Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Catalog KZ Bас

.pdf
Скачиваний:
33
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
24.9 Mб
Скачать

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

экономика және бизнес жоғары мектебі

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

293

 

 

5B050508 Есеп және аудит

5B050600 Экономика

5B050700 Менеджмент

5B051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару

5B090900 Логистика

5В050508 ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ МАМАНДЫҒЫ

1 курс

I семестр

Негізгі міндетті модульдер Негізгі міндетті модуль1. 6 кредит.

ENG 1201,FRE 1201,GER 1201 Шетел тілі. 3 кредит.

KAZ 1001 (RUS 1001) Қазақ (орыс) тілі. 3 кредит.

Негізгі міндетті модуль5. 3 кредит.

ECN1001 Экономикалық теория. 3 кредит.

Негізгі элективті модульдер

Негізгі элективті модуль 1,2,3,4. 6 кредит.

KAZ 1003 (RUS1003) Кәсіби мақсаттар үшін қазақ (орыс) тілі. 3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Модульдің мақсаты студенттерді мемлекеттік тілде іс жүргізумен таныстыру, арнайы ресми формалар мен тілдердің түрлерін қарастыру және арнайы ақпаратты алу және беру мүмкіндіктерін үйрету болып табылады.

KAZ 1002 Қазақ тілі және әдебиет. 3 кредит.

Пререквизиттер: жоқ.

Модуль студенттерді сөйлем құрылымымен, грамматикалық ерекшеліктерімен, әдебиет туындыларымен таныстырады. Студенттердің өз ойларын жинақтап барлық пайдалнушыларға ақпаратты еркін жеткізу дағдысын қалыптастырады.

SLV 1001 Өмір сүру қауіпсіздігі негіздері. 1 кредит.

Пререквизиттер: жоқ.

ECO 1001 Экология және тұрақты даму. 2 кредит.

Пререквизиттер: жоқ.

Модульдің мақсаты студенттерді қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға шақыру, өзін-өзі сақтау әдістерін үйрету, әлемде болып жатқан экологоиялық тұрақсыздықтарды және экологияға әсер етіп жатқан негізгі факторларды қарастыру болып табылады.

POL 1001 Саясаттану. 3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Модульдің мақсаты саясат пен биліктің моральдік негіздерін қарастыру, еліміздің сыртқы және ішкі саясатытарының ерекшеліктерімен таныстыру болып табылады.

Кәсіби элективті модульдер

Экономикадағы математика және статистикалық әдістер. 3 кредит.

EM 1005 Экономикадағы математика. Пререквизиттер: жоқ.

ECN 1002 Экономикадағы статистикалық әдістерге кіріспе. Пререквизиттер: жоқ.

Модуль математикалық және статитсикалық әдістер мен тәсілдерді экономикалық қызметтің құбылыстарын, экономикалық үрдістерді зерттеу мақсатында пайдалануға үйрету болып табылады.

II семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 2. 3 кредит.

ENG 1201,FRE 1201,GER 1201 Шетел тілі. 3 кредит.

Негізгі міндетті модуль 3. 3 кредит.

INFT 1001 Ақпараттық технологиялар. 3 кре­ дит.

Негізгі міндетті модуль 4. 3 кредит. HST 2001 Қазақстан тарихы. 3 кредит. Негізгі міндетті модуль 6. 6 кредит. MACE 1002 Микроэкономика. 3 кредит. MKT 1002 Маркетинг. 3 кредит. Негізгі міндетті модуль 7. 3 кредит.

AUD1001 Бухгалтерлік есеп тарихы. 3 кре­ дит.

III семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 8. 2 кредит. PHIL 2001 Философия. 2 кредит. Негізгі міндетті модуль 9. 6 кредит.

ECN 2001 Экономиканы мемлекеттік реттеу. 3 кредит.

MGT 2001 Менеджмент. 3 кредит. Негізгі міндетті модуль 10. 6 кредит. MACE 2001 Макроэкономика. 3 кредит. AUD 2001 Статистика. 3 кредит.

Негізгі элективті модульдер Негізгі элективті модульдер 5,6. 6 кредит.

Экономика және құқық негiздерi. 6 кредит. LAW 1001 Құқық негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

ECN 1001 Экономикалық ілімдер тарихы.

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Модульдің мақсаты құқықтық негіздер мен Конституционалдық қатыстарды зерттеу, студенттерді бүгінгі экономикалық жағдайды өз бетімен тануға дағдыландыру, экономикалық теория ғылымының даму тарихымен таныстыру болып табылады.

Психология және әлеуметтану. 6 кредит. SOC 1001 Әлеуметтану.

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

PSY 1001 Психология.

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Экономика және бизнес жоғары мектебі

294

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Модуль студенттердің ізденушілік қабілетін қалыптастырады, арнайы бағдарламалар құрастыруға және алынған мәліметтер негізінде талдау жасауға, әлеуметтік жағдайлар мен психологияның қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды анықтай білуге үйретеді.

IV семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 11. 3 кредит. FIN 2001 Қаржы. 3 кредит.

Негізгі міндетті модуль12. 6 кредит.

AUD 2002 Аудит теориясы. 3 кредит.

AUD 2003 Бухгалтерлік есеп қағидалары. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Логистика және эконометрика. 6 кредит. MKT 2001 Логистика.

3 кредит. Пререквизиттер: МКТ 1002.

MACE 2002 Эконометрика.

3 кредит. Пререквизиттер: МКТ 1002.

Модульдің мақсаты логистика түсінігін, ҚР логистиканың пайда болуын, логистиканың негізгі түрлері мен әртүрлі слалардағы логистиканың мәнін қарастырады. Ықтималдықтар теориясы мен математика-статистикалық мәліметтерді зерттейді.

Институционалды экономика және экономикалық жүйелер. 6 кредит.

ECN 2002 Институционалды экономика.

3 кредит. Пререквизиттер: ECN 1001, ECN

2001.

ECN 2003 Экономикалық жүйелерді салы­ стырмалы талдау.

3 кредит. Пререквизиттер: ECN 1001, ECN

2001.

Модульдің мақсаты экономикалық жүйені құрастыратын институттар мен институционалды ортаны зерттеу, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді, салыстырмалы талдау әдістерінің өзара байланыстыра мен заңдылықтарын қарастыру болып табылады.

Қазақстан Экономикасы және экономикалық талдау теориясы. 3 кредит.

AUD 2004 Экономикалық талдау теориясы.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 1001.

MKT 2002 Қазақстан экономикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: ECN 1001, ECN

2001.

Модульдің мақсаты Қазақстанның экономикалық тарихын зерттеу, халық шаруашылығының дамуын, ҚР нарықтық экономикалық құрылымын қарастыру болып табылады. Талдаудың теориялық негіздерін, негізгі түсініктерді, талдау түрлері мен әдістерін қарастырады.

V семестр

Негізгі міндетті модульдер Негізгі міндетті модуль13. 3 кредит.

AUD 3001 Қаржылық есеп. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Қаржылық талдау және аудит. 6 кредит. AUD 3003 Аудит.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2002.

AUD 3004 Қаржылық талдау.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2001, AUD

2003.

Модуль қаржылық есептілік нысандары негізінде анықталатын негізгі көрсеткіштердің мәні мен мазмұнын қарастырады. Бақылаудың бір нысаны ретіндегі аудитті жүргізу әдістемесін қарастырады және аудиттелетін субъектінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесі жөніндегі тәуелсіз пікір-аудиторлық қорытынды құрастыру әдістемесімен таныстырады.

Кәсіпорын экономикасы және банк ісі. 6 кре­ дит.

MACE 3001 Кәсіпорын экономикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: MACE 1002, MGT

2001.

FIN 3001 Банк ісі.

3 кредит. Пререквизиттер: FIN 2001.

Модуль кәсіпорын мен банкті жеке шаруашылық объектілері ретінде қарастыра отырып, олардың құрылымын, өндірістік және нарықтық өзара байланыстарын, қызметтерінің тиімділігін, қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін зерттейді.

Бизнесті ұйымдастыру және Әлемдік эконо­ мика. 3 кредит.

MGT 3001 Бизнесті ұйымдастыру.

3 кредит. Пререквизиттер: FIN 2001.

IE 3001 Әлемдік экономика.

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Модуль бизнестің даму үрдісін, бизнесжоспарды құрастыру тәртібін, басқару стратегиясын зерттейді. Әлемдік экономиканы біртұтас жүйе ретінде қарастырады және бірегейлендіру мен жаһанданудың алғышарттары мен өзге де мәселелерін зерттейді

Қаржы және салық салу. 6 кредит. FIN 3004 Салық және салық салу.

3 кредит. Пререквизиттер: FIN 2001.

FIN 3002 Корпоративтік қаржы.

3 кредит. Пререквизиттер: FIN 2001.

Модуль салықтардың мәнін, салық салу механизмін қарастырады, материалдық өндіріс саласындағы экономикалық қатынастарды қарастыра отырып, ақша қаражаттары мен қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану мәселелерін зерттейді.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

295

 

 

Қаржылық нарық және корпоративті басқару. 6 кредит.

FIN 3003 Қаржылық нарық және делдалдар.

3 кредит. Пререквизиттер: FIN 2001.

MGT 3002 Корпоративтік басқару.

3 кредит. Пререквизиттер: FIN 2001.

Модуль қаржы нарығының құрамы мен құрылымын және оның қатысушыларын қарастырады, корпорация түсінігін, сонымен қатар, корпоративті мәдениет пен ішкі іскерлік этикалық кодексті қарастырады.

VI семестр

Негізгі міндетті модульдер Негізгі міндетті модуль14. 3 кредит.

AUD 3002 Басқару есебі. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Қаржылық есеп және есептілікті талдау. 3 кредит.

AUD 3005 Қаржылық есеп 2.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003.

AUD 3009 Қаржылық есептілікті талдау.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 3007.

Модуль шоғырландыру, яғни бизнесті біріктіру мақсатында пайда болатын қаржылық есеп сұрақтарын терең зерттеуге бағытталған. Сонымен қатар, қаржылық есептілік нысандары негізінде есептелетін негізгі көрсеткіштердің мәні мен мазмұнын қарастырады.

Экономика салаларындағы есеп. 6 кредит. AUD 3006 Банктегі бухгалтерлік есеп пен

есептілік.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD

3004.

AUD 3007 Құрылыстағы бухгалтерлік есеп.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD

3004.

Модульдің мақсаты банк және құрылыс сияқты экономика салларындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу, қаржылық есептілікті құрастыру ерекшеліктерін зерттейді.

Қаржылық институттардағы есеп және тал­ дау. 6 кредит.

AUD 3012 Сақтандыру компанияларындағы бухгалтерлік есеп.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD

3004.

AUD 3011 Зейнетақы қорларындағы бухгалтерлік есеп

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD

3004.

Модульдіңмақсатықаржылықинституттардағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті құрастыру ерекшеліктерін қарастыру болып табылады. Оның ішінде, сақтандыру компаниялары мен зейнет ақы қорларындағы есеп пен есептілік жүйесінің ерекшеліктерін зерттейді.

Ішкі аудит және банк қызметін талдау. 3 кре­ дит.

AUD 3008 Ішкі аудит.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2002.

AUD 3010 Банк қызметін талдау.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 3007.

Модуль компанияда ішкі аудитті ұйымдастырудың мәні мен мазмұнын зерттейді. Банк қызметін талдау әдістемесін, оның ішінде талдау нәтижесінде анықталатын негізгі қаржылық көрсеткіштерді қарастырады.

Есептілік және есептің ақпараттық жүйелері. 3 кредит.

AUD 3013 Бухгалтерлік есепті компьютерлендіру.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD

3004.

AUD 3014 Есептілік.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD

3004.

Модуль есептік мәліметтердің трансформацияланаып қаржылық есептілік нысандарының қалыптасу жолдарын және есептік ақпараттарды компьютерлік бағдарламалар арқылы өңдеу ерекшеліктерін қарастырады.

VII семестр

Кәсіби элективті модульдер

Халықаралық қаржылық есептілік және салық есебі. 6 кредит.

AUD 4001 Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD

3004.

AUD 4002 Салық есебі.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD

3004.

Модуль халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының негізгі ережелерін және заңды және жеке тұлғалардың салықтар мен бюджетке тиісті өзге де міндеттемелерін төлеу мақсатындағы салық салынатын табыс сомасын анықтауға және оның шаруашылық субъектісінің қаржылық көрсеткіштеріне әсерін қарастыруға, салық және бухгалтерлік есептер арасындағы өзара байланыстарды зерттеуге бағытталған.

Экономиканың өзге салаларындағы бухгалтерлік есеп. 6 кредит.

AUD 4002 Туризмдегі бухгалтерлік есеп.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD

3004.

AUD 4002 Агроөнеркәсіп кешеніндегі бухгалтерлік есеп. 3 кредит.

Модульдің мақсаты туризмдегі және агроөнеркәсіп кешеніндегі бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастырудың ерекшеліктерін қарастыру.

Экономика және бизнес жоғары мектебі

296

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Басқару есебі 2 және талдау. 6 кредит. AUD 4005 Басқару есебі 2.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 3001

AUD 4006 Басқарушылық талдау.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 3007.

Модульдің мақсаты нарық жағдайындағы өзіндік құнды калькуляциялау мен басқару шешімдерін қабылдау мәселелерін қарастыру.

Сыртқы экономикалық қызметтер есебі және талдау. 6 кредит.

AUD 4007 Сыртқы экономикалық қызметтердің бухгалтерлік есебі.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD

3004.

AUD 4008 Сыртқы экономикалық қызметтерді талдау.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 3007.

Модульдің мақсаты халықаралық экономикалық қатынастардың, халықаралық технологиялар мен инновацияларды айырбастаудың және электронды сауда қатынастарының бухгалтерлік есебі мен талдау мәселелерін қарастыру болып табылады.

Халықаралық аудит стандарттары және ақпараттық жүйелері. 6 кредит.

AUD 4009 Халықаралық аудит стандарттары.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2002, AUD

3003.

AUD 4010 Аудиттің ақпараттық жүйелері.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2002, AUD

3003.

Модульдің мақсаты Халықаралық аудит стандарттарына комментарилер мен түсініктемелерді, сонымен қатар, аудитті жүргізудің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерін қарастыру болып табылады.

Тәжірибелік және салықтық аудит. 6 кредит. AUD 4011 Тәжірибелік аудит.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2002, AUD

3003.

AUD 4012 Салықтық аудит.

3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2002, AUD

3003.

Модульдің мақсаты бухгалтерлік есеп бойынша салықтарды есептеудің ҚР Салық кодексі бойынша салықтық декларацияны толтыру мақсатында салықты есептеудің өзара сәйкестігін зерттеу болып табылады.

ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТ

D1 - экономиканың барлық салаларында әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарында (мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда, ҚР резиденттері және резиденті емес заңды тұлғаларда, жеке кәсіпкерлікте) жұмыс істеуге дайын болу; олардың қызметіне талдау жасай білу және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті сәйкес ұсыныстарды дайындау.

D2 - қоғамдағы бухгалтерлік есеп ақпаратын пайдаланушылардың әртүрлі типтерін анықтау; бизнес мақсаты мен қызметін анықтау және бухгалтерлік есеп пен талдаудың негізді шешімдер қабылдаудағы рөлін ашып көрсету; бухгалтерлік есеп және бағалау әдістерін таңдап алу.

D3 - халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша қаржылық есептілікті құрастыруға қажетті ақпараттарды жинау, тіркеу және өңдеуді меңгеру; бухгалтерлік есеп стандарттарының қаржылық есептілікпен және аудитордың тәуелсіз есебімен өзара байланысын анықтау.

D4 - ұйымның қаржылық жағдайын зерттеу, өндірістік-шаруашылық қызметінің дамуын бақылау және қарыжылық есептіліктің шынайылығын растаушы тәуелсіз аудиторлық пікір қалыптастыру, пайдаланушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету. Ұйым қызметін жоспарлау және бақылау, шешім қабылдау мақсатында ақпаратты жинақтай білу және мәлімдеу, және де атқарған қызметінің көрсеткіштерін бағалау.

D5 - экономикалық ақапаратты өңдеудің арнайы әдістері және тәсілдерін меңгеру, ұйымның нақты өндірістік-шаруашылық қызметін талдау, жекелеген талдамалық ақпараттарды жинақтау және тиімді басқару шешімдерін қабылдауға қажетті сәйкес қорытындылар жасау.

5В050600 ЭКОНОМИКА МАМАНДЫҒЫ

1 курс І семестр

Міндетті модільдер Негізгі міндетті модуль 1. 3 кредит.

ENG 1001, FRE 1001, GER 1001 Шет тілі. 3 кредит.

Негізгі міндетті модуль 2. 3 кредит.

INFT 1001 Ақпараттық технологиялар. 3 кре­ дит.

Негізгі міндетті модуль 6. 6 кредит.

ECN 1002 Экономикалық теория. 3 кредит. MANL 1005 Экономикадағы математика. 3

кредит.

Негізгі элективті модульдер (1-4)

НЭМ 1 Кәсіби мақсаттар үшін қазақ (орыс) тілі. 3 кредит.

KAZ 1003 (RUS 1003) Кәсіби мақсаттар үшін қазақ (орыс) тілі.

3 кредит. Пререквизиттері: Жоқ.

Модульде қазақ және орыс тілдерінің даму ерекшеліктері мен бетбағыттары және маңызды проблемалары қаралады. Қазақ тілдің қалыптасу кезеңдері ашылып, сонымен бірге кәсіби мақсаттар үшін қазіргі заман терминдері беріледі. Студенттер қазақ (орыс) тілдерінде ресми құжат мәтіндерді жазуын және ғылыми мақалалары мен мәтіндерді кәсіби деңгейде аударуды үйренеді.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

297

 

 

НЭМ 2 Қазақ тілі және әдебиеті. 3 кредит. KAZ 1002 Қазақ тілі және әдебиеті.

3 кредит. Пререквизиттері: Жоқ.

Модульде қазақ тілі мен әдебиеті дамуында пайда болған ерекшеліктері мен бетбағыттары және маңызды проблемалары қаралады. Қазақ тілі мен әдебиетінің қалыптасу кезеңдері ашылып, қазіргі замандағы олардың рөлі және маңыздылығы көрсетіледі. Студенттер қазақ қоғамы қалыптасуындағы әр түрлі кезеңдеріндегі көрнекті жазушылар мен ақындар шығармаларын оқып білетін болады.

НЭМ 3 Тіршілік әрекеттің қауіпсіздігі және экология. 3 кредит.

SLV 1001 Тіршілік әрекеттің қауіпсіздігі.

1 кредит. Пререквизиттері: Жоқ.

ECO 1001 Экология және тұрақты даму.

2 кредит. Пререквизиттері: Жоқ.

Модульдің мақсаты студенттерді төтенші жағдайдағы дұрыс жүріс-тұрыс негіздерін және алғашқы медициналық көмек беру ережелерін үйрету болып табылады. Тіршілік әрекеттің қауіпсіздігі және экологияның мақсаттары мен міндеттері арасындағы байланыс қаралады. Қазіргі экономикалық және саяси проблемаларын шешуде экологияның рөлі, сонымен бірге, экономиканың тұрақты дамуына оның әсері зерттеледі. Экологияның аутэкология, демэкология, синэкология деген факторлары қаралады. Аутэкология: экологиялық факторлары, оптимум және минимум аймақтары. Демэкология: популяциялардың сипаттамалары, популяция санының өзгерткіштігі (флуктуация) мен реттеуі (регуляция). Синэкология: бірлестіктердегі әрекеттестік типтері, бірлестіктің нәрлену (трофикалық) құрылымы және экологиялық пирамидалары. Экожүйелердің тұтастығы мен орнықтылығына әсер ететін энергетикалық алмасуы және заттек айналымы сияқты сол экожүйелердің функциялары зерттеледі.

НЭМ 4 Саясаттану. 3 кредит. POL 1001 Саясаттану.

3 кредит. Пререквизиттері: Жоқ.

Саясаттану – бұл саясат туралы ғылым. Студенттер өкімет қатынастарымен, қоғамның мемлекеттік-саяси ұйымдарымен, саяси институттарымен, нормаларымен, қағидаларымен байланысты қоғамның тіршілік әрекетінің сол бас саласы туралы нақты көрініс алады. Соңғылар әр түрлі адамдар, мемлекет және қоғам араларындағы өзара қатынастардың қалыптасуын, қоғамның ісәрекетін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.

II семестр Міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 3. 6 кредит.

ENG 1201, FRE 1201, GER 1201 Шет тілі. 3 кредит.

KAZ (RUS) 1001 Қазақ (орыс) тілі. 3 кредит. Негізгі міндетті модуль 4. 3 кредит.

HST 1001 Қазақстан тарихы. 3 кредит. Негізгі міндетті модуль 7. 9 кредит. МАСЕ 1001 Микроэкономика. 3 кредит.

MAСЕ 1002 Экономикадағы статистикалық әдістерге кіріспе. 3 кредит.

МКТ 1001 Маркетинг. 3 кредит.

2 курс

III семестр Міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 5. 2 кредит. PHIL 2001 Философия. 2 кредит. Негізгі міндетті модуль 8. 6 кредит. MGT 2001 Менеджмент. 3 кредит. MACE 2001 Макроэкономика. 3 кредит.

Негізгі элективті модульдер (5-6)

НЭМ 5 Тіршілік әрекеттің құқық және экономикалық негіздері. 6 кредит.

LAW 1001 Құқық негіздері.

3 кредит. Пререквизиттері: Жоқ.

ECN 2009 Экономикалық ілімдер тарихы.

3 кредит. Пререквизиттері: Жоқ.

Студенттерге тіршілік әрекеттің құқық және экономикалық негіздері туралы жүйелі білім беру – осы модульдің негізгі мақсаты болып табылады. Мемлекет пен құқық теория сұрақтарын, конституциялық құқық проблемаларын, адамның құқық статус құлырылымын, ҚР азаматтарының конституциялық құқық, бостандық және міндеттерін оқып шығуымен бірге, студенттер қазіргі заман экономикалық теория негіздерін зерттеп шығады. Әлемдік экономикалық ойдың негізгі кезеңдерін, көрнекті ғалым-экономисттердің негізгі жұмыстарының мазмұндарын оқып шығады. Сонымен бірге, Қазақстандағы экономикалық ғылымның қалыптасу кезеңдерін зерттейді.

НЭМ 6 Қоғамның менталдық даму негіздері. 6 кредит.

SOC 1001 Әлеуметтану.

3 кредит. Пререквизиттері: Жоқ.

PSY 2001 Психология.

3 кредит. Пререквизиттері: Жоқ.

Модульде қоғамның менталдық даму негіздері қаралады. Студенттер қоғам тұтас жүйе есебінде туралы көрініс алады және жеке әлеуметтік институттар, үрдістер, әлеуметтік топтар, адам мен қоғам араларындағы қатынастары, адамдардың жаппай жүріс-тұрыс заңдылықтары туралы білім алады. Адамдардың әрекет және әрекеттестіктер жүйесін, әлеуметтік коммуникациялар жүйесін оқын шығады. Мұнда студенттер әлеуметтік зерттеу әдістері, техника және процедураларымен танысады. Сонымен бірге, адамның психикалық жай-күйі мен қасиеттері, психикалық үрдістерінің пайда болуы, қалыптасуы мен дамуының ерекшіліктері мен заңдылықтары осы модульде зерттеледі. Негізгі психикалық үрдістері, сана құрылымы, танырлық үрдістері, адам психологиясы, және де адамдардың аралық қатынастары, саны аз топтардың психологиясы және топтардың аралық ком- муникациялары талқыланады.

Экономика және бизнес жоғары мектебі

298

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Кәсіби элективті модульдер

КЭМ 1: Қазақстан экономикасы. 3 кредит. МКТ 2001 Қазақстан экономикасы.

3 кредит. Пререквизиттері: HST 1001.

Бәсекелік стратегия. 3 кредит. МКТ 3002 Бәсекелік стратегия.

3 кредит. Пререквизиттері: МКТ 1001.

Модуль студенттерді Қазақстан экономикасының даму тарихымен таныстырады. Олар отынэнергетикалық, металлургиялық, машина жасайтын, агроөнеркәсіптік, көлік-коммуникациялық кешендерін және Қазақстандағы экономикалық аймақтарын оқып шығады, және де ҚР әлемдік экономикалық кеңістікке қіру үрдістерімен танысады.

Балама модулінде экономиканың шаруашылық субъектісі ретіндегі фирманың бәсекелік стратегия жөніндегі сұрақтарын зерттеуі қарастырылған. Фирманың бәсекеге қабілеттілігі беріледі. Бәсекелік артықшылық туралы түсінік енгізіледі. Ішкі бәсекенің артықшылығы, бәсекенің кеңейтілген концепциясы, жаңа бәсекелестердің келу қауіп-қатері, тауарауыстырушылардың қауіп-қатері, клиенттер мен жеткізушер жағынан қысым жасау мүмкіндігі зерттеледі. Бәсеке жағдайларға талдау беріледі. Бағалық соғыстар тетігі зерттеледі. Бәсекелік мінезқұлық нұсқалары қаралады және бәсекелестердің реакциялары талданады. Бәсекенің динамикасы зерттеледі.

КЭМ 2: Экономикадағы статистикалық талдау негіздері. 3 кредит.

AUD 2002 Статистика.

3 кредит. Пререквизиттері:MANL 1005.

Қолданбалы статистика. 3 кредит. MACE 2005 Қолданбалы статистика.

3 кредит. Пререквизиттері:MANL 1005.

Модульде статистикалық материалдарды өңдеу және зерттеу әдіснамасы оқылады. Статистиканың жалпы теориясының негізгі ережелері қаралады. Ықтималдық теория мен математикалық статистикаға негізделген заңдылықтар зерттеледі.

Статистикалық

бақылауды

топтастыруы

мен жинақтауы,

статистикалық

қатарлары,

абсолюттік және

салыстырмалы статистикалық

мәндері және оларды бейнелеуге арналған графикалық тәсілдері, орта мәндер мен вариация көрсеткіштері зерттеледі. Сонымен бірге, динамика қатарлары және оларды өңдеу мен талдаудың негізгі тәсілдері зерттеледі. Индекстер туралы түсінік енгізіліп, факторлар әсерін талдауға арналған индекстік әдіс зерттеледі.

Балама модульді оқу кезде студенттер қолданбалы статистиканың мақсаттары және міндеттерімен танысады. Олар экономиканың әр түрлі салаларындағы ықтималдық үрдістер мен құбылыстарды сандық талдау әдісі ретіндегі статистикалық талдау әдістемесін оқып шығады. Сонымен бірге, статистикалық деректерді өңдеу үшін қазіргі заман компьютерлерді қолдану бойынша іскерлік пен дағдыларға иеленеді.

IV семестр Міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 9. 9 кредит.

AUD 2006 Бухгалтерлік есеп және аудит. 3 кредит.

FIN 2002 Қаржы. 3 кредит.

МАСЕ 2002 Эконометрика. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

КЭМ 3: Экономикадағы қолданбалы математикалық әдістер негіздері. 3 кредит.

МАСЕ 2008 Экономикалық-математикалық әдістері.

3 кредит. Пререквизиттері: MANL 1005.

Экономикалық-математикалық модельдеуге кіріспе. 3 кредит.

МАСЕ 2009 Экономикалық үрдістерді модель­ деу.

3 кредит. Пререквизиттері:МАСЕ 1001.

Модульде математикалық программалау әдістері және экономикалық үрдістерді модельдеу кезде оларды пайдалану әдіснамасы оқылады. Өндірісті жоспарлау, ұйымдастыру және басқару жөніндегі сызықтық және сызықтық емес мәселелерді шешу математикалық әдістері қаралады. Өнім өндіруді жоспарлау мәселесі, қоспалар туралы мәселе, станоктар арасында жұмыстарды үлестіру мәселесі сияқты, классикалық симплекс әдісі арқылы шешілетін, сызықтық программалаудың типтік мәселелері зерттеледі. Экономиканың әр түрлі деңгейіндегі маңызды болатын үлестіру мәселелері сызықтық программалаудың үлестіру әдістері арқылы шешіледі. Динамикалық программалау әдістері уақыт факторымен байланыстағы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Баланстық модельдер және оларды шешу әдістері экономика салаларын тиімді жоспарлау үшін қолданылады.

Балама модульді оқыту кезде студенттер зерттелетін өндірістік-экономикалық үрдістің концепциялық моделін тұжырымдауына, оның негізінде математикалық модельді құруына, математикалық модельді шешу үшін әдісті дұрыс таңдауына және модельдеу арқылы алынған нәтижелерді талдауына үйренеді. Сонымен бірге, студенттер компьютердің стандарттық программалық қамтамасыз етуін қолдануға үйренеді.

КЭМ 4: Қаржылық математика және логисти­ ка. 6 кредит.

МАСЕ 2003 Қаржылық математика.

3 кредит. Пререквизиттері: MANL 1005

МКТ 2001 Логистика.

3 кредит. Пререквизиттері: МКТ 1001.

Инвестициялық жобалау және маркетинг. 6 кредит.

МАСЕ 2004 Инвестициялық жобалау.

3 кредит. Пререквизиттері: MAСЕ 1001

МКТ 3013 Банктік маркетинг.

3 кредит. Пререквизиттері: МКТ 1001.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

299

 

 

Модульде қаржылық математиканың негізгі ережелері оқылады. Өмірді сақтандыру теориясының, өмірді бірлесіп сақтандыру теориясының, зейнетақылық сақтандыру әдістері оқылады. Студенттер кезкелген уақыт мезетіндегі несиенің негізгі сомасының төленбеген қалдығын табу, несиеқабілетсіздіктің жоғары тәуекелімен қарыз алушыларды анықтау бойынша дағдыларға иеленеді. Сонымен бірге, студенттер логистиканың негізгі түсініктерімен, оның концепциясымен, қағидаларымен және даму тарихымен танысады. Студенттер материалдық ағындарды, логистикалық операцияларды оқып шығады, логистикалық жүйелерімен танысады, материалдар мен дайын өнімдердің оптималды қорларын анықтауына үйренеді.

Балама модульде инвестициялық жобалауды оқыту кезде студенттер инвестициялық жобаларды өңдеудің негізгі ережелерімен танысады, олардың тиімділігін бағалауына үйренеді. Жобаларды бизнес-жоспар түрінде көрсету мүмкіндігін зерттейді. Сонымен, экономикалық зерттеулер негізінде инвестициялық жобаларды өңдеу бойынша бастапқы дағдыларға ие болады. Банктік маркетингті оқыту кезде студенттерге маркетинг зерттеу әдістемесі беріледі. Банк өнімінің саясаты, коммуникациялық саясаты, маркетинг коммуникациялар жүйесіндегі брендингі, банктің даму стратегиясын таңдауы оқылады. Студенттер маркетинг аудитымен және реинжинирингімен танысады.

V семестр Міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 10. 3 кредит.

МАСЕ 3001 Кәсіпорын экономикасы. 3 кре­ дит.

Кәсіби элективті модульдер

КЭМ 5: Өндірістік саладағы модельдеу. 3 кре­ дит.

МАСЕ 3017 Әлеуметтік-экономикалық даму­ ды модельдеу.

3 кредит. Пререквизиттері: MAСЕ 2001

Өндірістік сала экономикасы. 3 кредит. МАСЕ 3018 Өндірістік сала экономикасы.

3 кредит. Пререквизиттері: MAСЕ 1001

Өндірістік саладағы модельдеу модулін оқыту кезде студенттер кәсіпорынның әлеметтікэкономикалық даму бағдарламасын модельдеудің мақсатымен, міндеттерімен, қағидаларымен және әдістерімен танысады. Сонымен олар сызықтық, сызықтық емес, ықтималдық және динамикалық программалау модельдері мен әдістерін оқып шығады. Математикалық программалаудың аталған математикалық аппараты көмегімен нақты жағдайларды модельдеу үшін мүмкіндіктерді іздейді. Сонымен бірге, студенттер басқа да әдістермен танысады: желілік модельдеу әдістерімен, қорларды басқару теория әдістерімен, теңдестік модельдерімен және

т.б., және де өндірісті орналастыру және дамыту көпкезеңді модельдерімен, инвестицияларды үлестіру модельдерімен, құнды қағаздар портфелін тиімді қалыптастыру модельдерімен танысады. Сонымен, осы модульді оқу кезде студенттер, олар кәсіпорынды нақты дамыту үрдістердің модельдерін құру бойынша, сол модельдерді аналитикалық және компьютер арқылы шешу әдістерін қолдану бойынша және алынған нәтижелерді талдау, әрі оларды жүзеге асыру үшін шараларды құру бойынша іскерлік пен дағдыларға иеленеді.

Балама модульді оқыту кезде студенттер экономиканың өндірістік өрісінің рөлі және мәнімен, ҚР-дағы өндірістік өрісінің қалыптасу және дамуымен, сол өрістегі региондық мамандырылған кластердерді орналастыру және оларды басқаруымен танысады. Олар ұлттық экономика өндірістік өрісіндегі салаларды әртараптандыру, оларды индустриалдық және инновациялық дамыту туралы білім алады. Өнімді өткізу региондық желіні дамыту мүмкіндігін және ақпараттық қолдау жүйесін оқып шығады. Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметтерінің экономикалық тетіктерін оқып, халықаралық стандарттарымен танысады.

КЭМ 6: Халықаралық экономика дамуының теориялық негіздері. 6 кредит.

INTR 1201 Халықаралық экономика.

3 кредит. Пререквизиттері: ECN 1002.

ECN 3007 Экономикалық даму теориясы.

3 кредит. Пререквизиттері: ECN 1002.

Банк ісі және салықтар. 6 кредит.

FIN 30 Банк ісі.

3 кредит. Пререквизиттері: FIN 2002.

FIN 3010 Салықтар және саляқ салу.

3 кредит. Пререквизиттері: LAW 1001.

Модуль шеңберінде студенттерді халықаралық экономиканың теориялық негіздерімен, бетбағыттарымен және дамыту заңдылықтарымен таныстырады; халықаралық экономиканың дамуына әсер ететін негізгі факторлары және оның іс-әрекет заңдылықтары зерттеледі. Әлемдік экономикалық жүйе шеңберіндегі ұлттық экономикалардың әрекеттестік үрдістері оқылады, және де сыртқы экономикалық қызметті әр жақтан реттеу бойынша әлемдік тәжірибесі оқылып, сол тәжірибені ҚР үшін пайдалану мүмкіндіктері зерттеледі. Сонымен қатар, студенттерді Үшінші әлем елдерінің тұрақты даму проблемаларымен, олардың әлеуметтік-экономикалық жағынан артта қалу себептерімен таныстырады. Табыстарды үлестіруі, демографиясы, жұмыспен қамтамасыз етуі, білім беру және өмір сүру деңгейі араларындағы диалектикалық байланысы оқылады. Үшінші әлем елдері дамуындағы халықаралық экономикалық ұйымдардың рөлі қаралады.

Балама модульде банк ісін ұйымдастыру қағидалары, салықтың экономикалық мәні, салық жүйесі және салық тетігінің құрылымдары оқылады.

Экономика және бизнес жоғары мектебі

300

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Экономика және бизнес жоғары мектебі

КЭМ 7: Салаларды модельдеу. 6 кредит. МАСЕ 3003 Экономикадағы ойындар әдістері.

3 кредит. Пререквизиттері: МАСЕ 1001.

МАСЕ 3004 Салалық нарықтарды модельдеу.

3 кредит. Пререквизиттері: МАСЕ 2001.

Қолданбалы математикалық және компьютерлік модельдеу (ағылш. тілде). 6 кре­ дит.

МАСЕ 3005 Экономика және бизнестегі компьютерлік модельдеу.

3 кредит. Пререквизиттері: INFT 1001, МАСЕ

2009.

МАСЕ 3006 Мүлік құнын бағалаудың экономикалық-математикалық әдістері.

3 кредит. Пререквизиттері: МАСЕ 2008, FIN

3010.

Модуль шеңберінде объектті ұйымдастыру және басқаруда пайда болатын жанжал ахуалдарды модельдеуін іске асыратын ойын әдістері зерттеледі. Нөлдік сомамен сипатталатын ақырғы қос ойындар, матрицалық ойындар қаралады; коалициясыз ойындарды, кейбір шексіз ойындарды шешу әдістері оқылады. Статистикалық шешімдер теориясында қолданатын ойындар әдістері зерттеледі. Сонымен бірге, осы модульде студенттер салалық нарықтар экономикасы мен теориясына қатысты сұрақтарды оқып шығады. Қазіргі заман салалық нарықтар теориясы салалар мен нарықтарды талдауға қатысты екі көзқарасты үйлестіру негізінде құрылады: «Құрылым – Жүріс-тұрыс – Нәтиже» парадигмаға негізделген классикалық көзқарас және микроэкономикалық көзқарас. Сонымен, стратегиялық әрекеттестікті және стратегиялық шешімдерді қабылдау үрдісіндегі фирмалардың мінез-құлығын талдау бойынша студенттер үшін дағдылар қалыптасады.

Балама модульді оқыту кезде студенттер микроэкономикалық жүйелерді компьютер арқылы модельдеу теориясы және тәжірибесімен танысады. Олар нарықтық тепе-теңдік үрдістерді модельдеуді, бизнеске салық салу тиімді мөлшерлемесін жобалауды, фирмалар, банктер қызметін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру үрдістерді оқып шығады. Сонымен бірге, MSExcel, Matlab, Project Expert технологиялар арқылы активтер мен қорлар портфелін, жоспарлау, ұйымдастыру және басқару өндірістік мәселелерін компьютерлік модельдеу бойынша студенттер тәжірибелі дағдыларға ие болады. Сонымен бірге, жылжымайтын дүние-мүлікті жаппай бағалау үшін MS-Excel ортада жүзеге асырылатын математикалық модельдері мен әдістері зерттеледі.

VI семестр Міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 11. 3 кредит.

МАСЕ 3002 Экономикадағы операцияларды зерттеу. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

КЭМ 8: Кәсіпкерлік. 3 кредит. ECN 100 Кәсіпкерлік.

3 кредит. Пререквизиттері: ECN 1002.

Кәсіпкерлік құқығы. 3 кредит. LAW 10 Кәсіпкерлік құқығы.

3 кредит. Пререквизиттері: LAW 1001.

Модуль кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және мәнімен, оның түрлерімен, дәлелдерімен, қалыптасу шарттарымен, ұйымдастыру нысандарымен, кәсіпкерлер бәсекелестігімен таныстырады. Коммерциялық мәмілерді ұйымдастыруы, кәсіпкерлік іс-әрекетті жоспарлау мен қаржылауы, оны басқару жүйесі, және де кәсіпкерлік іс-әрекетті талдау мен бағалауы оқылады. Студенттерді фирманың іс-әрекетін қаржылық қамтамасыз етуін ұйымдастыруымен таныстырады, бизнес-жоспарды құруын және фирманың экономикалық нәтижелігін сипаттайтын

көрсеткіштерді есептеуін үйретеді.

Балама модульде студенттер кәсіпкерліктің үйымдастыру-экономикалық және үйымдастыруқұқықтық нысандарын оқып шығады, кәсіпкерлік құпиясымен және оны қорғау тәсілдерімен танысады, кәсіпкерлік бойынша ҚР негізгі құқықтық заңдылық актілерін оқып шығады.

КЭМ 9: Экономикадағы қолданбалы талдау және табиғатты пайдалану экономикасы.

6 кредит.

МАСЕ 3007 Қолданбалы эконометрика.

3 кредит. Пререквизиттері: МАСЕ 2002.

МАСЕ 3008 Табиғатты пайдалану экономика­ сы.

3 кредит. Пререквизиттері: МАСЕ 1001.

Фирманың ішкі жоспарлауы және инвестици­ ялар. 6 кредит.

МАСЕ 3009 Инвестициялық бағалау.

3 кредит. Пререквизиттері: МАСЕ 2004.

МАСЕ 3010 Фирманың ішкі жоспарлауы.

3 кредит. Пререквизиттері: МАСЕ 1001.

Модульде қазіргі таңда маңызды болатын және эконометрика құрал-саймандарымен зерттелетін тәжірибелік мәселелері: жарнама нарығының қолданбалы модельдері, инвестициялар моделі, өндірістік функция моделі, сызықтық емес эконометриялық модельдері және т.б. оқылады. Сонымен бірге, студенттер табиғатты пайдалану негізгі аспекттердің (техникалық, экономикалық және әлеуметті-саяси) өзара байланыстарын, табиғатты пайдаланудағы негізгі экономикалық заңдардың байқалған ерекшеліктерін, табиғитехногендік кешенді құру және оның ісәрекетінің экономикалық проблемаларын оқып шығады. Студенттер табиғи ресурстарды, табиғатты пайдалану өрісіндегі түрлі қызметтерді экономикалық бағалау әдістерін, және де теріс антропогендік әсерден пайда болған зиянды бағалау әдістерін білетін болады. Олар күрделі салымдар құрылымымен және табиғатты қорғауға бағытталған шығындарды қаржылау көздерімен танысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]