Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_2117 Маха Шолпанова 1.doc
Скачиваний:
59
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
343.55 Кб
Скачать

5.Аудиттің бағдарламасы мен әдістері

Ғылым саласында зерттеу, оның шындықты анықтау үшін ғылым тану жолын оның ғылыми әдістері деп атайды. Негізінде ғылым тану әдістері қандай бір ғылым саласында болмасын арнайы ғылым тану құралы ретінде қолданылады. Әрбір ғылым саласының ерекшелігіне сәйкес оның әдістерінің де өзіндік айырмашылығы болады. Сонда да болса жалпы ғылыми даму ағымында теориялық тұрғыдан философиялық анықтама бойынша барлық ғылым саласына бірдей әмбебап әдіс-ол диалектикалық әдіс деп танылған. Диалектикалық әдістің негізі –табиғаттағы экономикадағы құбылыстың барлығы өзара байланысты деп зерттеп қарастыруында. Себебі, диалектикалық әдіс өмірдегі барлық құбылысты өзара объективтік заңдылықпен байланыста екенін негізгі алуында. Сондықтан да диалектикалық әдіс қандай ғылым саласы болса да оның ғылыми методологиясының негізін құрайды. Аудит, экономика ғылым саласына қосылады, оның даму барысында қоғамға қажет жетістіктерін пайдалану үшін аудитке тән ғылыми әдістер тобы оның методологиясын анықтайды, олар өз кезегінде жалпы методология және жеке методология болып бөлінеді. Аудиттің жеке әдістемесі диалектика принциптері мен жалпы ғылыми теориялық зерттеу заңдылықтарынан құралады. Аудиттің жеке методологиясы барлық ғылым саласына тән әдістер тобынан құралады; олар: талдау және топтау, индукция және дедукция, бақылау, салыстыру, өлшеу. Осы аталған әдістердің барлығы философиялық гнесология теориясы бөлімінде толық, жан-жақты қарастырылған. Анализ –ғылыми зерттеу әдісі оның негізгі объектісі соның құрамына, бөлшегіне жекелеп мазмұны, мағынасын анықтап, өз тегінде тұтасты құрайтын әр бөлшек жеке талдауға жататын құрамға айналады. Синтез (топтау, біріктіру, қорытындылау) ғылыми-зерттеу әдісі оның негізі зерттеу объектісімен құрамының арасындағы өзара байланысына талдау жасап мазмұны, мағынасына анықтау жасап қорытындылайды.

Аудит процесінде анализ және синтез аудит объектісіне осы әдістер арқылы талдау жүргізу үшін қажет. Осы әдістердің ерекшеліктеріне сәйкес талдау объектісінің жекелей және атаулы түріне де талдау жасап оның мазмұны, мағынасын анықтауға болады. Аудит барысында шаруашылық субъектілерінің қаржылық табыстық көрсеткіштерін талдау үшін дедукция –индукция әдісі қолданылады. Аудитор ақша қаражаттарының аудитінде банктік операцияларында көп көңіл бөлу керек. Аудиторлық тексерудің осы этапынан банктегі ақша қаражаттары шоттарындағы операцияларындағы заңдылығы, сенімділігі және шаруашылық орындылығын тексеру керек.

Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың аудитінде келесілерге көңіл аудару қажет.

  • Есеп айырысу шоты қай бөлім мекемесінде ашылған;

  • Банктің көшірмедегі сомалардың алғашқы құжаттардың сомаларға сәйкес келуін;

  • Көшірмелерге тіркелген алғашқы құжаттарда банктік мөрі соғылған ба;

  • Банкке қолма-қол тапсырылған қаражаттардың дұрыс және толық есепке алғандығын;

  • Акцептелген төлем тапсырмалары бойынша ақша қаражаттарын пошта байланыс бөлімдері арқылы жіберудің негізделуі;

  • Банктегі операциялар бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын;

  • банк көшірмесінде көрсетілген жазулардың 1040 шот бойынша №2 журнал –ордердегі, №2 ведомостегі және бас кітаптағы жазылған жазулармен сәйкестігі;

  • банктік көшірмелердің толықтығы мен анықтылығын тексеру.

Аудитор тексеріс құжаттарының жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылығы, бағасы көрсетіліп жүргізіледі.

Жол үстіндегі ақша қаражаттарының түгелдеу осы шотта тұрған сомаларды, банк мекемелері, байланыс бөлімшелері берген квитанцияларының деректері мен бірге түсіріледі. Өткізу кезінде банк инкасаторларына түсімді өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде, бас ұйымға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалары мен қатар олардың мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшенің аты, атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме (авизо) деректермен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады. Аудитор банктерде есеп айырысу шоттарыда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, ұйым бухгалтериясының деректері бойынша берліген деректермен салыстырып тексереді.

Аудитор ұйымның есеп айырысу шоттарын жіктеу мен жинақтау шоттарын және де алғашқы бухгалтерлік құжаттармен банк құжаттары сәйкестігін тексереді.

Ақша қаражаттарын және құнды қағаздарды қатаң есеп беру бланкілерін түгендеу олардың қалдықтарымен салыстыру арқылы жасалады.

Ақша қаражаттарының және құнды қағаздардың артық шыққан сомалары кіріске алынды:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]