Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_Filosofia.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
248.83 Кб
Скачать

21.Қазақ философиясындағы болмыс мәселесі

Жалпы қазақ халқының фәлсафалық пайымдауларының өзегі-адам мәселесі.Сондықтан болмыстың өзі адамиланған сипатқа ие болды.Мұндай көзқарас қазақ билеріне де тән: болмыс дегеніміз-барлық, ол-мәңгілік.Барлықтың ішінде жан да, сана да жүреді.Барлықтың синонимдері ретінде қолданылатын «бүкіл», «бәрі», «баршасы», сынды ұғымдар да бар.Олар болмыс-барлықтың мазмұн ауқымдылығын сапалық жағынан гөрі, сандық жағынан бейнелейтін сыңайлы.

22.Қайта өрлеу дәуірі философиясының антропоцентристік сипаты.

XV ғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери құралдардың жедел қарқынмен өсуі техниканың, табиғаттану ғылымдарының , математиканың, механиканың дамуына себепші болды.Ал қоғамдық өмірде қалыптасқан бұл жағдайлар схоластикалық ой-пікірлерден тазарып, таза табиғаттану ғылымы тұрғысынан әлемдік процестерді және адам табиғатын түсініп білуге жол ашты.Адамдардың өмірі мен іс-әрекеті тікелей бағынышты табиғатзаңдылықтарын танып білуде барлық ғалымдарға тән универсалдық тәсілдің маңызы зор деп есептеліп, сондай әмбебаптық тәсіл ретінде антропоцентристік сипатқа жүгінеді.Қайта өрлеу кезеңі негізі үш бағытта дамыды.Сол үш бағыттың өкілдері бірауыздан ортақ мәселе ретінде – адамды алды

23.Фихтенің субъективті идеализмі

Иогани Готлиб Фихте Канттың сана белсенділігі туралы ілімін ілгері дамытуға күш салды.Фихте таза субъективтік идеализмнің өкілі еді.Ол дүниенің түпнегізі етіп субъектіні немесе «Менді» таңдады.Фихте Кант қойған қайшылықтар туралы мәселеге жаңаша қарады.Егер Кант үшін қайшылықтар ақиқатқа ұмтылған ақыл-ой үшін аттап өте алмас кедергі болса, онда Фихте үшін олар-дамудың, әрекеттің көзі.Фихтенің «Мені» өзәнәң қарама-қарсылығына айналады, содан кейін олар біртұтастыққа бірігеді.Фихтенің «Мені» ешқандай да адамның жеке басы емес,жалпы әлемдік «Мен».Фихте философиясының қысқаша мәні мынаған келіп саяды:бүкіл әлем- ой тербейтін «Мен» өз санасынығ жай-күйін, өз санасынан туындайтын түйсіктерді танып-білуге ұмтылады.

25.Гегельдің абсолютті идеализмі

Гегель философиясы неміс идеализмінің шарықтау шың және соңғы сатысы.Философияның негізгі мәселесін Гегель обэективті идеализм тұрғысынан шешеді.Дүниенің түпнегізі- объективті рух.Ол мәңгі, адамның санасынан тыс және оған тәуелсіз өмір сүреді.Ал табиғат болса осы рухтың туындысы.Объективті рух кейде абсолютті идея, кейду абсолютті рух, ал кейде құдіретті сана деп те аталады. Гегель классикалық неміс философиясының дәстүрлі бағыттарын ілгері дамыта отырып, ұғымдар диалектикасына көбірек көңіл бөлді.Оған дейін диалектика бір жүйеге түспеген еді.Фихтемен салыстырып қарағанда Гегельдің абсолютті идеализмі табиғаттағы абсолютті идеяның тек «басқаша болмысы» деп есептеп, адам жоқ кездегі жердің, табиғаттың,физикалық дүниенің бар болғанын мойындайды

26.Қазіргі заманғы ғаламдық ауқымды мәселелер

Қазіргі адамдар алдында әр- түрлі проблемалар бар.Оларға жатататындар: қарусыздандыру, бейбітшілік, кейбір мемелекеттердің артта қалуын жою, әлеуметтік, қоғамдық даму, халық сананының өсуі, денсаулық сақтау, мемелекеттердің ғылыми техникалық жағынанан алға басу, азық түлік және табиғат, адамдардың жаңа биологиялық, әлеуметтік жағдайларға үйрену.Адма болашағы деген проблема философиянын өзекті мәселесі болып отыр.осы проблемалардың ішіндегі негізгілері бейбітшілік пен қарусыздандыру.Өйткені дүниежүзілік термоядролық соғыс дүниені жоқ қылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]