Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Атомды физика / Атомдық физика.doc
Скачиваний:
766
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
6.56 Mб
Скачать

1.5. Жұмыстың орындалу тәртiбi.

1. ИСП-28 (ИСП-30) спектрографының құрылысы және оны жарықтандыру жүйесiмен, доғалық генератордың (ДГ-2, ИВС-28) электрлiк схемасымен танысу.

2. Фотопластинканы кассетаға орналастырып үйрену (Кассетаға фотопластинканың эмульсия қабаты спектрографтың iшiне қаратып орналастырылады). Фотопластинка салынған кассетаны спектрографтың кассеталық рамасына орнықтырып бекiтiңiз. Кассетаны қозғайтын барабанды «10» цифры тұсына келтiрiп қойыңыз.

3. Гартман диафрагмасын саңылау алдындағы арнаулы қуысқа орналастырыңыз.

4. Саңылаудың затворын «закр» деген жағдайына қойып, кассетаны ашыңыз.

5. Эталондық спектр (Fe) мен зерттелетiн зат спектрiн суретке түсіру (1.3-кесте). Белгiлi эталондық спектр ретiнде темiр спектрi, ал зерттелетiн спектр ретiнде мыс және жез (латун) немесе басқа зат спектрi түсірiледi. Спектр түсіру үшін электродтар (темiр немесе зерттелетiн зат электродтары) бiр-бiрiнен 2-3 мм болатындай етiлiп штативке бекiтiледi, доғалық генератор (ИВС-28) арқылы электродтар арасында доғалық разряд (ток күшi 4-5А) жағылады. Саңлау затворын ашып («откр» жағдай), тиiстi экспозиция уақытымен спектр суретке түсірiледi. Бұдан кейiн саңлау затворы жабылады(«закр»), доғалық генератор өшiрiледi.

1.3- кесте

Спектр N

Спектр

Кассета орны

Гартман диафраг

масы

Саңы

лау енi,

мм

Доғаның

ток күшi,

А

Экспозиция

уақыты,

с

1.

Fe

10

258

0,015

4

10

2.

Cu

10

3

60

3.

Cu

10

4

60

4.

жез

10

6

60

5.

жез

10

7

60

6.

шкала

10

15

Темiр спектрiн түсіру: Гартман диафрагмасы- «258», кассета орны-«10», экспозиция ұзақтығы-10-15с.

З

18

ерттелетiн зат спектрiн түсіру. Темiр электродын пинцетпен алып, бұлардың орнына зерттелетiн зат электродтары бекiтiледi. Кассетаны жылжытпай, Гартман диафрагмасын «3», «4», «6», «7» бөлiктерiне жылжыту арқылы зерттелетiн зат спектрлерi түсірiледi. Экспозиция уақыты 60с.

6. Спектрге миллиметрлiк шкала кескiнiн түсіру. Спектрлердi суретке түсіру жағдайларын 1.3-кестеге толтыру керек.

7. Спектрлер мен шкала суретке түсірiлгеннен кейiн фотопластинка 4-5 мин шығарғыш ерiтiндiге, 10 мин бекiткiш ерiтiндiге салынып өңделедi, таза аққан сумен мұқият шайылады, кептiрiледi.

Темiр спектрiмен (салыстыру спектрi) танысу, спектрлiк сызықтарды теңдестiру

Темiр спектрiнде сызық жеткiлiктi көп (көрiнетiн және УК аймақтарда  4700) және фотографиялық тiркелген толқын ұзындықтардың бүкіл диапазоны бойынша бұлар бiркелкi дерлiк үлестiрiлген. Әрi темiр спектрi сызықтарының толқын ұзындықтары қажеттi дәлдiкпен анықталған. Сондықтан да спектрлiк талдау мәселелерiн шешкен кезде темiр спектрi басқа элементтердiң спектрлiк сызықтарын теңдестiру үшін тiрек ролiн атқарады.

Спектрлiк сызықтарды теңдестiру (отождествление) ПС-18 немесе ДСП-1 спектропроекторында темiр спектрi атласы көмегiмен жұргiзiледi. Атластарда [15-17] кескiнделген спектрлер ИСП-28 спектрографында [15,16] суретке түсірiлiп (ДФС-8 спектрографында [17]) спектропроектор обьективiнiң 20х- есе үлкейтуiне сәйкес 20 есе үлкейтiлген спектрлер. Сондықтан атлас планшеттерiндегi спектр спектропроектор экранында көрiнетiн спектрмен дәл келедi.

Зерттелетiн спектрограмманы эмульсиясын жоғары қаратып спектропроектордың пластинка қоюға арналған үстелiне экрандағы спектрдiң ұзын толқынды бөлiгi оң жаққа келетiндей етiлiп орналастырады. Обьективтi фокустау арқылы экрандағы спектр сызықтарының айқын кескiнi алынады.

А

19

тлас 23 планшеттен [15] тұрады ([16] -18 планшет). Әрбiр планшетте темiр спектрiнiң белгiлi бөлiгi кескiнделген, осы спектрге қатысты басқа элементтердiң сипаттаушы сызықтарының орны жiңiшке тiк сызықтармен (штрихтармен) көрсетiлген (1.9-сурет). Әрбiр сызық үшін элемент символымен қатар 0,01 нм-ге дейiн ықшамдалған толқын ұзындық келтiрiлген, шартты бiрлiктерде сызықтың интенсивтігі (сезгiштiгi) көрсетiлген. Сызықтардың сезгiштiгiн бағалау үшін он баллдық жүйе қабылданған (1.4-кесте). Элемент концентрациясы 10 және бұдан жоғары болған жағдайда спектрде пайда болатын көрiнетiн сызықтардың интенсивтігі (сезгiштiгi) 1-ге тең деп, ал концентрация 0,001 және бұдан төмен болған жағдайда спектрде пайда болатын сызықтардың сезгiштiгi 10 деп алынған. Спектрограммада сызықтардың пайда болуы спектрдi алу жағдайына елеулi түрде тәуелдi болатындықтан атласта көрсетiлген сезгiштiктiң бағалануы бағдарлық сипатта қарастырылуы тиiс (1.4-кесте).

Соседние файлы в папке Атомды физика