Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Capital.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
24.74 Кб
Скачать

Капитал (немісше kapіtal, ағылшынша capіtal, латынша capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.

Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған сомадан артық сома алу мақсатында жұмсалған жағдайда капитал болады. Капитал айналымының жалпы формуласы мынадай: А-Т-А’; мұндағы А’=А+DА, ал DА – ақша өсімі. Ақша нарықтық қатынастарға көше бастаған қоғамдарда капитал ретінде, яғни өсім алу мақсатында қолданылған, яғни бұл қоғамдарда капиталдың ежелгі саудагерлік және өсімқорлық түрлері болған. Саудагерлер тауарларды сатып алу-сату арқылы баға деңгейінің ауытқуынан пайда түсіріп, капиталын арттырып отырған. Өсімқорлар ақшасын шаруаларға, қолөнершілерге, ақсүйектерге қарызға беріп, олардан осы ақшаның төлемдік өсімін алып, қаражатын молайтқан. Екі жағдайда да ақша қосымша ақша әкеліп, өзін-өзі өсіреді.

Капитал түрлері

Капитал екіге бөлінеді:

1.Негізгі

2.Айнымалы

Негізгі капитал-өндірісте ұзақ мерзім бойына қатысатын өндірістік капитал үлесі ол өз құнын дайын өнімге біртіндеп аударады. Оған өндірістік ғимарат, еңбек құралы,машина,техника және т.б жатады.

Айнымалы капитал- бұл өз құнын жаңадан жасалған өнімге бірден толық мөлшерде аударатын өндірістік капитал үлесі. Ол ақшалай формада өз иесіне 1 айналым кезінде қайтарылады. Оған шикізат, жанармай т.б жатады. Кәсіпкерлер негізгі капиталды сақталып қайта қалпына келуге ерекше мүмкіндік береді. Негізгі капитал тозуы амартизация деп аталады.

Өзгешеліктері

Сауда мен өсімқорлық капитал Қазан төңкерісінен бұрынғы кезеңде Қазақстанда да өзіндік ерекшеліктерімен біршама кең тараған. Саудагерлер тауарды қарызға ұсынып, қарыз мал басымен есептеліп төленетін. Мысалы, адамның бір мал басына тең қарызы болса, бір жылдан соң ол малды төлімен бірге қайтаруға мәжбүр болған. Сауда мен өсімқорлық капитал тауар-ақша айналымында ғана өріс алып, өндіріс саласына бармаған. Өндірістің өзі капиталистік ұстанымдардың негізінде қайта құрылып, қоғамдық шаруашылық терең әлеуметтік-экономикалық өзгеріске ұшырады. Мұндай жағдайда ақша капитал ретінде енді алыпсатарлық пен өсімқорлық салалардан гөрі, Маркстің тұжырымдамасына сәйкес, негізінен, өндіріс саласында еңбекшілерді қанау арқылы пайда түсіруге жұмсалатын болды. К. түрлі нысандарда көрініс тапты. Капиталдың бастапқы нысаны болып табылатын ақша капиталы – каптал құнының ақшалай өлшемдік көрінісі, сонымен қатар ол қолда бар қаражат қоры. Маркстің теориясына сәйкес, капталдың екінші нысаны өндіргіш капитал. Оның негізгі қызметі – қосымша құн өндіру. Сауда капиталның міндеті – өндірілген тауарларды сатып өткізу. Нақты капитал – тұрақты бағамен көрсетілгенкапитал. Ол негізгі және айналым құралдарынан тұрады. Негізгі құралдарға бірнеше өндіріс кезеңдерінде пайдаланылатын үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, аспаптар жатады, айналым құралдары өндірістің тек бір кезеңінде ғана толық тұтынылады немесе өңделіп өзгереді, оларға өзіндік немесе нарықтық құны бойынша бағаланатын тауар-материалдық құндылықтар (өндірістік босалқы қорлар, дайын өнім, т.б.), ақшалай қаражат (дебиторлық берешек, қысқа мерзімді қаржы салымы, т.б) жатады. Қаржы капиталы кәсіпорынның нақты К-на меншік құқығын беретін бағалы қағаздар құнының ақшалай өлшемдік көрінісі. Ол акцияларды иелену немесе басқадай міндеттемелер арқылы ( банк несиесі бойынша) кәсіпорындарды өзіне бағындырып, басқарады. Акционерлік капитал акционерлердің салымдарынан құралатын, яки серіктестікке оның иелері салым түрінде толық пайдалануға берген барлық қаражат.

Капитал органикалық құрылысы

Капитал органикалық құрылысы - құн тұрғысынан өндіріс құралдары көлемі мен өндіріс үрдісіне салынған еңбек арасындағы қатынастар. Сәйкесінше, бұл тұрақты және айнымалы капитал арасындағы қатынастар. Маркстың талдауындағы осыған жақын ұғым - капиталдың техникалық кұрылымы (машиналар мен зауыттардың еңбекке қатынасы), шамамен қарапайым болып табылатын сияқты, бірақ шын мәнінде өлшемге келмейді.

Капиталдың кәсіпкерлік практикасындағы экономикалық теориясының түсінігі мысалыға: капитал ретінде АЭС атомдық реакторлары, мини-трактор, напалма өндірісі бойынша зауыттың құрылғылары, жобалы-конструкторлық бюро қатыстылығы, инженердің шеберлік қатыстылығы және кәсіпкерліктік басшы.Капиталдың қазіргі заманға қатысты ерекшеліктері мен өзгешеліктері: капиталдың түріне байланысты физикалық және адам капиталы болып екіге бөлінеді. Осыған байланысты К. Маркстың капиталға қатысты экономикалық көзқарастарын ұсынады. Кәсіпкерлік капиталдың ішкі және сыртқы ағымдарының қалыптасуы, бұған кіретіні инвестициялары, көлемдері, қызметтің периодынан қатысты болатын, ағымдары мен мінездемесін қалыптастырып отырған.Кәсіпорынның өзіндік ағымдарына: негізгі қызметтен пайдасы, қаржылық операциялардан пайдасы, табыстардың кейбір түрлері, амортизациялық қоры мен жарғылық қоры, тиелген тауарлары үшін сатушыларға қарызы, алып тасталынған мүлікті өткізуден түскен табысы, құрылыстағы ішкі ресурстардың мобилизациясы. 

Капиталдың айналымы және қайтармалы айналымы

Кәсіпорын қорлары дегеніміз - кәсіпорынның материалдық игіліктерді өндірумен байланысты пайдаланатын барлық материалдық заттар мен ақша қаражаттарының жиынтығы. Кәсіпорын қорлары 2-ге бөлінеді: негізгі және айнымалы.

Негізгі қорлар дегеніміз- кәсіпорынның өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы қолданылатын өндіріс құралдары. Олар өздерінің құнын өндірілген өнімге тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп өткізіп отырады.

Айнымалы қорлар-бұл өндіру кезінде толығымен тұтынылатын, өзінің құнын дацын өнімге бірден өткізетін еңбек заттары.

Қорлардың ауыспалы айналымы дегеніміз- қорлардың біртіндеп 3 функционалды формасының 1-1-імен алмасуын қамтитын үздіксіз қозғалысын айтамыз.

Ауыспалы айналым кезінде қорлар 3 сатыны қамтиды, яғни 1 формадан 2-ші формаға ауысуын көрсетеді.

1 саты, қорлардың өндірістік формадан тауарлы формаға ауысуы.

2 саты, тауар қорларының ақша қорларына ауысуы.

3 саты, қорлардың ақшалай формадан өндірістік формаға ауысуы.

Қоғамда өндірістік қорлардың ауыспалы айналымы мына түрге ие болады: ҚЖ…Ө…Т – А – ҚЖ.

Қор айналымы дегеніміз- ауыспалы айналымның бір акт ретінде емес, мезгіл мезгіл қайталанатын процес ретінде орын алуы.

2. Өндірістік капитал екі бөліктен тұрады, олардың құндары ауыспалы айналымның барлық циклінен өтеді және кәсіпкерге әртүрлі уақыт аралығында ақшалай формада қайтып оралады. Капиталдың бұл екі бөлігі: а) негізгі капитал; б) айнымалы капитал.

Негізгі капитал - өндірісте ұзақ мерзім қолданылатын өндірістік капиталдың бір бөлігі. Негізгі капитьалға еңбек құралдары жатады – зауыттардың ғимараттары, машиналар, жабдықтар және т.с.с. олар бірден сатып алынады, ал өзінің құнын шығарылатын өнімге тозу шамасына қарай өткізеді.

Бұған қарағанда, айнымалы капитал - өндіріс процесіне қысқа мерзімде қатысады және өзінің құнын дайын өнімге бірден және толығымен өткізеді. Ол ақшалай формада бір айналым аралығында қайтып оралады. Оған еңбек заттары және тез тозатын инструменттер жатады. Айнымалы капиталға тәжірибеде жалақыны жатқызуға болады.

Өндіріс сферасында қызмет ететін негізгі және айнымалы капиталдан басқа кәсіпорында айналым қорлары болады - өткізу үшін бағытталған тауарлар мен ақшалай қаражаттар. Айналым қорлары мен айнымалы қорлар әрбір айналым сайын жаңарып отырады. Олардың арасындағы тығыз байланыс бар – айнымалы қорлар өндіру процесі кезінде айналым қорларына (дайын өнімге, одан кейін ақшалай қаражаттарға) айналады, және керісінше, өнімдерді сатудан түскен ақшалай қаражаттар айнымалы қорлардың элементтеріне – шикізатқа, отынға және т.с.с. айналады. Осыған орайайнымалы қорлар мен айналым қорларына салынған ақшалай қаражаттар айнымалы құралдарға бірігеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]