Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_2117 Маха Шолпанова 1.doc
Скачиваний:
59
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
343.55 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………...................................................3

1.Ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру…………….............................4

2.Кассадағы ақша қаражаттарының аудиті.... ……………..............................13

3.Ағымдағы, корреспонденциялық шоттағы қолма-қол ақша есебі...............16

4.Аудиттің маңызы мен мақсаты..............…………............................……......26

5.Аудиттің бағдарламасы мен әдістері..............................................................28

6.Ақша қаражаттарының аудиті…………….....................................................30

Қорытынды………………………..…………..................………………...…......35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………...........................37

1 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1 Ақша қаражаттары есебі мен аудитінің мәні мен міндеттері 7 1.2 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы 8 1.3 Касса мен ағымдық шоттағы қолма-қол ақшаның есебі 16 2 КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ 2.1 Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы 24 2.2 Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау 42 2.3 Ақша қаражаттары есебінің ұйымдастырылуы 47 3 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ АУДИТІ 3.1 Кассадағы ақша қаражаттарының аудиті 52 3.2 Ағымдық шоттардағы іс-әрекеттер аудиті 57 3. 3 Ақша қаражаттарының есебін жетілдіру бағыттары 59

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы “Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаментінің №4 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп” деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: “Ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі” осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттарымен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: “Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есептегі кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында тапсырады” делінген.

Ұйымдардың өздеріне қажетті проблемаларды шешуде, өз қажеттілігін толық қамтамасыз етуге, кезекті шикізаттар мен материалдарды сатып алуға ақша қаражаттар есебінің атқаратын қызметі өте жоғары. Осы тұрғыдан қарастырғанда курстық жұмыстың өзекті екендігі байқалады.

Өндіріс салаларын жетілдіру, шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру, ішкі резервтерді анықтау басқару жүйесін арттыруға әсерін тигізеді. Дәлірек айтқанда, дұрыс шешім қабылдау басшының еңбегінің «өнімі» болып табылады. Бұл «өнім»- өзгеше өнім. Өйткені, біріншіден қабылданатын шешімдер ұйымның дамуына көмектеседі. Екіншіден, шешімді дұрыс қабылдау ұйымның жұмысшылары мен қызметкерлерінің еңбекқорларын көбейтуге әсерін тигізеді. Үшіншіден, ақша қаражаттарының өсуіне, қаржы тұрақтылығына көмектеседі. Осы тұрғыдан алғанда, ақша қаражаттарын дұрыс пайдаланып, оның өз орнымен жұмсалуына бухгалтерлік есеппен аудиттің орны ерекше. Сондықтан да ақша қаражаттары есебі шын аудиттің негізгі мақсаты ұйымның ақша қаражаттарын өндіріс процесінде дұрыс пайдалану, кен жабдықтарымен, бюджетпен мезгілінде есептесіп, ысырапсыз жұмсау. Осы айтылған міндеттемелерді іске асыруды бухгалтерлік есептің атқаратын орны бөлек болып есептелінеді. Осыған орай негізгі мәселелері болып ақша қаражаттарының есебін дұрыс ұйымдастыру және олардың дұрыс бағытта жұмсалуын қадағалау.

Осы айтылғандарды іске асыру үшін бухгалтерлік есептің алдында төмендегідей міндеттердің орындалуын қажет етеді:

  • ақшалардың түсуін және жұмсалуын берілген тәртіп бойынша қатаң түрде сақтау қажет;

  • ақша қаражаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

  • ақша қаражаттарының уақытылы және толық түрде кіріске алынуын қамтамасыз ету;

  • ақша қаражаттарының есепте дұрыс көрсетілуін бақылау қажет;

  • ақша қозғалысы туралы есептіліктің мезгілінде жасалуына әсерін тигізу.

Нарық экономикасының даму кезеңінде және басқару жүйесін жақсартуда бухгалтерлік есеп пен аудиттің ролдері арта түсуде. Сонымен ақша қаражаттарын дұрыс пайдалану маңызды роль атқарады, әсіресе ұйымдарда бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу, қажетті құжаттарды мезгілінде толтыру, төлеу тәртібін бақылау, қаржылық ресрустарды анықтап оны тиімді пайдалану. Қаржының нығаюы, пайданың өсуі ұйымның қаржы төлеу қабілеттілігін арттырып, уақытында жұмысшылармен, қызметкерлермен, бюджетпен, жабдықтаушылармен, тапсырыс берушілермен есептесуге көмектеседі. Салыстырып келгенде, бір жағынан бухгалтерлік есеп-ұйымның ақпарат жүйесінің бір бөлігі, екінші жағынан жұмыстарды жоспарлау мен шешім қабылдау үшін басшыны қажетті ақпараттар мен қамтамасыз ету, үшіншіден, жедел түрде басқару мен бақылауға көмек беру.

Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржыларымен есеп-айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізумен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

  1. Ақшамен есеп айырысудың операцияларын толық және уақытылы, дер кезінде есептеу.

  2. Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және олардың дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.

  3. Есеп айрысу, төлеу тәртібін бақылау, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығыстарын дұрыс есептеу.

Осы курстық жұмысты жазу барысында алдыма қойған негізгі мақсатым бухгалтерлік есеп пен аудиттің бағыттары мен қазіргі кездегі мәселелерін зерттеу және баяндау. Ақша қаражаттарының есебі ұйымның өндірістік бағдарламасының жоспарын орындауға әсерін тигізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]