- •Гипоталамус-гипофизарлы жүйені зерттеу.Гипофиз ісіктері
- •2.2.1. Физикалық зерттеу әдістері
- •2.2.2. Зертханалық зерттеу әдістері
- •2.1 Кесте. Гипоталамус-гипофиз ауруларының зертханалық диагностикасы
- •2.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері
- •2.3. Гипоталамус-гипофиз аймағының гормональды-белсенді емес көлемді түзілістері мен инфильтративті үрдістері
- •Клиникалық көріністері
- •Акромегалия және гигантизм
- •Гипопитуитаризм
- •Ауыр бассүйек-ми жарақаттары
- •Қантсыз диабет
- •Грейвс ауруы
- •14.2. Медикаментозное лечение:
- •Гипотиреоз
- •Разрушение или недостаток функционально активной ткани щитовидной железы:
- •Нарушение синтеза тиреоидных гормонов:
- •3.6.1. Жүрек пайда болған гипотиреоз
- •3.18 Сурет. Гипотиреоз «бетперделері»
- •15.2.Медикаментозное лечение:
- •Иценко-кушинг синдромы және ауруы
- •Созылмалы бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі гипокортицизм
- •Феохромоцитома
- •I. Зертханалық диагностикасы
- •II. Топикалық диагностика
- •Аменорея
- •Климактериялық синдром
- •Еркектік гипогонадизм
- •Қантты диабеті:этиологиясы, патогенезі,классификациясы,таралуы
- •Қант диабетінің I және II типінің екшеу диагностикалық критериийі
- •7.5. Қантты диабеттің 1 типі
- •7.6. Қантты диабеттің 2 типі
- •III. Аш ішекте глюкоза сіңірілуін төмендететін дәрілер.
- •IV. Инсулин және инсулиннің туындылары
- •Қант диабетінің асқынулары,емі
- •I. Сенсомоторлы нейропатия:
- •7.9. Қантты диабет және жүктілік
- •Гиперпаратиреоз
- •8.3. Біріншілік гиперпаратиреоз
- •8.4. Екіншілік гиперпаратиреоз
- •Гипопаратиреоз
- •Бүйрекүсті безі қызметі реттелуі.Гормондар сипаттамасы
- •4.2 Сурет. Бүйрек үсті безінің гистологиялық құрылымы
- •4.3 Сурет. Кортикостероидтар биосинтезінің сызбасы
- •4.4 Сурет. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі
- •Қант диабеті, лактоацидоздық кома,диагностикасы,шұғыл көмек.
- •Қант диабеті, гипогликемиялық кома,диагностикасы,шұғыл көмек.
- •Қант диабеті, гипергликемиялық кома,диагностикасы,шұғыл көмек.
- •Лакторея-аменорея
- •Гирсутизм
- •Гиперпролактинемия
- •Сүйектің метаболикалық ауруларын зерттеу. Синдром веретенообразной ноги у амфибий
- •2. Причины метаболических болезней костей
- •2. Исследование мочи
- •Различают три степени остеопении:
- •Бүйрек үсті безі қыртысының ісіктері:альдостерома
- •Бүйрек үсті безі қыртысының ісіктері:альдостерома
- •Жедел бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі
Гипоталамус-гипофизарлы жүйені зерттеу.Гипофиз ісіктері
2.2.1. Физикалық зерттеу әдістері
Гипоталамус-гипофиз патологиясының клиникалық көрінісі өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді, сондықтан бұл патологиямен сырқаттанған науқастарға арнайы физикалық зерттеу әдістері қолданылмайды. Соған қарамастан, диагноз қою үшін клиникалық көрініс жөніндегі мәліметтердің маңызы зор.
2.2.2. Зертханалық зерттеу әдістері
Гипофизарлы гормондар өндірілуінің бұзылыстарын диагностикалау мақсатында жиі гормондардың базальды деңгейін анықтайды, сирек жағдайда функционалдық сынақтар қолданылады (2.1 кесте). Қазіргі таңда гипоталамус гормондарының деңгейін зерттеудің ешқандай клиникалық маңызы жоқ.
2.1 Кесте. Гипоталамус-гипофиз ауруларының зертханалық диагностикасы
Гормон |
Өнімділігін бағалау |
|
Тапшылық |
Артық бөліну |
|
ӨГ |
Инсулинді гипогликемиямен сынама. Таңертең ашқарынға глюкозаның, ӨГ және кортизолдың базальды деңгейі бағаланады. Көктамырға қысқа әсерлі инсулин енгізіледі (0,1–0,2 БР/кг). Гликемияның даму көрінісінде (< 2,2 ммоль/л) қалыпты жағдайда ӨГ мөлшері 5 мкг/л, кортизол – 500 нмоль/л жоғары болады |
ИТФ-1* деңгейін анықтау ӨГ-нің базальды деңгейін анықтаумен салыстырғанда ақпаратты. Оральды глюкозатолерантты сынама (ОГТС): таңертең ашқарынға 75 г глюкоза беріледі, ӨГ мөлшері 30-минуттық интервалмен 150 минут бойы бағаланады, қалыпты жағдайда ол 0,5 мкг/аса төмендейді
|
ТТГ |
ТТГ мен Т4 гормондарының базальды деңгейлерінің бірдей төмендеуі |
Казуистикалық сирек кездесетін патология (ТТГ↑,Т4↑) |
ЛГ, ФСГ |
ЛГ, ФСГ және жыныс гормондарының базальды деңгейлері төмендейді |
Казуистикалық сирек кездесетін патология |
АКТГ |
Инсулинді гипогликемиямен сынақ (жоғарыға және 4 бөлімді қараңыз) |
Үлкен және кіші дексаметазон сынақтары (4 бөлімді қараңыз) |
Пролактин |
Көп жағдайларда патологиялық маңызды емес |
Пролактиннің базальды деңгейі жоғарылайды |
*ИТФ-1 – инсулинтәрізді өсу факторы
2.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері
Гипоталамус-гипофиз аймағын визуализациялау мақсатында қолданылатын аспаптық әдістерге рентгенокраниография, компьютерлі томография (КТ) және магнитті-резонансты томография (МРТ) жатады. Қосымша зерттеу әдістеріне көру алаңдарын анықтау (периметрия) жатады, бұл зерттеу әдісі гипофиздің макроаденомасымен сырқаттанған науқастарға, сонымен қатар көру қызметі бұзылып, жабыспалармен асқынған нейрохирургиялық араласудан кейінгі науқастарға тағайындалады.
Гипофиздің интраселлярлы ісіктерінің рентгендиагностикасы түрік ершігінің өлшемдерін анықтауға негізделеді. Қалыпты жағдайда түрік ершігінің өлшемдері тең: сагиттальды — 12–15 мм, вертикальды— 8–9 мм (2.2 сурет).
Гипофиздің үлкен аденомалары түрік ершігі өлшемдерінің үлғаюына, кіреберісінің кеңеюіне, сына тәрізді сүйек өсінділерінің жіңішкеріп, қысқаруына, түбінің тереңдеуіне, ершік арқасының бұзылуына, екі контурлы болуына (бір немесе екі кескіннің нақты болмауы) әкеледі, дегенмен бұл ешқандай диагностикалық қиындықтар тудырмайды (2.3 сурет). Түрік ершігінің шекарасынан аспайтын гипофиз микроаденомаларының рентгенограммаларында ешқандай өзгерістер анықталмайды.
Гипофизді визуализациялаудың аса қымбат емес және ақпаратты әдістерінің бірі - КТ. Дегенмен, КТ қолдануына кескіннің жазықты сипаты, сүйектік құрылымдардан тарайтын кедергілер, рентгенологиялық тығыздығы цереброспинальды сұйықтыққа немесе қалыпты ми тініне жақын шағын патологиялық түзілістерді ажырату кезіндегі қиындықтар кедергі келтіреді.
Гипофиз бен гипоталамусты визуализациялау әдісі ретінде, сонымен қатар гипоталамус-гипофизарлы аймақтағы түзілістердің топикалық диагностикасы мақсатында МРТ қолданылады (2.4сурет). МРТ гипофизде дамыған азғантай өзгерістердің өзін, ісіктердің, кисталардың, қан құйылулардың кистозды компоненттерін анықтауға мүмкіндік береді. МРТ-да сүйек тіндері мен түрлі тұздардың шөгуі анықталмайды.
Контрасты заттарды қолдану МРТ-ның диагностикалық мүмкіндіктерін арттырады. МРТ-ның негізгі артықшылығы- сәулелік жүктеменің болмауы, яғни науқасты бірнеше рет динамикалық бақылау мүмкіндігінің болуында.
