

ТД - топ iшiндегi есеп айырысудағы дебиторлық берешек;

ЕКИ - еншiлес компанияның меншiктi капиталындағы бас компанияның тиiстi қатысу үлесiн бiлдiретiн еншiлес компания­ның акцияларындағы инвестиция;

Г - гудвилл, жағымды icкерлiк бедел;

БК - бас компанияныңкредиторлықберешегi (мiндеттемeci);

ЕК - еншiлес компанияныңкредиторлықберешегi (мiндеттeмeci);

УК - топ iшiндегi есеп айырысудағы кредиторлық берешек;

АУ- еншiлес компанияның меншiктi капиталындағы азшылық үлесi;

БК - бас компанияныңменшiктi капиталы;

ЕК - еншiлес компанияныңменшiктi капиталы.

Ұйым жазылу сертификаттарына, акциялар алуға арналған опциондарға, жай акцияларға айырбастауға болатын борыштық және үлестік құралдарға немесе орындау немесе айырбастау жағдайында осы ұйымды дауыс құқығымен қамтамасыз етуге немесе басқа ұйымның қаржылық және операциялық саясатын айқындауға (әлеуетті дауыс құқығы) қатысты мәселелерде басқа тараптың дауыс құқығын азайтуға қабілетті сол сияқты құралдарға ие бола алады.

Басқа ұйым ие болып отырған әлуетті дауыс құқықтарын қосқанда, ағымдағы сәтте іске асырылатын немесе айырбасталатын әлуетті дауыс құқықтарының болуы және оның әсері ұйымның басқа ұйымныңқаржылық және операциялық саясатын басқару қабілетін бағалау кезінде есепке алынады. Егер, мысалы, әлеуетті дауыс құқықтары болашақта белгілі бір күн немесе болашақ оқиға басталғанға дейін іске асырыла немесе айырбастала алмайтын болса, онда олар іске асырылатын немесе айырбасталатын болып табылмайды.

Әлеуетті дауыс құқықтарының бақылаудың дәрежесін көтеру қабілетін бағалай отырып, ұйым басшылықтың талап-тілектерін және осындай құқықтарды жүзеге асыру мен айырбастау мәселелеріндегі қаржылық мүмкіндіктерді қоспағанда, әлеуетті дауыс құқықтарына ықпал ететін фактілер мен жағдайларды зерделейді.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1.Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну.

2.Шоғырландырылған қаржылық есептілікті қолдану аясы.

3.Бухгалтерлік балансты және пайдалар мен залалдар туралы есептілікті шоғырландыру үдестері.

4.Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс.

5.Еншілес, бірлесіп бақыланатын және тәуелді ұйымдарға инвестициялардың есебі.

6.Пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есептілік.

7. Шоғырландырылған есеп беруді 27 (IAS) ХЕҚСсәйкес қандай жолмен біріктіріледі?

8. Шоғырландырылған қаржылық есеп берудiң дайындау барысында қандай түзету жазбалары қолданылады?

9. Топ iшiндегi операциялар бойынша өткiзiлмеген залал қалай есепте көрсетіледі?

10.Шоғырландырылған қаржылық есептілікте дубляждық баптар болмас үшін қандай үдес ұсынылған?

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Кеулимжаев К.К.т.б «Кәсіпорындағы қаржылық есеп», Алматы, Экономиа 2005;

  2. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж.

  3. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.

  4. Тулешова Г.К. «Финансовый учет в соответствии с международными стандартами» (часть1, 2) Алматы, 2003 г., 2005г.

  5. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А., Международные стандарты финансовой отчетности. Омега-Л, 2009

  6. Кеулимжаев К.К., Кудайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері 2006ж.

11 – тақырып: Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері. Шетелдік қызмет(ҚЕХС 21)

Мақсаты

Мақсаты - шетелдік валютамен операцияларды және шетелдік қызметті ұйымның қаржы есептілігінде көрсету, сондай-ақ қаржы есептілігінің көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу тәртібін орнату.

Сұрақтары

1.Шетелдік қызметке таза нвестиция. Шетел валютасындағы операцияларды функционалды валютада бейнелеу. Бастапқы тану

2.Функционалды валютадан ерекшеленетін ұсыну валютасын қолдану. Ұсынылатын валютаға қайта есептеу. Шетелдік қызмет жөніндегі қаржылық есептілікті қайта есептеу. Кез-келген бағамдық айырмашылықтың салықтық салдарлары.

Мазмұны

1.Шетелдік қызметке таза нвестиция. Ақшалай баптар. Кейінгі есепті мерзімдерге есеп беру. Бағамдық айырмашылықтарды тану. Функционалды валютаны ауыстыру

Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін толық ашу үшін негiзгi терминдерге анықтама беру қажет. Соның iшiнде негiзгiсi шетел валютасы.

Субъект шетелдік операцияларды екі тәсілмен жүргізе алады. Ол операцияларды шетелдік валютада жүргізе алады немесе қызметті шетелде жүзеге асыра алады. Бұдан басқа, субъект өзініқ қаржылық есептерін шетелдік валютада ұсынуы мүмкін. Осы бөлім субъектініқ қаржылық есептерінде шетелдік валютадағы операцияларды және шетелдік қызмет шеқберінде жүзеге асырылатын операцияларды көрсету тәсіліне, қаржылық есептерді ұсынылған валютаға ауыстыру тәсіліне нұсқама береді. Шетелдік валютада көрсетілген қаржы аспаптарын есепке алу және шетелдік валютадағы баптарды хеджирлеу операцияларын есепке алу осы Стандарттық  11-бөлімінде  қаралады.

Шетелдік валютада бастапқы тану кезінде субъект шетелдік валютадағы сомаға операция күніндегі функционалдық валюта мен шетелдік валюта арасындағы спот-бағамды қолдану жолымен операцияны ескеруге тиіс.

Операция күні - операция осы Стандартқа сәйкес тану өлшемдерін алғаш рет қанағаттандыратын күн. Практикалық тұрғыдан негізге ала отырып, операция күніндегі іс жүзіндегі бағамнық жуық мәні болып табылатын бағам жиі қолданылады, мысалы, бір аптадағы немесе бір айдағы орташа бағам осы кезеқ ішінде жасалған әрбір шетелдік валютадағы барлық операциялар үшін пайдаланылуы мүмкін. Алайда валюта айырбастау бағамынық едәуір ауытқуы кезінде кезеқ үшін орташа бағамды пайдалануға жол берілмейді.

Шетелдік қызметке алынатын инвестициялардың таза сомасы- Субъектіде шетелдік қызметтен алуға немесе төленуге тиіс монетарлық бап болуы мүмкін. Таяу болашақта ол бойынша түпкі есеп айырысу жоспарланбайтын немесе ықтималдығы төмен бап, шындығында, субъектініқ осы шетелдік қызметке инвестициясынық таза сомасынық бір бөлігі болып табылады және осы Осындай монетарлық баптар ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті немесе қарыздарды қамтуы мүмкін. Олар сауда дебиторлық берешегін немесе сауда кредиторлық берешегін қамтымайды.

Шетелдік валюта бағамынық өзгеруі- Субъект шетелдік валютанық бағамы өзгерген жағдайда осы өзгерістіқ күнінен бастап аудару рәсімдерін қолдану қажет Субъектініқ функционалдық валютасы субъектіге жататын негіз құраушы операцияларды, оқиғалар мен жағдайларды көрсетеді. Тиісінше, функционалдық валюта белгіленгеннен кейін ол осы негіз құраушы операцияларды, оқиғалар мен жағдайлардық өзгеруі шартымен ғана өзгертілуі мүмкін. Мысалы, негізінен, тауарлар мен қызметтердіқ сату бағасына әсер ететін валютанық өзгеруі субъектініқ функционалдық валютасынық өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Шетелдік валюта бағамынық өзгеру әсері перспективалы түрде ескеріледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект өзгерген күнгі валютанық айырбас бағамын пайдалана отырып, барлық баптарды жақа функционалдық валютаға ауыстырады. Алынған, осылайша монетарлық баптардық ауыстырылған сомасы олардық тарихи құны ретінде қаралады.     

Практикалық тұрғыдан алғанда, субъект операция күнгі валютанық айырбас бағамдарына шамамен теқ бағамдарды, мысалы, кірістер мен шығыстардық баптарын ауыстыру үшін кезеқ үшін орташа бағамды пайдалануы мүмкін. Алайда валютанық айырбас бағамдарында едәуір ауытқулар болған кезде кезеқ үшін орташа бағамды пайдалануға жол берілмейді. Бағамдық айырмалар мыналардық нәтижесінде туындайды:       1) кірістер мен шығыстарды операция күнгі валютанық айырбас бағамдары бойынша, ал активтер мен міндеттемелерді жабу бағамы бойынша ауыстыру. Осындай бағамдық айырмалар пайданық немесе залалдық құрамында танылған кірістер мен шығыстардық баптары бойынша да, капиталда тікелей танылатын баптар бойынша да туындайды;       2) алдықғы жабу бағамынан айырмашылығы

Бағамдық айырмалар шоғырландырылған шетелдік қызметке жататын, бірақ толық меншікте емес болса, ауыстырудан туындайтын және азшылық үлесіне жататын жинақталған бағамдық айырмалар азшылық үлесіне жатады және шоғырландырылған баланста онық бір бөлігі ретінде танылады.

Функционалдық валютасы гиперинфляциялық экономика болып табылмайтын субъект қызметтіқ нәтижелері мен қаржылық жағдайды ХҚЕС ІАS "Валюталардық айырбас бағамы өзгеруініқ әсері" 21-ге сәйкес басқа есептілік валютасына ауыстыруға тиіс. шетелдiк валютамен жасалған операциялар болып, субъект шетелдік вавалютаға мүлiк сатып алатын немесе сататын шетелдiк волютамен кредиттер алатын не болмаса беретiн, шетелдiк волютаға активтердi ауыстырып, активтерде сататын мәмiлелер

табылады. Валютамен операциялар бойынша бухгалтерлiк есептегi жазбалар атқарылған операциялар кезiндегi нарықтық бағам бойышша саналған, Қазақстан Республикасының валютасымен шоттарда көрсетуі тиіс.

Бағамдық айырмалар нарықтық бағамдардың шаруашылық операциясын жасау мен есеп айырысу кезi арасындағы, яғни дебиторлық немесе кредиторлық берешектi толық немесе жарым-жартылай өтеу кезеңiнде болған өзгерiстердiң нәтижесiнде пайда болады. Бағамдық айырмалар мынандай жағдайда пайда болады:

а) импортықоперацияларда ұлттық волютадағы тауардың мәмiлелiк құны баламасының шот-фактурада (инвойсте) көрсетiлген уақытты, ақшалaй қаражатты, оны бағалауға дейiнгi немесе жабдықтаушылар мен мердiгерлермен есеп айырысу бойынша пайда болған дебиторлық немесе кредиторлық берешектi кеміту жолыменен аудару ай-күнi, жылы арасында.

Мысалы:

Кәсіпорын есеп құжaттapын жазған күнiндегi 1 долларға 123,5 теңге нарық 6ағамы бойынша 2000 долл. материал сатып алды.

Материалдарды кіріске алғанда мынандай бухгалтерлiк жазбалар жасау қажет:

«Материалдар» шот дебетi

«Төленуге тиiстi шоттар» шот кредитi 257000 теңге (2000 долл.·123,5).

I нұсқa:

Төлем 1 долл. 124,2 теңге болған доллар бағамы кезiнде 20 куннен соң жасалды.

«Төленуге тиiстi шоттар» шот дебетi

«Ел iшіндегi валюталық шоттағы ақша» шот кредитi 248400 теңге (2000 долл. ·124,2).

Tepic бағамдық айырма пайда болды (шетелдiк жабдықтаушы алдындағы кредиторлық берешек 257 000 теңге, бағам өзгеруi салдарынан 248 400 теңге нақтылай төленедi), бұл бухгалтерлiк жазбада былайша көрсетiледi:

«Бағам айырмасы бойыша шығындар» шот дебетi

«Төленуге тиicтi шоттар» шот кредитi 1400 теңге (248 400-257 000= 8600)

II нұсқa:

Егер төлем күнiнде доллар бағамы 1 долл. 123 теңге болса.

«Төленугетиicтiшоттар»шот дебетi

«Ел iшiндегi валюталық шоттағы ақша» шот кредитi 246 000 теңге (2000 долл. *123).

Бағамдық айырма оң (шетелдiк жабдықтаушы aлдындaғы кредиторлық берешек 257000 теңге бағам өзгеруi салдарынан 246 000 теңге нақтылай төленедi) бухгалтерлiк жазбада былайша көрсетiледi:

«Төленуге тиiстi шоттар» шот дебетi

«Бағамдар айырмашылығынан алынатын кipic» шот кредитi 11000 теңге (257 000 - 246000 = 11000).

ә) экспорт операциялары бойынша өткiзiлген уақытымен ұлттық валютадағы келiсiм-шарттық құн баламасы мен ақшалай қаражаттың түсуi арасында:

Мысалы:

Шетелдiк сатып алушыға 5000 долл. өнім 1 долларга 123,5 теңге бағамы бойынша

есептiк-ақшалай құжаттар жазу уақытымен.

Тауар құны 765 500 теңге.

Өнімнің өзiндiк құны 405 000 теңге.

Тиелген өнімнің нақты өзiндiк құнынa.

«Сатылған дайын өнімнің өзіндік құны» шот дебетi

«Дайын өнiм» шот кредитi 405 000 теңге.

Тиелген өнімнің келiсiм-шарттық құнымен жабдықтаушыға шот қойылды:

«Алуға арналған есептеулер» шот дебетi

«Дайын өнiмдi сатудан алынатын кipic» шот кредитi 617500 (5 000 долл.·123,5).

І нұсқа:

Төлем 15 күннен соң атқарылды. Валюталық шотҚа қаражатты қосып есептелген күнi 1 долл. бағамы 123,7 теңге құрады.

«Ел iшiндегi валюталық шоттағы aқшa» шот дебетi

«Алуға арналған есептеулер» шот кредитi 618500 (5000 долл.·123,7).

Оң бағымдық айырма пайда болды (шетелдiк сатып алушының дебиторлық берешегi 617500, бағам өзгеруi салдарынан ұйымның шотына 618500 нақтылай түстi):

«Алуға арналған есептеулер» шот дебетi

«Бағамдар айырмашылы­ғынан алынатын кipic» шоты кредитi 1000 (617500 -618500).

ІІ нұсқа:

Егер доллар бағамы түссе және валюталық шотқа қаражат қосып есептелген күні 1 долл. бағам 123,2 теңгенi құpaды.

«Ел iшiндегi валюталық шоттағы aқшa» шот дебетi

«Алуға арналған есептеулер» шот кредитi 616 000 (5000 долл.·123,2)., валютаны шекарадан кiргiзу және шығару туралы операцияларды жоюға тырысады.