Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_2117 Маха Шолпанова 1.doc
Скачиваний:
59
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
343.55 Кб
Скачать

3. Ағымдағы, корреспонденциялық шоттағы қолма-қол ақша есебі

Кәсіпорындар өздерінің ақша қаражаттарын өздері таңдаған, яғни өздеріне қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Ол үшін өздері қалаған банк мекемелерінде есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорын банк мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:

  • Банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш;

  • Ұйымның, субъектінің құрылуы жайлы құжат, жоғары органдардың ұйымды құруы жайлы шешімдердің көшірмесі;

  • Ұйымның басшысы, бас бухгалтер және олардың орынбасары қол таңбасын қойған, ұйым таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка және де басқа құжаттар.

Ұйымның басқа да шаруашылық субъектісіне төлейтін төлемі әдетте қолма-қол ақшасыз есеп айырысу атынан төленеді.

Банк шоттары теңгемен де, шетел валютасымен де ашылады мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспондеттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарымын орындауды және де басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім шарты келесі мәліметтерден тұрады. Реквизиттері, келісім мәні немесе келісім шарттың жасалған нәрсесі, салық қызметі органдары берген салық төлеуші шот иесінің тіркеме нөмірі, банктің көрсететін қызметінің шарты және олардың төлеу тәртібі. Келісімді жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін. Банк пен Қазақста Республикасының резиденті заңды тұлға мен оның жекеленген құрылымдардың бөлімшесі арасында келісім жасау үшін, қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты, клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі.

Қазақстан Республикасының заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.

Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдары салушылардан қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.

Есеп айырысу және басқа да шоттарды ресімдеу үшін банкте келесі құжаттар пайдаланулады.

Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады, қабылданған ақшаға банк түбіртек береді және ол кассаның шығыс ордеріе қоса тіркеледі. Хабарлама төменде келтіріліп отыр:

Нақты ақша жарнасына берілетін СТН

№195 хабарламасы

1 қаңтар 2005ж.

Кімнен “ИНК” ЖШС Аударған құны

Бенефицар банкісі “АТФБ” ААҚ Код №467220 шотқа

20000, 00

Бенефицар “ИНК” ЖШС КБЕ жирма мың

теңге 00-тиын

ЖИЫРМА МЫҢ ТЕНГЕ ТИЫН

(сомасын жазумен жазу)

Бухгалтер Нургалиева Л.

Ақшаны тексерген сатудан

Жарна арналымы КНП түскен кассир Кобенова А.

Салушының қолы түсімі

Қонысбаева Н.

Кесте 2

Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1040 (441) “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” шотында жүргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк екі дана етіп есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі – бет есебі болып қалады.

Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің “көшірме үшін” мөрінің таңбасымен расталады.

Есеп айырысу шоты бойынша мынадай шаруашылық операциялары көрініс табады:

1040 (44) – “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” шоты дебеттеліп мына төмендегі шоттарға кредиттеледі;

1010 (451) – “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” шоты- кассадан келіп түскен түсім және депоненттелген еңбек ақы сомасы;

1210 (301) – “Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі” шоты салынған өнім, жұмыс пен қызмет төлемақысына;

3510 (661) – “Алынған қысқа мерзімді аванстар” алынған аванстар”, 662 – “Орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар” шоттары-сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстарына;

1040 (441) – “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” кредиттелінеді де, мына шоттар дебеттеледі;

3310 (671) – “Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек” шоты алынған өндірістік қорлар орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылармен мердігерлердің акцептелген шоттардың төлемақысына;

1010 (451) – “Кассадағы ұлттық валюта түріндей қолма-қол” шоты-еңбек ақыға, іссапарға және басқа да шығыстарға жұмсауға арналған кассаға алынған сомасына;

1150 (401) – “Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары”;

1130 (402) – “Қысқа мерзімді инвестициялар”;

403 – “Басқа да қаржылық инвестициялар шоттары” – сатылып алынған акциялар (қайта сату үшін), облигациялар, банктердегі депозит шоттарындағы салынған салымдарына;

1610 (351) – “Берілген қысқа мерзімді берілген аванстар”;

3010 (601) – “Банк несиелері”;

3020 (602) – “Банктен тыс мекемелерден берілген несиелер” – шоттары есеп айырысу шотынан өтелген банк несиелері мен заем қаражаттарының сомасына;

643 – “Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға қарыздар” шоттары еншілес және тәуелді серіктестіктерге есеп айырысу шотынан қарыздарын өтеуге;

3130 (633) – “Қосылған құн салығы”;

3120 (639) – “бюджеттен басқа да есеп айырысулар” шоттары-салықтар бойынша бюджетке төлемдер төленгенде;

3110 (631) – “Төленетін ағымдағы табыс салығы” – бюджетке корпаративтік табыс салығын төлегенде.

Шаруашылық субъектілерде шетелдік валютадағы ақша қаражаттарының қозғалысы Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есепке №4 “ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп” және №9 “Шетелдік валютадағы операцияларды есепке алу” деп аталатын стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге шетелдік валюта, яғни шетелдің ақшасы арқылы есеп айырысу сол операция жасалған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгіленген ақша айырбастау курсы (бағамы) бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасымен (теңгемен) көрсетілуі тиіс.

Шетелдік валюта бұл шаруашылық субъектілерінің ақшалай қаражаттарының есеп айырысу уақытында пайдаланатын және қолданылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасынан (теңгеден) басқа ақша бірліктері.

Курс (бағам) – бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеп отыратын екі ел ақша бірліктерінің (валюталарының) өзара қатынасы.

Курстық (бағамдық) айырма – бұл екі елдің ақша бірліктерінің арасындағы жасалатын төлем операцияларының барлығы нормативтік актілерде қарастырылғаннан басқасы, тек теңге түрінде жүргізілуі тиіс.

Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 “Валюталық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының заңы және 20 сәуір 2001 жылғы №115 Ұлттық банкісімен бекітілген “Қазақстан Республикасында валюталық операциялардың жүргізу ережесі” негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 13.11.96ж. №3 қаулысымен бекітілген 9-“Шетелдік валютадағы операцияларды есепке алу” ХАС-қа байланысты ҚР Әділет министрлігінде 13.09.2002ж. №1977 тіркелген ҚР Қаржы министрлігінің 28.08.2002ж. №390 бұйрығы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Валюта айырбастаудың нарықтық бағамы, бағам – бұл активтік нарықта белгілі бір күнге сұраным мен ұсынысқа сүйеніп, белгіленген бір валютаны екіншісіне қайта есептеуге арналған арақатынас.

Бағамдық айырма - бұл бағам өзгерген кезде есептік валютасындағы шетелдік валютаның бір бірлік санын бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігі жүйесінде көрсету нғтижесінде пайда болатын айырма.

Түпкілікті бағам – есеп күнінше валютасына қатысты есептілік валютасының бағамы.

9- “Шетелдік валютадағы операцияларды есепке алу” ХАС-тың 6-тармағына сәйкес бухгалтерлік есепте шетелдік валютадағы операцияны бастапқы көрсеткен кезде операциялар жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдану арқылы теңгемен танылады. Ал 15-тармақтан әрбір есепті күнге мыналар туындайды:

  1. ақшалай баптар, оның ішінде шетелдік валютадағы дебиторлық және кредиторлық борыш түпкілікті бағам пайдалана отырып, теңгемен көрсетіледі;

  2. ақшалай емес баптар, оның ішінде шетелдік валютадағы бастапқы құн бойынша бағаланатын меншікті капитал, тауарлы-материалдық қорлар, материалдық емес активтер операциялар жасалған күнгі бағам пайдаланыла отырып, теңгемен көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі болып саналады. Валюталық операцияларды жасау үшін өкілетті банктер заңды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.

Заңды тұлғалар – резиденттері өкілетті банктердегі шетелдік валютада және оларды табуы 2 маусым 2000 №266 “Қазақстан Республикасының банктердегі клиенттердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртіптері туралы” нұсқауда қарастырылған болатын.

Заңды тұлға – резиденттердің экспортталған тауары (қызметі, жұмысы) төлем ретінде алған валюта, 120 күннен аспайтын мерзімі, міндетті түрде банк шоттарына кірістірілуікерек.

Валюта шоты бойынша жасалатын операциялар мына төменгі құжаттармен ресімделеді, оның толтырылған үлгісі төменде келтіріліп отыр.

Банк мөрімен және кассирдің орындаушымен бақылаушының қойған қолдарымен куәландырылған банктік валюталық кіріс ордері валюталық шығыс касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады.

“Тұран-Әлем” банкі Қазақстан

банк штампы күні

20.08.2005

№123 валюталық кіріс ордері

№ 40 тобы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]