Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_Filosofia.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
248.83 Кб
Скачать

54.Ф.Ницше фил.Дағы әлеуметтік мәселелер

Шопенгауердің жігер туралы ілімін немістің белгілі философы Ницше Фридрих(1844-1900) ары қарай дамытып,өзінің ,,Билікке ұмтылған жігер,, деген концепциясын құрды.Негізгі еңбектері:,,Музыка рухынан трагедияның туындауы,, Зара-туштра осылай деген,, Билікке ұмтылған жігер,, т.б.Ницшенің пікірінше,өркениет пен мәдениетте құлдырау процесі басталды.Бұған кінәлі тек буржуазиялық қоғам ғана емес,жалпы қоғамтану ілімінің қоғамда болып жатқан құбылыстарды дұрыс түсіндіре алмауы деп пайымдады.Осы тұрғыда,Н. өз концепциясының негізі етіп Дарвиннің ,,Өмір деген күрес,, заңын алды. Бұл идеяны ары қарай дамыта отырып, Н. өмір дегеніміз күрес арқылы билікке ұмтылу деген тұжырым жасады. Оның ойынша өмірдің қиыншылықтарына, соқпақтарына қарсы тұра алатындай «аса күшті адамдар» басқалардың тәрбиесімен немесе өзін-өзі тәрбиелеу арқылы емес, өзінде туғаннан бар өмірлік күштің арқасында қалыптасады. Оларды тобырлардан ерекшелейтін қасиеттер – алғырлық, жан-жақты дамыған әдемілік және билікке ұмтылдыратын өмірлік күш пен жоғары дәрежелі жігер. Осы тұрғыдан Н. «құлдық мораль» негізінде қалыптасқан дінді де, «жалған» моралді уағыздайтын буржуазияны да, барлық игілікті және құндылықтарды құртатын тобырды да сынға алып, жалпы адамзаттың мақсаты, қоғамның ұлы адамдары – «аса күшті адамдарды» дүниеге келтіру болып табылады деген тұжырым жасайды. Н-нің идеялары кейінгі кездері саяси ойлар мен практикаға үлкен әсер етті.

55.Кун-фу-цзы философиясының ерекшеліктері

Конфуцзийшылдық-бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы,осы ағымның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы,оның ізбасарлары Мен-цзы және Сюнь-Цзыдың есімдерімен тығыз байланысты..К-дың негізгі қарастыратын мәселесі-адамдар арасындағы қатынас,тәрбие мәселелері.Соған байланысты ол мынадай ұғымдарға көп көңіл бөледі.Олар:»Тең орта»,»Адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік».Кон-Фу-Цзы философиясының пайымдауынша,осы үш ұғым бірігіп,»Дао»құрайды.Әр адам осы Даоның жолымен өмір сүруі қажет. »Тең орта»-адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті.өмірде мұндай ортаны ұстап,іс-әрекет жасау оңай емес,себебі адам-ң көпшілігі сабырсыздық көрсетсе,бір тобы тым сақ келеді.Ал «адамгершіліктің» негізі –«жень»-ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау.Кімде кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса,ол еш уақытта жамандық жасамайды.Ал өзара сүйіспеншілік арқылы қарым-қатынас,конфуцзишылдық әдептглік туралы ілімнің негізгі өзекті ұғымы..Аталған әдептілік қағидаларын «Текті адамдар» ғана басшылыққа алып,іс-әрекет жасайды.К. философиясының ерекшелігінің бірі- барлық нәрсе өзгерісте болады,уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де,қоғамдық өмірге келгенде,ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-қалпында дамуы керек.

56.Қоғамдық сана және формалары

Сананың түрлері көп.Ол жеке адамныың санасы және қоғамдық,қарапайым және теориялық,ғылыми және ғылымға қарсы,прогресшіл және кері тартпа сана болып бөлінеді.Қоғамдық сана – көпшіліктің рухани құралына айналған сана,мәселен,қанатты сөздер,мақал-мәтелдер, т.б. Олай болу үшін сана көптеген адамның ойын,мақсатын, мұңын, қуанышын бірдей бейнелейтін болуы керек.Ондай сананы қоғамдық сана дейді.

Ғылым мен мәдениет қоғамдық сананың барлық түрлеріне өз әсерін тигізеді,өздері де олардың әсерін қабылдай отырып дамиды.Өйткені қоғамдық сана тқрлерінің бір-біріне әсер етуі – заңды құбылыс.Ғылым қоғамдық сананың барлық түрлеріне әсер етеді.Осыған орай қоғамдық сананың мынадай формалары бар:саяси сана,құқылық сана,моральдік сана, эстетикалық сана,дін және атеистік сана.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]