Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Атомды физика / Атомдық физика.doc
Скачиваний:
766
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
6.56 Mб
Скачать

1.5-Сурет

Осы диафрагма спектрографтың саңлауы алдына арнайы қуысқа кiргiзiледi және оны спектрографтың оптикалық осiне перпендикуляр бағытта жылжытуға болады, осындай диафрагма көмегiмен саңылаудың биiктiгiн шектеумен қатар, оның әр түрлi бөлiктерiн жарықтандыруғада болады.

Спектрограф миллиметрлiк шкаламен жабдықталған; мұны фотопластинкаға спектрмен бiрге түсірiп алуға болады. Осы миллиметрлiк шкаланы эталондық спектр жәрдемiмен толқын ұзындығы бiрлiгiнде градуировкалауға болады. Әдетте осындай эталондық спектр ретiнде толқын ұзындықтары үлкен дәлдiкпен өлшенген көп спектрлiк сызықтары бар темiр спектрi қолданылады.

Спектрограмманы қарауға және сызықтардың ара қашықтықтарын өлшеуге арналған аспаптар, өлшеуiш микроскоп

С

16

пектропроектор (ПС-18, ДСП-1) экранында спектрограмманың үлкейтiлген кескiнi алынады. 1.6-суретте ДСП-1 спектропроекторының оптикалық схемасы келтiрiлген. Қыздыру лампасынан (1) жарық бiрдей екi шоққа бөлiнiп тарайды. Әрбiр жарық шоғы жарықтандырушы линзалар жүйесi (3), қызып кетуден қорғайтын (2) сүзгi (фильтр) арқылы өтiп спектр түсірiлген фотопластинкаға (4) түседi. Объектив (5) және призма (6) спектрограмманың 20 есе үлкейтiлген кескiнiн экранға (7) проекциялайды. Оптикалық схема бiрдей екi жүйеден тұрады, бұл бiр мезгiлде екi пластинкадағы спектрлердi экранға проекциялап бұларды бiрiмен-бiрiн салыстыруға мүмкіндік бередi. Пластинкалар орнатылған үстелшелердiң екеуi бiрге горизонтал бағытта және әрқайсысы жеке-жеке тiк бағытта бiр тұтқамен қозғалады. Егер екi пластинкадағы спектрлердi салыстырудың қажеттiгi болмаса, онда объективтiң бiреуiн қалқамен жауып экранға тек керек платинкадағы спектр проекцияланады.

Спектрограмманы зерттеу үшін элементтердiң спектрлiк сызықтарының атласы қолданылады. Экранға проекцияланған спектрограммадағы темiр спектрiн планшеттегi темiр спектрiмен сәйкестендiрiп беттестiредi. Сызықтың толқын ұзындығы атлас бойынша тiкелей анықталады.

Спектрлiк сызықтарға дәл өлшеу жүргізу үшін МИР-12 өлшеуiш микроскопы қолданылады.

Өлшеуiш микроскоптарда үлкейткiш трубаны немесе өлшенетiн спектрограмманы жылжыту микрометрлiк бұранданың толық айналым санымен өлшенедi. 1.7-суретте өлшеуiш микроскоп көрсетiлген. Өлшенетiн спектрограмма үстелге (1) бекiтiледi, бұранданың (3) басын (дөңгелегiн) айналдырған кезде микроскоп (2) орын ауыстырады. Айналымның толық саны шкала (4) бойынша саналады. Миллиметрдiң жүздiк бөлiгiн бұранданың басындағы сызықшалар көрсетедi. Өлшеу дәлдiгi 0,01 мм.

Сызықтың орнын дұрыс өлшеу үшін оны микроскоптың окулярында көрiнетiн қылдар жүйесiне қатысты орналастыра бiлу керек. Микроскоптардың әр түрінде қылдар әр түрлi орналасқан болады. 1.8-суретте кескiнделгендей жүйе көбiрек ұшырасады. 1.8-суретте микроскоптағы қылдар жүйесiне қатысты сызықты қалай орналастыру керектiгi көрсетiлген. Микроскопты бiр бағытта жылжытып (бұранда басын айналдыру арқылы) оны өлшенетiн және салыстыратын белгiлi сызықтарға («нормаль») туралап қою арқылы сызықтардың ара қашықтықтарын өлшеу жүргiзiледi.

1.6-сурет 1.7-сурет. Сызықты окулярлық қылдар

жүйесiне туралау: а-окулярлық қылдар;

б-жiңiшке сызықты орналастыру;

в-жуан сызықтың орналасуы;

г-жұтылу сызығыныңорналасуы.

17

1-жаттығу. Спектрограмма алу. Темiр спектрiмен танысу, спектрлiк сызықтарды теңдестiру.

Соседние файлы в папке Атомды физика