Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_2117 Маха Шолпанова 1.doc
Скачиваний:
59
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
343.55 Кб
Скачать

4.Аудиттің маңызы мен мақсаты

Әрбір ілімнің өзіне сәйкес пәні болады. Ол сол ілімнің басқа салалардағы ілімнен айырмашылығын оның өздеріне тән қасиеттерін, шектелуін анықтау үшін қажет. Тану теориясына байланысты қандай даі лім болмасын, оның пәні объективті шындыққа негізделген. Егер, экономикалық теорияның пәні өндірістік қатынасқа экономикалық заңдарға байланысты болса, аудитте, барлық экономикалық ілімдер сияқты шаруашылық жүргізуші ұйымдардың өндірістік қатынастарын дамыту үрдістеріне негізделген. Бірақта, олар сол үрдістердің белгілі жұмыстарының бір бөлімін ғана қарастырады.

Сонымен, аудиттің пәні дегеніміз, шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік есепті талдау, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың орындаған жұмыстарының дұрыстығын анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объективті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылданған есеп саясатына норматив-актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу. “Аудиторлық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының заңында экономикалық субъектілерге: банктерге, кредиттік серіктестерге, шетел қатысқан ұйымдарға міндетті аудит жүргізіледі. Бұл талап осы айтылған ұйымдардың қаржылық жағдайы мен қызметінің шынайы есебі туралы нақтылы ақпарат алуға мүдделі субъектілердің мүдделерін қорғауға байланысты болып отыр.

Нарықтық экономикасына көшу кезеңінде тексеру жүйелерінің ішінде аудиторлық қызметке өте зор көңіл бөлінеді, себебі олар бухгалтерлік есептілігін талдау және тәуелсіз түрде эксперт жүргізу.

Аудиттің бағыты – заңдылықтармен анықталған, аудиторлылық қызметтің нормативтік жүйесін реттеу, аудиторлар мен клиенттің шарттық міндеттемелерін нақты мақсатпен шешу болып есептеледі.

Аудиттің міндеті – қаржы есебін төмендегідей бағыттары бойынша тексеру:

  • Есептердің дұрыстығын, анықтығын растау;

  • Тексеру кезінде есепте көрсетілген шығындардың, талаптардың, қаржы нәтижелерінің қортындысының анықтығын, дұрыстығын, толықтығын және дәлелдігін тексеру;

  • өзінің негізгі және айналым қорының дұрыс пайдаланудың арқасында келешектегі резевтерді анықтау.

Аудиторлық қызметпен аудит жұмысын ұйымдастыру мен әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, аудиторлық тексеруді іс жүзінде орындау және басқа да аудиторлық қызметті көрсету түріндегі кәсіпкерлік қызмет.

Аудит жөніндегі Қазақстан Республикасының №1 стандарты “Қаржылық есеп аудиті бағыты және жалпы принципі” бойынша негізгі принциптерге мыналар жатады:

  1. тәуелсіздік;

  2. шындық;

  3. объективтік;

  4. ұқыптылық және кәсіби мамандылық;

  5. құпиялық;

  6. тез жеделдік принципі;

Нарық экономикасы кезінде аудит тәжірибе жөнінде кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде басты рол атқарады. Ол төмендегідей функцияларды орындауы тиіс:

  • экспрестік;

  • аналитикалық (талдау);

  • кеңес беру;

  • өндірістік.

Аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп жасалады, ол аудит стандартына сай келуі тиіс және ұйымның қаржылық есебінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар аудит жүргізуден басқа өз қызметін көрсетуі мүмкін, оның ішінде бухгалтерлік есепті қалыпқа келтіру және жүргізу, қаржылық, статистикалық және салық есебін жасау, қаржылық, салықтық, банктік жғне өзге шаруашылық заңдарының мәселелері жөнінде консультация береді және ақпараттық қызмет көрсете алады. “Аудиторлық қызмет туралы” ҚР Заңының 2-бабында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар көрсетуге құқылы қызмет түрлері атап көрсетілге. Бұл тізбеге қызметтің кейбір лицензияланатын түрлері көзделген, оның ішінде бақылау қызметі, бағалы қағаздар рыногындағы қызмет, баспа қызметі және адвакаттық қызметпен байланысты емес заң қызметін көрсету көзделінген.

Аудитор касса және кассалық операциялардың аудиті негізінен үш бағыт бойынша жүргізіледі:

  • Қолма-қол ақша қаражаттарын түгендеу;

  • Кассаға түсетін ақша қаражаттарының кірістелуінің өз уақыттылығын және толықтығын тексеру;

  • Шығындарға есепте шығарылған ақша қаражаттардың дұрыстығын зерттеу.

Аудитор кассаны түгелдеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндалықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі.

Аудитор касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың ресімдеген күнінде жүргізіледі. Касса операцияларының есебін кассир касса кітабында қалай жүргізгенін тексереді. Касса операцияларының есебі компьютерлендіру жағдайында касса құжаттарын өңдеудің бағдарламалық құралдары жұмысының дұрыстығына да тексеру жүргізіледі. Аудитор кассаны Бас бухгалтердің қатысуымен тексеріледі. Тексерер алдында кіріс және шығыс ордерлерімен, кассалық кітапшалармен танысып, оның дұрыстығын біліп алады. Алдын-ала кассирдан: “касса есебіне кірмей қалған құжаттар жоқ” деп қол қойғызып алу керек. Кассаның сол күнгі қалдығын есептеп алып, қолма-қол ақшаны санайды.

Аудитор ұйымның кассалық есеп беру тәртібі сақталама, соған да көңіл бөлу керек.

Аудитор түгелдеу актісінде ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіден оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі. Бұзушыларға кінәлі адамдар белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады. Ақша қаражаттарымен қатаң түрде есеп беру бланкілерін тексеру нәтижелері нақты ақша қаражаттарын түгелдеу актісімен және құндылықтар мен қатаң түрдегі есеп-қисап құжаттарын түгелдеу тізімдемесімен рәсімделеді.

Ақша қаражаттарының артық шыққан сомалары кіріске алынуға тиісті: ол кезде 1010 – 1020–шоттары дебеттеліп, 6160–шоты кредиттеледі. Кем шыққан ақша қаражаттарын өтеу үшін материалды жауапты тұлғаның (кассирдің) есебіне шығарылады. 2160 (334) –шоты дебеттеліп, 1010, 1020-шоттары кредиттеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]