Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_Filosofia.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
248.83 Кб
Скачать

1. Көзқарас және оның формалары.

Философия – дүниеге көзқарас қалыптастыратын ғылым Көзқарас - білімнің толықтырылған, қорытылған түрі. Ол күнделікті өмірді байқаудан, өткенді талдаудан, келешекті болжаудан туындайды.Дүниеге көзқарас дүниені түсіндірудің, оны бағалаудың принциптері мен әрекеттері. Дүниеге көзқарас сезімнен, танымнан , нанымнан тұрады. . Қандай да бір адам болмасын, ол дүниеге белгілі бір көзқарассыз өмір сүрмейді, қоғамдағы, өмірдегі оқиғаларға белгілі бір көзқарасы болады. Бірақ көзқарас алуан түрлі. Мәселен, жай, қарапайым, күнделікті өмірден, тұрмыстан туған «отбасы, ошақ қасы» дегендей көзқарас. Ол көзқарас дұрыс, ақылға сыйымды, өмірден, күнделікті байқаудан туған, практикада анықталған көзқарас. Көзқарастың бәрі ғылыми бола бермейді. Діни, идеалистік көзқарас та бар. Ал материалистік диалектикалық көзқарасты алсақ, ол белгілі объективті заңдылыққа негізделген. Ол заңдылықты біліп, өмірде қолданған адам дүниені саналы билей алады. Ол әр нәрсенің тегін, даму заңдылықтарын, бағдарын біледі, келешегін болжайды. Соған сәйкес әрекет жасайды

2.Антикалық фил.Ның космоцентристік сипаты.

Антик заманының фил.сы б.э.д. VII-VIғ. өмірге келді. Алғашқы материалистік ілімдер К.Азиядағы ең ірі қаласы Милетте туды. Мұнда 3 ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандр және Анаксимен өмір сүрді. Фалес дүниенің бәрі судан п.б. және суға айналады, су – барлық заттардың негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстың иесі болып табылады деді. Анаксимандр дүниенің бірінші бастамасы және негізі «апейрон (шексіз)» деген айқынсыз, бейнесіз бір зат деп санады. Анаксимен болса дүниенің бастапқы негізі тіршілік көзі – ауа, өйткені барлығы содан п.б., соған қайта оралады дегенді уағыздады. Пифагордың Милеттіктерден айырмашылығы, ол әлем субстанциясын санмен теңестірді. «сан мен өлшем жоқ жерде хаос пен химер үстемдік етеді» деді. Элей мектебі – Парменид, Зенон, Ксенофан. Бұлардың философиясының түпкі ұғымы – болмыс. Оларша болмыс деген тумайтын да, жойылмайтын да – сол. Риторика - әдемі сөйлеу өнері, ол соттарда, халық жиналыстарында, әдемі сөйлеп, өз қарсыластарын өз айтқанына сендіріп, өз жағына тарта білу өнері. Осы өнерді ақы алып үйрететін ұстаздарды софистер д.а. Софизмнің қалыптасуына Протагор, Горгий, Гиппий, Критий ойшылдары ат салысты. Маевтиканың негізін салушы – Сократ. Киниктер философиясының өкілдері – Антисфен, Диоген материалдық игіліктерден бас тартып, аскеттік өмірді уағыздаса, гедонистік мектептің өкілдері өмірде сезімдік қуаныштарға, ляззатқа берілу керек деді. Гедонистік философияның негізін салушы – Аристипп. Атомистер ілімі бағытына грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және Лукреций Кар жатады. Платон сезімнен тұратын шындық нақты шындық емес, ол тек өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Идея – мәңгі, ол тумайды, өлмейді, өспейді, кемімейді. Платонның шәкірті – Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген.

3. А.Шопенгауер «бақыт» туралы

«Үрей метафизикасын» пайымдауға тырысқан алғашқы философтардың бірі Шопенгауер болып табылады. Оның пікірінше, бұл әлемде ешқандай обьективті шындық та, әділеттілік те жоқ, тек бір нәрсе ғана бар, ол – өлім алдындағы үрей. Біздің өміріміз қаншалықты жемісті, толыққанды немесе түкке тұрғысыз болса да, ол бәрі-бір әрқашан да өліммен аяқталады. Алайда, өмірдің осылай шарасыз және бақытсыз аяқталғанына қарамастан адамдарды өмір сүруге ерік мәжбүрлейді. Шопенгауер бойынша ерік «бейсаналы» және мәңгі, ол жалғыз нағыз нақтылық болып табылады. Әлем ерік және елестету болып табылады. Ерік қай жерде болса да, қасірет те сол жерде, өйткені бұл екеуі бір-бірінен ажырағысыз. Адамның өмірге деген құштарлығы көп болса, соғұрлым еркі және қасіреті көп, адам бақытты болатындай бірде-бір орын жоқ.

4. Миф және дін.

Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Онда білімнің бастамасы, діни сенімнің бастамасы, өнер мен адамгершілік қатар бейнеленеді. Миф(аңыз, ертегілер) сананың әлі жіктелмеген біртұтас формасы ретінде үстем болды, өйткені мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, білім мен көркем бейне, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында шекара болмады. Мифологияда олардың бәрі бірге тұтасып жатты. Ол дүние жайындағы біртұтас түсінік болып табылады. Мифология тарих арнасынан кеткеннен кейін оның орнын дін басты. Дін шындық дүниені бұрмалап, бейнелендіру формасы. Ол дүниені «о дүние» және «бұл дүние» деп екіге бөліп, «о дүние» табиғаттан тыс, көзге көрінбейтін дүние, ал «бұл дүние» көріп білуге болатын табиғи дүние деп түсіндірді. Діни көзқарастың сұрағына: дүниенің, адамның п.болуы, әлеуметтік өмірдің себебі, адамның тууы мен өлуі сияқты сұрақтар жатады. Діни дүниеге көзқарастың негізін құрайтын – «о дүниелік» күшке деген сенім, «бұл дүниенің», адамның тіршілігіндегі шешуші күш «о дүниеге» деген сенім. «Ғаламат күшке» деген сенім – діни сананың негізі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]