Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Атомды физика / Атомдық физика.doc
Скачиваний:
766
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
6.56 Mб
Скачать

5. Бақылау сұрақтары

  1. Мультиплеттiк деп ненi айтады? Ол не себептi пайда болады?

  2. n, , m, ms, j, mj кванттық сандары, бұлар ненi анықтайды?

  3. Электрон спинi. Спин-орбиталық әсерлесу. Спин-орбиталық әсерлесу энергиясы, Es энергия шамасы.

  4. Спектрлердiң нәзiк түзілiсi. Нәзiк жiктелудi тудыратын себеп. Энергия деңгейлерiнiң дублеттiк құрылымы болуының физикалық себебi қандай?

  5. Дублеттiк жiктелу неге тәуелдi?

  6. Әр түрлі сериядағы сызықтардың нәзiк түзілiсiнде қандай заңдылық байқалады?

  7. Нәзiк түзілiстi ескерiп, термдердiң кестесiн құру керек (кез-келген сiлтiлiк металл үшін).

  8. Энергетикалық деңгейлер схемасын сызыңыз; сұрыптау ережелерiн қолданып сериялар үшін кванттық ауысуларды көрсетiңiз.

  9. Бас, диффузиялық, айқын және iргелi сериялары-дублеттерiнiң айырмашылығы неде?

  10. Сiлтiлiк металл атомдары мен сутегi атомындағы нәзiк жiктелудiң айырмашылығы.

  1. Екі валентті электроны бар атомдар спектрінің құрылымын зерттеу

    1. Жұмыстың мақсаты мен мазмұны

Цинк, кадмий, сынап атомдарының шығару спектрiн зерттеу, осы элемент спектрлерiнiң құрылымын зерттеу, тәжiрибеде триплеттiк жiктелудi анықтау.

6.2. Аппаратура

УМ-2 монохроматоры, сынап лампа (шам), сынап, кадмий, цинк элементтерiнiң ВСБ-2 шамдары, ППБЛ-3 қоректендiру блогы.

6.3. Теориялық кiрiспе

Атомдағы электрон күйi берiлуi үшін төрт кванттық сан қажет.

  1. Бас кванттық сан n, негiзiнен электрон энергиясын анықтайды және n=1, 2, 3,... мәндерiн қабылдайды.

  2. Орбиталық кванттық сан , электронның орбиталық импульс моментi мәнiн теңдiгiне сәйкес анықтайды;

=0, 1, 2,...(n-1) -барлығы n мән қабылдайды.

  1. М

    67

    агниттiк кванттық сан m, электронның импульс моментiнiң z квантталу бағытына проекциясын (мысалы, сыртқы магнит өрiсi бағыты) анықтайды; Lz=m, m=0, 1, 2,..., ,-барлығы (2+1) мән қабылдайды.

  2. Спиндiк кванттық сан s, микробөлшектiң меншiктi (спиндiк) импульс моментiн теңдiгiне сәйкес анықтайды. Электрон үшін s=1/2, сондықтан оның спиндiк моментiнiң кквантталу бағытына (z осi) проекциясы тек екi мән қабылдай алады: Lsz=ms, ms=1/2.

 cанының мәнiне сәйкес атомдағы электрон күйi былай белгiленедi: егер =0 болса, онда күй s-күй деп аталады (немесе s-электрон), егер =1 болса, онда бұл р-күй, егер =2 болса, онда d-күй, және т.т. 2р символына n=2 және =1, 3s символына n=3 және =0 сәйкес келедi.

Паули принципiне сәйкес атомдағы электрондар жүйесiнде төрт кванттық сан жиыны бiрдей болатын екi электроннның болуы мүмкін емес. Бұл принцип ең аз энергия принципiмен бiрге электрондардың кванттық күйлер (қабықшалар) бойынша үлестiрiлуiн тағайындайды, және де осы үлестiрiлудi атом қасиеттерiнiң периодтық қасиеттерiмен байланыстырады. Элементтердiң химиялық және оптикалық қасиеттерi оның валенттiк электрон санымен анықталады, сондықтан валенттiк электрон саны бiрдей жүйелердiң спектрлерiнде ұқсастық жеткiлiктi болады. Атомда валенттiк электрондар неғұрлым көп болса, және элементтiң реттiк нөмiрi неғұрлым үлкен болса, соншалықты спектр құрылымы күрделi болады.

Сутегi атомында ядроның кулондық өрiсiнде қозғалатын бiр электрон болады. Осы электронның стационарлық энергия мәндерi (деңгейлерi) тек n бас кванттық сан мәнiне тәуелдi болатындығы кванттық механикада көрсетiледi.

С

68

iлтiлiк металл атомдары ядродан, iшкi қабықшалардағы электрондардан және бiр сыртқы (валенттiк) электроннан тұратын жүйе болып табылады. Қалған (z-1) электрондар ядромен бiрге орнықты атомдық «қалдық» құрап тұрады. Осындай электрондық жүйе атомдық «қалдық» өрiсiнде әлсiз байланысқан электрон қозғалатын «сутегi тәрiздi» жүйе ретiнде қарастырылады. Атомдық «қалдық» тудыратын ұйтқытуды ескерiп осындай сутегi тәрiздi жүйелердiң энергетикалық деңгейлерiн анықтау энергия мәндерi текn бас кванттық санға ғана тәуелдi емес, валенттiк электронның орбиталық кванттық санына да тәуелдi болатындығын көрсетедi, сонымен Е=En.

Сiлтiлiк металл атомының валенттiк электроны орбиталық импульс моментiнен басқа меншiктi импульс моментi болады, ал электронның толық импульс моментi осы моменттердiң қосындысы болып табылады. Моменттердi қосу кванттық заңдар бойынша iске асырылады, Lj шамасы тек дискреттi мәндер қабылдай алады: , мұндағы j-iшкi кванттық сан, +s, -s мәндер қабылдайды. =0 болғанда j=1/2 тек бiр мән қабылдайды. нөлден өзгеше болғанда, j-дiң екi мәнi болады: j=1/2.

Электрондардың механикалық импульс моменттерiмен магниттiк дипольдық моменттер байланысқандығы белгiлi, бұлар бiрiмен-бiрi тогы бар екi контур сияқты әсерлеседi. Осы әсерлесу энергиясы орбиталық және спиндiк магниттiк моменттердiң өзара бағдарлануына байланысты болады. Демек, j мәнi әр түрлі күйлердiң энергиялары да әр түрлі болуға тиiс. Энергияның стационарлық мәндерiн спин-орбиталық әсерлесудi ескерiп табу есебiн кванттық механикалық шешу энергия мәндерi ендi n, , j ұш кванттық сандарына тәуелдi болатындығын көрсетедi, демек E=Enj.. Осы теориялық нәтиже тәжiрибеде жақсы расталады.

Көп электронды атомдар үшін толық орбиталық және спиндiк импульс моменттерi жеке электрондардың импульс моменттерiнен қосылады. Осы жағдайда тұйықталған қабықшалар (электрондармен толтырылған) үшін импульстың қосынды моментi нөлге тең болады. Бүтiндей алғанда атом толмаған электрондық қабықшалардағы электрондардың (мысалы, валенттiк) қосынды импульс моментiмен сипатталады.

Валенттiк электрондардың орбиталық және спиндiк импульс моменттерi кеңiстiктiк квантталудың (векторлардың өзара орналасуы) кванттық-механикалық заңдары бойынша, толық импульс моментiнiң қосынды векторын құрап, қосылады. Осындай қосу нәтижесi қосындылау ретiне тәуелдi болады. Әдетте екi модельдiк жағдай қарастырылады.

  1. алдымен валенттiк электрондардың жеке орбиталық және спиндiк моменттерi қосылады: атомның толық орбиталық және толық спиндік моменттері анықталады, бұдан кейiн қосынды импульс моментi анықталады (LS-байланыс, Рассель-Саундерс байланысы);

  2. а

    69

    лдымен әрбiр электронның орбиталық және спиндiк импульс моменттерi қосылады, бұдан кейiн барлық электрондар бойынша қосынды табылады (jj-байланыс).

Тәжiрибеде алынған спектрлердi талдау қосындаудың қандай ретi iске асатындығын, демек қандай байланыс берiк (әр түрлі электрондардың спиндерiнiң байланысы ма, әлде әрбiр электронның спиндiк және орбиталық моменттерiнiң байланысы ма) екендiгiн анықтауға мүмкіндiк бередi. Көпшiлiк жағдайда (электрон саны көп емес атомдар үшін) байланыстың бiрiншi түрі (LS-байланыс) орын алады.

6.1-суретте екi валенттiк электроны бар атомның LS-байланысы жағдайында орбиталық және спиндiк импульс моменттерi қосылуының векторлық схемасы келтiрiлген. Осындай атомның қорытқы импульс моменттерiнiң сандық мәндерi мына өрнектермен анықталады

; L=1+2, 1+2-1,... 1-2;

; S=s1+s2, s1-s2;

; J=L+S, L+S-1,..., L-S  (6.1)

мұндағы 1 және 2, s1 және s2-валенттiк электрондардың орбиталық және спиндiк кванттық сандары. Екi валенттiк электроны бар атом үшін S=0 немесе 1 бола алады, ал LS екi мән қабылдайды: LS=0 және .

Атомның J кванттық сан мәнi әр түрлі күйлерi орбиталық және спиндiк импульс моменттерiнiң әр түрлі өзара бағдарлануларына сәйкес келедi. Мұндай күйлер сондықтан әр түрлі энергиямен сипатталады.

Соседние файлы в папке Атомды физика