Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Атомды физика / Атомдық физика.doc
Скачиваний:
766
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
6.56 Mб
Скачать

1.2-Сурет. Айнымалы ток доғасы генераторының электрлiк схемасы:

1

13

-трансформатор 220/300В; 2-жоғары жиiлiктi ұлғайтушы трансформатор; 3-қосалқы разрядтық аралық; 4-доғалық аралық; 5 және 6-1 трансформатор тiзбегiндегi және доғалық разрядтағы ток күшін реттеушi реостаттар; 7-конденсатор С0,003 мкФ; 8-конденсатор С0,5 мкФ; 9-амперметр; 10-қосқыш тетiк.

1.2-суретте айнымалы токтың доғалық разрядын алуға арналған генератордың принциптiк электрлiк схемасы келтiрiлген.

Доғалық разряд температурасы разрядтық аралықтағы плазма құрамына тәуелдi және әдетте 4000-7000 К шамасында болады. Доғада барлық белгiлi зат буланады және химиялық элементтердiң басым көпшiлiгiнiң негiзiнен бейтарап атомдары қоздырылады. Доғалық разрядты алу үшін тұрақты ток та, айнымалы ток та қолданылады. Айнымалы ток доғасының активтендiрiлген генераторлары пайдаланылады. Мұнда разрядтық аралықтың периодты түрде иондануы, демек, доғалық разрядты периодты түрде (ток жиiлiгi 50 Гц болғанда, секундына 100 рет) тұтандыру жоғары жиiлiктi қосалқы ұшқын көмегiмен iске асырылады.

Спектрлiк прибор. Атомдық спектрлiк талдау үшін көбiнесе дисперсиялық спектрлiк приборлар қолданылады, бұлардың басты элементi- призма немесе дифракциялық тор.

Дисперсиялық приборлардың оптикалық схемасы. Дисперсиялық приборлар үш негiзгi бөлiктен тұрады (1.3.- сурет) : I- коллиматор, II- дисперсиялаушы элемент, III- фокустаушы обьективi бар камералық бөлiк.

1.3-Сурет

Спектр фотографиялық тiркелетiн прибор - спектрограф, көзбен тiркелетiн - стилоскоп, фотоэлектрлiк тiркелетiн- спектрометр деп аталады.

Спектрлiк прибордағы сәулелер жолы 1.3.-суретте келтiрiлген. 1-жарық көзi; 3-саңылау; 4-коллиматорлық обьектив; 5- призма; 7- фокустаушы (камералық) обьективтiң фокальдық жазықтығы (1<2<3).

Б

14

ұл жұмыста ИСП-28 (ИСП-30) кварц спектрограф қолданылады. Бұл – жоғары сапалы спектр алынатын орташа дисперсиялы прибор; металл қоспалары, минералдық шикi заттарға сапалық және сандық спектрлiк талдау жасау үшін кең қолданылады. Оптикалық схемасы 1.4-суретте көрсетiлген.

ИСП-28(30) спектрографында дисперсиялаушы элемент- Карню призмасы, коллиматор-айналы обьективтен және саңлаудан тұрады. Параллель шоқ алу үшін 5 саңлау айналы обьективтiң фокус жазықтығына орналастырылады. Барлық толқын ұзындықтары үшін коллиматорлық обьективтiң фокус қашықтығы бiрдей, f1=703мм. Коллиматорлық обьективке түсетін жарық шоғының оптикалық осi мен коллиматорлық обьективтен шағылған шоқтың оптикалық осi арасындағы бұрыш 2017. Камера екi кварц линзадан және кассетадан тұрады. Фотографиялық тiркелетiн спектрлiк сызықтар- спектрографтың оптикалық жүйесi түзетiн, оның саңылауының монохромат кескiндерi болып табылады. Саңылаудың осы монохроматтық кескiндер жиынтығы спектр деп аталады.

Камералық обьективтiң f2 фокус қашықтығы жарықтың толқын ұзындығына тәуелдi. =257,3нм толқын ұзындығы үшін f2=830 мм. Саңылауды жарықтандыру үшін үш линзалы конденсорлық жүйе қолданылады, мұның қызметiн 1.4-суреттен көруге болады.

1.4-сурет. Спектрлiк талдау үшін эксперименттiк қондырғының оптикалық схемасы (а), үш линзалы жарықтандыру жүйесiндегi сәулелер жолы (б): 1-жарық көзi және электродтар; 2-кварц пластина; 3,5,6-линзалар; 4-диафрагма; 7-Гартман диафрагмасы; 8-спектрограф саңылауы; 9-коллиматор айнасы; 10-призма; 11-камералық объектив; 12-фотопластинка; 13-электр доғасы генераторы; 14-жалғау тетiгi.

15

Саңылаудағы барабан саңлау енiн 0,001мм дәлдiкпен өзгертуге арналған. Саңылаудан төмен обьективтi юстировка жасау механизмi орналастырылған. Спектрлердi бiр пластинкаға түсіру үшін және белгiлi спектрден зерттелетiн спектрге ауысқан кезде пластинканы жылжытпау үшін арнаулы диафрагма қолданылады (1.5-сурет).

Соседние файлы в папке Атомды физика