Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_Filosofia.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
248.83 Кб
Скачать

31 .Абай Құнанбаевтың адам туралы мәселесі

Абай Құнанбаев (1845-1904). Адам - өз тағдырының қожасы және құрушысы. Адам тіршілігінің бірегейлігі, жердегі тіршілігінің құндылығы, әр адам жанының қайталанбас сонылығы идеялары – АБАЙ тұжырымдамасындағы негізгі идеялары. өз шығармаларында ол адамға мейірмандық көрсету, сұлулыққа ұмтылу – жоғары имандылық қасиетінің белгісі, көрінісі деп айтудан жалықпайды.

Адамның әр түлілігі жайлы айта келіп, АБАЙ әр адамның өмірде өз табудың мағыздылығын атап көрсетеді. Адам өз орнын өзін табуына жол сілтеу, бағыт беру ағартушының бұқараны тәрбиелеушінің бірінші міндеті осы деп біледі. Осыдан кейін адам бол деген АБАЙ этикасының негігі принципінің маңынасы мен мәні ашыла түседі: әр адам өзінің шығармашылық мүмкіндігін іске асырып, өзін жетілдіре алады және жетілдіруі тиіс.

35 Ақиқат,тәжірибе теориясы

Ақиқат –танымның негізгі мақсаты.Аристотель сөзінің «Метафизикасында» ақиқатты біздің қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнелеуі деп түсінді. Ақиқатқа жету субъект пен объект арасындағы өзара байланыс. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті. Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білімді-салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді-абсолюттік ақиқат деп атайды.Абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат ылғида нақты. Қоғамдық тарихи тәжірибе-ақиқаттың бірден бір жалпы өлшемі. Ғылымның әр түрлі саласында оның көрінуі де әр түрлі. Жалпы алғанда, таным процесі, сол сияқты ақиқат және оның өлшемі,адамның тәжірибиелік қызметін үнемі өзгерісте,қозғалыста деп түсіну керек. Ақиқат теориясы мынандай қаидаларға сүйенеді: 1) ақиқат-әлеуметтік процесс2) объективті ақиқатты мойындау-абсолютті ақиқатты мойындау деген сөз 3) ақиқат барлық жағдайда нақты 4) практика-ақиқаттың жалпы өлшемі 5) ақиқатты тану –қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.

36 Дін және ғылым

Дін.Марксизмге дейінгі атеистер ─ XVIII ғ. Француз материалистері Гольбах, Гельвеций,Дидро т.б, дін кездейсоқ шықты, бір топ қулардың аңқау, надан адамдарды алдауъшан шықты деп түсіндірді. Сондықтан оны діннің шығуының бірден-бір себебі деп қарау міндетті түрде субъективтік идеализмге әкеліп соғады.Марксистік тарихи материализм діннің шығуын,оның мәні мен қоғамдық рөлін бірден-бір ғылыми түрғыдан түсіндіріп берді. Қоғамдық сананың басқа формалары сияқты діннің де шығу себебін адамдардың материалдық түрмыс жағдайынан іздеу керек. Атап айтқанда, дін адамдардың материалдық өндіріс дәрежесі өте төмен болған алғашқы қауымдық қоғамда шықты: өндіріс қүралдарының өте төмен дәрежеде болуы салдарынан адамдар табиғаттың дүлей күштерінің алдында мүлдем дәрменсіз болды, төуелді болды: жер сілкіну, күн күркіреу мен найзағай, су тасқыны мен дауыл, қақыраған аяз бен аспан айналып жерге түсетін аптап ыстық,қуаңшылық,түрлі ауру-кеселдер және тағы басқа табиғат қүбылыстарының сырын ол кездегі адамдар түсінбеді, оларды табиғатган, адамнан тыс түратын ғаламат күштердің салдары деп білді. Сөйтіп,адамдар оларға өз тарапынан ғаламат қасиеттер беріп,"Қүдайға" айналдырды.Феодалдық қоғамда дін қоғамдық сананың басқа барлық формаларын бағындыратын үстем форма болды. Ғылымды қуғынға салды.Ғылым.Қоғамдық сананың басқа формалары сияқты, ғылым да шындықтың адам санасында бейнеленуі. Ғылымның мәнін тусіну үшін оның шығу себептерін, шындықты бейнелендіру ерекшеліктерін және қоғам дамуындағы ролін білу қажет.Ғылым дегеніміз табиғат және қогам күбылыстары мен процестері жайындағы теория түрінде бір жүйеге келтерілген білімдер.Бірақ ғылым дегеніміз тәжірибеде тексерілген теориялық білім ғана емес. Ол сонымен қатар, жаңа білімдер алуға бағытталған қызметті де, эксперимент жүргізу базасын, түрліше прибор, аспаптар сияқты таным қүралдарын да қам-тиды. Ғылымның ерекшелігі ең алдымен оның пөнімен анықталады. Адамды қоршаған сыртқы дүние — табиғат пен қоғамның, сондай-ақ ойлаудың да объективтік заңдары бар. Ғылымның міндеті осы зандарды танып білу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]