Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Catalog KZ Bас

.pdf
Скачиваний:
33
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
24.9 Mб
Скачать

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

371

 

 

3 курс

V семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 12. 3 кредит.

KZPH 3001 Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі және оқыту әдістемесі. 3 кредит.

Негізгі міндетті модуль 13. 6 кредит.

KAZL 3001 Қазақ әдебиеті сынының тарихы. 3 кредит.

KZPH 3014 Қазақ әдеби тілінің тарихы. 3 кредит.

Сөзтану және лингвопоэтика. 6 кредит. KZPH 2015 Сөзтану ғылымының өзекті

мәселелері.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2002.

KZPH 2016 Қазақ тілінің лингвопоэтикалық табиғаты.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2002.

Сөзтану ғылымының негізгі нысаны, зерттейтін бағыттары ғылыми теориялық негіздері туралы. Сөздің зерттеуде антропоцентристік бағытта зерттеудің алғышарттары, ғылыми теориялық ұстанымдары мен басқа ғылым салаларымен байланыстылығы, с өздің әлеуметтік ролі, сөз стратегиясы мен тактикасы, сөйлеу қызметі, осы салаға қатысты ғылыми көзқарастарды жүйелеуді коммуникативті прагматикалық аспектіде қарастыру мәселелері тіл білімінің маңызды салаларына жатады. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз жанрларының сан салалығы мен көп құрамдылығын, даму тенденциясын және қолдану заңдылықтарын студенттерге түсіндіру, ұғындыру ғылыми негізін саралау пән міндеті болып табылады. Жалпы әлемдік тіл ғылымындағы сөзтану ғылымының кеш зерттелінудің басты себептерін қазақ тіліне де тікелей қатысты, сонықтан бұл пән алғаш рет ұсынылып отыр.

Қазақ тілінің семантикалық аспектісі. 6 кредит.

KZPH 2013Қазақ тілінің семантикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2002.

KZPH 3033 Фразеологизмдердің семантикалық категориялары.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2002.

Семантика туралы түсінік. Сөздің мағынасы. Сөздің денотаттық, сигнификаттық мағынасы. Семантикалық үшбұрыш. Сөз мағынасының өзгеруі. Сөздің грамматикалық мағынасы. Сөздердің лексикалық мағынасын анықтаудың жолдары. Білім алушыларды сөз мағынасын терең түсінуге, сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасының ара қатынасын ажырата білуге үйрету. Сөздің дыбысталуы мен мағынасының байланысын аңғаруға дағдыландыру. Қазіргі қазақ фразеологиясының жалпы теориялық негіздері, Фразеологизмдердің варианттылығы, пайда болу себептері, фразеологизмдердің лексикалық, морфологиялық, фонетикалық варианттары, қазіргі қазақ фразеологиясындағы синоним фразеологизмдер. Мағыналыс фразеологизмдердің тақырыптық топтары, стильдік қолданыс ерекшеліктері, мағыналас фразеологизмдердің пайда болуындағы ұлттық мәдени ерекшеліктер.

Әдебиет және дәстүрлі өнер. 6 кредит.

КAZL 2016 Салсерілер поэзиясы. 3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 1001.

КAZL 3003 Қазақ әдебиетіндегі айтыс өнері: дәстүр мен жаңашылдық.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 1001.

Сал-серілер поэзиясындағы негізгі тақырыптың бірі – сүйіспеншілік, ғашықтық әуендер. Көркемдікидеялық ізденістердің негізгі бағыттары осы мазмұндардан туындайды. Аталған арнаулы курс студенттердің тек сал-серілер шығармашылығы туралы ғана емес, қазақ халқының дәстүрлі өнері жөнінде дүниетанымын кеңейтуді мақсат етеді. Модуль барысында студенттер айтыс өнері туралы білім көкжиегін кеңейтіп, Сүйінбай, Шөже, Кемпірбай, Жамбыл айтыстарының зерттелуі мен Сыр бойындағы жазбаша айтысу дәстүріне қатысты мәселелерді де қарастырады.

Қилы заман және ұлт тағдыры. 6 кредит. КAZL 3006 Зар заман поэзиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 1001.

КAZL 3008 Махамбет - азаттық жыршысы.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2001.

 

 

ХІХ ғасыр әдебиетін зерттеудің бүгінгі

 

таңдағы

аса

маңызды мәселелері

-

Махам-

 

бет

Өтемісұлының

шығармашылығы

мен

 

өмірбаянына

байланысты.

Студенттер модуль

 

бойынша өтілетін арнаулы курста бұл мәселелерді

 

тереңірек қарастыруға мүмкіндік алады. Со-

 

нымен бірге ХІХ ғ. әдебиеті туралы жаңадан

 

табылған әдеби-тарихи деректер, жаңа зерттеулер

 

мен осы бағыттағы ғылыми еңбектердегі басты

факультеті

бағыттар,

тарихи

оқиғалардың

ақын-жыраулар

поэзиясындағы

бейнеленуі,

жат

мәдениеттің

 

ықпалын ақырзаман түсініктерімен байланысты-

 

ру сарыны

да

студенттер

танысатын

қызықты

тілдері

тақырыптардың бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тілдегі әлеуметтік фактор. 6 кредит.

 

 

әлем

GNRL 3004 Әлеуметтік лингвистика негіздері.

және

3 кредит. Пререквизиттер: GNRL 1001.

 

GNRL 3005 Жас мөлшер және әлеуметтік

әдебиеттану,

лингвистиканың өзекті бағытының бірі әлеуметтік

психолингвистикасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

3 кредит. Пререквизиттер: GNRL 1001.

 

 

Модуль тіл

мен қоғам

байланысынан

туған

Филология

лингвистикамен, оның нысаны және пәнімен,

 

зерттейтін өзекті мәселелрімен студенттерді таны-

 

стыруды мақсат тұтады. Модуль көздеген мақсат-

 

міндеттеріне жету үшін әлеуметтік лингвистика

 

бойынша қазіргі таңдағы ең өзекті әрі қызықты

 

тілдің қоғамдық табиғаты, әлеуметтік мәні, тілдік

 

әлеуметтік функциялары, тілдік болмыстың фор-

 

малары (әдеби тіл, сөйлеу тілі, қарапайым тіл,

 

территориялық

диалектілер,

койне,

пиджин),

 

тілдің әлеуметтік саралануы (жаргон, арго, кәсіби

 

тіл), тілдік қалып, тілдік жағдай, тіл саясаты,

 

тілді

жоспарлау,

диглоссия,

 

мультилингвизм,

 

билингвизм т.б. секілді әлеуметтік тіл білімінің

 

негізгі

мәселелерін

қамтитын

тақырыптарды

 

қарастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

372

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Әдебиет және фольклор. 6 кредит. LTRT 2001 Миф және әдебиет.

3 кредит. Пререквизиттер: FLK 1005, LTRT

1001.

FLK 4017 Ғұрып фольклоры .

3 кредит. Пререквизиттер: FLK 1005, LTRT

1001.

Модульдың мақсаты – әдебиет пен фольклор арасындағы байланыстарды, олардың бірін-бірі толықтырып тұратын ерекшелігін таныту. Бұл курс миф және оның пайда болуы туралы қазіргі ғылыми болжамдарды, мифтің философиялық және филологиялық сипаттарын, миф пен діннің байланысын анықтайды; грек мифтерін, қазақ халқының мифтік таным-түсініктерін, ғұрып фольклорының зерттелу ерекшеліктерін, тұрмыссалт жырлары туралы алғашқы пайымдауларын, түркі халықтарына ортақ ғұрып фольклорын, қазақ тұрмыс-салт жырларын және ол туралы соңғы пайымдауларды ашады.

Грамматика және мәдениетаралық қарымқатынас бойынша практикалық курс (ағылш.т.). 6 кредит.

ENG 1006 Ағылшын тілінің практикалық грам­ матикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: ENG 1501, FRE 1501, GER 1501.

ENG 1007 Мәдениетаралық қарым-қатынас практикумы.

3 кредит. Пререквизиттер: ENG 1501, FRE 1501, GER 1501.

Бұл модуль студенттердің қарым-қатынастың грамматикалық ұйымдастыру саласындағы лингвистикалық құзыреттілігін дамытуға негізделген. Ол грамматикалық дағдыларды меңгеруді қамтамасыз етуге және оқытылатын грамматикалық құбылыстарды коммуникативтік тапсырмаларды шешу барысында қарым-қатынас үрдісінде қолдана білуді дамытуға бағытталған. Дағдылар мен біліктіліктерді дамыту білім берудің өнімді сипатын қамтамасыз ететін коммуникативті бағытталған тапсырмаларды, тестерді, грамматикалық тапсырмаларды орындау үдерісінде жүзеге асады.

Тілдік және мәтіндік талдау. 6 кредит. KZPH 3003 Кешенді-сатылы талдау түрлері.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2012.

KZPH 3008 Көркем мәтінді талдау әдістері.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2012.

“Кешенді-сатылы талдау түрлері” атты элективті курста тілдік талдаудың теориялық мәселелері, тілдік талдаудың ұстанымдары, сатылы кешенді талдау жүйесіндегі ықшамдау тәсілінің ерекшеліктері, инновациялық технологиялардың негізгі қағидалары, ықшамдау тәсіліндегі деңгейлік ерекшеліктер жан-жақты қарастырылады. Элективті курсты оқыту барысында қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, лексикалық құрамын, грамматикалық құрылысын

практикалық жақтан әрі тұжырымды, әрі нақты да түсінікті етіп меңгерту басшылыққа алынады. Тіл білімінің фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис сияқты салаларына байланысты ұғымдар, грамматикалық құбылыстар талдаудың үлгілерін беру арқылы нақты меңгертіледі.

ХХ ғасырдағы тілдік үдерістер. 6 кредит. KZPH 3007 ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби

тілі.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2002.

KZPH 3006 ХХ ғасырдың басындағы қазақ терминологиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2002.

Модульдің мақсаты болашақ мамандардың қазақ тілі туралы, қазақ тарихы мен ел тарихымен тікелей байланысы зор әлеуметтік-азаматтық ойын дамыту, тілдің нақты мәселелері туралы кзөқарасын кеңейту, әдеби тіл туралы негізгі теориялық тұжырымдармен таныстыру, репрессия кесірінен алдыңғы ұрпақ таныса алмаған тілдік кезеңнен ақпарат алу. Қазақ әдеби тілінің ХХғ.басындағы кезеңі өте аз зерттелген кезең болып табылады. Өткен ғасыр басындағы қазақ зиялыларының әдеби тілді дамытуға, әдеби тілдің нормаларын, оның ішінде жазба нормаларын қалыптастыруға, лексикалық қордың тұрақталуы мен жаңа сөздердің, қысқарған атаулардың, т.б. құбылыстар мен кейін тілдік қолданыста қалыптасқан заңдылықтардың орнығуына, сөйтіп әдеби тілдің кодификациялануына қосқан үлестері толық және жүйелі зерттелмегені ақиқат.

Алаштың азатшыл әдебиеті . 6 кредит.

KAZL 3018Алаш зиялылары және қазақ баспасөзі.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2001.

KAZL 3026 Ахметтану.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2001.

Алаш зиялыларының саяси ғана емес, азаматтық келбетінің куәсі болған қазақ баспасөзінің тарихы талай зерттеу еңбектерге арқау болары сөзсіз. Модуль бойынша өтетін пәндерді оқу барысында студенттер қазақ қоғамының айнасы болған газет-журналдардың тарихы мен онда жарияланған алаш зиялыларының еңбектерін оқып танысады. Алаш зиялыларынан қалған әдеби мұра уақыт тынысына баға беріп, тарихты тағы бір таразылауға мүмкіндік береді. Ахмет, Міржақып, Жүсіпбектердің мұралары - алаш жұртының алдына азаттық идеясын шығарған туындылар.

Абай және Ыбырай. 6 кредит. КAZL 3007 Абайтану.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2001.

КAZL 3010 Ы. Алтынсарин және ағартушы әдебиет.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2001.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

373

 

 

Қазақ поэзиясының алтын діңгегі Абай Құнанбаевтың поэзиясы – ұлттық дүниетанымымыздың иммунитеті. Абайды тану – қазақты тану. Модуль мақсаттарының бірі – студенттерді Абай шығармаларының философиялық астарына үңілте отырып дүниетаным көкжиегін кеңейту. Модуль бойынша өтілетін арнаулы курста ағартушылық әдебиет өкілдері мен Ы. Алтынсаринның шығармалары студенттерге жете түсіндіріліп, олардың тақырып аясындағы зерттеу бағыттары да айқындалады.

Тіл біліміндегі компьютерлік технологиялар. 6 кредит.

GNRL 3006.Тілдің компьютерлік тезаурусы.

3 крeдит. Пререквизиттер: GNRL 1001.

GNRL 3007. Тіл біліміндегі компьютерлік оқыту бағдарламалары.

3 крeдит. Пререквизиттер: GNRL 1001.

Бұл модуль бойынша жалпы филологиялық сипаттағы қолданбалы мәселелер мен оны шешу жолдары лингвистикадағы инновациялық технологиялар аясында қарастырылады. Тіл білімінде қолданылатын компьютерлік технологиялар жайлы студенттердің білімі тереңдетіліп, оларды іс жүзінде пайдалану жолдары ұсынылады. Модуль тіл білімінің маңызды қолданбалы салаларының бірі компьютерлік лингвистика, оның теориялық және практикалық негізі, лингвистикалық теориядағы компьютерлік лингвистиканың инструментариясы немесе терминологиялық аппараты жайлы ақпарат бере отырып, студенттердің компьютерлік лингвистика бойынша білімін толықтыра түседі.

Жазушының шығармашылық лабораториясы. 6 кредит.

LTRT 4001Абай және Әуезов.

3 кредит. Пререквизиттер: LTRT 1001 .

LTRT 3010 Жазушы еңбегі және әдеби про­ цесс.

3 кредит. Пререквизиттер: LTRT 1001.

Модульдың мақсаты – жазушының шығармашылық лабораториясы туралы ғылыми тұжырымды мағлұмат беру. Бұл курс жазушының шығармашылық зертханасы туралы қазіргі ғылыми зерттеулерді, шығармашылық тұлғаға қатысты әр алуан тұжырымдар мен пайымдауларды көрсетеді; шығармашылық процесс және жеке қаламгердің ол процестегі рөлін, әдеби ағымдар мен бағыттарын анықтайды; әлемдік және ұлттық шығармашылық үдеріс мәселесін зерттейді; қазақ классикалық әдебиеті және ондағы Абай мен Әуезовтің орнын, қазақ поэзиясындағы Абайдың ақындық мектебін, жазушылардың шығармаларындағы Абай дәстүрін, М. Әуезовтің қаламгер болып қалыптасуындағы Абай поэзиясының орнын, Абай мен Әуезов арасындағы шығармашылық байланыстарын сипппатайды.

Орыс әдебиетінің тарихы. 6 кредит. RWL 3020 Классикалық орыс әдебиеті.

3 кредит. Пререквизиттер: LTRT 1001.

RWL 3021 XX-XXI ғ. орыс әдебиеті.

3 кредит. Пререквизиттер: LTRT 1001.

Орыс әдебиеті тарихы курсында ХІХ-ХХІ ғ.ғ. орыс әдебиетінің дамуы, бағыттар мен ағымдарына назар аударылады. Орыс әдебиеті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы, олардың туындыларының поэтикасына мән беріледі. Монографиялық түрде ХІХ ғ. әдебиетінен Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Тургенев, Достаевский, Островский, Чехов, Толстойдың шығармалары зерттеледі. ХХ ғ. басындағы модернистік әдеби ағымдар, 1917-1991 жж. кеңес әдебиетінің жағдайы, ХХғ. соңы-ХХІ ғ. басындағы әдеби барыс туралы мәселелер қарастырылады.

Нормативті грамматика және сөйлеу қарымқатынас практикумы (ағылш.т.). 6 кредит.

ENG 1008 Ағылшын тілінің нормативті грам­ матикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: ENG 1501, FRE 1501, GER 1501.

ENG 1009 Сөйлеу қарым-қатынас практику­ мы.

3 кредит. Пререквизиттер: ENG 1501, FRE 1501, GER 1501.

Курстың мақсаты оқытылып отырған тілдің грамматикалық жүйесі туралы адекватты түсінік қалыптастыру болып табылады, соның негізінде грамматикалық дағдыларды қалыптастыру мен шет тілдік сөйлеу машығын дұрыс түсіну және құрастыру біліктілігін дамыту жүзеге асады. Курс студенттерді грамматикалық терминология негіздерімен , жалпы әдеби норма шеңберінде ауызша да, жазбаша да қолданылатын түрлі грамматикалық формалармен таныстыруға бағытталған. Грамматикалық тұрғыдан дұрыс сөйлеу машығын қалыптастыруды мақсат еткен бұл модуль ағылшын тілінің грамматикасы бойынша дайындық ақпараттарынан тұрады. Модуль мәдениетаралық деңгейде шет тілдік қарым-қатынас құзыреттілігін дамытуға, тілдік материалды рецептивті және продуктивті кеңейтуге, тереңдетуге бағытталған.

Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар. 6 кредит. KZPH 3005Концептіні сипаттау әдістемесі.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2002.

KZPH 3004Қазақ тіліндегі субстантивация және оның функционалдық аспектісі.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2012.

Концептіні сипаттау әдістемесі. Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес тіл қатысым құралы болғандықтан, оның өзіндік ерекшеліктерін де, концептосферасын да терең зерттеу міндеті маңызды. Жеке тілдердің концептосфераларын салыстыру арқылы мәдениеттер арасындағы өзара байланыс тиімді жүрмек. Концептіні сипаттау әдістемесі жинақталған тілдік біліктілікті

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

374

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

дамыта түсуге, қазіргі парадигмаларға сәйкес тілдің практикалық маңызын іс жүзінде тиімді пайдалануға септігін тигізеді.Концептінің өзін зерттеу тәжірибесіне бірнеше жыл болса да, оны сипаттау әдістемесі жүйелеуді қажет етеді. Сонысымен де студенттердің ізденісіне кең жол ашады. Қорытындысында студент жаңа әдістемелік парадигмаларды игереді. Қазақ тілінің ғана емес, өзге тілдердің де концептілерін талдай алу дәрежесіне жетеді.

Қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері. 6 кредит.

KZPH 4003 Шәкәрім және қазақ әдеби тілі.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2002.

KZPH 4004 БАҚ және саяси қайраткерлер тілі.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2002.

Қазақ әдеби тілінің бес түрлі функционалды стильдік тармақтары бар. Оның ішінде қазақ әдеби тілі үшін аса маңызды саналатын көркем әдеби стилінің қалыптасу тарихы аса бай. Көркем әдеби стилін Шәкәрім өз тұрғысынан дамыта алды. Өзіндік ерекшелігімен айрықшаланды. Діни лексика мен жазба норманы дамытуда ақын және ойшыл ретінде еңбек сіңірді. Ал әдеби тілдің бүгінгі келбетін танытатын және лидерлер келбеті

мен

тілдің қолданыстары анық

байқалатын

БАҚ

публицистикалық стиль

қолданыстағы

стиль ретінде доминант болып табылады. Саяси қайраткерлер тілі лидерлер имиджімен байланысты.

Қазақ прозасының даму кезеңдері. 6 кредит. KAZL 3012 ХХ ғасыр басындағы қазақ проза­

сы: М. Дулатов, Ж. Аймауытов.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2003.

KAZL 3013 Б. Майлин шығармаларындағы әдеби көркемдік ізденістер.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2003.

Ақын-жазушылардың шығармашылық мұралары күні бүгінге дейін талай зерттеу еңбектердің нысанына айналғанымен, оны жоғарғы оқу орындарында жаңа технологиялар негізінде оқыту жүйесі бір ізге түсе қойған жоқ. Модуль мақсатының бірі – білім алушыларға ақын - жазушылардың шығармаларын әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясын меңгерте отырып жеткізу.

Тіл және қарым-қатынас мәселелері. 6 кре­ дит.

GNRL 3008 Тіл және қарым-қатынас мәселелері.

3 кредит.Пререквизиттер: GNRL 1001.

GNRL 3009 Лингвистикалық криминалистика пәні.

3 кредит.Пререквизиттер: GNRL 1001.

Тіл және қарым-қатынас мәселелері модулі тілдің аса маңызды қарым-қатынас құралы ретіндегі сипаттарын лингвистикалық криминалистика және мәдениаралық қарым-қатынас тұрғысынан қарастыруға бағытталады. Тілдік қарым-қатынасқа түсуші коммуниканттар тарапынан қолданылатын вербалды және бейвербалды құралдардың түрлі салаларда, атап айтқанда, криминалдық, мәдениаралық қарым-қатынас үдерістеріндегі сипаттары туралы терең білім беріледі.

Әдеби даму заңдылықтары. 6 кредит. FLK 2013 ТМД халықтарының әдебиеті.

3 кредит. Пререквизиттер: LTRT 1001.

LTRT 4018 Әңгіме жанрының типологиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: LTRT 1001.

Модульдың мақсаты – әлемдік және қазақ әдебиеті негізінде әдеби дамудың заңдылықтарын түсіндіру. Бұл курс әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігін және оның ерте кездегі синкретті сипатын, әдебеттің пайда болу жолдары тура-

ХХғасыр басындағы қазақ прозасының лы қазіргі ғылыми топшылауларды, ұлттық

қалыптасуы мен даму үдерістері күні бүгінге дейін көптеген зерттеу нысанына айналды. Проза жанрында тақырыптық-идеялық тұрғыдан жаңашыл ізденістер болды. Курс барысында студенттер осы кезеңде жазылған шығармалардың ерекшеліктерін, тарихын, жариялануын білумен қатар, текстологиялық зерттеулер де жасайды. Модульда Б.Майлин туындыларына бүгінгі күн тұрғысынан жүргізіліп жатқан зерттеулердің өзектілігі мен маңыздылығына да көңіл бөлінеді.

Әдебиетті оқытудың жаңа технологиялары. 6 кредит.

KAZL3020 Қазақ әдебиетін жаңа технология­ лар негізінде оқыту.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2003.

KAZL3021 Қазақ әдебиетін орта мектептерде оқыту әдістемесі.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2003.

әдебиеттің ерекшеліктерін ашады; әдебиет пен діннің байланысын, әдебиеттің қазіргі даму сипатын, әңгіме жанрының өзіндік ерекшеліктерін (әңгімеге тән көркемдік, қысқалық, дәлдік т.б. қаситтер), ТМД халықтары әдебиеті және олардың әдебиеттеріне ортақ даму тенденцияларын анықтайды.

Әлем әдебиетінің тарихы. 6 кредит.

RWL 3020 Шетел әдебиеті тарихы (антика ғасыры - Ағартушылық дәуірі).

3 кредит. Пререквизиттер: LTRT 1001.

RWL 3021 XIX-XXI ғ. Батыс Еуропаның әдеби үрдісі.

3 кредит. Пререквизиттер: LTRT 1001.

Әлем әдебиетінің (антикалық әдебиеттен бастап қазіргі әдебиетке дейін – VІІІ ғ. б.з.д. – ХХІ ғ.) мағынасы студенттерді тарихи-әдеби процесстердің негізгі ерекшеліктерін, оның әдеби процесстердің негізгі ерекшеліктерін,

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

375

 

 

оның әдебиет пен мәдениеттің келешектегі дамуына дүниетанымдық, көркемдік, ұлттық ерекшеліктерінің құрылуына әсер етуімен қорытындыланды. Батыс Европа әдебиетіндегі құбылыстарды, нақты ұлттық өзгеше әдеби процесстерден қол үзбей, мәдени-тарихи және эстетикалық бағалы мұралардың әлемдік мәдениетімен таныстыру. Осы дәуірлердегі (VІІІ ғ. б.з.д. – ХХІ ғ.) шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін айқындай отырып студент жазушының жалпы шығармашылығын, өзекті мәселелерін, тарихи тұрғыдан жан-жақты қарастырып, бай әрі бағалы деректер негізінде нұсқалы, нәзік, әрі терең талдау жасауға баулу қажет.

Лингомәдени құзіреттілік және тілдік қатысым. 6 кредит.

KZPH 3017 Филологтың лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастыру.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 3001.

KZPH 3018 Тілдік қатысым негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 3001.

Лингвомәдени құзыреттілікке (компетентность) ие болу алынған білімнің негізінде қызмет ете білу мүмкіндігін береді. Лингвомәдени құзыреттілік - гуманитарлық мамандықтарды игеруші студенттерді дайындаудың негізгі құрамдас бөлігі. Қоғам осы құзыреттілікке ие мамандарға зәру. Лингвистикалық құзыреттілікті меңгере тұрып, лингвомәдени құзыреттіліксіз білімді нәтижелі қолдану қиын. ЛҚ бастапқы, іргелі және ерекше креативті құзыреттіліктерден тұрады. Курста лингвоелтану, мәдениеттану, прагматикалық және әлеуметтік-лингвистикалық құзыреттілік мәселелері қарастырылады.

Қазақ тілі грамматикасының өзекті мәселелері. 6 кредит.

KZPH 3033Морфологияның қиын мәселелері.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2012.

KZPH 3020 Қазақ тілі синтаксисінің коммуникативтік аспектісі.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 3001.

Пән қазақ грамматикасының екі саласы морфология мен синтаксистің түйіскен жерінде туындайтын қиындықтарды шешуге бағытталған. Грамматикалық көрсеткіші жоқ нөльдік форма жайлы, сын есімнің сөйлемдегі әр түрлі қызметі, сын есім мен үстеудің қызметіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар, оныншы сөз табы туралы айтылады. Морфемдік талдауда кездесетін қиыншылықтарды морфонология көмегімен шешу жолдары қарастырылады. Курстың мақсаты синтаксистік жүйенің коммуникативтік мақсаттарға бейімделу жолдарын, жұмсалуын таныту. Осы арқылы маман тілді қоғам мүшелерінің жұмсау, пайдалану дағдыларын қалыптастыруға жетекшілік жасауды үйренеді.

Ұлы қаламгерлердің шығармашылық лабора­ ториясы. 6 кредит.

KAZL 4005 М. Әуезовтің шығармашылық ла­ бораториясы.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2003.

KAZL 3015 С. Мұқановтың әдеби мұрасы.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2003.

Ұлы қаламгер М. Әуезовттің шығармалары қазақ әдебиетінің ғана емес, әлемдік руханияттың алтын қазынасы. Курста студенттер жазушының шығармаларын талдай отырып, олардың жазылу тарихын да зерделейді. Сонымен бірге бұл модульдың басты мақсаттарының бірі - көрнекті жазушы С. Мұқанов шығармаларының ұлттық сипаты, көркемдігі жайында мәлімет беріп, оны көркем шығармаларды, образдарды талдау барысында қарастыру.

Әдебиетті оқыту және инновация. 6 кредит. KAZL 3022 Прозалық шығармаларды

оқытудағы жаңаша әдіс - тәсілдер .

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2003.

KAZL 3023 Көркем шығармаларды оқытудағы дәстүрлі емес сабақтар.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2003.

Модуль бойынша студенттер орта мектептерде прозалық шығармаларды оқытудың әдіс - тәсілдерін меңгереді. Студенттер оқушының жас ерекшеліктеріне орай берілетін тапсырмалардың ерекшеліктері, орта және жоғарғы буындарда жүргізілетін дәстүрлі емес сабақтар туралы нақты мәліметтер ала алады.

Тілдердің өзара қатынастарының мәселелері, айырмашылықтары мен ұқсастықтары. 6 кредит.

GNRL 3010 Тілдік қатынас теориясы.

3 кредит.Пререквизиттер: GNRL 1001.

GNRL 3011 Тілдердің контрастивтік семанти­ касы.

3 кредит.Пререквизиттер: GNRL 1001.

Аталмыш модульде тілдердің әртүрлі факторлар негізінде бір-бірімен өзара қатынасқа түсу нәтижелері бойынша туындайтын маңызды мәселелер және тілдер арасындағы алшақтықтар мен ұқсастықтарды айқындау мәселелері біріктіріледі. Модуль бойынша студент дүниежүзі тілдерінің өзара қатынасқа түсу үдерісі жайлы қызықты мәліметтер жинап, тілдер арасында болатын айырмашылықтар мен ұқсастықтарды саралай алады.

Модуль географиялық, тарихи және әлеуметтік жағдайлардың салдарынан екі немесе одан да көп тілдердің өзара ықпалдасуы нәтижесінде тілдердің құрылымы мен сөздік құрамына әсер ететін ерекше үдеріс жайлы студенттердің лингвистикалық білімін қалыптастырады.

Әдеби даму заңдылықтары. 6 кредит. FLK 2013 ТМД халықтарының әдебиеті.

3 кредит. Пререквизиттер: LTRT 1001.

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

376

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

LTRT 4018 Әңгіме жанрының типологиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: LTRT 1001.

Модульдың мақсаты – әлемдік және қазақ әдебиеті негізінде әдеби дамудың заңдылықтарын түсіндіру. Бұл курс әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігін және оның ерте кездегі синкретті сипатын, әдебеттің пайда болу жолдары туралы қазіргі ғылыми топшылауларды, ұлттық әдебиеттің ерекшеліктерін ашады; әдебиет пен діннің байланысын, әдебиеттің қазіргі даму сипатын, әңгіме жанрының өзіндік ерекшеліктерін (әңгімеге тән көркемдік, қысқалық, дәлдік т.б. қаситтер), ТМД халықтары әдебиеті және олардың әдебиеттеріне ортақ даму тенденцияларын анықтайды.

Көркем шығарманың құрылымы. 6 кредит. LTRT 3008 Риторика.

3 кредит. Пререквизиттер: FLK 1005 , LTRT

1001.

LTRT 4002 Жанр типологиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: FLK 1005 , LTRT

1001.

Модульдың мақсаты – көркем шығарманың құрылымы туралы түсінік қалыптастыру. Бұл курс көркем шығарманың сюжеті мен композициясына қатысты соңғы ой-тұжырымдарын сипаттайды; шығарма құрылымы және мазмұн мен пішін туралы жаңа пайымдауларын, әдебиеттегі жанр типологиясы туралы топшылауларын ашады; шешендік өнер және оқытудың маңызы мен мәнін, шешендік өнердің өнер ретіндегі ерекшелігін, шешендік өнерге қатысты қазіргі ғылыми болжамдар мен жаңа көзқарастарын анықтайды.

Тіл және ұлттық діл. 6 кредит.

KZPH 3019 Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2002.

KZPH 3022 Лингвомәдениеттану негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2002.

Қазіргі

таңдағы тіл ғылымының даму

үрдісі

полипарадигматикалық

ұстанымдар

негізінде, яғни тіл білімі этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық, когнитивтікконцептуальдық, социолингвистикалық, психолингвистикалық, лингвопоэтикалық, к о м м у н и к а т и в т і к - п р а г м а т и к а л ы қ , функционалдық, гендерлік салалар аясымен сабақтаса отырып кешенді сипатта қарастыруды негізгі меже етіп отыр. Ұлттық дүниетаным мен діл, ұлттық психология мен моральдық этикалық нормалар, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр, ырымжоралғы сияқты рухани құндылықтар мен қазақ халқының ұлттық киімі мен ұлттық тағамы, аспан әлемі мен санау жүйесі, музыка аспаптары мен зергерлік өнері, қолөнер бұйымдары мен тоқымашылық өнер сияқты материалдық құндылықтары “тіл мен ұлт біртұтас” деген теориялық ұстанымдар мен қағидаттарды басшылыққа ала отырып кешенді талдаулар жүргізуді мақсат етеді.

Тіл тарихы және тілдік құрылымдар. 6 кредит. KZPH 3023 Сөз тіркесі құрылымындағы фра­

зеологизмдер.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 3001.

KZPH 3024 Түбіртек теориясы.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2002.

Пән сырттай сөз тіркесіне ұқсас фразеологизмдер жайлы. Фразеологизмдер сөйлемге сөз тіркесінің бір сыңары болып енетіндігі, сөйлемде бір ғана мүше бола алатындығы дәлелденеді. Фразеологизмдер тұтас дайын күйінде жұмсалатыны, бірақ кейде қолданыста ара жігі ажыратылатыны, ондай жағдайда сөйлем синтаксисіндегі болатын ерекшеліктер қарастырылады. Кез келген тілдің фонема, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем аталатынтілдік бөлшектерден (кейінгі терминология бойынша тілдік бірліктерден) тұратыны белгілі. Соңғы жылдары, әзірге кең көлемде ғылыми айналымға түсе қоймағанымен, тілдің түбіртек деп аталатын тілдік бөлшектен де құралатындығы анықталып отыр.

Әдебиеттің алтын ғасыры. 6 кредит.

KAZL 4003 ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясындағы жаңашыл ізденістер.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2003.

KAZL 4008 Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры: М. Жұмабаев, С.Торайғыров, Б. Күлеев,

І. Жансүгіровтердің ақындық әлемі.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2003.

Қазақ халқының қилы тағдыры қазақ поэзиясының алтын ғасыры саналатын кезеңдегі ақындардың шығармашылығы арқылы жанжақты баяндалып, хандар мен билердің, батырлар мен ақындардың тұлғалары көркем туындыларға өзек болды. Қаламгерлер ел тарихының шынайы беттерін кеңестік жүйенің қыспағында да түрлі тәсілдермен айта алды. Ұлт тарихы ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ ақындарының негізгі тақырыбының біріне айналды. Бұл мәселелер модульдағы пәндерде арнайы қарастырылады.

Көркем туындыларды оқыту және сын тұрғысынан ойлау технологиясы. 6 кредит.

KAZL 3024 Әдебиетті оқытудағы көрнекі құралдардың орны.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2003.

KAZL 3025 Көркем туындыларды сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқыту.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2003.

Заманауи жаңа технологияның ерекшеліктерін игеру, оны оқу барысында пайдалану болашақ оқытушы үшін өте қажет. Әдебиетті оқытуда көрнекі құралдардың маңызы зор. Студенттер бұл модуль бойынша көрнекіліктерді сабақтарда орынды пайдалана білуге және сын тұрғысынан ойлау технологиясымен жүйелі жұмыс істеуге үйренеді.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

377

 

 

Лингвистикалық ойдың дамуы және тілдер типологиясының мәселелері.

6 кредит.

GNRL 3012Тілдік қатынас теориясы. 3 кредит. Преквизиттер: GNRL 1001.

GNRL 3013Тілдердің контрастивтік семанти­ касы.

3 кредит. Пререквизиттер: GNRL 1001.

Аталған модуль болашақ лингвистерді дайындау жүйесі бойынша жалпытеориялық және оқу-әдістемелік сипаттағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында аса маңызды орын алады. Студенттерді лингвистикалық ойдың даму жолдарымен және дүниежүзі тілдерінің типологиялық белгілерімен, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік деңгейлердегі әмбебап және бірегей ерекшеліктермен таныстырады. Модуль бойынша лингвистика ілімінің тарихы мектептер, бағыттар, концепциялардың жүйелі түрдегі сатысы олардың қалыптасуының мәденитарихи және философиялық алғышарттарымен байланысты берілген.

Әдебиет поэтикасы. 6 кредит.

LTRT 3009 Қазіргі қазақ лирикасының поэти­ касы.

3 кредит. Пререквизиттер: FLK 1005 , LTRT

1001.

FLK 4019 Шешендік сөздер поэтикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: FLK 1005 , LTRT

1001.

Модульдың мақсаты – әдебиет поэтикасының ғылыми негіздерін ұғындыру. Бұл курс поэтика термині туралы әрқилы пайымдаулардың қалыптасу себептерін, филология ғылым ретіндегі әдебиет поэтикасының зерттеу объектісін, міндеттерін анықтайды, тарихи поэтиканың даму үрдісін зерттеудің, оқып үйренудің, методологиялық, ғылыми және практикалық мәселелерін, ондағы әдебиеттану, өнертану, психология, тіл білімі, тарих, этнология ғылымдарының өзара тоғысу арналарын сипаттайды; Аристотельдің «Поэтика» кітабының негізгі идеяларын, В. Жирмунскидің көзқарастарын ашады; казіргі поэзиядағы көркемдік ізденістерін, сюжет және композиция поэтикасын, қайталаудың поэтикасын анықтайды.

4 курс VІІсеместр

Тіл тарихы және мәтінтану: сабақтастық. 6 кредит.

KZPH 4001«Мұхабатнаме» ескерткішінің тек­ стологиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2012.

KZPH 4012Қазақ тілінің тарихи грамматика­ сы.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2012.

Орта ғасырлардағы әдеби мұралар біздің заманымызға бірнеше қолжазба күйінде жетті. Солардың бірі – Хорезмидің «Мухаббат-намесі» (XII ғ. ). Бұл жәдігерліктің төрт көшірмесі сақталғанымен, автордың өзі жазған алғашқы нұсқасы жоғалып кеткен. Мұндай олқылықтың орнын ғылыми жолмен ғана толтыруға болады. Арнаулы курстың негізгі мақсаты – студенттерге түпнұсқаны қалпына келтірудің жолдарын үйрету, көне түркі жазба ескерткіштері көшірмелеріне текстологиялық зерттеу жүргізудің алғы шарттарын түсіндіріп беру. «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәнінде тілдің бүкіл құрылымындағы тілдік бірліктер, олардың қалыптасу, даму жолдары мен тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер көне түркі есекрткіштері мен орта ғасырлық жазба ескерткіштердегі жәдігерліктер негізінде қазіргі қазақ тілімен сабақтастырыла, салыстырыла отырып оқытылады.

Тілді оқыту мен үйретудің инновациялық тех­ нологиялары. 6 кредит.

KZPH 3015 Оқытудың инновациялық техно­ логиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 3001.

KZPH 4006 Дидактикалық көпөлшемді құралдар.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 3001.

Оқытудың

инновациялық

технология-

сы саласындағы

жаңа тақырыптарды ажы-

рату, «технология» ұғымын, оқу үдерісінің, сабақты ұйымдастырудың әр түрлі амалдарын меңгеру модульде қамтылады. Оқыту үдерісінің нәтижелілігін зерттеуге, оқушының ізденушілік, танымдық іс-әрекетін бағыттауға, қабілеттерін дамытуға, мұғалімге, оқушыға да жоғары талаптар қоюға, мүмкін болатын әдістерді мақсатты түрде іріктеу және қолдануға басты назар аударылады. Модульде дидактикалық көпөлшемді құралдардың өзіндік ерекшеліктеріне, көпөлшемділік мәселесі оқыту технологиясының бірөлшемді арнасына қатысты екендігіне, олардың негізгі белгілерінің айырмашылықтарына т.б. сипаттама беріледі.

Қазақ поэзиясының алыптары. 6 кредит. KAZL 4010 Мағжан - Сәкен: өнерпаздық бай­

ланыс.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2003.

KAZL 4007 Мұқағали поэзиясының поэтика­ сы.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2003.

Қазақ әдебиеттану ғылымында дау дамайы мол мәселелердің бірі - Мағжан-Сәкен қарымқатынасы. Олардың көзі тірісінде де, ақталғаннан кейін де дабырасы басылмай келе жатқан әлеуметтік және пенделік жақтарын тарихи деректерге сүйене отырып, архив мағлұматтарымен дәлелдеу – модульда оқытылатын өзекті тақырыптардың бірі. Модульда студенттер қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали өлеңдерінің ырғақтық кестесі, дыбыстық ерекшеліктері, ұйқас табиғаты, мелодиялық интонациялық құрылымдық сипаты жөнінде терең мәліметтер ала алады.

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

378

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Ұлттық мектептерде әдебиетті оқыту. 6 кре­ дит.

KAZL 4012 А. Қыраубаева және ұлттық мек­ теп.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 4011.

KAZL 4013 Көркем туындыларды ойын тәсілдері арқылы оқыту.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 4011.

Бұл модульде студенттер көрнекті ғалымпедагог Алма Қыраубаеваның ұлттық мектеп құрылымындағы бағдарламасының ерекшеліктері мен көркем туындыларды ойын тәсілдері арқылы оқытудың маңызына тоқталып, оны оқыту процесінде пайдалану жолдарын меңгереді.

Тілді меңгерудегі лингвистикалық зерттеулердің қазіргі тәсілдері. 6 кредит.

GNRL 2004 Тілді меңгерудің жаңа техноло­ гиялары.

3 кредит. Пререквизиттер: GNRL 1001.

GNRL 4013 Тілдің ұлттық корпусы.

3 кредит. Пререквизиттер: GNRL 1001.

Курс студенттерді компьютерлік лингвистика негіздерімен таныстырып, лингвистикалық зерттеулерге арналған ақпараттық технологиялар талдамаларының аса маңызды мәселелері бойынша білім алуларына мүмкіндік береді, жалпы лингвистикалық даярлықтарын тереңдетеді. Аталмыш пән дистанциялық оқудың өзіндік ерекшеліктері мен тұжырымдамалары және интеллектуалдық оқу жүйесі тұрғысынан біліктілікті қалыптастырады.

Әдебиеттің теориялық және әдістемелік мәселелері. 6 кредит.

LTRT 2015 Әдебиет теориясы.

3 кредит. Пререквизиттер: FLK 1005 , LTRT

1001.

LTRT 4020 Лирикадағы стиль мәселесі.

3 кредит. Пререквизиттер: FLK 1005 , LTRT

1001.

Модульдың мақсаты – әдебиеттің теориялық және әдістемелік мәселелері туралы тиянақты мәлімет беру. Бұл курс әдебиеттану мектептерінің әдістемелік негізін, А. Потебняның психологиялық әдісін сипаттайды; көркем шығармадағы образ теориясының біртұтастығын (А. Потебня), сөздің «ішкі формасы» жайындағы А. Потебняның идеясын, шығармашылық пен мәтіннің негізі мифодіни, әмбебаптық деп қарауды мақсатын (А. Белый, В. Иванов, А. Лосев, И. Ильин, К. Мочульский, Б. Гаспаров, В. Бычков, Л. Карасев, Ж. Деррида, П. Рикер, Р. Барт) анықтайды; бір рухани көзді әмбебаптау және ең жоғары деп тануын (миф, құдай, сөз, тіл, қуат) – мәтінді талдау және эстетикалық актын, лирикадағы стиль мәселесін қарастырудың жолдарын, көркем образ-кейіпкерді түрлі аспектілерде зерттеу және пайымдауын ашады.

Қазақ тілінің орфографиясы, орфоэпиясы және пунктуациясы бойынша практикум. 6 кре­ дит.

KZPH 4007 Қазақ орфоэпиясын оқыту әдістемесі.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 1004.

KZPH 3016 Қазіргі қазақ тілінің орфография­ сы және пунктуациясы.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 1004.

Қоғамдық өмірде әр түрлі қарым-қатынасты жүзеге асыру барысында тіл екшеліп, өзіндік сипат ала бастайды. Жазба тілде әдеби тілдің сөздік қоры дамитын болса, ауызша тілде оның айтылым нормалары қалыптасып белгілі бір ортада белсенді қолданысқа түседі. Уақыт өте келе кейбір нормалар бұрмаланып өзгеше сипат ала бастайды. Оған түрлі экстралингвистикалық факторлар мен өзге тілдердің сөйлеу нормалары әсер етуі мүмкін. Көркем әрі мәнерлі сөйлеу мен дыбыстық заңдылықтардың арасындағы сабақтастықты тауып болашақ ұрпақтың тілін қалыптастыру курстың жалпы сипатын көрсетеді. Дыбыс пен әріптің ара қатынасы. Қазақ тіліндегі сөздерді жазуда қолданылатын принциптердің әлеуметтік мәні. Орфоэпиялық принциптердің өміршеңдігі. Қазақ тіліндегі емле заңдарының теориялық маңызы. Тыныс бегілерінің мәтін деңгейіндегі қызметі. Тыныс белгілерінің интонациялық мәні.

Тілдегі трансформация және дистрибутивтілік. 6 кредит.

KZPH 4009 Трансформациялық және дистрибутивті зерттеу.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 1004.

KZPH 4008 Есімдер синтаксисі.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 2012.

Трансформациялық және дистрибутивті зерттеу. Лингвистикалық зерттеу түрлері ретінде дистрибуциялық және трансформациялық талдаулар студентке қазақ тілінің өзіне тән ерекше қасиеттерін танып білу арқылы тілді мейлінше сауатты қолдануға үлкен көмегін береді. Дистрибуциялық талдау аясында сөздің семантикалық маркерлері, гипоним мен гиперонимдер, семантикалық өріс, тілдік бірлік аясы, валенттілік, компоненттік талдау қарастырылса, трансформациялық зерттеу барысында пропозиция, пермутация, элиминация, адъективизация, номинализация ережелері қолданылып, тілдік конструкцияның семантикалық ұйымдасуы ашылады.Студент тілдік парадигматиканы меңгереді. Курс қазақ тілінің байлығын нақты талдаулар арқылы айқындап, болашақ маманды әрі лингвистикалық зерттеуге баулып, әрі қазақ тілін түрлі жағдайларда ретті қолдана білуге жетелейді.

Алаш әдебиетінің алтын арқауы. 6 кредит. КAZL 4006 ХХ ғасырдағы қазақ романы: Ғ.

Мүсірепов, І. Есенберлин, Ә. Нұрпейісов,

Ә. Кекілбаев.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2005.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

379

 

 

KAZL 4014 Қазақ драматургиясы: қалыптасу, даму сатылары.

3 кредит . Пререквизиттер: KAZL 2005.

ХХ ғасыр - қазақ прозасының жан-жақты дамыған кезеңі. Қазақ романы бұл кезеңде әлемдік деңгейге көтерілді. Роман жанры тақырыптық жағынан да, көркемдік деңгейінен де биік белеске көтеріле алды. Модульдегі пәндерді оқу барысында студенттер ХХ ғасырда роман және драматургия жанрында өзіндік қолтаңбасымен танылған қаламгерлердің шығармашылығымен танысып, талдауға мүмкіндік алады.

Мемуарлық шығармалар және балалар әдебиеті. 6 кредит.

КAZL 3019 Қазақ мемуарлық шығармалары.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2005.

КAZL 4004 Қазақ балалар әдебиеті: қалыптасу, даму сатылары.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2005.

Қазақ жазушыларының мемуарлық шығармалары қаламгердің лабораториясын ғана емес, қоғам келбетін тануға да мүмкіндік береді. Студенттер бұл пәнді оқу барысында жазушылардың ішкі менін, қазақ қоғамындағы орнын толықтай тануға мүмкіндік алады.

Қазақ балалар әдебиеті өзіндік ерекшеліктер мен тың тақырыптарға толы. Өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап балалар әдебиеті жан - жақты дамыды. Балалар тақырыбына бару қаламгерлерден олардың психологиясын, көзқарастарын білуді де талап етеді. Студенттер бұл пәнде қазақ балалар әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен дараланған қаламгерлердің шығармашылық лабораториясына тереңірек тоқталады.

Тіл білімінің теориялық мәселелері. 6 кредит. GNRL 4014 Жалпы тіл білімі.

3кредит. Пререквизиттер: GNRL 1001.

GNRL 2005 Тілдің танымдық парадигмасы.

3кредит. Пререквизиттер: GNRL 1001.

Тіл білімінің теориялық мәселелері модулі интралингвистика мен экстралингвистиканың пәні, зерттеу нысаны, сондай-ақ тілдің жүйелікқұрылымдық жасалым ретіндегі сипатына байланысты ғылыми-теориялық мәселелерді қамтиды. Тілдің танымдық сипатын, тіл теорияларының қалыптасу тарихын, тіл білімнің теориясы мен әдістемесін өзара сабақтастықта әрі жүйелі түрде «Жалпы тіл білімі» және «Танымдық парадигма» пәндерін оқыту барысында меңгерту мақсаты көзделеді.

Әдебиет пен фольклордың эстетикалық мәселелері. 6 кредит.

FLK 4021 Фольклор эстетикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: FLK 1005 , LTRT

1001.

LTRT 4006 М. Жұмабаев поэтикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: FLK 1005 , LTRT

1001.

Модульдың мақсаты – әдебиет пен фольклордың эстетикалық мәселелері туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру. Бұл курс халық ауыз әдебиетінің эстетикалық аспектілері мен мәселелерін, ұлттық эстетика және оның әлемдік эстетикаға қатысын ашады; Мағжан Жұмабаев поэтикасын, сөз және оның көркем шығарма материалы ретінде қызмет ету ерекшелігін, сөз бен ойдың қатынасын, сөз бен сөйлемдегі семантикалық бірлік пен қайшылықтарын, Мағжан өлеңдеріндегі ерекше қолданыстағы сөздер және олардың образдылық, бейнелілік қасиетін, ақын өлеңдеріндегі кейбір сөздердің мағыналық ерекшеліктерін, М. Жұмабаев поэзиясы тіліндегі шартты ұғымдар мен өмір шындығы арасындағы байланыстарын анықтайды.

Қазақ тілінің стилистикасы және прагматика­ сы. 6 кредит.

KZPH 4005 Прагмастилистиканың негізгі мәселесі.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 3001.

KZPH 4010 Қазақ тілінің стилистикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 3001.

Прагмастилистиканың зерттеу бағыттары, әлемдік тіл ғылымындағы прагматикалық ғылыми ұстанымдардың негізгі критерийлеріне тоқтала отырып, осы пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттерін айқындау. ғылыми теориялық негіздерін саралау, ғылыми аппаратының басты категорияларын нақты жүйелеумен бірге прагмастилистиканың ішкі және сыртқы лингвистикалық салалармен байланысы, арақатынасы, философиядағы прагматика мен лингвистикалық ғылымдардың байланысынан туындаған прагматикалық зерттеудің мақсаты мен мәнін студенттерге түсіндіру, прагмастилистикадағы тілдік және тілдік емес факторлардың ықпалынан туындайтын көп аспектілі прагматикалық қызметін студенттерге меңгерту – осы пәннің басты ғылыми білімдік бағыты болып есептелінеді.

Тілді оқытудың әдістемесі. 6 кредит.

KZPH 4011Қазақ тілін оқытудың әдістемесі.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 3001.

KZPH 4002 Оқытудың өнімдері әдістері.

3 кредит. Пререквизиттер: KZPH 3001.

Бекітілген бағдарламалар негізінде күнтізбелік жоспар құрастыра білу және оны басшылыққа ала отырып, тиісті оқулықтарды пайдалана, сабақ жоспарын жасай білу үйретіледі. Сабақ өткізудің түрлі әдістері мен тәсілдері меңгеріледі. Мұғалім еңбегінің шығармашылық жұмыс екендігіне ерекше назар аударылады. Оқушылардың оқуға деген жағымды мотивациясын қалыптасытру жолдары үйретіледі. Модульде оқытудың өнімді әдістерінің теориясы мен методикасы, әрбір оқушының жеке

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

380

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

танымдық стилін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен өнімді оқыту және т.б. мәселелері қарастырылады. Орта мектептің жеке білім беру бағдарламасында өнімді оқытуды жүзеге асырудың ерекшеліктеріне, өнімді оқытудың жобаларын бағдарлауға назар аударылады.

Тәуелсіздік және қазақ әдебиеті. 6 кредит. КAZL Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі жаңаша

ізденістер.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2005.

КAZL 4009 Қазіргі қазақ әдебиетіндегі модер­ низм және постмодернизм.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 2005.

Қазіргі қазақ поэзиясындағы әдеби көркемдік ізденіс пен даму үдерістері көптеген зерттеу нысанына айналды. Әсіресе, поэзия жанрында тақырыптық-идеялық тұрғыдан жаңашыл ізденістер болды. Курс барысында студенттер тәуелсіздіктен кейін жазылған шығармалардың ерекшеліктеріне мән бере отырып, олардағы жаңашылдыққа мән береді.

Қазақ әдебиетінің әлемдік әдебиетте өзіндік орны бар. Адамзат баласының ғасырлар бойы қалыптастырған сөз өнеріндегі ерекшеліктер, түрлі бағыттар қазақ әдебиетіне де тән. Студенттер пәнді оқу барысында қазақ әдебиетіндегі модернизм мен постмодернизммен танысады.

Әдеби үдеріс және сын. 6 кредит. KAZL 4018 Қазақ прозасы және сын.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 3001.

KAZL 4019 Сын мен сыншы.

3 кредит. Пререквизиттер: KAZL 3001.

Әдеби үдеріс болған жерде әдеби сынның болуы да заңды. Әдеби сын әдебиеттің бағытбағдарын айқындауға, ақын-жазушылардың шығармашылығының ерекшеліктерін пайымдауда үлкен маңызға ие. Пәндерді оқу барысында студенттер қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттарына тоқталып, сын жанрының ерекшеліктеріне тереңірек мән береді. Халық ауыз әдебиетінен бастау алатын сын тарихының бүгінгі барысы мен осы жанрда еңбек етіп жүрген қаламгерлердің еңбектері де студенттердің ғылыми жұмыстарының басты арналары болады.

Дискурсивтік лингвистиканың мәселелері. 6 кредит.

GNRL 4015Дискурс теориясының негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: GNRL 1001.

GNRL 4016 Саяси лингвистика.

3 кредит. Пререквизиттер: GNRL 1001.

Модуль дискурстің негізгі теорияларын, оның мазмұны мен құрылымын, оқытуға бағыттылаған. Аталған пәнді оқу нәтижесінде студенттер арнаулы терминологияны (пәннің метатілін) игеру және ғылыми әдебиетті шамалай білу, саяси лингвистикадағы ағымдарды, мектептерді саралай білу; саясаткердердің сөйлеу мәнеріне талдау жасауда қазіргі лингвистиканың қол жеткізген

жетістіктері мен дәстүрлі әдістерін дұрыс қолдана білу; зерттеу материалдардың шынайылығын анықтай білу; біртілді және қостілділер саяси тұлғалардың болатын психолингвистикалық процестерді үйренуде арнайы компьютерлік бағдарламаларды қолдана білуі тиіс.

Әдеби мектептер мен бағыттар. 6 кредит. LTRT 4008 Әдебиеттегі ұлттық сипат.

3 кредит. Пререквизиттер: LTRT 1001.

LTRT 4005 Қазақстан әдебиеттануы.

3 кредит. Пререквизиттер: LTRT 1001.

Модульдың мақсаты – әдеби мектептер мен бағыттар туралы ғылыми тұжырымдарды таныстыру. Бұл курс ХІХ ғасырдағы әдебиеттану әдістерінің ХХ-ХХІ ғасырдағы ғылыми және әдеби мектептермен байланысын, әдебиетті зерттеудің бұрынғы әдістері мен әдебиеттің қазіргі әдістерін анықтайды; әдеби процестің тарихи өзгерістерге ұшырау жолындағы әдеби мектептер: мифологиялық, биографиялық, тарихисалыстырмалы, мәдени-тарихи, психологиялық, психоаналитикалық, әлеуметтік, әлеуметтіктарихи мектептерін сипаттайды; әдебиеттану ғылымының әдістемелік принциптерін, А. Лосев, С. Аверинцев, С. Артановский, В. Топоров, Д. Лихачев жұмыстарындағы әдебиет зерттеу әдістемелерінің теориялық негіздерін ашады.

ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТ

D1Лингвистика мен әдебиеттанудың, шетел тілдерінің меңгерілген іргелі ережелері және олардың негізгі ұғымдары; әдеби үдеріс табиғаты, теориялық лингвистика мен әдебиеттанудың бағыттары және олардың өзге ғылым салаларымен байланысы; қазақ тілі мен әдебиеті дамуының қазіргі жағдайы және Қазақстан мен әлемдегі тарихи-мәдени, тарихи-әдеби, дүниетанымдық үдерісті саралай білу қабілеттілігі.

D2 - Қазақ тілінің жүйесін, құрылымы мен қызметтік бірліктерін, оның дамуы мен қызметінің жалпы заңдылықтарын, сондай-ақ халық тарихымен және өнерімен байланыстылығы тұрғысынан ауызша-жазбаша мәтіндерді құрастыру, талдау мен сараптау барысында әдебиетті, оның тектері мен жанрларын, бағыттарын, әдебиет тарихы дамуының негізгі кезеңдерін қолдана алу қабілеттілігі, мәліметтерді компьютерлік өңдеуден өткізуді жүзеге асыру, мәтіндік редакторлардың түрлі типтерімен жұмыс жасау; филологиялық ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін компьютерлік әдістерді, ақпараттық технологияларды пайдалану қабілеттілігі, әдебиет пен қазақ тілі туралы қазіргі ғылымның терминологиялық және категориялық аппаратын және көркем шығарманы зерттеудің тәсілдерін игеру, әдебиеттің болашақтағы дамуы тенденцияларын түсіну, көркем мәтін мен әдеби дискурсты соны тәсілмен сараптайтын білімді игеру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]