Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_2117 Маха Шолпанова 1.doc
Скачиваний:
59
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
343.55 Кб
Скачать

Төлем талап тапсырмалары арқылы есеп-айырысу.

Төлем талап тапсырмасы төлем жасаушының қызмет көрсететін банкіне жіберілген есеп айырысу және тиеу құжаттарының негізінде келісім-шарт бойынша жөнелтілген өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің құнын төлеу туралы жабдықтаушының сатып алушыға талабын білдіреді. Төлем талап тапсырмаларын төлем жасаушы банкке жазып, жабдықтаушының банкіне тізімдемемен бірге төрт дана етіп береді. Жабдықтаушының банкі барлық реквизиттердің толық толтырылғанын тексеріп, талап-тапсырманы сатып алушының банкіне жібереді, екінші данасы жабдықтаушыға қайтарылады. Сатып алушының банкі талап-тапсырманы алған соң, оны тіркейді, барлық даналарға алынған күнді қойып шығады (жоғарыда оң жақта) және оны төлем жасаушыға келісімін алу үшін береді.

Төлем талап тапсырмасын толық немесе ішінара төлеуге келіскенде төлем жасаушы барлық даналарға шотқа билік жүргізуге уәкілеттілігі бар адамдардың қолын қойғызумен және мөр басумен рәсімдеп, оны қызмет көрсетуші банкке өткізеді, олардың:

біріншісі – төлем төлеушінің шотынан қаражатты есептеп шығару үшін негіз болады жғне операция жүргізілгеннен кейін банк құжаттарына тігіледі;

екіншісі – жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкке жіберіледі;

үшіншісі – тиеу құжаттарымен бірге тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге және есепке қабылдануына болатындығын растайтын қолхат ретінде төлем жасаушыға қайтарылады.

Төлем жасаушы банкке белгіленген нысанадығы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы бланктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын ғрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойлып, штамп басылып қайтарылады.

Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:

  • төлем тапсырмасының нөмірі;

  • төлем тапсырмасының жазылған күні;

  • жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК);

  • жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;

  • бенефициардың коды (БК немесе КБЕ) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОД) – бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады:

біріншісі- резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;

  • бенефициар – аудару жасалғанкезде ақша қаражатын алушы;

  • банк алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен жайы көрсетіледі;

  • бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;

  • жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген идентификацияланған банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) – филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);

  • төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үшін символдан (белгілерден) тұрады;

  • бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;

  • валюталанған күні – ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.

Төлем құжатына кез-келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.

Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен, ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.

Мерзімінен бұрын немесе мерзімінен кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында талаптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.

Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына, х-жалақы төлеуге арналған, банк мекемелеріне аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс ұйымдары ұйымдарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.

Чектермен есеп-айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлнеді. Бірінші – депозиттермен қамтылған, ал екінші – қамтылған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкті белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқықығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан “бүлінген” деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.

Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.

Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай көріністер анықталса:

  • егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;

  • чектің мерзімі өтіп кетсе;

  • төлем құжаттарында жасанды жазулардыңбелгілері бар болса (немесе түзетулер бар болса);

  • чек әр түрлі қолмен және әр түрлі сиямен жазылған болса;

  • чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен ем болмауы керек);

  • чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;

  • чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;

  • чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;

  • чектің басқа да дефектілері бар болса.

Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жызылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуі тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:

біріншісі – банкте қалса;

екіншісі – көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;

үшіншісі – Клирингтік палатаға беріледі;

төртіншісі – чекті беруші банкке беріледі.

Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.

Жиынтық талаптар арқылы есеп айырысу.

Көлік ұйымдарының тапсырыс берушілермен (жүк жөнелтушілермен немесе жүк алушылармен) жүк тасмалдағаны үшін, сондай-ақ көліктік-экспедициялық қызмет көрсетулері үшін орталықтандырылған есеп айырысулары жиынтық талаптар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Айыппұлдар жөніндегі сома жиынтық талапқа енгізілмеуге тиіс. Көлік қызметіне тапсырыс жасаушыларға қызмет көрсетуші банк мекемесі тиісті шоттан қаражаттың депоненттелгенін, көлік ұйымдарының қызметіне ақы төлеу тапсырыс берушінің тиісті шотынан бұл шотта уақытша қаражат болмаған кезде банктің кепілділігінің жүзеге асырылғандығын куәландыратын кепілділікті анықтама береді. Анықтаманың күшінде болу мерзімі тараптардың келісім-шартымен айқындалады.

Өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу.

Өзара талаптар мен міндеттемелерге негізделген есеп-айрысулар деп борышкерлер мен несие берушілердің бір-біріне қойылған талаптары мен міндеттемелері тең сомада өтелетін және осы талаптар мен міндеттемелердің арасындағы айырмаға ғана төлем жасалатын нақты ақшасыз есеп-айырысулар жатады. Өзара талаптарды есепке алу бойынша есеп-айырысуларды банктер субъектілердің өтініші бойынша нақты тиелінген немесе босатылған тауарлы-материалдық құндылықтар және негізгі қызметі бойынша көрсетілген қызметтер үшін жүргізеді.

Аударма вексель ақы төлеу үшін ұсынғанда, ұсынылғаннан кейін белгілі бір уақытта, вексель жасалғаннан кейін белгіленген бір күнде берілуі мүмкін. Тағайындалған өзге мерзімдер немесе төлемнің бір ізді мерзімдерін қамтитын аударма вексельдер жарамсыз болып табылады. Аударма вексель ұсынған мерзімінде төленуі тиіс. Ол жасалған күннен бастап бір жылдың ішінде төлем жасауға ұсынылуы мүмкін. Вексель беруші аудармалы вексельде төлемге ұсынылатын мерзім белгіленуі мүмкін, бірақ белгіленген мерзімнен бұрын төленуін талап етуге болмайды.

Мерзімі белгілі бір күнге немесе бір уақытқа белгіленген аударма вексельді ұстаушы вексельді төлеу күнінде, не келесі екі жұмыс күнінің бірінде ұсынуға тиіс. Аударма вексельді есеп-айырысу палатасында ұсыну төлемге ұсынғанымен бірдей болып есептелінеді.

Егер аударма вексель төлем жасау орнында жүрмейтін валютада жасалса, онда оның сомасы жергілікті валютада төлем мерзімі келген күніндегі бағам бойынша жергілікті валютамен төленеді. Егер борышкер төлемнің мерзімін өткізіп алса, онда вексель ұстаушы өз қалауынша аударма вексель сомасын жергілікті валютада төлеу мерзімі келген күнгі бағаммен төлеуді талап етеді.

Вексель ұстаушылар индосанттарға қарсы тұрған регрестерге өз құқығын төлем мерзімі жеткен кезде де және одан бұрын да сата алады.

  1. акцептен толық немесе ішінара бас тартқан орын алса;

  2. егер де төлем жасаушы вексельді акцептегіні немесе акцептемегеніне қарамастан банкрот деп алынған болса, онда төлем жасауды тоқтатады, тіптен оның жағдайын сот анықтамаса да немесе оның мүлкінен өтем алу нәтижесіз болмаған жағдайда;

  3. вексель беруші ацепте жатпайтын, вексель бойынша банкрот деп танылған жағдайда.

Вексель бойынша жасалатын төлем мен акцепт үшін жауапты тұлғаға регрестік талабы (иск) вексель бойынша мерзімінен кешіктірілмей ұсынылуы мүмкін.

Акцепт немесе төлемнен бас тарту факті куәландыратын актімен расталады.

Акцептемеу қарсылық акцептке ұсыну үшін белгіленген мерзімдерде жасалуы керек. Акцептеуге қарсылық білдіру төлемге ұсынудан және төлем жасамауға тағы да басқаша қарсылық білдіруден босатылады. Бірақ бұл қарсылық алдын-ала тіркеуден өте керек, онсыз оның күші болмайды.

Егер төленуге жататын аударма вексельдің ісі ойындағыдай еместігі байқалса, тіпті оның үшінші адам арқылы өтелуі бола тұрса да, немесе төлем жасаушы басқа жерде тұрып, өзінің тұрған жерінен төлем жасауға тиісті бола тұрса да, немесе белгілі бір уақыт өткен соң, яғни ұсынылған кезде төленуге жататын вексель болса да, оның акцептелуіне тыйым салынады.

Төлем жасаушы оның вексельді акцептелуіне немесе акцептемегеніне қарамастан банкрот деп танылғанда, сондай-ақ вексель берушіні акцептеуге жатпайтын вексель бойынша банкрот деп танылған жағдайда, вексель ұстаушының өз құқықтарын жүзеге асыруы үшін оның банкрот деп танылғаны туралы сот шешімін ұсынуы керек.

Вексель ұстаушы өзінің индоссантын және вексель берушінің акцептемеу немесе төлем жасамайтыны туралы қарсылық білдірген күннен кейінгі төрт жұмыс күнінің ішінде “шығынсыз айналым” деп хабарланған жағдайда, онда оның қабыл алынуы мүмкін. Әрбір индоссант хабарлама алған күннен кейінгі екі жұмыс күнінің ішінде алдыңғы хабарламаны жібергендердің аттары мен мекен-жайларын көрсете отырып, өз индоссатына одан әрі вексель берушіге алынған сәттен бастап жүре бастайды.

Акцептемеу немесе төлем жасамау туралы қарсылық белдірген жағдайда нотариус бұл туралы вексель бойынша міндетті барлық адамдарға вексельдегі не қарсылық білдіруді талап еткен адамдардан алынған мекен-жайларға сәйкес жазбаша хабарлама жібере отырып, оларға ескерту жасайды. Мұндай хабарлама жөніндегі шығыстар қарсылық жөніндегі шығындарға қосылады.

Вексель беруші индоссант немесе авальшы құжатқа енгізілген және қол қойылған “шығынсыз айналым”, “қарсылықсыз” деген немесе басқадай мағыналас сөздар арқылы вексель ұстаушыны оның регресс, акцептемеуге немесе төлем жасамауға қарсылық білдіру құқығын жүзеге асырудан босатады. Бірақ вексель беруші енгізген ескертуге қарамастан, вексель ұстаушы қарсылық білдірсе, онда қарсылық бойынша қажет шығындар өз қолдарын қойған барлық адамдардан талап етеді. Аудару векселін беруші, акцептеуші, индосаттаушылардың барлығы немесе онда аваль қоюшылар вексель ұстаушының алдында барлығы бірдей міндетті болып табылады. Вексель ұстаушы осы адамдардың әрқайсысына жеке-жеке және барлығына бірдей талап қоюға құқылы.

Вексель ұстаушы өзі талап қойған адамнан мыналарды: аударма вексельдің акцептелмеген немесе төленбеген сомасын, пайызымен қоса, егер олар белгіленген болса, вексель сомасына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша өсім сомасын ала алады, қарсылық білдіру бойынша шығындарын хабарлама жіберген кезінен бастап талап ете алады. Бұған қоса талап қойған вексель ұстаушы талап қою сомасына вексель сомасының 0,01 пайызы мөлшерінде коммисиондық шығындарын да енгізе алады. Егер талап төлем мерзімі басталғанға дейін қойылса, онда вексель сомасынан есептік пайызы бойынша ұсталады. Бұл есептік пайызы вексель ұстаушы тұратын жердегі талап қойылған күнгі, ресми есептік мөлшермесі бойынша есептеледі.

Аударма вексельге ақы төленген тұлға оның алдында жауап беретін тұлғалардан мыналарды:

  • өзі төлеген барлық сомасын;

  • аталған сомасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің пайыздары;

  • өзі төлеген шығыстарды талап ете алады;

Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды және жеке тұлғалар жай және аударма вексельді өзара есеп-айырысуда пайдалануға құқылы, бұл ретте ол тиісті шартта көзделген және “Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы” заңға қайшы келмесе болғаны.

Байланыс мекемелері инкассаға қабылдаған вексельдерді жөнелту тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісе отырып, шығарылған нормативтік құқықтық актілермен және байланыс, мекемесімен және есеп кеңесінің арасындағы шартпен белгіленеді.

Сатушы сатып алушыға ұсынатын төлемнің мерзімін кейінге қалдыру “Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы” заңында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Аударма вексель мен аударма вексельдің индоссамент үлгісі төменде көрсетілген:

Кесте 1

Вексель

___________________________________теңгеге

сомасы цифрмен

вексельмен жасалған күні, орны

төлем жасаушының толық аты мен мекен-жайы

_________________________________________

ұйымнан (азаматтан) осы вексель үшін мына мөлшерінде ақша төлеуді сұраймын_____

__________________________________________________________________________________

сомасы жазбаша түрде тікелей ұйымға (азаматқа)__________________________________________________________________________________________________________________

(алушының толық аты мен мекен-жайы) немесе оның бұйрығы бойынша кез-келген басқа ұйымға (азаматқа)_____________________

_________________________________________

бұл вексель мынадай мерзімде төленуге тиіс___

_________________________________________

төлем жасау орны вексель берушінің аты-жөні, мекен-жайы

_________________________________________

Ұйым атына вексельге қол қойған адамның лауазымының атауы

Аударма вексель (тратта)

Аваль үшін вексельдік кепіл

Кім үшін берілді:

Авальшының қолы__________

Күні______________________

Акцепті (төлем жасауға) қабылдау үшін қабылдаған сомасы______________________________________________

Акцептанттың қолы_________

Күні______________________

Вексель берушінің қолы____________________________

Ұйымның мөрі___________________________________

Аударма вексельдің индоссаменті

  1. Вексель бойынша талап берілді.

____________________________________________________________________

(заңды немесе жеке тұлға, мекен-жайы корреспондеттік және есеп айырысу шоты)

М.О.Индоссанттың қолы_______________________________________________

заңды немесе жеке тұлға, мекен-жайы корр.және есеп айырысу шоты

  1. Вексель бойынша талап берілді.

____________________________________________________________________

(заңды немесе жеке тұлға, мекен-жайы корреспондеттік және есеп айырысу шоты)

М.О.Индоссаменттің қолы__________________________________

(заңды немесе жеке тұлғаның аты)

Вексельдің бланкін сатып алған кезде олар өзінің нақты өзіндік құны бойынша 7210 (821) шоттың дебетінде және 3310 (671) шоттың немесе 3390 (687) шоттың кредитіне көрсетіледі. Ал жедел есеп кезінде шартты бағасы бойынша – 006-шы “Қатаң есеп беру бланкілері” деген баланстан тыс шоттарды көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]