Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_Filosofia.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
248.83 Кб
Скачать

57.Ақын – жыраулар фил.Дағы “өмір” мәселесі.

Қазақ ақын – жырауларының дүниетанымы,философиялық даналық ойлары төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алады. Көптеген ақын – жыраулар өмір туралы өз ойларын айтып кеткен.Соның ішінде Шалкиіз жырау өмір туралы былай деген:Дүниеде тұрақты,мәңгілік ештеңе де жоқ дейді жырау.Өмір қысқа екен,бұл жалған басы жұмыр пенденің бәрінен де өтедіекен,демек,осы аз ғұмырды дүниедегі бар қызықты тегіс көріп думандатып өткізу керек деп,жырау өмір мәселесі жайында философиялық толғаныстар жасайды.Жырау өмірдің бар қызығы,бақыты, қуанышы о дүниеде емес,адамның бар бақыты бұл дүниеде екендігін айтып өтеді.

58.Экзистенциализм философиясы

Экзистенциализм немесе ғұмыр кешу философиясы деп аталған ағым ΧΧғасырдың 20жылдарында пайда болып қалыптаса бастады. Көрнекті өкілдері Германияда М.Хайдеггер мен К.Ясперс,Францияда Сартр, А.Камью мен Г.Марсель жатады.Олар бар зейінін ғұмыр кешудің мағынасына, яғни жеке адамның күнәсі мен жауапкершілігіне,шешім қабылдау қабілетіне, адамның ғұмылық мақсаттары мен өмірге деген қатынастарын анықтауға аударды.

Адамның ғұмыр кешуі(экзистенция) тұтас болмыс ретінде қарастырылады , оны ешқандай да ғылыми не философиялық жолмен танып білуге болмайтындығы туралы тұжырым жасалады.

Экзистенциализмнің идеялық бастау алатын ілімдері дат мистигі Кьеркегордан басталады.

Экзистенц.нің негізгі ұғымдарының бірі—қорқыныш.

Тіршілік иесі өлімнен де ертеңінен де, келешегінен де қорқады.Шындығында өлімнен қорқуға болмайды, өйткені ол да өмір сияқты табиғи нәрсе, демек оны заңды құбылыс ретінде қабылдау керек.

Маңызды категорияларына болмыс пен еркіндік жатады.

59.Буддизм іліміндегі 4 ақиқат және қиналыстан шығу жолдары

Буддизмнің өзегін төрт ақиқат туралы ілім құрайды. Олар:

1.Пенденің ғұмыры қасірет шегумен тікелй байланысты: туылу, өлу, кесел, көкейіңдегінің жүзеге аспауы–барлығы да қасіретке жетелейді.

2.Қасірет шегудің себебі–мұқтаждық. Ол қуаныш–қайғы, қасірет шегу арқылы қайта туылуға, қайта түлеуге алып келеді.

3.Қасірет шегуді шектеу мұқтаждықты аластауға байланысты және де бұл іс сегіз жол арқылы жүзеге асырылады:а)дұрыс пайымдау,ә)дұрыс шешім қабылдау,б)дұрыс сөйлеу,в)дұрыс ғұмыр кешу, г)ұмтылыс,д)дұрыс зейін,ж)дұрыс сенім,е)дұрыс шүйілу

4.Нәпсілікке құштарлық та, өзін–өзі азаптау да дұрыс жолдан ауытқушылық

Қиналыстан шығудың бес уағызы(панчашила):

1.Тіршілік иелеріне зиян келтірмеу

2.Бөтен меншікке сұқтанбау,қол сұқпау

3.Тиым салынған жыныстық қатынастардан бойды аулақ салу.

4.Қаңқу,өтірік сөздерден тиылу

5.Мас қылатын ішімдіктерден бас тарту

60.Абай философиясындағы әлеуметтік мәселелердің көтерілуі

Ұлы ақын,ойшыл–демократ,сазгер Абай Құнанбайұлының қоғам өмірін түсінудегі көзқарасы, идеалистік тұрғыда болды.Ол кезде қазақ халқының әлеуметтік даму деңгейі төмен болуының себебінен қоғамның объективтік заңдылықтарын дәл анықтау өте қиын еді.Қазақ елінде бай, кедей болып бөлінген таптардың арасындағы тартысты Абай айқын көрді. Кедейлердің жоқшылық тұрмысын “Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай”,тағы басқа өлеңдерінде реалистік тұрғыдан суреттейді.Үстем тап өкілдерін: байларды, билерді болыстарды аяусыз шенеді.

Халқына байларға сөздерің өтсін десеңіз еңбек етіп, оқу оқы дейді.

Бақпен асқан патшадан

Мимен асқан қара артық

Сақалын сатқан кәріден

Еңбегін сатқан бала артық

61.Қазақ фил.ның қалыптасу ж\е даму ерекшелік

Қазақ философиясының негізгі мәселелерінің бірі–философияның пайда болу мәселесі. Негізінен бұл мәселе әлемдік философияда талай пікірталас тудырып жүр.Біріншіден, философияның дәл шыққан мерзімін белгілеу өте қиын.Екіншіден,философия деген ұғымның өзіне осы күнге дейінгі дәл де толық анықтама берілген жоқ.Үшіншіден,қазақ философиясы мәселелерінің жазбаша түрде берілген классикалық тұжырымдар мәтіндері жоқтың қасы.Қазақ тарихында философиялық құбылыстарды 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:1.Алғы философия–объективтілік пен субъективтілікті өте нашар ажырататын сана. 2.Философиялық кезең– объективтілік пен субъективтілікті жоғары деңгейде ажырататын сана.3. Теориялық әдістемелік қасиеттермен байытылып,классикалық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған кезең. Қазақ философиясының басты ерекшелігі: парасаттан бөлінбей дамыған. Парасат философиясы 3 сипат арқылы өз мәнін ашады: 1.Сұңғылалық(интеллектуальный) 2.Кеңпейілділігі 3.Сабырлылығы (толерантность). Парасат философиясын келесідей қарастыруға болады:1.Поэзия(салт-дәстүр,әдет-ғұрып) 2.аңыз-ертегі,мақал -мәтел 3Күй.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]