- •Гипоталамус-гипофизарлы жүйені зерттеу.Гипофиз ісіктері
- •2.2.1. Физикалық зерттеу әдістері
- •2.2.2. Зертханалық зерттеу әдістері
- •2.1 Кесте. Гипоталамус-гипофиз ауруларының зертханалық диагностикасы
- •2.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері
- •2.3. Гипоталамус-гипофиз аймағының гормональды-белсенді емес көлемді түзілістері мен инфильтративті үрдістері
- •Клиникалық көріністері
- •Акромегалия және гигантизм
- •Гипопитуитаризм
- •Ауыр бассүйек-ми жарақаттары
- •Қантсыз диабет
- •Грейвс ауруы
- •14.2. Медикаментозное лечение:
- •Гипотиреоз
- •Разрушение или недостаток функционально активной ткани щитовидной железы:
- •Нарушение синтеза тиреоидных гормонов:
- •3.6.1. Жүрек пайда болған гипотиреоз
- •3.18 Сурет. Гипотиреоз «бетперделері»
- •15.2.Медикаментозное лечение:
- •Иценко-кушинг синдромы және ауруы
- •Созылмалы бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі гипокортицизм
- •Феохромоцитома
- •I. Зертханалық диагностикасы
- •II. Топикалық диагностика
- •Аменорея
- •Климактериялық синдром
- •Еркектік гипогонадизм
- •Қантты диабеті:этиологиясы, патогенезі,классификациясы,таралуы
- •Қант диабетінің I және II типінің екшеу диагностикалық критериийі
- •7.5. Қантты диабеттің 1 типі
- •7.6. Қантты диабеттің 2 типі
- •III. Аш ішекте глюкоза сіңірілуін төмендететін дәрілер.
- •IV. Инсулин және инсулиннің туындылары
- •Қант диабетінің асқынулары,емі
- •I. Сенсомоторлы нейропатия:
- •7.9. Қантты диабет және жүктілік
- •Гиперпаратиреоз
- •8.3. Біріншілік гиперпаратиреоз
- •8.4. Екіншілік гиперпаратиреоз
- •Гипопаратиреоз
- •Бүйрекүсті безі қызметі реттелуі.Гормондар сипаттамасы
- •4.2 Сурет. Бүйрек үсті безінің гистологиялық құрылымы
- •4.3 Сурет. Кортикостероидтар биосинтезінің сызбасы
- •4.4 Сурет. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі
- •Қант диабеті, лактоацидоздық кома,диагностикасы,шұғыл көмек.
- •Қант диабеті, гипогликемиялық кома,диагностикасы,шұғыл көмек.
- •Қант диабеті, гипергликемиялық кома,диагностикасы,шұғыл көмек.
- •Лакторея-аменорея
- •Гирсутизм
- •Гиперпролактинемия
- •Сүйектің метаболикалық ауруларын зерттеу. Синдром веретенообразной ноги у амфибий
- •2. Причины метаболических болезней костей
- •2. Исследование мочи
- •Различают три степени остеопении:
- •Бүйрек үсті безі қыртысының ісіктері:альдостерома
- •Бүйрек үсті безі қыртысының ісіктері:альдостерома
- •Жедел бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі
Климактериялық синдром
Климактериялық кезең — жастық ерекшеліктерге байланысты репродуктивті жүйенің инволютивті өзгерістерімен сипатталатын физиологиялық өмір кезеңі. Климактериялық кезеңнің үш сатысын ажыратады: пременопауза — менопауза алдындағы кезең (шамамен 2–5 жыл), менопауза — соңғы менструальды қан кету, менопаузадан кейінгі кезең — менопаузадан бір жылдан кейін дамитын өмір кезеңі.
Этиологиясы мен патогенезі
Пременопауза кезінде аналық без қызметінің төмендеу себебіне ондағы гонадотропиндерге сезімтал рецепторлар санының азаюы жатады, нәтижесінде эстрадиол, прогестерон, андростендион және тестостерон өндірілуі төмендеп, аналық без көлемі 2–3 есе кішірейеді. Несеп-жыныс жүйесіне және сүйектерге эстрадиолдың трофикалық қызметінің жоғалуы атрофиялық вагинит, дизуриялық бұзылыстар мен остеопороз секілді асқынулардың дамуына әкеледі. Менопауза басталғаннан атеросклероздың дамуына әкелетін липидті спекторда атерогенді өзгерістер дами бастайды.
Эпидемиология
Қалыпты жағдайда менопауза 45 және 55 жас арасында көрініс береді (жиі 50–51 жаста). Темекі тартатын әйелдерде менопауза шамамен екі жыл ерте дамиды.
5.4 кесте. Климактериялық синдром
Этиологиясы мен патогенезі |
Аналық бездерден эстрадиол, прогестерон және андроген өндірілуінің төмендеуі |
Эпидемиологиясы |
Менопауза шамамен 45–55 жас аралығында дамиды |
Басты клиникалық көріністері |
1. Менструальды циклдің бұзылыстары 2. Қызба толқындары (әйелдердің 40% -да) 3. Несеп шығару бұзылыстары (50 %) 4. Сексуальды бұзылыстар 5. Көңіл-күй бұзылыстары 6. Остеопороз 7.Атеросклероздың үдемелі дамуымен дислипидемия 8. Деменция |
Диагностикасы |
Етеккірдің шамамен 50 жаста тоқтауы; ФСГ↑.Эстрогенмен терапияны болжалдау кезінде: маммография, кіші жамбас астауының УДЗ-сі, атияға жатыр мойнынан жағынды, жүрек-қантамырлар аурулары мен тромбоэмболиялық асқынулардың даму қаупін бағалау |
Салыстырмалы диагностикасы |
Урогенитальды бұзылыстар, остеопороз, қызба толқындары, эмоционалды бұзылыстардың басқа да себептері |
Емі |
Эстроген дәрілерімен орынбасушы терапия тағайындауға болады |
Болжамы |
Эстрогендермен орынбасушы терапия сүйектің сыну, Альцгеймер ауруы, тоқ және тік ішектің қатерлі ісігі ауруларының даму жиілігін төмендетеді. Дегенмен, сүт безінің қатерлі ісігі мен тромбоэмболияның даму қаупін жоғарылатады |
Клиникалық көріністері
1. Әйелдердің 90 %-да етеккір бұзылыстары менопауза басталғанға шамамен 4 жыл бұрын көрініс береді.
2. Қызба толқындары (әйелдердің 40%-да) жиі тершеңдікпен, терінің қызаруымен ұштасып, жиі менопаузадан 5 жылдан кейін жоғалады.
3. Несеп шығару бұзылыстары (50 %) уретра мен қуық мойнының атрофиясы нәтижесінде дамып, зәрді ұстай алмаумен (жөтелгенде, күлгенде, тез жүргенде), жиі цистит және пиелонефритпен көрінеді.
4. Сексуальды бұзылыстар: либидонің төмендеуі, қынаптың құрғақтануы, диспареуния.
5. Эмоциональды бұзылыстар: тітіркенгіштік, көңіл-күйдің өзгеруі, депрессия, фобия.
6. Сүйек сынуының жоғарғы қаупімен сипатталатын остеопороз.
7. Атеросклероз асқынулары, ең алдымен-ЖИА.
8. Деменция; әйелдерде Альцгеймер ауруы ер адамдармен салыстырғанда 2–3 есе жиі дамиды және оның патогенезінің негізінде эстрогендер тапшылығы жатыр.
Диагностикасы
50 жас шамасындағы әйелдерде етеккірдің тоқтауы постменопаузаның дамуын көрсетеді. Бірқатар жағдайларда оның дамығанын гормональды зерттеулер арқылы дәлелдеуге тура келеді. Зерттеу нәтижелері ФСГ деңгейінің жоғарылап, эстрадиол деңгейінің төмендегенін көрсетеді. ФСГ деңгейінің жоғарылау дәрежесі постменопаузальды симптомдар мен асқынулардың айқындылығымен корреляцияланбайды. Егер әйелге эстрогендермен орынбасушы терапия тағайындалатын болса, келесі зерттеу шараларын жүргізген орынды: маммография, жамбас астауының УДЗ-сі, атпияға жатыр мойнынан жағынды, жүрек-қантамырлар аурулары мен тромбоэмболиялық асқынулардың даму қаупін бағалау.
Емі
Эстрогендермен орынбасушы терапия симптомдарды басу мақсатында (қызба толқындары, урогенитальды симптомдар, атрофиялық вагинит) және климактериялық кезеңге тән басқа да асқынулардың (остеопороз, ЖИА, деменция) алдын алу мақсатында тағайындалады. Эстрогендер (жатыр болғанда — прогестиндермен бірге) таблетка түрінде, теріге жабыстырылатын таңғыштар немесе вагинальды балауыздар ретінде беріледі. Эстрогендер көмегімен қызба толқындары, қынаптың құрғауы, урогенитальды бұзылыстар секілді симптомдар тез басылады. Дегенмен, постменопауза кезеңінде эстрогендермен ұзақ уақытқа созылған орынбасушылық терапия жөнінде бір жерден шығатын пікір қалыптаспаған.
