Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Catalog KZ Bас

.pdf
Скачиваний:
33
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
24.9 Mб
Скачать

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

251

 

 

3 кредит. Пререквизиттер: PHL 1002.

Модульдің мақсаты студенттерде әлеуметтік таным әдіснамасы саласы бойынша базалық түсініктерді қалыптастыру. Модульдің мазмұнында қазіргі заман философиясының негізгі парадигмалары әдіснамалық тұрғыдан ашып көрсетіледі, қазіргі заманғы әлеуметтік эпистемология туралы тереңдетілген түсініктер беріледі.

Әлеуметтік таным және ғылым. 6 кредит. SPHL 2010 Әлеуметтік-гуманитарлық білімнің

әдіснамалық мәселелері.

3 кредит. Пререквизиттер: PHL 1002.

SPHL 2011 Аргументация теория мен практи­ касы.

3 кредит. Пререквизиттер: PHL 1002.

Модульдің негізгі мақсаты әлеуметтікгуманитарлық білімнің объектісі мен субъектісі, пәнінің ерекшелігі туралы түсініктер қалыптастыру. Әлуметтік-философиялық танымның әдіснамалық іргетасының қалыптасу тарихын қарастырады. Адам мен қоғамды танудың негізгі әдістерінің мәнін ашады. Қазіргі заман философиясындағы әлеуметтік білімнің әртүрлі парадигмаларын салыстырмалы түрде талдау көзделген. Ғылыми әдіснаманың мәні және негізгі мәселелерімен таныстырады. Аргументация теориясын ғылыми және философиялық көзқарас тұрғысынан қарастырады.

Шығыс философиясының тарихы. 6 кредит. CLTS 2030 Түрік философиясының тарихы.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1007.

CLTS 2029 Мұсылмандық Шығыс философи­ ясы тарихы.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1007.

Модуль тарихи-философиялық сипатқа ие және түркі өркениеті мен араб-мұсылман елдерінің философиялық мұрасын тереңдетіп оқуға бағытталған. Бұл модульде түркі мәдениеті мен өркениетінің тарихы және оның дамуының негізгі кезеңдері, сонымен бірге араб-мұсылман философиясының рухани және әлеуметтік-мәдени контексті, ислам мәдениеті және философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы, ислам әлемі мәдениетіндегі рационалистік дәстүрлер, ежелгі түркі мифологиясы, космогониясы мен дініндегі философиялық идеялар қарастырылады.

Құқық философиясы мен тарих философиясының негіздері. 6 кредит.

SPHL 2006 Құқық философиясының тарихы мен теориясы.

3 кредит. Пререквизиттер: PHL 1002.

SPHL 2012 Қазіргі заманғы қазақстан қоғамының тарих философиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: PHL 1002, CLTS

1007

Модуль антикалық дәуірден қазіргі кезге дейінгі философия тарихы контекстінде құқық

идеяларын философиялық тұрғыда байыптаудың негізгі мәселелерін ашып көрсетеді. Аталған модульді оқып үйрену аясында теориялық және тарихи-философиялық аспектіде құқық философиясы мен тарих философиясының базалық ұғымдарымен, батыстық, отандық дәстүр және қазіргі заманғы ойындағы тарих философиясы мен теориялық тарихындағы маңызды идеялар және бағыттармен таныстыру жоспарланған. Құқық феномені қазіргі Қазақстан қоғамының болмысы тұрғысынан қарастырылады.

Әлеуметтік философияның өзекті мәселелері. 6 кредит.

SPHL 2013 Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру.

3 кредит. Пререквизиттер: PHL 1002.

SPHL 2014 Тұрақты дамудың онтологиялық негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: PHL 1002.

 

 

 

Мазмұны

жағынан

ғылыми-әдістемелік

 

тұрғыдағы бұл модуль студенттердің әлеуметтік-

 

гуманитарлық әдіснаманы

қолдану дағдыларын

 

қалыптастыруға

 

бағытталған.

Модульді

 

оқып білудің

мақсаты

тұрақты

дамудың

факультеті

парадигмаларының

онтологиялық

 

және

 

 

гносеологиялық

 

негіздерін

философиялық

 

тұрғыда зерделеуді жүзеге асыруда, оның

 

эвристикалық функцияларын,

сондай-ақ

қоғам

саясаттану

дамуының мәселелерін анықтау мен шешудің

 

праксеологиялық

және аксиологиялық

мәнін

 

талдауда көрінеді. Модуль сонымен бірге мета-

 

физика мен онтологияның

категориялары бол-

және

мыс пен әлемді, болмыстың формалары мен

 

диалектикасын, қозғалыс пен оның негізгі форма-

Философия

ларын қарастыруға арналған. Ғылыми зерттеулерді

 

ұйымдастырудың негізгі аспектілерін оқып үйрену ғылыми танымның философиялық және арнаулығылыми әдістері, әлеуметтік танымның деңгейлері және әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшеліктерін таныстыруды көздейді.

IV семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 5. 2 кредит.

PHL 2001 әл-Фараби мұрасы қазақ халқының рухани мәдениеті. 2 кредит.

Негізгі міндетті модуль 9. 6 кредит.

SPHL 3001 Әлеуметтік антропология. 3 кре­ дит.

SPHL 2004 Тұлға философиясы. 3 кредит.

Негізгі элективті модульдер

Экономика және құқық негіздері. 6 кредит.

LAW 1001 Құқық негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

ECN 1001 Экономикалық теория негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Модульді оқып үйрену барысында студенттер экономика ғылымның категорияларымен таны-

252

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Философия және саясаттану факультеті

сып, оларды меңгеруі; экономикалық мектептер арасындағы өзара байланыстарды анықтай алуы тиіс. Оқу нәтижесінде олар экономика ғылымның іргелі ұғымдары; экономикалық дамудың мәні туралы түсініктер алады. Модуль аясында студенттер экономикалық зерттеулердің әдістері; қоғам өміріндегі экономиканың мәні мен міндеттері; экономикалық ілімдердің дамуының негізгі кезеңдері туралы білетін болады.

Психология және әлеуметтану. 6 кредит. SOC 1001 Әлеуметтану.

3 кредит. Пререквизиттер: HST 1001.

PSY 1001 Психология.

3 кредит. Пререквизиттер: HST 1001.

Модуль қоғам мен жеке әлеуметтік институттарды, үдерістерді, әлеуметтік топтар мен бірлестіктерді, тұлға мен қоғам қарым-қатынасын, адамдардың тұлғалық және бұқаралық тұрғыдағы мінез-құлықтарын оқып үйренуге бағытталған. Сонымен бірге модульде психологиялық үдерістердің (түйсік, қабылдау, елестету, жады, ойлау, қиялдау), психикалық күйлер (мотивация, фрустрация, эмоциялар, сезім) мен психикалық қасиеттердің (бағыттылық, қабілет, нышан, мінез-құлық, темперамент) қалыптасу және даму заңдылықтарын қарастырады.

Кәсіби элективті модульдер

Эстетика. 6 кредит.

CLTS 2002 Этика және эстетика.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1008, PHL

1002.

SPHL 2015 Музыка және театр философия­ сы.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1008, PHL

1002.

Модуль студенттерді моральдың пайда болуымен, оның пәні және құрылымымен таныстырады. Этикалық ілімдердің қысқаша очерктері ұсынылады. Табиғаттағы, іс-әрекеттегі, рухани өмірдегі эстетикалықтың көріністері қарастырылады. Эстетиканың негізі мәселелері: сезімдер мен көзқарастар, талғам, идеал және т.б., өнердің табиғаты, оның гносеологиялық, аксиологиялық, коммуникативті аспектілері ашып көрсетіледі. Музыка феномені адам санасының және тұтас мәдениеттің дамуының аспектісі ретінде қарастырылады. ХХ ғасырдағы музыка мен театрдың даму үрдістеріне, олардың әлеуметтік-мәдени мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Музыка мен драма теориясын түсінудің философиялық тұжырымдамаларының даму тарихы көрсетіледі.

Логика. 6 кредит.

CLTS 1010 Формальды логика.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1008, PHL

1002.

CLTS 2028 Символдық логика.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1008, PHL

1002.

Модульдің негізгі мазмұны студенттерді логикалық ойлаудың негізгі заңдары және принциптерімен таныстыруға бағытталған. Формальды логика – ойлаудың формалары: ұғым, ойпікір, ой-қорытындысы, дәлелдеудің логикалық құрылымын яғни ойлаудың нақты мазмұнын емес, осы мазмұнның бөліктерінің байланысуының жалпы тәсілдерін бөліп алып зерттейтін ғылым. Формальды логика класикалық философиялық білім берудің маңызды бөлігі саналады. Сонымен бірге, пікір айтудың формалары, логикалық пікір айтудың тілі, логикалық белгілердің семантикасы, логикалық пікір айтудың кестелері, логикалық белгілердің толық жүйесі және т.б. бұл модульдің пәні болып табылады.

Онтология және гносеология. 6 кредит. SPHL 2008 Онтология және таным теориясы.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1008, PHL

1002.

CLTS 3034 Логика мен диалектика тарихы.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1008, PHL

1002.

Модуль онтологияның – болмыстың философиялық теориясы және гносеология

– таным теориясының базалық ұғымдарын қарастыруға арналған. Модуль аясында метафизика мен онтологияның категориялары, болмыстың түрлері мен диалектикасы, қозғалыс пен оның негізгі формалары, логиканың пайда болуын гуманитарлық мәдениеттің қалыптасуының маңызды кезеңі ретінде, софистика және оның логиканың қалыптасуындағы рөлі, Аристотель логикасы, логиканың дамуының негізгі кезеңдері, класикалық және класикалық емес логика қарастырылады.

3 курс

V семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 10. 6 кредит.

SPHL 3001 Қазіргі заманғы қоғам философи­ ясы. 3 кредит.

SPHL 3002 Тарих философиясы және саяси философия. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Жаңа заман философиясы. 6 кредит.

CLTS 2033 Жаңа заман философиясы тари­ хы.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1008.

CLTS 2034 Неміс классикалық философиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1008.

Модуль тарихи-философиялық сипатқа ие және Жаңа замандағы философиялық бағыттардың қалыптасуы мен дамуын тереңдетіп зерттеуге бағытталған. Жаңа заман кезеңіндегі Еуропадағы философияның қалыптасуы туралы түсініктер береді: Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбниц, Дж. Локк, Д.Юм, Дж.Беркли және т.б. Француз, ағылшын, неміс Ағартушылығы. Мо-

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

253

 

 

дуль аясында неміс класикалық философиясының (И.Кант, Г.В.Ф.Гегель, И.Г.Фихте, Шеллинг) ерекшеліктері мен негізгі идеялары оқытылады. Әлемдік философиялық ойдың дамуындағы неміс класикалық философиясының рөлі көрсетіледі.

Сананың философиялық мәселелері. 6 кре­ дит.

SPHL 3005 Сана және бейсаналылық филосо­ фиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

2003.

SPHL 3006 Уақыт философиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

2003.

Бұл модуль қазіргі заманғы сана философиясының маңызды мәселелерімен таныстырады. Сана және бейсаналылық мәселесін тарихи негізде, Шығыс пен Батыс арақатынасында көрсетеді, қазіргі заманғы мәдениеттің мәселелеріне назар аудартады. Табиғи және әлеуметтік әлемнің тіршілік ету формасы – уақыт феномені мәселесінің негіздерін көрсетіп, уақыт мәселесінің қалыптасуның тарихы, қазіргі заманғы философиядағы оның негізгі аспектілері, әлеуметтік теоретизациялаудағы уақыт мәселесінің мәні туралы түсініктер береді.

Тарих философиясы және жаһандану. 6 кре­ дит.

SPHL 3007 Жаһандану философиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

2003.

SPHL 3008 Өркениет философиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

2003.

Бұл модульдің мақсаты жаһандық ақпараттық қоғамның қалыптасуы контекстіндегі қазіргі заманғы өркениеттің дамуының негізгі аспектілері туралы студенттерде тұтас түсінік қалыптастыру. Компаративистік зерттеулер әдіснамасын және қазіргі кездегі глобализм мен антиглобализм үрдістерін пайдалана отырып, өркениеттер мен мәдениеттердің философиялық теорияларын қарастыру көзделген. Әлеуметтік-мәдени құрылым ретінде өркениет болмысы, өркениеттер типологиясы, өркениеттік даму қағидалары оқытылады.

ХIХХХ ғасырлардағы философия тарихы. 6 кредит.

CLTS 3033 ХIХ ғасырдағы философия тари­ хы.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1008.

CLTS 4015 ХХ ғасырдағы философия тарихы.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1008.

Тарихи-философиялық негіздегі бұл модуль ХIХ және ХХ ғасырлардағы философияның дамуындағы жаңа үрдістерді зерттеуге бағытталған. Неміс класикасына сыни көзқарас және жаңа философияның қалыптасуы: Кьер-

кегор, Шопенгауэр, Ницше. Жаңа кантшылдық және жаңа гегельшілдер. Позитивизм. Марксизм. «Өмір философиясы» және интуитивизм. XIX ғасырдағы феноменология және герменевтика. XIX ғасыр философиясындағы дәстүрлер мен инновациялар. Адам, қоғам, мәдениет философиясы, философиялық антропология. Әлеуметтік философия, мәдениет философиясы, философиялық антропология. ХХ ғасыр философиясының жаңа шектері: қазіргі заманғы философиялық антропология, неофрейдизм, структурализм және постструктурализм, пост-позитивизм, мәдениет философиясы, ғылым философиясы.

Қазақ философиясындағы адам мәселесі. 6 кредит.

SPHL 3009 Қазақ философиясындағы адам мәселесі.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1009, SPHL

2002.

SPHL 3010 А.Х. Қасымжановтың философиялық мұрасы.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1009, SPHL

2002.

Модуль студенттерді қазақ философиялық дәстүріндегі ежелгі дәуірлерден қазіргі кезеңге дейінгі антропологиялық идеялармен таныстыруға бағытталған. Түркі және қазақ философтарының адам болмысының мәні мен табиғатын, оның табиғат пен әлеуметтік қатынастардағы орны мен мүмкіндіктері мәселесін анықтауға байланысты көзқарастары қарастырылады. Сонымен бірге студенттер модуль арқылы белгілі қазақстандық философ, фарабитанушы А.Х. Қасымжановтың философиялық идеяларымен таныса алады.

Адамның философиялық түсінігі. 6 кредит. SPHL 3011 Медицина және спорт философи­

ясы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

2003.

SPHL 3012 Метаантропология.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

2003.

Модульдің мақсаты адамның биологиялық және әлеуметтік мәні контекстінде антропологиялық мәселелердің жекелеген аспектілерін қарастыру болып табылады. Медицинаның әлеуметтікфилософиялық аспектілері тарихи-философиялық және теориялық бағыттарда қарастырылады. Модульде адам болмысының іргелі қарамақайшылықтары адамның күнделікті болмыс тәжірибесі негізінде талданады. Қазіргі заман философиясындағы адам мәселесінің көптеген аспектілері туралы түсініктер беріледі.

VI семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 11. 6 кредит.

SPHL 3003 Әлеуметтік эпистемология. 3 кре­ дит.

Философия және саясаттану факультеті

254

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Философия және саясаттану факультеті

SPHL 3004 Сыни ойлау. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Қазіргі заманғы философия тарихының өзекті мәселелері. 6 кредит.

CLTS 4018 Ж. Бодрийяр: медиа билігі және коммуникация.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1008.

CLTS

4016

Посткласикалық

батыс

философиясының тарихы.

 

 

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1008.

 

Тарихи-философиялық

сипаттағы

бұл

мо-

дульде посткласикалық

батыс философиясының

концепцияларындағы

философиялық

дискурстың

ерекшеліктерін нақтылап

қарастыру

көзделген.

Студенттерді

модерн

және

постмодерн

философиясының өзекті мәселелерімен таныстырады. Сонындай-ақ модульдің мазмұны Ж. Бодрийярдың философиялық мұрасын және заманауи медиамәдениетті тереңдетіп зерттеуге арналған.

Ғылыми рациональдық мәселелері. 6 кредит. SPHL 3013 Ғылыми зерттеулерді

ұйымдастыру және оның әдістері.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

SPHL 3014 Ойлау мәселесі: тарихифилософиялық дискурс.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

Модуль студенттерді философиялық білімінің бөлімі ретінде әдіснаманың мәні және негізгі мәселелерімен таныстырады, әлеуметтік танымның әдістерінің ерекшеліктері мен ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың аспектілері туралы тереңдетілген түсініктер беріледі.

Әлеуметтік философияның теориялықәдіснамалық негіздері. 6 кредит.

SPHL 3018 Әлеуметтік кеңістік-уақыт және номадизм мәселесі.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

SPHL 3015 Әлеуметтік философияның теориялық-әдіснамалық негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

Модульдің мазмұнында студенттердің әлеуметтік-философиялық білімнің теориялық және концептуальдық негіздерін оқып үйренуі жоспарланған. Қоғамның кеңістіктік болмысының негізгі әлеуметтік және антропологиялық сипаттамалары, номадизм мәселелері контекстіндегі әлеуметтік кеңістік пен уақыттың ерекше сипаттамалары, әлеуметтік кеңістіктің ақпараттық кеңістікпен байланысы, сондайақ философиялық әдіснаманың кеңістіктік-уақыттық негіздері қарастырылады. Әлеуметтік-гуманитарлық білімнің пәнінің, субъектісі мен объектісінінің ерекшеліктері туралы түсініктер беріледі. Курста әлеуметтік философияның әдіснамалық тұрғыдан өзінөзі анықтауы және оның қазіргі заманғы әлеуметтік танымдағы рөлін қарастыру көзделген.

Әлеуметтік эпистемология және қазіргі за­ ман. 6 кредит.

SPHL 3027 Әлеуметтік эпистемологияның өзекті мәселелері (ағылшын тілінде).

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

SPHL 3028 Салыстырмалы философия ғылым мен әлеуметтік философияның әдісі ретінде (ағылшын тілінде).

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

Бұл модульдің негізгі мазмұны тәжірибелік және әдіснамалық сипатқа ие. Модульдің тақырыптық бөлімдерінде қазіргі заманғы әлеуметтік әдіснаманың өзекті мәселелері, адам мен қоғамды зерттеудің қағидалары мен

ұстындары, ғылыми

және философиялық

әдіс

ретіндегі

компаративистік

зерттеу-

лер

әдіснамасының

ерекшеліктері

мен

артықшылықтары және әлеуметтік-гуманитарлық танымның, әлеуметтік гуманитаристиканың, ғылыми парадигмалардың арнаулы-ғылыми әдістері қарастырылады.

Әлеуметтік модернизация мен трансформа­ ция. 6 кредит.

SPHL 3016 Қазақ философиясының әлеуметтік мәселелері.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

SPHL 3017 Әлеуметтік жүйенің өздігінен үйымдасуы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

Модульдің мақсаты қазіргі заманғы әлеуметтік философияның дамуының маңызды үрдістерін мағыналық және әдіснамалық аспектіде қарастыру. Модульдің аясында қазақ философиясының тарихындағы және қазіргі кездегі қазақстандық философтардың теорияларындағы әлеуметтікфилософиялық мәселелер зерттелініп, қоғам өмірінің әр түрлі салаларындағы жаңғыру үдерістеріне тарихи және әдіснамалық тұрғыда талдау беріледі. Модуль жүйелердің өздігінен ұйымдасуының заңдары, әлеуметтік тәртіптің эволюциясы мен қалыптасуы туралы әмбебап теория – синергетиканың мәселелерін қарастыруға және оқып білуге бағытталған. Сонымен бірге өз бетінше ұйымдасатын жүйелер ретінде қоғам, ондағы тәртіптің әлеуметтік құрылымының эволюциясы, мәдениеттегі, басқару теорияларындағы сохатикалық теориялардың өздігінен ұйымдасуы тақырыптары қарастырылады.

Қазіргі заманғы қоғамның дамуы. 6 кредит. SPHL 4002 Постиндустриальдық даму фило­

софиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3004.

SPHL 4003 Социосинергетиканың философиялық аспектілері.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

255

 

 

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

Модуль постиндустриалдық даму, жаһандық ақпараттық өркениеттердің және желілік құрылымдар қоғамының қалыптасуы жайлы теориялар тұрғысынан қазіргі заманғы қоғамның қалыптасу ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Модульде салыстырмалы тарихи әдіснаманы пайдалана отырып, қазіргі қоғам дамуының негізгі концепциялары зерттелініп, қазіргі Қазақстан қоғамындағы трансформациялық және модернизациялық үдерістерге баға беру жүзеге асырылады. Модуль әлеуметтік философияның парадигмасы – әлеуметтік синергетиканың негізгі мәселелерін қарастырады. Синергетиканың теорияларын әлеуметтік үдерістерді болжамдау мен моделдеуге қолдану мүмкіндіктері туралы түсініктер береді.

Ойлаудың философиялық мәселелері. 6 кре­ дит.

SPHL 4004 М. Мамардашвили философиясының әлеуметтік-саяси өзектілігі.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 3001, SPHL

3004.

SPHL 4005 әл-Фарабидің музыка философи­ ясы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, CLTS

1007.

Бұл модульде студенттерді М. Мамардашвилидің философиялық идеяларымен таныстыру, әл-Фарабидің философиялық мұрасындағы музыка феноменін қарастыру жоспарланған. Қарастырылып отырған концепциялардың әлеуметтік-саяси өзектілігіне және олардың қазіргі заманғы философиялық көзқарастардың дамуындағы маңызына көңіл бөлінген.

Әлемдік өркениет және қазіргі заман. 6 кре­ дит.

SPHL 4006 Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3004.

SPHL 4007 Толерантылық пен өзара түсінісу философиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 3004, SPHL

2003.

Бұл модульдің мазмұнында түркілік философиялық дәстүрлердің әлемдік өркениеттің дамуына тигізген ықпалына ерекше ден қойылады. Модуль студенттерді толерантты қатынас пен өзара байланыстың негіздерін үйретуге, ақпараттық қоғамдағы тиімді кәсіби қызметке қажетті ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға арналған. Оны аясында толеранттылық мәселесі мен оны шешудің жолдары туралы негізгі түсініктерді баяндау қарастырылған.

Қазіргі заманғы ғылыми-философиялық зерттеулердің әдіснамасы. 6 кредит.

SPHL 3029 Қазіргі заманғы батыс философиясындағы антропологиялық идеялар (неміс тілінде).

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 3004, SPHL

2003.

SPHL 3030 Әлеуметтік-гуманитарлық танымдағы пәнаралық зерттеулердің әдістері мен принциптері (неміс тілінде).

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 3004, SPHL

2003.

Курстың мақсаты қазіргі батыс философиясындағы антропологиялық идеяларды жүйелі түрде қарастыру болып табылады. Адамның табиғи және әлеуметтік болмысын, гуманитарлық антропоморфизм үрдістерінің әдіснамалық мәнін, әлеуметтік-гуманитарлық танымдағы пәнаралық зерттеулердің әдістері мен қағидаларын, мәселеге бағдарланған ғылымның қалыптасуы және оның әдіснамалық салдарын зерттеумен байланысты қазіргі заман философиясындағы жаңаша үрдістер талданады.

IV Курс VII семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 12. 3 кредит.

SPHL 4001 Философияны оқыту әдістемесі. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Шығармашылық философиясы. 6 кредит. SPHL 3019 Шығармашылық философиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

2003.

SPHL 3020 Интерсубъективтілік философия­ сы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

2003.

Модуль философияның әлеуметтікантропологиялық мәселелеріне арналған. Шығармашылық пен креативті ойлаудың мәні мен типтері ашып көрсетіледі, ғылыми шығармашылықтың ерекшеліктеріне, механизмдері мен кезеңдеріне талдау жасалынады. Шығармашылық үдерістің психологиялық, әлеуметтік, экзистенциалдық аспектілері туралы түсініктер береді. Психика мен типтік тұрғыдағы ақпараттық метаболизм теориясы аспектісінде адам – әлем жүйелік қарым-қатынасы туралы білім береді.

Қазіргі қазақстан қоғамының трансформация­ сы. 6 кредит.

SPHL 4012 Ұлттық идея философиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

2003.

SPHL 4013 Қоғамның әлеуметтік жаңғыруының теориясы.

Философия және саясаттану факультеті

256

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Философия және саясаттану факультеті

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

2003.

Модульдің аясында қоғамның әлеуметтік жаңғыруына қатысты теориялардың философиялық мәселелері оқытылады, қоғам өмірінің әртүрлі салаларындағы жаңғыру үдерістері тарихи және әдіснамалық тұрғыда талданады. Тақырыптық бөлімдерде қазіргі Қазақстанның тарихи дамуы мәселесі философиялық тұрғыдан байыпталады. Қазақстандық ұлттық идея, патриотизм, ұлттық бірегейліктің қалыптасуы мәселелері қарастырылады.

Тілді логикалық талдау. 6 кредит. SPHL 3025 Тілді логикалық талдау.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

SPHL 3026 Әлеуметтік жүйелердің коммуникативті теориясы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

1009.

Модуль ақпараттық-коммуникациялық үдерістер мен тіл философиясының жекелеген аспектілерін қарастыруға бағытталған. Сонымен бірге модульде логикалық семантика, философиялық логика, аргументация теориясы, тілді логикалық талдау қарастырылады. Ақпараттық-коммуникациялық үдерістер мен медиа технологиялар негізінде қазіргі өркениеттің дамуы сараланады. Компьютерлік революция, ақпараттық технологиялар және әлеуметтік құрылым мен қоғам мәдениетіндегі, индивидтің жүріс-тұрыс үлгісіндегі терең өзгерістер арасындағы байланыс талданады.

Адам және тарих. 6 кредит.

SPHL 4009 Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

2003.

SPHL 3022 Коммуникативті кеңістік филосо­ фиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

2003.

Әлеуметтік-философиялық мазмұндағы бұл модульде студенттердің дербес әлеуметтік зерттеулер жүргізу дағдыларын қалыптастыру көзделген. Модуль аясында қоғамның әлеуметтік жаңғыруының, әртүрлі теорияларының философиялық мәселелері, қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесі қарастырылады, Қазақстан қоғамының әртүрлі салаларындағы жаңғыру үдерістері тарихи және әдіснамалық тұрғыдан талданады. Қазіргі заманғы коммуникативті кеңістіктің ерекшеліктері, оның ресурстары мен мүмкіндіктері, постмодернистік дискурстың стратегиялары ашып көрсетіледі. Бұл мәселелер қазақстандық қоғам көзқарасы тұрғысынан қарастырылады.

Қазіргі заман әлеуметтік философиясының өзекті мәселелер. 6 кредит.

SPHL 3021 Еуразияшылдық философия.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

4002.

SPHL 4011 Дәстүр және тарих.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

4002.

Еуразияшылдық философиясының қалыптасуы мен тарихи тағдыры жайында мағлұмат береді. қазіргі заманғы қоғамның өзекті мәселелерін әр түрлі тарихи теориялар мен тарихи танымның парадигмаларының бірі еуразияшылдық түрғысынан талдайды. Модуль аясында қоғамның әлеуметтік жаңғыруының, әртүрлі теорияларының философиялық мәселелері, қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесі қарастырылады, Қазақстан қоғамының әртүрлі салаларындағы жаңғыру үдерістері тарихи және әдіснамалық тұрғыдан талданады.

Қала антропологиясы және білім философиясының негіздері. 6 кредит.

SPHL 4014 Батыс еуропа ойшылдарының концепцияларындағы қала социумы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

SPHL 4015 Қазіргі заманғы білім берудің он­ тологиясы мен аксиологиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

Модуль студенттердің назарын қазіргі қоғамды әлеуметтік-философиялық тұрғыда талдаудың жекелеген мәселелеріне аудартады. Қазіргі заманғы постмодернистік философия контекстінде қала философиясының негізгі теорияларының дамуы туралы түсінік береді. Қалалық қоғамды әлеуметтік-философиялық талдаудың ерекше объектісі ретінде көрсетеді. Қазіргі заманғы білім философиясының өзекті әлеуметтікфилософиялық мәселелерін қарастырады. Білім берудің әлеуметтік институт ретіндегі болмысын көрсетеді.

Тіл философиясы және әлеуметтік техноло­ гиялар. 6 кредит.

SPHL 3023 Тіл философиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

SPHL 3024 Әлеуметтік-инженерлік технологиялардың философиялық негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

Модуль тіл философиясы мен әлеуметтік инженерлік технологиялардың мәселелерін қарастыруға бағытталған. Тіл мен лингвистиканың әлеуметтік философия аспектісіндегі философиялық мәселелері туралы түсініктер беріледі. Лингвистика мәселелері және философия тарихы мен ХХ ғасыр философиясындағы тілді түсінудің негізгі қағидалары қарастырылады.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

257

 

 

Қазіргі заманғы ақпараттық қоғамның дамуындағы әлеуметтік білім саласы – әлеуметтік инженерияның мәні мен рөлі ашып көрсетіледі. Оның мазмұнына, негізгі бағыттарына, әлеуметтік шындықты қайта өзгертуінің әдістері мен қағидаларына ерекше ден қойылады. Әлеуметтік технологиялардың (психотехникалар, сананы манипуляциялау және т.б.) философиялық, әлеуметтік, антропологиялық аспектілерін көрсетеді.

ХХ ғасыр философиясының өзекті мәселелері. 6 кредит.

SPHL 4024 Жаһандық мәселелер философия­ сы (ағылшын тілінде).

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

SPHL 4025 ХХ ғасырдағы тіл философиясы (ағылшын тілінде).

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

Бұл модульдың мақсаты студенттерде қазіргі өркениеттің дамуындағы жаһандық мәселелер туралы түсініктер қалыптастыру. Жаһандық ақпараттық қоғамның қалыптасу үрдістері қарастырылады. Жалпы тұрғыда және ХХ ғасырдағы әлеуметтік философияның аспектісінде тіл мен лингвистиканың философиялық мәселелері туралы тереңдетілген түсініктер беріледі. Линвистиканың мәселелері және ХХ ғасыр философиясындағы тілді түсінудің негізгі қағидалары қарастырылады.

Қазіргі заманғы философиядағы адам мәселесі. 6 кредит.

SPHL 4008 Күнделікті құрылымдағы адам болмысы

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

4002.

SPHL 4010 орыс философиясындағы адам мәселесі.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL 2004.

Модуль филоссофиялық білімнің маңызды бөлімі − философиялық антропологияның мәселелерін қарастыруға арналған. Философияның негізгі антропологиялық мәселелері контекстінде адамның өмір сүруінің негізгі модустарымен таныстырады. Адам болмысының экзистенциалды және трансцендентті аспектілерін қарастырады. Орыс философиясындағы адам мәселесінің қарастырылуының негізгі аспектілерін ашып көрсетеді. Қазіргі заман философиясындағы адам мәселесінің көп қырлылығы, жаттану мен тұлға мәселелері туралы түсініктер беріледі.

Қазіргі замағы өркениеттің дамуының философиялық мәселелері. 6 кредит.

SPHL 4016 Ақпараттық өркениет философиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

4002.

SPHL 4017. Дағдарысты коммуникацияларды философиялық талдау.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

4002.

Модуль әлеуметтік философиядағы ақпараттық қоғам түсінігінің негізгі концепцияларын қарастыруға арналған. Постиндустриалдық қоғам мен желілік мәдениеттер қоғамының және ақпараттық мәдениеттің даму болашағының негізгі мәселелері қарастырылады. Модуль аясында студенттерге адам мен қоғам болмысының құрамдас бөлігі болып табылатын дағдарыстық коммуникациялардың теориялары мен тәжірибелері, қақтығыстар мен консенсустың теориялық-философиялық негіздері, әлеуметтік әрекеттестік пен коммуникацияның түрлері ретінде қарастырылатын: қақтығыстарды тоқтату мен реттеу туралы түсініктер беру жоспарланған.

Билік пен бизнестің философиялық мәселелері. 6 кредит.

SPHL 4018 Саяси философиядағы билік тео­ риясы.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

SPHL 4019. Бизнес философиясы

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

2004.

Модуль адам тіршілігінің философиялық, әлеуметтік аспектілерін және оның өміріндегі билік пен бизнес секілді өзекті феномендердің дамуын қарастыруға арналған. Биліктің әлеуметтік феномені онтология, аксиология, праксиология арқылы көрсетіледі. Қазіргі жаһандық әлемдегі билік құрылымы, қызметі және түрлері зерттелінеді. Модульді оқыту барысында бизнестің негізін, қағидаларын, теориялары мен тәжірибелерін шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуы тарихы және олардың қазіргі кездегі координациясы мен субординациясы аспектілерінде көрсету жоспарланған.

Тілдің өзекті философиялық мәселелері. 6 кредит.

SPHL 4020 Социолингвистика.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

SPHL 4021 Тіл және бейсаналылық.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

2003.

Модуль тіл философиясы мен әлеуметтік лингвистиканың мәселелерін тереңдетіп қарастыруға арналған. Логикалық семантика, тілді логикалық талдау, тілдік және коммуникативті жүйелердің әлеуметтік аспектілері қарастырылады. Тіл философиясы мен бейсаналылық мәселелерінің антропологиялық аспектілері талданады. Философия, тіл білімі, әлеуметтану, әлеуметтік психология және этнографияның тоғысында қалыптасқан ғылыми пән және тілдің әлеуметтік табиғатын, оның қоғамдық және әлеуметтік механизмдерімен әлеуметтік факторлардың тілге әсер етуіне байланысты ауқымды мәселелер кешенін зерттейтін әлеуметтік лингвистика туралы түсініктер беріледі.

Философия және саясаттану факультеті

258

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Философия және саясаттану факультеті

Қазіргі заманғы қоғам өмірінің маңызды сала­ ларын философиялық талдау. 6 кредит.

SPHL 4026 Класикалық білім берудің философиялық негіздері. (неміс тілінде).

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

SPHL 4027 Конфликтологияның философиялық негіздері (неміс тілінде).

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

3001.

Модуль қазіргі заманғы философиялық теорияның тәжірибелік аспектілерін зерделеуге бағытталған. Қазіргі заманғы білім берудің философиялық негіздерінің толық көріністері оның тарихи дамуымен байланыстырылып көрсетіледі. Класикалық еуропалық білім берудің негізгі парадигмаларымен таныстырады. Студенттерде қақтығыстар мен консенсусты зерттеудің теориялары мен тәжірибелері, толерантты қарымқатынас негіздері туралы түсініктер қалыптастыру қарастырылған. Толеранттылық пен қақтығыссыз әлеуметтік әрекеттестіктің түйінді мәселелері туралы негізгі түсініктерді баяндау жоспарланған.

Коммуникация қазіргі заманғы желілік қоғам. 6 кредит.

SPHL 4022 Визуальды коммуникацияның тілі.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

2003.

SPHL 4023 Желілік құрылымдар қоғамы: философиялық талдау.

3 кредит. Пререквизиттер: SPHL 2002, SPHL

2003.

Модульді оқу барысында адамзат өркениетінің жаңа кезеңдері талданады. Компьютерлік революция, ақпараттық технология және әлеуметтік құрылымдағы, қоғам мәдениеті мен индивидтің мінез-құлық үлгісіндегі терең өзгерістер арасындағы байланыстар көрсетіледі. Модуль қоғамның виртуализациялануының теориясы негізінде қазіргі заманғы әлеуметтік үдерістердің ерекшеліктері мен бағыттары туралы жүйелі түсініктерді қалыптастырады. Коммуникативті өзара қатынастың визуалды аспектілерінің өзгерістері мен оларды қабылдаудың ерекшеліктері қарастырылады

ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТ

D1 - гуманитарлық және тарихи-философиялық білімнің маңызды салалары мен даму кезеңдерін, гуманитарлық білімнің дерек көздері, негізгі ғылыми мектептері мен бағыттары, концепцияларын мен олармен жұмыс істеу тәсілдерін білу, әлеуметтік философия, әлеуметтік антропология және эпистемология, тұлға философиясы саласындағы білімдерді меңгеру, қазіргі заманғы құқық және саяси философия, тарих философиясы, тіл және сана философиясының маңызды концепцияларын білуі қажет.

D2 – адам мен қоғам табиғатын әлеуметтікгуманитарлық тұрғыда танудың әдіснамасын әлеуметтік таным саласындағы ақпараттық технологияларды, ақпаратты басқарудың дағдыларын, мамандық бойынша терминологияның шет тіліндегі нұсқаларын меңгеруі; зерттеу қызметінде әлеуметтік және табиғи үдерістерді ой елегінен өткізудің біртұтас қағидаларын пайдалана алу, философияның негізгі теориялық бөлімдерінің іргелі категориальды және әдіснамалық аппаратын, дүниетаным ретінде философияның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін және әлеуметтікгуманитарлық білімнің негіздерін білуі қажет.

D3 – елдер мен аймақтардағы әлуеметтік, рухани, антропологиялық, білім саласындағы жағдайларды талдау үшін жеткілікті біліктіліктерді меңгеру; қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени шындықты қабылдау мен ой елегінен өткізудің дағдыларын дамытуы, мәдени-тарихи шындықты компаративистік тұрғыда талдаудың әдіснамасын меңгеруі, қоғамның ақпараттануының эволюциялық дамуы контекстіндегі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың негізгі қағидаларын меңгеруге деген қабілеттілікті қалыптастыруы керек.

D4 – демократиялық қоғамның идеалдары мен құндылықтарына, демократиялық қоғамның өмір сүру стиліне бағыт ала білуі, жеке экожүйелер мен тұтас биосфераның тұрақтылық шектері, сонымен бірге жаһандық экологиялық өзгерістер туралы жаңа ғылыми мәліметтерді жақсылап үйрену; тарихи эволюция заңдары негізінде тарихи фактілерді зерттеудегі қабілеттілікті дамыту, тарихи үдерістерді, оқиғаларды және тарихи тұлғаларды зерттеуде аналитикалық және аксиологиялық тұрғыдан келе білуі керек.

D5 – мақсатқа сәйкестілік, тиімділік, оңтайлылық, үнемділік секілді рациональдықтың іс-әрекеттік нормаларын меңгеруі; оқу және зерттеу қызметінде мәселелік ситуацияларды шығармашылық тұрғыда шешуде психологиялық білімдерді пайдалана алуы; зерттеу объектісінің себептері мен болашағын кешенді түрде бейнелеу мақсатында әлеуметтік мәселелерді әлеуметтанулық зерттеулер әдістемесі мен техникаларын қолдана отырып, талдауда әлеуметтанулық тұжырымдамаларды пайдалана білу қабілеті; пәнаралық жобалар бойынша жұмыс істей алуға дайын болуы қажет.

5B020400 МӘДЕНИЕТТАНУ МАМАНДЫҒЫ

1 курс

I семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 2. 3 кредит.

ENG 1101, FRE 1101, GER 1101 Шет тілі. 3 кредит.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

259

 

 

Негізгі міндетті модуль 3. 3 кредит.

INFT 1001 Ақпараттық технологиялар. 3 кре­ дит.

Негізгі міндетті модуль 4. 3 кредит. HST 1001 Қазақстан тарихы. 3 кредит Негізгі міндетті модуль 6. 3 кредит.

CLTS1001 Архаикалық мәдениет және Ежелгі дәуір мәдениеті. 3 кредит.

CLTS1002 Антика мәдениеті. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Этникалық мәдениет 6 кредит. CLTS 1003 Этнос және мәдениет.

3 кредит. Пререквизиттер: HST 1001.

CLTS 1004 Көшпенділер өркениеті және но­ мадологиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: HST 1001.

Бұл модульде мақсаты болашақ мамандарға этностардың пайда болу теориясы, расолық проблема, географиялық және тілдік классификация жөнінде айтылады. Негізгі мына сұрақтарға жауап іздейді: раса және әтнос, этногенез, расогенез, этнопсихология және этностық мәдени концепциясы. Басты мәселесі этникалық мәдениеттің ерекшеліктері мен топтардың идентификациясын ашып көрсету.

Этникалық мәдениет 6 кредит. CLTS 1005 Этномәдениеттану.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS1001, HST

1001.

CLTS 1006 Корпоротивті этика.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS1001, HST

1001.

Модуль этикалық мәдениеттің генезисін, негізгі функцияларын, этикалық мәдениеттің басты формаларын, мәдениеттін маңыздылығын қарастырады. Сонымен қоса бұл модульде ритуал, рәсім, дәстүр және де белгілі бір компанияның тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған ұжымдық рухты үйлестіретін ұжымдық этика жайында айтылады.

II семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 1. 6 кредит.

ENG 1101, FRE 1101, GER 1101 Шет тілі. 3 кредит.

KAZ 1001 (RUS 1001) Қазақ (орыс) тілі. 3 кредит.

Негізгі міндетті модуль 7. 6 кредит. CLTS1007 Логика. 3 кредит.

CLTS1008 Философия тарихы. 3 кредит.

Негізгі элективті модульдер Негізгі элективті модуль 1. 3 кредит.

KAZ 1003 (RUS 1003) Кәсіби мақсаттарға арналған қазақ (орыс) тілі.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Аталмыш курс - жұмыс бабында қазақ тілін қажет ететін адамдарға арналған. Бұл курстың

мақсаты – ресми-кәсіби қазақ тілін үйрену. Сонымен қатар, осы бағдарлама ресми қазақ тіліндегі құжаттар үлгісін ұсынады. Аталған курсты тәмәмдағаннан кейін, студенттер жұмысқа қажетті, ресми-кәсіби мәтіндерді оқу, іскерлік салада қазақша сөйлеу мен ресми-кәсіби құжаттарды құрастыру машығына ие болады.

Негізгі элективті модуль 2. 3 кредит. KAZ 1002 Қазақ тілі және әдебиет.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Модульдің негізгі мақсаты - қазақ тілі мен әдебиеті арқылы берілетін білімді логикалық біртұтастықта концептуалдандыру, көркем әдеби шығармалар арқылы ақпараттық жағынан толығу, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи, саяси жағдайларға орай үйлестіруге бейімділігін жетілдіру. жеке тұлғалық білім аясына қазақ тілі мен әдебиеті арқылы берілетін филологиялық білім жүйесін енгізе отырып, оның әлеуметтік және саяси мәселелерде гуманизацияға ерекше мән беру қабілетін дамыту.

Негізгі элективті модуль 3. 3 кредит.

 

SLV 1001 Тіршілік қауіпсіздік негіздері.

факультеті

1 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

ECO 1001 Экология және тұрақты даму.

 

2 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

 

ТҚН курсын үйрену студенттердің өзіндік

саясаттану

және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне

 

байланысты саналы және жауапты көзқарасын

 

қалыптастыруға, алған білімді меңгеру мен

 

қауіпті жағдайларды байқап тануға, аталмыш

және

жағдайлардан қорғану жолдарын анықтау мен

 

өзіндік және өзара көмек көрсетуге бағытталған.

Философия

Ұсынылған курс бағдарламасы қазіргі таңдағы за-

 

манауи талаптарға сай, өйткені оның әдістемелік

 

негізінде адам-қоғам-табиғаттың өзара қарым-

 

қатынасын диалектикалық тұрғыдан түсіну жа-

 

тыр.

 

Негізгі элективті модуль 4. 3 кредит.

 

POL 1001 Саясаттану.

 

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

 

Студенттер қоғам қызметін және түрлі адам-

 

дар, мемлекеттер мен қоғам арасындағы қарым-

 

қатынасты қамтамасыз етуге шақыратын, билік

 

қарым-қатынастары, қоғамның мемлекеттік-

 

саяси ұйымдары мен политикалық институтта-

 

ры, қағида, принциптермен байланысты қоғам

 

өміріндегі осы басты сала туралы мағлұмат алады.

 

2 курс

 

III семестр

 

Негізгі міндетті модульдер

 

Негізгі міндетті модуль 8. 6 кредит.

 

CLTS 2001 Ортағасыр мәдениеті. 3 кредит.

 

CLTS 2002 Қайта өрлеу және Жаңа заман

 

мәдениеті.

 

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

 

260

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Философия және саясаттану факультеті

Кәсіби элективті модульдер Мұсылман Ренессансы 1. 6 кредит.

CLTS 2003 Араб-мұсылман мәдениеті.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1001, CLTS 1008, CLTS 1006.

CLTS 2004 Суфизм мәдени феномен ретінде.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1001, CLTS 1008, CLTS 1006.

Бұл Модуль әлемдік мәдениет пен тарихта ерекше орын алатын мәдениеттің дамуы мен ықпал ету мүмкіндіктерін ашып көрсетеді. Иран, Ирак, Сирия және Африка елдеріндегі исламның пайда болуы кезінде араб-мұсылман мәдениетінің жағдайын талқылайды.

Мұсылман Ренессансы 2. 6 кредит.

CLTS 2005 ІХ-ХІVғ. Таяу шығыс пен Орталық Азия халықтырының мәдениеті және ислам.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1001, CLTS 1008, CLTS 1006.

CLTS 2006 Түркі әлемі және мәдениет.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1001, CLTS 1008, CLTS 1006.

Модульдің мақсаты ислам мәдениетін суреттеуге және анализ жасауға арналған, тек ислам дінінің құндылықтарына ғана сүйеніп қоймай, сонымен қатар алғашқы дәстүрлік рәсімдерді синтездеуге және араб, иран, түркі халықтары туралы түсінік қалыптастыруға және көшпенді түрік мәдениетінің генезисі, номадизм мәдениеттің түрі ретінде, бастау этапы, мәдениет тарихындағы дамуды қарастырады.

Мәдениет тарихындағы миф және ритуал 1. 6 кредит.

CLTS 2007 Миф және ритуал.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1001, CLTS 1008, CLTS 1006.

CLTS 2008 Дін және мәдениет.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1001, CLTS 1008, CLTS 1006.

Модульдің мақсаты болашақ мамандарды әлеуметтік мәдениеттің ірі институтты дін деп үйретеді. Дін – тарихи кезеңдегі қоғамда бітесіп кеткен қатынас. Курс барысында негізгі әлемдік діндер – ислам, христиан, буддизм ғана емес, олардың әр уақытта және әр мәдениетте өмір сүргенін, оның қызметін бөлек қарауға болады және миф қоғамдағы әлеуметтік-симфоликалық өзара қатынастың жүйесінде легитимді және біртекті бағыттағы, мәдени-әлеуметтік қызмет тұрғысынан қарастырылады.

Мәдениет тарихындағы миф және ритуал 2. 6 кредит.

CLTS 2009 Миф теориясы.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1001, CLTS 1002, CLTS 1006.

CLTS 2010 Ритуал мәдени феномен ретінде.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1001, CLTS 1002, CLTS 1006.

Модульдің мақсаты дәстүр және оның мифтік жүйесін іске асырушы, мәдениеттің ежелгі институтын түбегейлі қарастыруға арналған. Көрсетілген салада жетістікке қол жеткізген абыройлы, отандық және шетелдік заманауи зертеулерге сүйене отырып жасалған.

IV семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 5. 2 кредит. PHIL 1001 Философия. 2 кредит. Негізгі міндетті модуль 9. 6 кредит. CLTS2011 Эстетика. 3 кредит. CLTS2012 Этика. 3 кредит.

Негізгі элективті модульдер

Экономика және құқық негіздері. 6 кредит. LAW 1001 Құқық негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

ECN 1001 Экономикалық теория негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Пәнді үйрену барысында студенттер экономика ғылымының категорияларымен танысу және меңгерулері, экономикалық мектеп араларындағы өзарабайланысты анықтаулары тиіс. Олар экономика ғылымының фундаментальды ұғымдары жайлы, экономикалық даму ұғымы туралы мағлұмат алады. Курс барысында студенттер экономикалық зерттеудің әдістері, қоғам өміріндегі экономиканың мағынасы мен міндеттері жайлы біледі. Құқық негіздері курсы кезінде студенттер мемлекет және құқық теориясы жайлы ақпарат алады, конституциялық құқықтың басты мәселелерімен, Конституция ұғымы мен мәні, тұлғаның құқықтық статусын анықтаумен танысады.

Психология және әлеуметтану. 6 кредит. SOC 1001 Әлеуметтану.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

PSY 1001 Психология.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Әлеуметтану – тұтас жүйе және арнайы әлеуметтік институттар, үрдістер, әлеуметтік топтар мен топшалар, қоғам мен тұлғаның қарым-қатынасы, адамдардың топтық мінез-құлқының заңдылығын қарастыратын қоғам жайлы ғылым. Психология – бұл психикалық үрдістердің пайда болуы, қалыптасуы және дамуы, адамның психикалық жағдайынының заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін ғылыми ілім. Психология басқа ғылым мен ғылым салаларының ғылыми ілімдерімен өзара байланыста болады. Сол арқылы жаңа ғылыми бағыттар қалыптасады.

Кәсіби элективті модульдер Өнер мәдени феномені ретінде 1. 6 кредит.

CLTS 2013 Өнер тарихы.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1001, CLTS 1002, CLTS 1006.

CLTS 2014 Шығыстың заманауи мәдениеті мен өнері: ғылымы және білімі.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1002, CLTS 1006, CLTS 1008.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]