- •Гипоталамус-гипофизарлы жүйені зерттеу.Гипофиз ісіктері
- •2.2.1. Физикалық зерттеу әдістері
- •2.2.2. Зертханалық зерттеу әдістері
- •2.1 Кесте. Гипоталамус-гипофиз ауруларының зертханалық диагностикасы
- •2.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері
- •2.3. Гипоталамус-гипофиз аймағының гормональды-белсенді емес көлемді түзілістері мен инфильтративті үрдістері
- •Клиникалық көріністері
- •Акромегалия және гигантизм
- •Гипопитуитаризм
- •Ауыр бассүйек-ми жарақаттары
- •Қантсыз диабет
- •Грейвс ауруы
- •14.2. Медикаментозное лечение:
- •Гипотиреоз
- •Разрушение или недостаток функционально активной ткани щитовидной железы:
- •Нарушение синтеза тиреоидных гормонов:
- •3.6.1. Жүрек пайда болған гипотиреоз
- •3.18 Сурет. Гипотиреоз «бетперделері»
- •15.2.Медикаментозное лечение:
- •Иценко-кушинг синдромы және ауруы
- •Созылмалы бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі гипокортицизм
- •Феохромоцитома
- •I. Зертханалық диагностикасы
- •II. Топикалық диагностика
- •Аменорея
- •Климактериялық синдром
- •Еркектік гипогонадизм
- •Қантты диабеті:этиологиясы, патогенезі,классификациясы,таралуы
- •Қант диабетінің I және II типінің екшеу диагностикалық критериийі
- •7.5. Қантты диабеттің 1 типі
- •7.6. Қантты диабеттің 2 типі
- •III. Аш ішекте глюкоза сіңірілуін төмендететін дәрілер.
- •IV. Инсулин және инсулиннің туындылары
- •Қант диабетінің асқынулары,емі
- •I. Сенсомоторлы нейропатия:
- •7.9. Қантты диабет және жүктілік
- •Гиперпаратиреоз
- •8.3. Біріншілік гиперпаратиреоз
- •8.4. Екіншілік гиперпаратиреоз
- •Гипопаратиреоз
- •Бүйрекүсті безі қызметі реттелуі.Гормондар сипаттамасы
- •4.2 Сурет. Бүйрек үсті безінің гистологиялық құрылымы
- •4.3 Сурет. Кортикостероидтар биосинтезінің сызбасы
- •4.4 Сурет. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі
- •Қант диабеті, лактоацидоздық кома,диагностикасы,шұғыл көмек.
- •Қант диабеті, гипогликемиялық кома,диагностикасы,шұғыл көмек.
- •Қант диабеті, гипергликемиялық кома,диагностикасы,шұғыл көмек.
- •Лакторея-аменорея
- •Гирсутизм
- •Гиперпролактинемия
- •Сүйектің метаболикалық ауруларын зерттеу. Синдром веретенообразной ноги у амфибий
- •2. Причины метаболических болезней костей
- •2. Исследование мочи
- •Различают три степени остеопении:
- •Бүйрек үсті безі қыртысының ісіктері:альдостерома
- •Бүйрек үсті безі қыртысының ісіктері:альдостерома
- •Жедел бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі
Бүйрекүсті безі қызметі реттелуі.Гормондар сипаттамасы
Бүйрек үсті бездері — бүйректердің жоғары полюсінде шажырқай арты кеңістігінде орналасқан жұп ішкі секреция безі. Бүйрек үсті бездері XI–XII кеуде омырқалары деңгейінде орналасқан (4.1сурет).
Бүйрек үсті бездері екі дербес (жеке) морфофункционалдық эндокринді бездерден — эмбриональды шығу тегі әртүрлі милы және қыртысты заттан (тіннен) тұрады.
Қыртысты зат екі біріншілік бүйректер арасында орналасатын, мезодерманың бір бөлігі болып табылатын интерреналді тіннен дифференциацияланады (сараланады). Милы заты симпатикалық бағанадан шығып, интерреналді денеге енетін, яғни жүйке жүйесінің шығу тегімен ортақ, симпатобластардан дамиды. Осындай шығу тегі параганглий мен буфуркациялы хромаффинді денешіктерге жататын экстраадренальды хромаффинді тіндерге тән.
Гистологиялық мүше тінінің 80–90%-ын алып жатқан бүйрек үсті безінің қыртысты затында 3 аймақты ажыратуға болады. Капсула (қаптама) астында альдостерон бөлетін шумақты аймақ (зона) орналасады. Одан кейін глюкокортикоидты гормон өндіретін шоғырлы аймақ, ал ішкі жағында андрогендер бөлетін торлы аймақ орналасқан (4.2 сурет).
Бүйрек үсті безінің қыртысты затынан 50 жуық стероидтар бөлінген, бірақ олардың басым көпшілігі белсенді гормондар синтезінің аралық өнімі болып табылады.
4.2 Сурет. Бүйрек үсті безінің гистологиялық құрылымы
Стероидты гормондар бүйрек үсті безінің қыртысының жасушаларында жиналмайды, бірден синтез қарқындылығына қарай қан арнасына түсіп отырады. Метаболизмге әсеріне қарай бүйрек үсті безі қыртысының гормондары үш түрге бөлінеді (глюкокортикостероидтар): минералокортикоидтар, глюкокортикоидтар және андрогендер.
Кортикостероидтар, басқа стероидтар секілді холестериннен синтезделеді. Стероидты гормондардың синтезінде алғашқы реакция 6-шы көмірсулы топтың ыдырауы арқылы холестриннің (С27-стероид) прегненолонға (С21-стероид) айналуы болып табылады. Оны катализдейтін ферментті кешен P450scc деп белгіленеді және бүйір тізбектің ыдырауына әкелетін фермент (англ. side chain cleavage enzyme) немесе 20,22-десмолаза деп аталады. Бұдан кейін көптеген стероидты гормондардың түзілуімен сипатталатын стероидты ядроның гидроксильденуі жүреді (4.3сурет).
4.3 Сурет. Кортикостероидтар биосинтезінің сызбасы
Ферменттердің халықаралық атауы:
P450scc — бүйір тізбекті ыдыратушы фермент (20,22-десмолаза);
P450c17 — 17α-гидроксилаза немесе С 20-22-лиаза;
3β-HSD — 3β-гидроксистероиддегидрогеназа және ∆5,4-изомераза;
P450c21 — 21-гидроксилаза; P450c11 — 11β-гидроксилаза;
P450aldo — альдостеронсинтетаза
Осындай стероидогенез аналық және аталық безде де жүреді. Стероидогенездің ерекшелігі осы мүшелерде гидроксилаза гендерінің түрлі экспрессиясымен анықталады. Шумақты аймақта Р450с17 (17-гидроксилаза/С20-22-лиаза) ферментінің болмауына орай, онда кортизол мен андрогендер синтезделмейді. Р450с11 ферменті тек шумақты аймақта болады, сондықтан шоғырлы және торлы аймақта альдостерон синтезделуі мүмкін емес. Басқа стероидты гормондар секілді глюкоркортикостероидты гормондардың әсері түрлі гендердің экспрессиясын ауыстырып отыратын транскрипция факторларымен сипатталатын жасушаішілік рецепторлы ақуыздарға тәуелді.
Бүйрек үсті безінің қыртысты заты функционалды тұрғыдан екі бөлікке бөлінеді: АКТГ — тәуелсіз шумақты аймақ және АКТГ-ға тәкелді шоғырлы және торлы аймақ. Шумақты аймақта альдостерон синтезі ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі, аденогипофиздің АКТГ әсерінен автономды реттеледі. АКТГ тек минералокортикоидтар биосинтезінің алғашқы сатыларына ғана әсер етеді. АКТГ секрециясы түсіп қалғаннан кейін автономды қызмет атқаратын шумақты аймақ (торлы және шоғырлы аймаққа қарағанда) атрофияға ұшырамайды. Осыған байланысты бүйрек үсті безі қыртысты затының барлық аймағының бұзылуымен сипатталатын біріншілік бүйрек үсті безі жеткіліксіздігіне қарағанда, екіншілік бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінің ағымы жеңілірек өтеді.
Гипоталамус-гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесінің бөлігі болып табылатын шоғырлы және торлы аймақтың басты секреторлы және трофикалық ынталандырушысы аденокортикотропты гормон (АКТГ) болып табылады. АКТГ бөлінуі теріс кері байланыс қағидасына сай кортикотропинрилизинг-гормонымен (КРГ) реттеледі. Кортизолдың тәуліктік қан сарысулық концентрациясының динамикасы АКТГ-ның циркадты секрециялау ырғағымен анықталады. Екі гормонның да максимальды мөлшері таңғы сағат 6-ға, ал минимальды мөлшері- 20–24 сағатқа сай келеді. АКТГ жолашары үлкен көлемдегі проопиомеланокортин (ПОМК) ақуызы болып табылады, ол ыдыраған кезде АКТГ, меланоцитстимулдеуші гормон (МСГ) және β-липотропты гормон (β-ЛПГ) түзіледі.
Бүйрек үсті безінің қыртысты заты өмірлік маңызды ағза болып табылады және оның екі басты қызметін ажыратуға болады:
• Ағзада натрийдің ұсталуы мен ішкі ортаның физиологиялық осмолярлығының тұрақтылығын альдостерон қамтамасыз етеді.
• Ағзаның сыртқы ортаның стресстік түрткілерге адаптациясын (ағзаға әсер ететін барлық түрткілер кешені: инфекциялық және жарақаттаушы агенттерден бастап, эмоционалды стресстерге дейін) глюкокортикоидтар қамтамасыз етеді, яғни адам ағзасында бұл қызметті кортизол (гидрокортизон) атқарады.
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі су, электролиттер гомеостазын реттеп, жүйелік артериялық қысымның тұрақты түрде болуын қамтамасыз етеді. Ангиотензин II өте күшті физиологиялық вазоконстриктор болып табылады және альдостерон синтезін ынталандырады. Оның нысана ағзасы-бүйрек, ангиогензин ІІ бүйректің дисталді және жинақтаушы түтікшелерінде натрийдің кері сіңірілуін күшейтеді (4.4 сурет).
Глюкокортикоидтар зат алмасуға жан-жақты әсер көрсетеді. Бір жағынан бауырда глюконеогенезді белсендіреді, екінші жағынан ақуыз катаболизмінің күшеюінен шеткі тіндерде (бұлшықет, лимфоидты тінде) глюконеогенездің аминқышқылды-субстраттарының бөлінуін ынталандырады.
