Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Атомды физика / Атомдық физика.doc
Скачиваний:
766
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
6.56 Mб
Скачать

7.4. Тәжiрибе жүргізуге арналған қондырғы

Спектрлiк сызықтардың аса нәзiк түзілiсiн ажыратқыштық күшi жоғары құралдарды, мысалы, Фабри-Перо интерферометрiн (ФПИ) пайдаланғанда ғана бақылауға болады. ФПИ-өте тар спектрлiк интервалды қамтитын құрал. Мысалы, ФПИ-дiң айналар ара қашықтығы t=5 см болғанда =500 нм үшін бос (қабаттаспайтын) спектрлiк интервал 0,025 нм болады. Осы  интервал аумағында нәзiк және аса нәзiк түзілiстердi зерттеуге болады. Әдетте, ФПИ-ды, алдын-ала монохроматтау үшін, спектрографпен тiркестiрiп пайдаланады. Осы монохроматтауды жарық ағыны ФПИ-ге түскенге дейiн, немесе ФПИ арқылы өткеннен кейiн барып iске асыруға болады.

Спектрлiк сызықтардың АНТ зерттеуге арналған қондырғының оптикалық схемасы 7.6-суретте келтiрiлген.

Жарық көзiн (1) (жоғары жиiлiктi электродсыз шам ВСБ-металл буларымен толтырылған кiшкене шыны шар) линза (2) (F=75мм) ФПИ-ге (3) проекциялайды. Шексiздiкке жинақталған интерференция- лық көрiнiс сақиналар түрінде ахромат конденсормен (4) (F=150мм) спектрографтың саңылау (5) жазықтығына проекцияланады. Концентрлiк сақиналардың орталық бөлiгi спектрографтың саңылауымен (5) қиылады да интерференциялық көрiнiс кескiнi спектрографтың фокаль жазықтығына (9) түсірiледi, сонда фотопластинкаға тiркеледi. Сызықтық спектр жағдайында көрiнiс интерференциялық максимумдар және минимумдармен биiктiгi бойынша қиылысқан спектрлiк сызықтар түрінде болады. Осындай көрiнiстi спектрографтың кассетасы жағынан лупамен қарап, көруге болады.

7.5. Жұмыстың орындалу ретi

  1. Жұмыстың мазмұнымен, ұсынылған әдебиетпен және қондырғының оптикалық схемасымен танысу.

  2. Жарық көзiн қосып (таллий немесе қорғасын буы бар ВСБ шам) жұмысшы ток шамасын қою.

  3. С

    84

    пектрографтың кассета жағынан интерференциялық көрiнiстi лупа арқылы бақылау жүргізу. Спектрлiк сызыққа қатысты сақиналардың дұрыс орналасқандығына көз жеткiзу. Егер спектрограф саңылауы сақиналарды ортасынан қиып өтпесе, онда көрiнiстiң түрі симметриялы болмайды (7.7-сурет).

ФПИ-дi дәлдеу және 2, 4 конденсорларының және ФПИ-дiң оптикалық осьтегi орындарын өзгертудi-оқытушының қатысуымен ғана жүргізуге болады.

ВСБ шамдарының спектрлерiн спектрографтың саңылауы толық ашылған жағдайда 7.1-кестеде келтiрiлген жағдайларда фотопленкаға (панхром, изопанхром) суретке түсіру.

  1. Алынған интерферограмманы пайдаланып МИР-12 өлшеуiш микроскопы көмегiмен таллий, индий немесе қорғасынның спектрлiк сызықтарының аса нәзiк түзілiсiн зерттеу.

  2. Таллийдың 535,046 нм сызығының аса нәзiк түзілiсi бойынша ядро спинiн анықтау.

7.5-Сурет. TlI 535,046 нм сызықтың аса нәзiк және изотоптық түзілiсi

7 85.6-Сурет. Фабри-Перо интерферометрi мен исп-30 (исп-28) спектрографы қосақталған қондырғы

7.7-сурет. Спектрдiң бiр сызығы үшін 7.8-сурет

интерференциялық көрiнiс:

а-дұрыс емес; б-дұрыс.

7.1-кесте

Спектрлердi суретке түсіру шарттары

№№

объект

ток күшi,

мА

экспозиция уақыты, мин

кассета орны

1

ВСБ-T

160

10

25

2

ВСБ-Hg

100

5

35

3

ВСБ- Pb

200

7

45

4

ВСБ- In

160

5

55

5

Fe-доға

4 А

40 с

62

Соседние файлы в папке Атомды физика