Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МСФО.doc
Скачиваний:
106
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
415.74 Кб
Скачать

6.Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Кеулимжаев К.К.т.б «Кәсіпорындағы қаржылық есеп», Алматы, Экономиа 2005;

  2. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж.

  3. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.

  4. Тулешова Г.К. «Финансовый учет в соответствии с международными стандартами» (часть1, 2) Алматы, 2003 г., 2005г.

  5. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А., Международные стандарты финансовой отчетности. Омега-Л, 2009

  6. Кеулимжаев К.К., Кудайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері 2006ж.

6 – тақырып: Ұйымның міндеттемелерінің есебі

Дәріс мақсаты Міндеттемелердің түрлері бойынша оларды тануды, бағалауды, есепке алу мен құжаттауды меңгеру.

  1. Міндеттемелер туралы түсінік және операциялардың жіктелуі.

  2. Қаржылық міндеттемелер

  3. Салық міндеттемелері

  4. Міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер

  5. Кредиторлық қарыздардың есебі

  6. Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі

1.Міндеттемелер - өткен кезеңдер оқиғаларының нәтижесінде пайда болатын және оларды реттеу кәсіпорын, экономикалық тиімді ресурстарының шығуына әкеліп соқтыратын субъектілерінің берешек қарыздары.

Уақытша немесе төлеу мерзімі бойынша міндеттемелер:

  1. Ұзақ мерзімді

  2. Қысқа мерзімді

Қысқа мерзімді міндеттемелер келесідей жағдайларға болып жіктеледі:

  1. егер де оларды өтеу субъектісінің бір операцияларының есеп циклінің ішінде орандалады.

  2. міндеттемелерді өтеу есепті кезеңі басталса, 12 айдың ішінде орындалатын болса.

Ұзақ мерзімді міндеттемелерге төлеу мерзімі бір жылдан асатын міндеттемелер жатады; оларға жататындар:

  1. Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер

  2. Ұзақ мерзімді кредиторлық карточкалар

  3. Ұазақ мерзімді бағаланушы міндеттемелер

  4. Кейінге қалдырылған салықтар

  5. Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер

2 Қаржылық міндеттемелер

Белгілі бір келісім шарттарының негізінде пайыздар төлеу немесе ақша қаражаттарын қайтару бойынша қабылданған міндеттемелер қаржылық міндеттемелер деп аталады. Бұл міндеттемелердің есебін жүргізу үшін

3000 – шот арналған қысқа мерзімді несиелер

4000 – Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер орналастыру үшін шот арналған.

Банк несиелер – басқа мақсаттар үшін банктен алынған несиелер.

Бұл міндеттемелердің есебі:

3010 – Қысқа мерзімді банк несиелері

4010 – Ұзақ мерзімді банк несиелері

шоттарына есепке алынады. Құрлымы жағынан бұл шот пассивті.

Қысқа мерзімді алынған несиелер – 3020

Ұзақ мерзімді алынған несиелер – 4020 шоттарына есепке алынады.

Ұзақ мерзімді несиелер алынған кезде 4010, 4020, 4050 шоттарына тұратын сомалар біздің алдағы уақытта төлеуге тиісті міндеттемелерді білдіреді, ал есептеу принципіне сәйкес, әр жылдың міндеттемелері тиісті жылдың қаржылық есебінде бөліп көрсетілуі тиіс. Осы ағымдағы міндеттемелерді есепке алу үшін, 3040 шот арналған.

Басқа да қаржылық міндеттемелерде жоғарыда аталған міндеттемелердің басқа қаржылық міндеттемелерге жатқызамыз. Мысалы, шығын облигациялары немесе тағы да басқа құнды қағаздар болса немесе берілген вексельдер.

Егер вексель берсек міндеттемелер.

Егер алсақ дебиторлық борыш пайда болады.

Бұлардың есебін жүргізу үшін 3050, 4030 шоттар арналған. Олар пассивті. Бұл міндеттемелердің есебіне де төленетін пайыздар болса, міндеттеме бөлек көрсетіледі, егер де ұзақ мерзімді болса, міндеттемелердің ағымдағы бөлігі 3040 шотында бейнеленеді.

Дивидент – акция иелерінің алуға тиісті пайыздық табыстарды, егер де кәсіпорын ағымдағы жылдық табысты аяқтаса, жыл соңында өздерінің таза табысының мөлшерінен дивидент жарияланады.

Дивиденттер бойынша міндеттемелердің есебі 3030 шотта есепке алынады және қысқа мерзімді міндеттемелер болып табылады.