Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_2117 Маха Шолпанова 1.doc
Скачиваний:
59
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
343.55 Кб
Скачать

1.Ақша қаражат есебі, оның маңызы мен мақсаты

Барлық кәсіпорын өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егерде заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 есе төменгі айлық есептік көрсеткіштен асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте есеп айрысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір келісім шарт бойынша жүргізіледі. Егер де келісім шарт сомасы көрсетілген лимиттен аспайтын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да әрбір төлемнің сомасы 4000 есе АЕК-тен (Айлық есептік көрсеткіш) аспауы керек.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шотттары теңге мен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Есеп айрысу шоттары - шаруашылық есепте тұрған, дербес балансы бар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің органдарына тіркеуден өткен заңды тұлғаларға;

Ағымдағы шоттар – жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджеттік мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға;

Бюджеттік шоттар – Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетіндегі мекемелерге;

Корреспонденттік шоттар – банк шоттары, бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, содай-ақ заңды тұлғаның ақшаланған бөлімшелірі үшін де ашылады.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылу мүмкін. Аккредитивтер, чек кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшалап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; векселдерді немесе олардың индосаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банк шоттарына аударуды; төлем тапсырмаларын ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республикалық заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады. Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма талап төлемдері, кеден мен салық қызметі органдарының инкассалық жабдықтары болып табылады.

Төлеуші мен алушылар өзара есеп-айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды.

Ақша қаражатын есепке алу міндеттері ақша қаражатының сақталуын және олардың мақсатында сай лимиттерге, сметаларға сәйкес пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етуі; ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі барлық операцияларды толық және нақтылы түгелдеу жүргізу; төлемдерді банк арқылы ақша аудару жолымен жасау болып табылады.

Республикада банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын ақша аудару арқылы есеп айырысудың бірыңғай жүйесі қолданылады. Салыстырмалы түрде ұсақ төлемдерді субъектілер кассадан қолма-қол ақшамен, пошта аударылымымен немесе байланыс кәсіпорындары арқылы үстеме төлем жасау арқылы төлеуге құқылы. Ұйымдардың банктер арқылы жүргізетін есеп айырысуларын тауарлық емес (бюджетке, әлеуметтік сақтандыру органдарына, зейнетақы қорына және басқалары) деп бөлуге болады.

Ақшасыз есеп-айрысудың мынадай негізгі нысандары ұсынылады: төлем тапсырмалары, чектер, аккредитивтер, төлем талап-тапсырмалары, көлікпен және темір жолмен айырысу жөніндегі жиынтық талаптар.

Ақша қаражаты мен есеп айырысу нысандары төлеуші мен алушының арасындағы шартпен (келісіммен, жекелеген уағдаластықтарымен) айқындалады.

Субъектілердің арасындағы келісім бойынша өзара талаптар мен міндеттемелерді есептеу жүргізілуі мүмкін.

Ақшасыз есеп айырысу нысандарын қарастырайық.

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмасы субъектінің қызмет көрсетуші банкке өз шотынан белгілі бір соманы аудару туралы тапсырмасы болып табылады.

Төлем жасаушы банкке белгіленген нысанадығы бланкілерде тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша банктің шолып қарауы үшін (кейін қайтартып кетіп) шарттарды, салықтық шот-фактурларды және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттарды тапсыруға міндетті. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күн есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады.

Тараптардың уағдаластығы бойынша төлем тапсырмалары жедел мерзімді, мерзімнен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болуы мүмкін.

Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни, тауар тиеленгенге дейін; тауар тиеленгеннен кейін, яғни, тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдер.

Мерзімінен бұрын немесе мерзімінен кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмей жүргізілуі мүмкін.

Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іссапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекеленген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелері жоқ жергілікті жерлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау жөніндегі шығыстарды субъектілерге қаражат аударуды байланыс ұйымдары арқылы жүзеге асыра алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]